Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зерек жансыз

23.11.13ж.
Өткізген: Физика және информатика пәнінің мұғалімі Мамаева Арайлым
Серікбекқызы.
Тақырыбы: Оқушының мүддесіндегі отбасы және мектептің

өзара қарым- қатынасы.
Мақсаты:
Отбасы мен мектептің тәрбие үдерісіндегі әр оқушының тұлға ретінде жан-
жақты қалыптасуы мақсатындағы бірлігін нығайту және тәрбие үрдісінде туған
қиындықтарды шешудегі бірлескен жұмыс.
Қолданылатын құрал-жабдық: проектор, ноутбук, жылжымалы экран, презентация.
Қорлар көзі: «Ағашты таңдап ал!» психологиялық тесті, жағдаяттар,
стикерлер, смайлдар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: деңгейлік бағдарламаның негізгі 7 модулі.
Жұмыстың барысы:
Жоспары:
1. Психологиялық тест арқылы топқа бөлу
2. Таным үрдісін белсендіру «Сіз балаңызды білесіз бе?»
3. Жағдаяттар шешу
4. «Түйінді сөз».
5. рефлексия

1. «Қай ағашты таңдайсыз?». Ата-аналарға кабинетке кіре берісте ағаш таңдау
ұсынылады және ағаш суретінің сыртындағы сандарға сәйкесті орынға отыру
ұсынылады. Барлығы орындарына жайғасқан соң психологиялық тестпен таныстыру
жүргізіледі. Соңында бір-бірін қошеметтеу.

Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Орындарыңызға отырмас бұрын мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз.
Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне
қараңыз. Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен
танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?
1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға
талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл
табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз
оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз.
Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді
жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы
көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.
2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр
тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз.
Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз
көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме
таусылмайды.
3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен
ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей
үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз
дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе
қоймауы да мүмкін.
4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен
қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі
дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді.
Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені
жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген
қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай
сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз — олардың сізге
адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас
орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан
келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді.
Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ
ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп
түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп
мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.
8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың
қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі
«Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да,
таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге
бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.
9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір — сыйлық. Сол сыйлықты сәтті
пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен
марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз.
Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.
2. «Сіз балаңызды білесіз бе?». Құрметті ата-аналар бүгінгі коучингіміздің
тақырыбы: « Оқушының мүддесіндегі отбасы және мектептің
өзара қарым- қатынасы ». Бүгінгі тақырыпқа ой салу мақсатында мынадай
сұрақтарға жауап берсеңіздер.
Cіз балаңызды білесіз бе?
1. Балаңыздың туған жылы мен күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты –жөні?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыз сабақтан қандай бағаны көп алады?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрі жақсы көреді?
8. Балаңыз 1- сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
11. Балаңыздың сүйікті пәні?
12. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
13. Балаңыздың досы кім?
14. Балаңыздың қандай мамандықтың иесі болғанын қалайсыз?
3. «Жағдаяттар». Алдымыздағы көкейкесті мәселені шешу үшін тәжірибе алмасу
мақсатында ой бөлісудің маңызы өте зор болмақ. Сол үшін әр топ алдарыңызда
берілген жағдаяттарды шешшеңіздер. Шешу барысында бұл мәселені рөлдік ойын,
қойылым т.б. түрінде ұсынуларыңызға болады. Істеріңізге сәттілік тілейміз.
Жағдаяттар
1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады»
деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата- аналардан да «біздің баланы
ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызға қандай
тәрбие бересіз?
2. Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әдеттерге бой алдырып
бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз?
3. Балаңыз күнде бірінші сабақтан кешігіп келеді. Мұғалімдермен тіл табыса
алмайды. Қалай жөнге келтіресіз?
4. Сіз баланың жақсы оқуға қабілеті бар екенін білесіз, бірақ оның өз-өзін
бағалау деңгейі өте төмен. Мысалы: «Менің қолымнан келмейді», «Мен сіздің
ойыңыздан шықпауым мүмкін», «Ол маған қарағанда жақсы орындайды» т.б.
осындай сөздерді айтқан жағдайда, сіздің іс-әрекетіңіз.

4. «Түйінді сөз». Орындалған тапсырмаларыңыздың қортындысы ретінде бір
түйінді сөз айтсаңыздар.
5. «Рефлексия». Бүгінгі коучингіміздің қортындысы ретінде сідеріңіздің
ұсыныстарыңызды алдарыңыздағы стикерлерге жазып ұнаған смайл белгісіне
жапсырсаңыздар.
Көп-көп рахмет!

Рудный қаласы «№7 орта мектебі» КММ

Ата-аналар жиналысы.

Коучинг тақырыбы:
Оқушының мүддесіндегі отбасы және мектептің өзара қарым-қатынасы.

Өткізген: Физика және информатика пәнінің
мұғалімі Мамаева Арайлым Серікбекқызы.

2013-2014 оқу жылы.

Ұқсас жұмыстар
Сенімді жансыз
Студенттерімізге қошемет
Жанды және жансыз табиғат
Өсімдіктер- тірі ағзалар
Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры
Коучинг жоспары: "лессони стади - мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы"
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА
Суретті бояту
Сабақтың жүрісі
Бала абай
Пәндер