Ана тілі сабағы: Н. Айтовтың Алтын сөз өлеңі және бата дәстүрі

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Алтын сөз. Н. Айтов.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өлеңінің мазмұнымен таныстыра отырып, батаның түрлері, оның қай кезде айтылатыны жөніндегі түсініктерін кеңейту. Халқымыз батаны құдіретті сөз санағанын мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

2. Сөздік қорларын байыту, бала қиялының шарықтауына мүмкіндік беру. Үйренген сөз тіркестерін өз тілінде қолдана білуге басшылық жасау.

3. Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Тірек сызбалар, Н. Айтовтың портреті.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топтастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ.

Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы (1950 ж. т., ҚХР, Шынжаң өлкесі Шәуешек ауданы, Теректі-Қақпатас елді мекені) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. 1955 ж. атамекенге оралған. «Үнжар», «Шұбартау», «Семей», «Атом» туралы өлеңдері бар. Қазақстан Жазушылар одағының, М. Мақатаев жөне Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты.

Оқулықпен жұмыс.

а) Өлеңді шумақпен оқу.

ә) Өлеңдегі бата сөздерді теріп оқу.

Сұрақ-жауап әдісі.

-Өлең неге «Алтын сөз» деп аталған?

-Бата дегеніміз не? Оны қай кезде және кім береді?

Дәптермен жұмыс.

Сызба сызып, батаның қай кезде берілетіні жазылады.

Шілдехана, тұсау кесу, мектепке бару, әскерге бару, қыз ұзату, жол жүру, Наурыз мерекесі, ас қайыру т. б.

Бата түрін ажырату.

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Құтты болсын қадамың,

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой. Әумин.

Оң болсын осы сапарың,

Туған елдің тапсырған,

Парызын өте Отанның. Әумин.

«Ой қозғау» ойыны. Шарты: көрсетілген бағыт бойынша екі әріп тастай отырып, бір мақал құрастырып шығару керек. Міндеті: сөзге қатысты мақал-мәтелдерді табу арқылы оқушының тіл байлығын жетілдіру.

Жауабы: 1. Көп сөйлеген сөз арзан.

2. Сөз - ойдың айнасы.

3. Жақсының сөзі өлмейді.

Мағыналарын түсіндіру.

Бекіту. Мақал-мәтелдер айту. «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас». «Алтын алма, бата ал, бата алтын емес пе?» «Бата алғанның бағы бар».

Қорытынды.

Ел сүйетін бала бол,

Ер жеткенде дана бол.

Туып өскен еліңнің,

Жел жағына пана бол!

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Бата жаттап келу.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Несіпбек Айтовтың Алтын сөз өлеңі және бата мәдениеті мен түрлері
Н. Айтовтың Ана тілім өлеңін талдауға арналған әдебиет сабағы
№24 МДҰ Аққу балабақшасындағы тұсау кесу дәстүрі: рәсім, бата және ойындар
2-сынып қазақ тілі сабағы: Н және Ң дыбыстары мен әріптерінің емлесін меңгерту
Сөз мерген: ана тілін дамытуға арналған интеллектуалды сайыс сабағы
Қ. Жұмағалиевтің Мен соғысты жек көрем өлеңі негізіндегі бастауыш сынып ана тілі сабағы: бейбітшілік пен патриотизмге тәрбиелеу
Ана тілі сабағы: Асқар Тоқмағамбетовтың өлеңі арқылы төрт түлік туралы аралас сабақ
Ана тілі сабағы: Т. Молдағалиевтің Гүлдер өлеңі негізінде гүлдердің алуан түрлілігі мен маңызын оқыту
Ана тілі сабағы: Қайрат Жұмағалиевтің Мен соғысты жек көрем өлеңі арқылы бейбітшілік пен патриотизмді тәрбиелеу
4-сынып: Ғ. Қайырбековтың Ана тілі өлеңі бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz