Сабақ жоспары: Дүкендер - сөздік және коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сабақтың тақырыбы: Дүкендер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Дүкендер» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастырып, қорытындылау. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын тақырыпқа сай жүргізу. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Әр оқушының білім сапасын оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылықты арттыру; азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектің маңызын түсіндіріп, олар бойынша тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Амандасу.

2. Ауызекі сөйлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақ бойынша сөздерді карточка бойынша тексеру.

Яблоко
Капуста
Яблоко: Овощи
Капуста: Свёкла
Яблоко: Ягоды
Капуста: Земляника
Яблоко: Витамин
Капуста: Клубника
Яблоко: Огурец
Капуста: Фрукты
Яблоко: Малина
Капуста: Овощи
Яблоко: Клубника
Капуста: Витамин
Яблоко: Виноград
Капуста: Ягоды

ІІІ. Негізгі кезең.

1. Жұптық жұмыс. Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу мақсатымен өткізіледі.

АЛМА НАН СҮТ ІРІМШІК ҚИЯР ПИЯЗ ОРАМЖАПЫРАҚ ТАҢҚУРАЙ БҮЛДІРГЕН ҚҰЛПЫНАЙ МАЙ ҚАЙМАҚ ШҰЖЫҚ АЛМА ЖҮЗІМ АЛМҰРТ СӘБІЗ ҚЫЗЫЛША

АЗЫҚ -ТҮЛІК ДҮКЕНІ КӨКӨНІС ДҮКЕНІ ЖЕМІС-ЖИДЕК ДҮКЕНІ

Әр тағамды өз дүкеніне орналастыр.

2. Оқылым әрекеті дұрыс, сауатты, мәнерлеп оқу мен аудару мақсатымен орындалады.

Біздің қалада дүкендер көп. Мен әжеммен азық-түлік дүкеніне бардым. Әжем нан, май, сүт, ірімшік сатып алды. Кейін біз көкөніс дүкеніне бардық.

Онда біз орамжапырақ, қартоп, қияр, қызанақ сатып алдық.

3. Айтылым.

- Костя, сен не сатып аласың?

-Мен екі нан, бір алмұрт сатып аламын .

4. Жазылым. Карточкалармен деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей.

Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.

Магазин, груша, молоко, колбаса, масло.

2-деңгей.

Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.

Вкусная колбаса. Большое яблоко. Красная клубника.

3-деңгей.

Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.

Я масло купил. Мама капусту купила.

ІV. Қорытындылау.

1. Тақпақтарды жаттау.

Шие

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Алма

«Алма, алма» дейсің,

Алма әкелсем, жейсің,

Айтпайды екен деме,

Алманы жумай жеме.

2. «Балық сүйегі» ойыны.

3. «Жуан, жіңішке» ойыны.

V. Үйге тапсырма.

1. Қалған тақпақты жаттау.

2. «Дүкенде» тақырыбына сурет салып, әкелу.

3. 165-бет, 1-жаттығу.

VI. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағы: Жыл мезгілдері - сөздік қорды қалыптастыру және коммуникативтік дағдыларды дамыту
Оқушылар арасында достықты нығайту және коммуникативтік дағдыларды дамыту
Мектепке дейінгі тәрбиеде сюжеттік-рөлді ойын Дүкендер әлемі арқылы балалардың іскерлік дағдылары мен сөйлеу қабілеті және сөздік қорын дамыту
Үйшік ертегісін балабақшада сахналау: сөздік қор, сөйлеу және әлеуметтік дағдыларды дамыту
Аутотренинг пен педагогикалық тренинг: өзін-өзі сенімділік, коммуникативтік және эмоционалдық дағдыларды дамыту
5-сыныпқа бейімделу тренингі: әлеуметтік-психологиялық қолдау, өзін-өзі бағалау және коммуникативтік дағдыларды дамыту
Қақтығыс және бейбітшілік: 10-сыныпта ғаламдық мәселелерді талдау және ауызша коммуникативтік дағдыларды дамыту
Қыс келбеті: зат есімдерді пысықтау мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған сабақ жоспары
Технологиялық карта: тіл дамыту сабағы Ойнайық та ойлайық - жабайы және үй жануарлары, құстар арқылы сөздік пен фонетикалық дағдыларды дамыту
Сабақ жоспары: Менің пәтерім - фонетикадан қайталау және тілдік дағдыларды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz