Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қаракеткен бекеті
Қызылорда облысы ,
Жалағаш аданы,
Қаракеткен ауылы,
№ 114 орта мектептің тарих және құқық пәні мұғалімі.
Алимова Гүлзира Мұратбайқызы.
Тақырыбы: Ауыл тарихы-ел тарихы.
Ғылыми жоба
Мазмұны
. Кіріспе:
Мені қызықтырған ...
Тарихтың асыл бетін парақтасақ...
ІІ. Негізгі бөлім:
а/ “Қаракеткен бекеті”
ә/ Игі істері мол “Игілік ” балық колхозы.
б/ Ел мерейін асырған “Жалағаш ” қой совхозы
в/ Қаракеткеннің қазіргі келбеті
ІІІ. Қорытынды
IV . Ұсыныс
Мақсаты:
Оқушыларға кіндік қаны тамған жер , өз ауылының тарихы туралы тереңірек
білу. Зерттеп зерделеу. Қалияр шүңейті деген ұғымды ашу. Қазіргі жастарға
ауыл тарихын айтып , кеңінен білуге насихаттау.
Мені қызықтырған ...... .
Мен Қаракеткен ауылында туып өстім. Осы ауылдағы № 114 орта
мектептің 5 -сыныбында оқимын.
Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын
білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп
ойлаймын. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.
Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай
тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат
болса, ауыл соның негізгі ұясы.
Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән
тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың
қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі
қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін
жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен
сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп
ойлаймын. Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық
сезімін жырға қосады.
Міне осындай туған жерге деген менін балалық ауылым жайлы
тереңірек білуге баулыды.
а/ «Қаракеткен бекеті»
Сыр өңірі тұнған шежіре.
Сырдария өзенін жағалай орын тепкен біздің елді Сыр елі деп атайды.
Менің туған ауылым Қаракеткен де осы аймақта орын тепкен.
Жері жазық төбелі, шөлді аймақ. Ауыл іргесі 1905-1906 жылдары
теміржолдың салынуына қатысқан жұрттың қоныстауынан бастау алады.
Ауыл негізінен Орынбор – Ташкент теміржолының бойында орналасқан.
Қаракеткен деп аталу себебі көне көз қариялардың айтуы
бойынша осы жол салынып жатқанда оның Шығыс жақ бетіндегі «Қалияр
шүңейіті» деген жерге ірі қара сиырдың суға кетуімен
байланыстырады. Сол кездерден бастап «Қаракеткен бекеті» деп
аталған.
1931 жылы Қаракеткенде машина –трактор станциясы құрылды. Ол
станцияның Солтүстук Шығыс бетіне салынады. Бұл МТС сол кездегі
Қармақшы ауданына қарасты 32 колхозға техникадан көмектесіп тұрған
және техниканы оқып үйретуге арналған мекеме болған.
МТС 1946 жылы Жалағашқа көшіріледі.
1932-1933 жылдары Қаракеткен темір жол станциясының Оңтүстік
бетіне бір бөлмелі Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп салынады.Сол
жылы мектепте 30 дан астам оқушы оқыпты. 1952 жылы су тасқыны кезінде
мектееп үйі және жеке үйлер құлап қиындық тудырады. Сол кездегі
ауылдық кенестің ұйымдастыруымен ауыл адамдары бірігіп жаңа мектеп
үйін салады.
Мектеп 1953 жылы салынып бітті. Бұл мектеп ауыл
бүлдіршіндеріне білім беруді 1989 жылға дейін қызмет еткен. Станцияның
екі жақ бетіне сол жылдары тұрғын үйлер, ауылдық кеңсе
салынады.
Игі істері мол «Игілік» балық колхоз.
Каракеткенің атын төңірекке танымал еткен «Игілік»балық колхозы.
Ол 1928 жылы ұйымдастырылған артельдің бірі болатын. Теміржолға жақын
екенін ескеріп 1930 жылы «Игілік» балық колхозы болып құрылады.
Қаракеткеннін айналасы сулы да, нулы болған. Балық ауланатын көлдерден
су үзілмеген. Үлкендердің айтуы бойынша ауыл іргесіне дейін сулы
көлдер болыпты. Балықшылар балықты Қаракеткен аумағындағы «Майкөл»,
«Кіндіккөл», «Үйсінкөлі», «Түйе кеткен» сияқты көлдерден аулап отырған.
