Қан жасушалары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

Керімбай атындағы № 12 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы

Пәні: Биология

Сыныбы: 6

Өткізген:

Тараз қаласы

2009 - 2010 оқу жылы

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Көпжасушалы жануарлардағы қан,

лимфа және қанайналым жүйесімен,

құрлысын оқушыларға таныстыру

ә) Дамытушылық: өз бетінше қорытынды жасауға

дағдыландыру, танымдық қабілеттерін

дамытып, ізденіске баулу.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың жануарларға деген

сүйіспеншілігін оята отырып, тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ - жауап, тірек - сызбалар, ауызша баяндау

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек - сызбалар, интерактивті тақта.

Болжамдаған нәтиже: Зерек, жан - жақты ой түйе білетін, ұтымды жауап бере

алатын жеке тұлға.

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі - (1 минут)

А) Сабаққа кіріспе ( Оқушыларды сабақтың мақсатымен,

жоспарымен таныстыру )

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау-( 15 минут )

а) тақырып мазмұнын сұрап шығу (дайындалып келген оқушылардан

сұрау)

ә) Суретпен жұмыс (оқушыларға балықтың, құстың зәр шығару жүйесінің

құрлысын ататқызу)

б) «Біліміңді тексер»

г) Қорытындылау

IІІ. Жаңа сабақ - (20 минут)

а) Кіріспе сөз

ә) Жаңа сабақты түсіндіру

б) Қорытынды

ІV. Жаңа сабақты пысықтау - (7 минут)

А) «Кім жылдам» ойынын өткізу (сұрақтар қоя отырып әр сұрақтан оқушылардан жауап алу)

Б) Қорытындылау

V. Оқушы білімін бағалау - 1 минут

VІ. Үй тапсырмасы - 1 минут

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру. Оқушыларды жаңа сабақты қабылдауға дайындау.

Мұғалім сөзі: - «Саламатсыздар ма балалар? Бүгінгі сабақта кім жоқ? Жақсы отыра қойыңыз.

- Ал орналасып болдық па, көңіл - күйлеріңіз қалай? Жарайсыңдар.

- Ал балалар қобалжымай күнделікті сабаққа қажетті құрал - жабдықтарыңызды шығарып, өздеріңізді еркін ұстаңдар?»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ( 14 минут )

Мұғалім сөзі: - Ал балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын, үй тапсырмасына тоқталайық.

- Кәне, өткен сабақта қандай тақырып өттік? Алдыңғы тақырыпта не туралы сөз болды? Тақырып мазмұнындағы ең бастысы не?

- Кәнекей, не туралы айтпақшысың? Әңгімені неден бастайсың?

а) тақырып мазмұнын сұрап шығу (дайындалып келген оқушылардан сұрау)

- ары қарай кім жалғастырады?

ә) Суретпен жұмыс (оқушыларға құстың зәр шығару жүйесінің құрлысын

ататқызу)

  • Кәне балалар, кім мына суреттің құрлысын атап береді екен?

- Жарайсың, отыра қой

- Ал балалар келесі бөліміміз «біліміңді тексер» тақырыбы бойынша тақтадағы мына жұмысты орындаймыз.

б) «Біліміңді тексер»

1. Көпжасушалы жануарлар ағзасында түзілетін сыртқа шығарылуы тиіс заттарға нелер жатады? Ол заттарды тізімнен теріп, дәптерлеріңе жазыңдар:

- оттегі - несеп

- көмірқышқыл газы - вакуоль

- «құрылыс материалдары» - нәжіс

- қанның қызыл түйіршіктері

2. Сол жақта көпжасушалы жануарлардың зәршығару мүшелері, оң жақта жануарлардың тізімі берілген. Зәршығару мүшелерінің қайсысы қандай жануарға тән екенін анықтап, дәптерлеріңе жазыңдар.

