Microsoft Excel бағдарламасында формулаларды енгізу және көшіру

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel -де фрмулаларды енгізу және көшіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel электрондық кестеде формулалармен жұмыс жасауды үйрету.
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқушы білуі керек:
- MS Excel деген не екенін;
- Excel терезесінің құрылымын;
- кестенің құрылымын (бағандар, жолдар, ұяшықтар) ;
- негізгі құралдар үстелінің міндеттерін;
- ұяшықтар мекен-жайы неден құралатынын;
- айналдыру сызықтары қызметін.
Оқушы істей алуы керек:
- MS Excel бағдарламасын іске қосу жолдарын;
- ұяшықтарды пішімдей алуы;
- ұяшықтарды үстеп, жойып, біріктіре алуы;
- мәліметтерді сұрыптай алуы;
- кестені өңдеу тәсілдерін;
- интерактивті тақтамен жұмыс істей алуы;
Сабақтың түрі: интерактивті технологияны қолдану арқылы ұйымдастырылған аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, дамыта (деңгейлеп-саралап) оқыту, тестпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап әдісі, ойындар, ғылым мен тәжірибені байланыстыру.
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика, фармокология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Сұрақ-жауап » тәсілі арқылы
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
IV. Компьютерде практикалық жұмыс
V. Тест тапсырмасын компьютерде орындау
VІ. Сабақты қорытындылау
VІІ. Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрау
Сұрақтары:
- Microsoft Excel-ді іске қосу жолы ?
- Ең алғашқы электрондық кестені кім ойлап шығарады?
- Қазіргі кезде электрондық кестені қолданушылардың 80 пайызы қай кестені қолданады?
- Lotos электрондық кестені қай жылы қолданысқа енеді ?
- VisiCals электрондық кестені кім ойлап шығарады және қай жылы қолданысқа енеді?
- Microsoft Excel- де неше қатар, неше бағана бар, және олар қалай белгіленеді?
- Microsoft Excel терезесін жабу жолдары ?
- Microsoft Excel ұяшықтардың адресі қалай құралады ?
- Электрондық кестені кім ойлап шығарады және қай жылы ?
- Microsoft Excel үнсіз келісім бойынша неше беттен тұрады ?
- Microsoft Excel сақтау жолдары ?
- Microsoft Excel беттерді қалай атын өзгертуге, қосуға, жоюға болады?
Жаңа сабақ түсіндіру:
Сабақты қорытындылау: Microsoft Excel -де жасалған тест бағдарламсын оқушыларға орындатып, сабақты қорытындылау.