Соғыс жылдары колхоз барлығы 13 мың тоннадан астам сапалы балық
аулап, Отан қорғау қорына жөнелткен.
Колхоздың аты дүркіреп шығып 1955-1958 жылдары Бүкілодақтық халық
шаруашылық көрмесіне қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталған. 1957
жылы «Майкөлден» ауланған сапалы балықпен балықшылардың ерен еңбегі
туралы сол кездегі колхоз төрағасы Ж.Есіркепов озінің «Өмір өткелдері»
кітабында былай деп жазды:
..... 1957 жылдың басында қытымыр аязында төрт жылымды қатар
салғыздық. «Майкөл» 1087 тонна сапалы балық берді, былайша айтқанда
сол қыста 67 вагон сапалы балық жөнелтілді.......
1964-1965 жылдары колхоздың аты халық шаруашылығы жетістіктері
көрмесінің Құрмет тақтасына жазылды.
1965 жылы Балық шаруашылығы Министрлігінің ауыспалы Қызыл Туына ие
болады. «Сырдария» Қараөзек суының азайып, көлдерінің құрғауына байланысты
Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 16-қазандағы қаулысымен «Игілік» балық
колхозы таратылды.
б/ Ел мерейін асырған «Жалағаш » қой совхозы.
1941 жылы Ұлы Отан Соғысының басталуына орай Ақтөбе облысынан
мал шаруашылығы көшіп келеді. Мал шаруашылығына тұрақты жер болмай екі
жылдай көшіп қонып жүреді. 1943 жылы оларға тұрақты мекен етіп
бұрынғы корей құрған «Актив» колхозының орны беріледі. Міне осы
жерде 1943 жылы «Жалағаш» совхозы ашылады. Алғашында 700 бас ірі
қарадан құрылады. 1947 жылы Ақтөбе облысынан 3 мың бас жібек жүнді
миронос қойы алынады. Ел азаматтарының ерең еңбегі арқасында 1958 жылы
совхозда қой саны 42 мыңға жетеді. Совхоз үкіметке сапалы қаракөл
терісін, ет, жүн өткізіп жоғары жетістіктерге жетеді. «Жалағаш» қой
совхозы үш фермаға бөлініп орналасады. Көктем шығысымен шопандар
Қарақұм жайлауына көшірілетін болған. Жалағаш совхозының жарты
жылдық тарихында ел дәулетін асыруға еңбегі сіңірген ауыл
еңбеккерлері көптеп саналады. Олардың ішінде Еңбек даңқы орденінің
иесі шопан Т.Ермекбаев, Еңбек Қызыл ту орденің алған жүргізуші
М.Өлментаев, Құрмет белгісі орденінің иесі шопан Ж.Нұрбаевты
мақтанышпен атауға болады. Осы жылдары ауылда 45 орын балабақша
салынады.
1989 жылы үш қабатты мектеп үйі пайдалануға беріледі. Екі
қабатты шаруашылық кенсесі іске қосылады.
1991-1993 жылдары совхоз таратылып жекешелендіруге көшеді. Совхоз
мүлкі, жері ауыл адамдарына үлестіріп беріледі.
в/ Қаракеткеннің қазіргі келбеті
Қазіргі кезде ауылда халыққа қызмет көрсетіп тұрған 1 орта
мектеп, 15 орындық аурухана, клуб ,145 нүктелік байланыс бөлімі,
«Фариза», «Жанжаз» , «Ақбосаға» жеке сауда орындары, теміржол торабы
бар. 2007 жылдың күзінде ауыл азаматы кәсіпкер А.Тәшімбетов «Әбділда
ата» атындағы имандылық үйі мешіт салып берді. . Жаз жайлауы
сонау Қаракұмға дейін созылған мыңғыртып мал өсірген ауыл қазір
қолдағы азғантай малымен тіршілік етеді.
Қаракеткен ауылдық әкімшілігі
Қорытынды бөлімі.
Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауыл
көркейіп , гүлденеді деп сенемін. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс
орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Тек ауылым деп атқы
мінер азаматтар көп болса екен деп тілеймін.
Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен
сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған
берекелі құт мекен болады деп сенемін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz