Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Нағыз вакуоль

Жасуша құрылысы және қызметі тақырыбын қорытындылау

Амангалиева Алия Аймухамбетовна
БҚО, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы, Жалпы орта білім беретін
Ақтау мектеп – балабақшасының биология пәні мұғалімі

Сыныбы: 10 сынып
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тараудан алған мәліметтерін тереңдету
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын ойындар ойнау арқылы, логикалық
танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны аялап, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, кесте.
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Сабақ әдісі: кесте, суреттер мен жұмыс, ауызша, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топқа бөлу
3. Көкпар (сұрақ-жауап)
4. Портрет сыры
5. Кесте толтыру (мембранасыз және мембраналыорганоидтар)
6. Тірек-сызбасызу (жасуша ядросының құрамы мен құрылысы және
хлоропластың құрамы және құрылысы)
7. Суретпен жұмыс (хлоропласт, митохондрия, рибосома, центриольдер, ядро,
лизосома, гольджи жиынтығы,вакуоль)
8. Топтастыру (эукариоттар, прокариоттар)
9. Сызықтық диктант
10. Биологиялық диктант
11. Жұмбақ сөз
12. Қорытындылау.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Көкпар (сұрақ-жауап)
1-топ
1.Жасушаны зерттейтін ғылым (цитология)
2.Жасуша не арқылы көбейеді? (ядро)
3.Жасушаның сыртқы қабығы қалай аталады ?(мембрана)
4.Цитоплазманың түп негізі (гиалоплазма)
5.Эндоплазмалық торды ашқан ғалым (К.Портер)
6.Ішкі тор тәрізді аппарат (гольджи аппараты)

7.Фагоцитозға қабілетті лейкоцит жасушаларында көпмөлшерде кездесетін
органоид (лизосома)
8.Энергия көзі АТФ молекуласын синтездейтін органоид (митохондрия)
9.Тек өсімдік жасушасында болатын негізгі органоид (пластидтер)
10.Жасушаның митоздық және мейоздық бөлінуі кезінде үлкен белсенділік
көрсететін органоид (жасуша орталығы)
2-топ
1.Ұлпаларды зерттейтін ғылым (гистология)
2.Тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерін ДНҚ түрінде сақтайтын ядроның
негізгі бөлігі (хромосома)
3.Қандай органоидте нәруыз синтезі жүреді (рибосома)
4.Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа
толы қуыс (вакуоль)
5.Рибосомалар мен рРНҚқайда синтезделеді (ядрошық)
6.Центромера хромосоманың ұшында орналасса, онда типті не деп атайды?
(телоцентрлі)
7. Хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз (Гистон)
8.Эндогенді және экзогенді макромолекулаларды ыдыратады (лизосома)
9.АТФ молекуласын синтездейтін органоид(митохондрия)
10.Цитоплазманың түп негізі(гиалоплазма)
3.Портрет сыры.
(Антони ванн Левенгук, Луи Пастер, Илья Ильич Мечников, Сергей
Николаевич Виноградский)
4.Кесте толтыру
|р/с |Органоидтар |Құрылысы |Қызметі |
|1 |Эндоплазмалық тор | | |
|2 |Мембрана қабаты | | |
|3 |Ядро | | |
|4 |Митохондрия | | |

4.Кесте толтыру
|р/с |Органоидтар |Құрылысы |Қызметі |
|1 |Пластидтер | | |
|2 |Қабықша саңылауы | | |
|3 |Вакуоль | | |
|4 |Цитоплазма | | |

5.Суретпен жұмыс (жасуша органоидтарын таңдап,түсініктер беру)

6.Топтастыру
|Эукариоттар |Прокариоттар |

1.Ядросы бар 8.Цианбактериялар
2.Ядросы жоқ 9. Хромосома
3.Өсімдіктер
4.Жануарлар
5.Бытыранықтар 10.гликоген
6.Көк-жасыл балдырлар 11.пластид
7.Басқа органоидтары бар 12.Нағыз вакуоль
7. Сызықтық диктант
«^»-дұрыс, «-»-қате
• Жасуша - барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі.
• Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.
• Эукариоттар мен прокариоттар құрылысы мен қызметі жағынан ұқсас.
• Адамда 46 хромосома бар.
• Пластидтер барлық организмдердің жасушаларында кездеседі.
• Грекше «карион» жасуша деген мағынаны білдіреді.

7. Сызықтық диктант
«^»-дұрыс, «-»-қате
• Прокариотты организмдердің фототрофты тобы (цианобактериялар) көк-
жасылбалдырлар деп аталады.
• Қабықшаның өте жұқарған жерін саңылау деп атайды.
• Вакуольдер тек өсімдік жасушасында кездеседі.
• Хромопластарда әртүрлі-сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттер
болады.
8. Биологиялық диктант
Мына сөйлемді толтырыңдар.
• Ядроның негізгі сұйықтығы…………………………деп аталады.
• .......................... тек өсімдік жасушасында кездеседі.
• ................. тұқымқуалау…………………….жазылған.
• Липидтердің ішінде табиғатта көп таралғаны .....
• Хромопластарда әртүрлі - сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті
..................болады.
8. Биологиялық диктант
Мына сөйлемді толтырыңдар.
• Жасуша терминің ……….жылы………….………….енгізді.
• Жасуша ………………..бөлінуі арқылы көбейеді.
• Пластидтерге ………………………………………………….жатады.

• Жасуша дегеніміз
.......................................................................
............
• Жасуша теориясының негізін қалаған ғалымдар
...................................
9. Жұмбақ сөз
1 топ
Ген, ақуыз, ядро, митохондрия, митоз, жасуша
2 топ
Хромосома, ДНҚ, цитоплазма, мутация, РНҚ, бактерия
10. Қорытындылау.
11. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Жасуша 10 сынып
Тест тапсырмасы
Өсімдік жасушасының қабырғасы
Жасушаның құрылымы
Жасуша органоидтары
Цитология және оның органоидтары
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Топқа мұғаліммен бөлу
Биология пәнінен тест жұмыстары
ХХі ғасыр көшбасшысы. зияткерлік сайысы
Пәндер