А. Жұлдызша тәрізді түтік 1. Шаян

Ә. Бүйрек 2. Гидра

Б. Жасыл без 3. Ит

В. Несепағар 4. Паразит амеба

Г. Жабынды қабықша 5. Кірпікшелі кебісше

Ғ. Вакуоль

- Мінекей балалар, сонымен үй тапсырмасын қорытындылайық.

Қорытынды . Сонымен зәршығару - жануар ағзасына тән, асқорытумен тікелей байланысты, денені артық, зиянды заттардан тазартып, тіршіліктің сақталуын қамтамасыз ететін аса маңызды процесс.

Зәршығару мүшелері жануарлардың әрқайсысында әр түрлі болғанымен, барлығының қызметі ағзаға түскен немесе ағзада түзілген зиянды заттарды «сүзіп», «жинақтап», сыртқы ортаға шығару болып табылады.

Зиянды заттарды ағзада бөліп, жинақтайтын негізгі мүше: қарапайымдарда - жиырылғыш вакуольдер , құрттарда - жұлдызша түтікшелер , ұлуда - шұбалшаңның жұлдызша түтікшелеріне ұқсас бүйрек , шаянтектестерде - жасыл түсті бір жұп бездер , өрмекшітектестер мен бунақденелілерде - мальпигий түтікшелері , омыртқалы жануарларда - бүйрек .

IІІ. Жаңа сабақ - (20 минут)

§ 39. Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы

а) Кіріспе сөз: Қанның ағзада атқаратын қызметі.

Қан көпжасушалы жануарларда (шұбалшаңнан бастап) болады. Оның құрамында сұйық плазма және плазмада қалқып жүретін әр түрлі жасушалар бар. Оларға эритроциттер мен лейкоциттер жатады.

Балалар енді мына суретке қараңдар!

Қанның құрамы

:
қан плазмасы: қан плазмасы
:
қан плазмасы: қан жасушалары

Қан жасушалары:

1- қанның эритроцит жасушалары; 2-қанның лейкоцит жасушалары

Эритроциттер - қанның ядросы жоқ, қызыл түсті жасушалары. Онда гемоглобин деп аталатын күрделі нәруызды зат бар. Ол қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ұлпаларға оттегін оңай бөліп береді де, ондағы көмірқышқыл газын қосып алып, өкпеде қайта газ алмастырады.

Эритроциттер қан жасайтын мүшелерде - сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі. Олар газ алмасудан басқа нәруыздың жасалуына қажетті заттарды да тасымалдайды, судың мөлшерін реттейді, т. б. қызметтер атқарады.

Лейкоциттер - эритроциттерден ірі, ядросы бар жасушалар. Түссіз. Сондықтан оларды ақ қан түйіршіктері дейді. Дене жарақаттанғанда, бүлінген азықпен қоректенгенде ағзаға енген микробтар әрекетінен ұлпалардың, жасушалардың қалыпты жұмысы бұзыла бастайды. Одан шығатын улы заттарды лейкоциттер бірден «сезінеді». Лейкоцит жалғанаяқтыларға ұқсас еркін қозғалатын жасуша. Қан тамырларының қабығынан шығып, ұлпаларды бүлдіре бастаған микробтардың маңына жиналады да, оларды өзіне сіңіріп қорытады. Бұл «жекпе-жекте» көптеген лейкоциттер тіршілігін жояды. Бұзылған лейкоцит жасушалары іріңге айналып, ағзадан сыртқа шығарылады. Олардың орнына жаңадан сондай жасушалар түзіліп, жарақат жазылады.

Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді - фагоциттер , яғни «обыр» жасушалар. Олардың микробтарды жоюын фагоцитоз деп атаған.


Ұқсас жұмыстар
Қанның құрамы мен қасиеттері. 8-сынып
Лейкоциттер.Тромбоциттер.Қанның ұюы
Биология. 8-сынып. "қан жасушасы"
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Қан топтары қан құю тақырыбы
Ағзаның ішкі ортасы.Қанның құрамы. Плазма және формалы элементтер
Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың түрлері
Иммундық жүйе мүшелері топтастыру
Иммунитет, иммунитет түрлері . ЖИТС
Қан топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz