Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тағам әзірлеу технологиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

Жалпы орта білім беру деңгейінің
«Технология» білім саласы пәндерінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11
сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10
сәуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Технология» білім саласы
пәндерінің оқу бағдарламалары. – Астана, 2013. – 15 б

Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары)

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Білім беру саласы оқушының технологиялық және еңбек мәдениетін,
жеке тұлғаны еңбек етуге, азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеуге,
бұйымды жобалау, конструкциялау және дайындау негізінде, материалдарды,
энергиялар мен ақпараттарды қайта өзгертуге байланысты,практикалық
мәселелерді шығармашылықпен шешуүшін оқушылардың бастапқы түсініктері мен
біліктіліктерін қалыптастыруға,нарықтық еңбек жағдайына байланысты кәсіби
бейімделуіне бағытталған.
3. Оқу пәнінің мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның
қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін
ескере отырып белгіленген.
4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру
бағыты қарастырылып
1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;
2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;
3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу
технологиясы;
4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;
5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды
көркем өңдеу технологиясы;
6) электротехника және электроника негіздері;
7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;
8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім бере отырып
оқытуды көздейді.
5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың
заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған
функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық
ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.
6. Оқыту міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген
білімді қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін
іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық
көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек
нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық,
адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге
асырылады:
1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру
арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру,
оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын
дамыту;
2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт-
дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;
3) «Алгебрамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі
математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру
кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;
4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты
параллелепипед және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар;
кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;
5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік,
механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;
6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық
құрамы туралы білімін қалыптастыру;
7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық
революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;
8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және
практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау
кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;
9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі
жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.
8. Технология пәнінің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына
сәйкестендірілген:
1) 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;
2) 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту
нәтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды
(ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндетті шарты болып табылады.
10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш көзқарас (аспект) ескеріле
отырып:пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.
2. Оқу пәінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны
Технология ер балаларға арналған

11. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік
санитария.
12. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, Қазақстанның ауыл шаруашылығы
өндірісі туралы жалпы мәлімет, өсімдіктер мен ағаштарды күтуге арналған;
2) жаңа технологияларын пайдалану, өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару
барысында инновациялық технологияларын қолдану;
3) практикалық жұмыстар: егін шаруашылығындағы көктемгі-жазғы
жұмыстары. Бидай, қызылша және картоп тұқымдарын оқу-тәжірибе учаскесінде
егуге дайындау. Жерді қопсыту және арамшөптермен күрес, өсімдіктерді
сиректету және түптеу, суару және қоректендіру, егін дақылдарының өнімін
жинау;
4) еңбек нысандарының түрлері қызылша, қызанақ, бидай, картоп.
13. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу
технологиясы – 8 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, балташы, ағаш ұстасы жұмыстарына
арналған қазіргі заманғы табиғи және жасанды материалдары: ағаш, АЖТ, АТТ,
орташа тығыздықтағы АТТ(МДФ);
2) есік және терезе қораптарын дайындау және орнату технологиясы:
қорапты жинау, есік және терезе қораптарын орнату және бекіту әдістері.
Терезе алды тақтайы мен жақтауын дайындау және орнату, есік қораптарын,
терезе жақтауларын, терезе алды тақтайларын, терезенің ашпалы көзін, су
ағызғыштарын жөндеу;
3) топсаны орнату, есіктерде пайда болған жарықтарды бітеу әдістері,
жөндеу жұмыстары барысындағы қауіпсіздік техникасы;
4) практикалық жұмыстар: жұқа тақтайлардың, фанералардың және
тақталардың түрлері. АТТ, АЖТ, орташа тығыздықтағы АТТ(МДФ) құрамы. Есік
құрылымының түрлері, қаңқалы есіктерді жасау технологиясы, есіктер мен
терезе ағаштарын орнықтыру, жармаларды жоңғыштау, терезе және есік
құралдарын өлшеп кесіп беру, жылжымалы есік жасау технологиясы, жағын
кесігі бар металл бұрыштарынан бағыттаушы құралын жасау, есік ілмектерінің
құрылымдары;
5) еңбек нысандарының түрлері: терезенің жақтауын жасау және орнату,
тақтай мен ағаш кесектерінен қораптарды жасау, қораптарды шегемен
құрастыру, буат арқылы есік құрастыру, топсаларды орнату, есіктерді
қиюластыру, есіктер мен терезе ағаштарын ілу.
14. Машинатану элементтері қосылған құрылымдау материалдарды өңдеу
технологиялары – 8 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, механизмдермен машиналар теориясы,
жалпы мәліметтер;
2) ғылыми пән ретінде механизмдер мен машиналар теориясының даму
тарихы;
3) механикалық берілістер түрлері және кинематикалық схемаларындағы
олардың шартты графикалық белгілеулері, типтік және арнайы бөлшектер;
4) металлкесу станоктары үлгілерінің түрлері мен белгілері.
станоктарды мақсатына, автоматтандыру деңгейіне және өңдеу дәлдігіне
байланысты жіктеу. Шойыннан, болаттан және әр-түрлі қорытпаларынан
дайындамаларды жасау үшін қолданылатын материалдар;
5) дайындамалар түрлері, оларды жасап алу әдістері. Кескіш аспаптарын
жасау үшін қолданылатын металлкерамикалық материалдары, өлшеу саймандары,
өлшеу дәлдігі және әдістері;
6) практикалық жұмыстар: механикалық берілістер түрлері және
кинематикалық схемаларындағы олардың шартты графикалық белгілеулері. Типтік
бөлшектерді токарлық әдіспен өңдеу технологиясы, металлдық құрылымдау
материалдарын токарлық әдіспен өңдеудің ерекшеліктері, металлдық құрылымдау
материалдарын фрезерлеу арқылы өңдеу;
7) еңбек нысандарының түрлері: токарлық – бұранда кесу және үстелге
орнатылатын жазықтық-фрезерлік станоктарында қолданылатын қозғалысты
өзгерту механизмдерінің жіктелуі. Бұрандама, сомын, тығырықтарды жону.
Конус тәрізді және қалыпты беттерді токарлық-бұранда кесу станогында өңдеу,
кертпеш, дөнеш және ойықтарды фрезерлеу.
15. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды
көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, ағашты көркем өңдеу ерекшеліктері;
2) сәндік-қолданбалы бұйымдар жасау кезінде қолданылатын ағаш түрлері,
ағаш өңдеуге арналған жұмыс құралдары мен саймандары;
3) практикалық жұмыстар: бұйымның және оны көркем безендіру эскиздерін
дайындау, материалдарды таңдау, бөлшектерін жасау және бұйымды құрастыру
реттілігін анықтау, құрылымдау және өндіру материалдарынан қолмен және
машинамен өңдеу технологияларын қолдана отырып бұйым жасау;
4) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы
бұйымдар, асүйлік бұйымдар, интерьер және әшекейлеу бұйымдары.
16. Электротехника және электроника негіздері – 2сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, электр машиналарындағы энергияның
өзгеруі, бір фазалық ауыспалы тоқ туралы қысқаша мәліметтер. Генератордың
құрылысы, электрқабылдағыштарды жұлдыз және үшбұрыш әдістері арқылы жалғау
схемалары. Бейсинхрондық үш фазалық қозғалтқыштың жұмыс істеу қағидаттары,
техникалық мінездемесі, оны құрастыру және қосу әдістері;
2) негізгі жартылай өткізгіш құрылғылары: диодтар, тұрақтандырғыштар,
транзисторлар, олардың мақсаттары, типтері, негізгі параметрлері,
принциптік электр схемаларындағы белгілеулері;
3) практикалық жұмыстар: электрқабылдағыштарды жұлдыз және үшбұрыш
әдістері арқылы жалғау, бейсинхрондық қозғалтқышты құрастыру;
4) еңбек нысандарының түрлері, түзеткіштер мен күшейткіштерді
құрастыру.
17. Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, қазіргі заманғы пәтердің құрылымын
жоспарлау және қайта жоспарлау. Жиһазды бөлгіш аралықтар ретінде қолдану;
2) практикалық жұмыстар: қазіргі заманғы пәтердің құрылымын жоспарлау
және қайта жоспарлау;
3) еңбек нысандарының түрлері: пәтер жоспары.
18. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті – 6 сағат:
1) практикалық жұмыс;
2) құрылымдау және өңдеу материалдарынан жеке тұлғалық және қоғамдық
маңызы бар бұйымдарды жоспарлау және жасау.

3. Оқу пәінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны

19. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер. Еңбекті қорғау. Еңбекті қорғауға
байланысты құқықтық, нормативтік және заңнамалық актілері.
20. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 1 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер. ауыл шаруашылық өндірісімен
байланысты кәсіптер мен мамандықтар;
2) практикалық жұмыстар: агроөндіріс мамандықтарымен таныстыру, жоғары
білім алу мүмкіндіктері туралы мәліметтерді іздестіру;
3) еңбек нысандарының түрлері: жоғары білім орындары анықтамалықтары,
диагностикалық тесттер жинақтары, компьютер.
21. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу
технологиясы – 8 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер, үй жиһазын құрылымдау, қазіргі
заманғы жиһаз бұйымдары және олардың құрамдас бөліктері;
2) жиһазды құрылымдау негіздері, жиһаз элементтері;
3) жиһаз құрылымдауныда қолданылатын негізгі біріктірулер, корпустық
жиһазды құрылымдау, салмақ түсетін бағандарына көлемді секциялар мен
сөрелерді ілу әдістері, бөлгіш аралықтар-шкафтарын құрылымдау технологиясы,
жұмсақ және жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау, диван-керует, кресло-
керует, демалуға арналған диван және креслолардың құрылымы.
4) практикалық жұмыстар: жиһаз бұйымдары және олардың құрамдас
бөліктері, құрылымдаудың негізгі ережелері, жиһаздың жиылмалы емес
элементтері, жиһаз құрылымдауныда қолданылатын негізгі біріктірулер, салмақ
түсетін бағандарына көлемді секциялар мен сөрелерді ілу әдістері. Диван-
керует, кресло-керует, демалуға арналған диван және креслолардың құрылымы,
ағаш ұстасы орындығының құрылымы, бекіту бөлшектері және орындықтардың
біріктірулері;
5) еңбек нысандарының түрлері: секциялық жиһазды, койлек-көншек
шкафтарын, бөлгіш аралықтар-шкафтарынжасап шығару және құрастыру.
Шынтақшаларды жасау, желімделген орындықтарды, тамақ ішетін үстелдерді,
ирек сөрелерді және шкафтарды практикалық түрде құрастыру.
22. Машинатану элементтері қосылған құрылымдау материалдарды өңдеу
технологиялары – 8 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер. Токарлық топтағы станоктар: токарлық-
әмбебап, токарлық-револьверлік, токарлық-айналдырғы білдектік;
2) станоктардың құрылымдық және функционалдық айырмашылықтары, токарь
станогының негізгі тораптары;
3) цилиндр тәрізді беттерді өңдеу;
4) айналшақты-бұлғақты механизм, айналшақты-бұлғақты механизмнің
қозғалмалы және қозғалмалы емес бөлшектері, айналшақты-бұлғақты механизмнің
негізгі бөлшектері мен тораптары. Іштен жану қозғалтқыштары туралы қысқаша
мәлімет;
5) практикалық жұмыстар: токарлық-бұранда кесу станогы, токарлық
станогының артқы қысқышының мақсаты, токарлық әдіспен құрылымдау
материалдарын өңдеу. Айналшақты-бұлғақты механизмнің құрылысы және мақсаты;

6) еңбек нысандарының түрлері: токарлық-бұранда кесустаногының негізгі
тораптарымен таныстыру. Ұзың дайындамларының цилиндр тәрізді беттерін
токарлық станогында өңдеу. Іштен жану қозғалтқыштарындағы айналшақты-
бұлғақты механизмінің құрылысы және мақсаты.
23. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды
көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер;
2) материалдарды көркем өңдеу: теріні, ағашты, сүйекті, металлды,
керамиканы, шыныны;
3) сәндік-қолданбалы өнеріндегі қолданылатын материалдар туралы жалпы
мәлімет;
4) теріні, ағашты, сүйекті, металлды, керамиканы, шыныны және т.б.
материалдарды өңдеу әдістері;
5) практикалық жұмыстар: теріні, ағашты, сүйекті, металлды,
керамиканы, шыныны көркем өңдеу технологияларын қолдана отырып, сәндік-
қолданбалы бұйымдарды жасап шығару;
6) еңбек нысандарының түрлері: қобдишалар, жәшіктер, сөрелер,
орындықтар, ойыншықтар, моделдер мен ойындар, асүйлік және тұрмыстық
аспаптар.
24. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер. Электр құрылғылары. Коммуникациялық
және қорғаушы электр аппаратурасының мақсаты мен жіктелуі, электрмагниттік
және жылу релелерінің, өздігінен ағытқыштардың, контакторлардың, басқару
түймелерінің, магнитті жүргізгіштердің құрылысы, әрекеті, құрастыру және
күтіп-пайдалану ережелері;
2) электр аппартурасын құрастыру және пайдалану кезінде техника
қауіпсіздігін сақтау. Функционалдық микроэлектроника ерекшеліктері.
Микросхемалардың мақсаттары мен негізгі түрлері;
3) электресептеуіш машиналар құрылысының негізгі қағидаттары, үздіксіз
әрекетті (аналогтық) және дискреттік әрекетті (цифрлік) есептеуіш
машиналары, әр-түрлі ұрпақтағы ЭЕМ-дердің ерекшеліктері, олардың
мінездемелері;
4) практикалық жұмыстар: қарапайым аналогтық жиынтықтаушы құрылғысының
тізбегін құрастыру, электрмонтаждық және жылу рельстерін құрастыру,
өздігінен ағытқыштарды құрастыру және пайдалану;
5) еңбек нысандарының түрлері: жылу релесі, өздігінен ағытқыш.
25. Қазіргі заманғы өндірісі және жоғары білім беру – 1 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер. Мамандықты таңдау кезінде жеке тұлға
ерекшеліктерін ескеру, кәсіптік іс-әрекетіне қазіргі заманғы талаптар,
жоғары білім беру мекемелері, жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары,
жоғары білім алу жолдары;
2) практикалық жұмыстар: аймақтық еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің
ұсыныстарын талдау, әр-түрлі көздерден жоғары білім алу мүмкіндіктері
туралы мәлімет іздеу, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, өмірлік жоспар
мен түйіндемені құрастырып жазу;
3) еңбек нысандарының түрлері: басшылардың, мамандардың және басқа
қызметтердің квалификациялық анықтамалығы.
26. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 6 сағат:
1) негізгі теориялық мәліметтер. Тұтынушылық талдау негізінде бұйым
түрлерін таңдау;
2) ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы бұйымды дизайнерлік
тұрғыдан талқылау;
3) болашақ бұйымның жобасын қорғау, оларды жасауға арналған бөлшектер
сызбалары мен технологиялық карталарын құрастыру, бұйымды жасап шығару;
4) жұмыс сапасын бақылау, бұйымның өзіндік құнын анықтау, оны тауардың
болжамды нарықтық бағасымен салыстыру, жобаны ұсыну.

4. Оқу пәінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны
Технология қыз балаларға арналған

тақырыптық жоспар: кесте 1
|№ |Бөлімдердің атауы |Сағат саны |
| | |барлығы |теория |практика |
|1 |Тағам әзірлеу технологиясы |9 |2 |7 |
|2 |Иық бұйымдарын жобалау, |16 |3 |13 |
| |конструкциялау, модельдеу және | | | |
| |дайындау | | | |
|3 |Жоба |9 |1 |8 |
| |Барлығы: |34 |6 |28 |

27. Тағам әзірлеу технологиясы – 9 сағат:
1) тамақтану мәдениеті, дұрыс (тиімді) тамақтану, мектеп жасындағы
балаларға арналған азық-түліктің тәуліктік жиынтығы, кондитерлік өнімдер
дайындауға арналған ыдыстар мен азық-түлік тізімі, еңбекті қорғау,
санитарлық-гигиеналық талаптар және қауіпсіздік ережелері, бисквит және
қайнатпалы қамыр дайындау технологиясы;
2) бисквитті жылы, салқын және жылдамдатылған сақын тәсілмен дайындау.
Өнім мөлшері, технологиялық реттілігі, бисквит қамыры мен дайын бисквит
сапасына қойылатын талаптар, қайнатпалы қамыр (профитрол және эклер);
3) крем әзірлеу, азық-түлік мөлшері, әзірлеу реттілігі және
технологиясы. Қайнатпалы крем, қаймақ кремі, жұмыртқаның ақ уызынан
жасалған крем, глазурь. Кондитерлік өнімдерді безендіру (кремдер:
қайнатпалы, қаймақ, жұмыртқаның ақ уызынан жасалған, сонымен бірге бетіне
себетін ұнтақтар мен глазурь, далап, жеміс-жидектер), крем дайындау;
4) марципан дайындаудың суық және ыстық тәсілі, кондитер өнімдерін
безендіруге арналған кондитер қалтасы және кондитер қалтасына арналған
қондырмалар, тортты әшекейлеу негіздері, қазақ халқының десерттік (тәтті)
тағамдары;
5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): марципан, далап дайындау,
бисквит торты, бисквит рулеті, қайнатылған ұсақ профитрольдер, шәрбат
(сироп) дайындау.
28. Киімді жобалау және дайындау – 16 сағат:
1) иық бұйымдарын конструкциялау, модельдеу және дайындау (көйлек,
әйел жейдесі (блузка), халат, көкірекше (жилет, жекет) – таңдау бойынша.
Тігін бұйымдарының: эскизін, сызбасын, дайындау реттілігін, дайындау
тәсілдерін үйрену;
2) эскиз, костюм композициясы, силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік.
Өлшем алу және иықты бұйым сызба негiзiнің құрылымы, еркін қонымдылыққа
арналған қосымшалар, тұтаспішім негізіндегі тігін бұйымдарын (халат)
модельдеу, спорттық типтегі көйлекті модельдеу және конструкциялау,
дайындау технологиясы;
3) қондырма жеңді модельдеу (фасондық сызық жүргізу арқылы), негізгі
бүкпе орнын ауыстыру, жағалар және түймелеу, өңір түрлері, жаға сызбасының
құрылымы, бұйым бөлшектерін қатырмалау (өңірасты, жаға, қаттама);
4) іскерлік костюмдермен танысу, жекет, көкірекше (жилет) және
белдемшені нұсқау карта бойынша дайындау, біктемесіз және тіктемесі бар
жағаларды түйіндік өңдеу, иықты бұйымды дайындау технологиясы
(аналитикалық, технологиялық және бақылау), киімді көркемдеп әрлеу;
5) сарамандық жұмыс: өлшем алу, иық бұйымының сызбасын құрастыру (тор,
артқы бой, алдыңғы бой), жаға, қондырма жең құрылымы. Жеңді, бұйымды
модельдеу, бел сызығы бойындағы бүкпенің есеп-құрылымы (қынамалы және
жартылай қынамалы бұйымның силуэті, әйел жейдесі және белдемшені
модельдеу).
29. Жоба – 9 сағат:
1) бұйымды таңдау бойынша жобалау және дайындау;
2) жобалық жұмыстар (дизайн-папкасы);
3) берілген модельді дайындаудың техникалық паспорты, жобаны қорғау.

5. Оқу пәінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны

тақырыптық жоспар: кесте 2
| | |Сағат саны |
|№ |Бөлімдердің атауы | |
| | |барлығы |теория |практика |
|1 |Қазақ халқының ұлттық костюмін |32 |4 |28 |
| |конструкциялау, модельдеу және | | | |
| |дайындау | | | |
|2 |Жобаны қорғау |2 | |2 |
|Барлығы: |34 |4 |30 |

30. Қазақ халқының ұлттық костюмін конструкциялау, модельдеу және
дайындау (көйлек, қамзол, бас киім) – 32 сағат:
1) дизайн тұралу түсінік, қазіргі кездегі киім дизайны, дизайнер
шығармашылығы, ұлттық костюм және қазіргі киім;
2) көркем ансамбль ретіндегі қазақтың ұлттық костюмі, ұлттық мотив
бойынша қазіргі стильді киім үлгісін жасау, ұлттық колориттегі қазіргі
заманауи көйлек;
3) костюмдегі стильдік шешім, киімді көркем безендіру принциптері,
түрлі қолданыстағы киімдерді көркем безендіру ерекшеліктері;
4) сәндік әрлеу түрлері: ызба, таспа, бау, бисер, страза, кесте,
кристал.
5) ұлттық костюмнің сәнін келтіретін қосымша зергерлік бұйымдар мен
аксессуарлар;
6) эскиз, сызба (иық бұйымының базистік сызбасы, модельдеу жолымен),
әшекей, өңдеу түрі, материалды іріктеу, дайындау технологиясы. Камзол және
бас киім тігу кезінде бөлшектерді қатырмалауға арналған аралық төсем
материалдарын таңдау;
7) бұйымды пішу, дайындау реттілігі және ою-өрнек түрлері;
8) сарамандық жұмыс: нұсқау карта бойынша костюмді жобалау және
дайындау. Түйіндік өңдеу, пішім, сызба, эскиз жасау. Иық және бүйір
тігістерін, бүкпені өңдеу. Белдемше етегін желбіреуіш, желбіршек, желбірмен
өңдеу (моделіне қарай). Мойын ойындысын өңдеу (жаға, жиек немесе әдіппен),
жеңді қондыра көктеу және қондырып тігу. Белдемшені нымшамен біріктіру,
қамзол тігу, тақия тігу, киімді әшекейлеу.
31. Жоба – 2 сағат:
1) ұлттық костюмді жобалау және дайындау;
2) жобалық жұмыстар (дизайн-папкасы);
3) берілген модельді дайындаудың техникалық паспорты, жобаны қорғау.

6. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

32. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік
нәтижелеріне қарай бағаланады.
33. Пәндік нәтижелері екі аспектен қарастырылады: білу керек және
орындай алу керек.
34. Технология (ер балаларға арналған) 10 сыныптың соңында оқушылар
1) қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария талаптарын;
2) Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісі туралы жалпы мәліметтерін;
3) ауыл шаруашылығының дамуындағы инновациялық технологияларының
рөлін;
4) органикалық және минерал тыңайтқыштардың негізгі түрлерін;
5) ағаш шеберлік және ағаш ұсталық жұмыстарына арналған қазіргі
заманғы табиғи және жасанды материалдарын;
6) есік және терезе қораптарын жасау және орнату технологияларын;
7) механизмдер мен машиналардың даму тарихын ғылыми пән ретінде;
8) машиналардың негізгі механизмдері мен бөлшектерін;
9) материалдарды көркем өңдеу ерекшеліктерін;
10) электр машиналарындағы қуаттың қайта құрылуын;
11) бір фазалы және үш фазалы қозғалтқыштардың құрылысы мен жұмыс
істеу принцибін;
12) негізгі жартылай өткізгіш құрылғыларын;
13) тұрмыстағы жөндеу жұмыстарының негіздерін
білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) бидай, қызылша және картоп тұқымдарын егуге дайындауды;
3) конус тәрізді және қалыпқа келтірілген беттерді токарлық-бұранда
кесу стногында өңдеу жұмыстарын орындауды;
4) ағаш пен металл өңдеуге арналған құралдарын, еңбек құрылғылары мен
аспаптарын сызбасы және эскизі бойынша таңдауды;
5) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы
жетілдіруді;
6) технологиялық іс-әрекеті кезінде шығармашылық мақсаттарды орындау
әдістерін қолдануды;
7) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасауды
меңгеруі тиіс.
36. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) еңбекті қорғауға байланысты негізгі құқықтық, нормативтік және
заңнамалық актілерін;
2) металл және ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеу кезіндегі
қауіпсіздік ережелерін;
3) құрылымдық және жасанды материалдардың негізгі түрлері мен
қасиеттерін, оларды өңдеу технологияларын;
4) қайта құру іс-әрекетіндегі технологиялық құжаттарын;
5) құрылымдық, табиғи және жасанды материалдарын көркем өңдеу туралы
жалпы мәліметтерін;
6) шығармашылық жобаны орындау кезіндегі құрылымдау және моделдеу
негіздерін;
7) кәсіптік білім алу және жұмысқа орналасу жолдары туралы мәлімет алу
көздерін;
8) өндірістің негізгі салаларын, құрылымдық материалдарын өңдеумен,
олардан бұйымдар жасаумен, өнім алумен және агротехнологиямен байланысты
мамандықтарын
білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) материалды технологиялық, экономикалық және пайдалану қасиеттерін
ескере отырып ажырату және таңдау, нұсқасы, суреті, эскизі, сызбасы бойынша
оларды өңдеуге арналған құралдарын, еңбек құрылғылары мен аспаптарын
іріктеп алуды;
3) материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін, бұйымдар жасаудың
инновациялық технологияларын қолдануды;
4) технологиялық операцияларды анықтау және орындауды;
5) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы
жетілдіруді;
6) құрылымдау мен моделдеу қағидаттары мен әдістерін анықтау, бұйым
композициясы қасиеттерін ажырату және пайдалануды;
7) тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық сапасын бағалауды;
8) еңбек өнімін жасау және тарату іс-әрекеті бойынша жоспар құруды;
9) технологиялық іс-әренкеті кезінде шығармашылық мақсаттарды шешу
әдістерін қолдануды;
10) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасау
меңгеруі тиіс.
38. Технология (қыз балаларға арналған) 10 сыныптың соңында оқушылар:
1) азық-түліктерді өңдеудегі температуралық режімін;
2) тағамды өңдеудің ұзақтығын сақтаудың санитарлық талаптары мен
маңызын;
3) бисквит және қайнатпалы қамыр дайындау технологиясы және өнімді
безендіруді;
4) санитарлық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік техникасын;
5) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды
білу/түсіну тиіс.
1) асүй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;
2) бисквит және қайнатылған қамыр дайындауды;
3) кондитерлік өнімдерді безендіруді;
4) киімді жобалау және модельдеуді;
5) өлшем алуды және есептеп жазуды;
6) сызбаны түсінуді және сызуды;
7) бұйым бөлшектерін калькаға немесе қағазға көшіруді;
8) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;
9) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды меңгеруі тиіс.
40. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталарды;
2 бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;
3) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
4) дизайн туралы;
5) костюмнің түстік шешімі және принциптерін;
6) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әшекейлерді;
7) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
8) дайын бұйымның сапасына қойылатын талаптарды
білу/түсіну тиіс.
1) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзетуді;
2) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
3) матаны және әрлеудің түрлерін таңдауды;
4) бұйымды түйіндік өңдеуді;
5) бас киім, ұлттық киімді жобалау, кострукциялау және модельдеуді;
6) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;
7) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;
8) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзетуді;
9) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
10) матаны таңдауды және киімді әшекейлеуді;
11) бұйымды дайындау үшін техникалық құжаттама жасауды меңгеруі тиіс.
42. Жеке тұлға нәтижелері, 10-11 сынып оқушылары
1) мемлекеттік және ана тілін білу, қазақ халқының және Қазақстан
территориясында тұратын басқа этностар тарихына, мәдениетіне, салт-
дәстүрлері мен басқа құндылықтарына құрметпен қарау;
2) оқуға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру, мамандықтар
әлемінде хабардар болу;
3) қоршаған ортаны қорғау мәселесінде белсенді ұстанымын таныту;
4) адами қарым-қатынаста жоғары мәдениетін, еңбек ету іс-әрекеті
процесінде этикалық нормаларын сақтауын көрсету;
5) өзідігінен білім алуға, өз мақсаттарын жүзеге асыруға және жасампаз
еңбек етугеқабілетті болу;
6) ғылымның, технологиялардың және қоғамдық іс-тәжірибесінің қазіргі
заманғы даму деңгейіне сәйкес болатын біртұтас дүниетанымын басқара алуын
көрсете білу керек.
43. Жүйелілік-әрекеттік нәтижелері, 10-11 сынып оқушылары
1) өндіріс саласындағы кеңінен пайдаланатын технологиялары негіздері
бойыншабілім жүйесін игергенін;
2) ғылыми мәліметтерді талдауға, өңдеуге, синтез жасауға және
қолдануға икемділігін;
3) танымдық, жобалау, құрылымдау және зерттеу, шығармашылық тұрғыдан
қолдану әдістерін игергенін;
4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларын
игергенін;
5) дамыған коммуникациялық қабілеттерін, көптілді мәдениетін
игергенін;
6) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін және бірлескен
іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуін;
7) өз сезімдерін, ойларын және қажеттіліктерін білдіру үшін, өз іс-
әрекеттерін жоспарлау және реттеу үшін, коммуникация мақсатына сәйкес,
саналы түрде сөйлеу құралдарын пайдалана білуін; ауызша және жазбаша
тілдерді, монологтық мәнмәтіндік тілді игергенін;
8) экологиялық ой-пікірін қалыптастыру және дамытуын, оны практикалық
еңбек ету іс-әрекетінде және кәсіптік бейімделуде қолдана білуін көрсете
білу керек.

Ұқсас жұмыстар
Маталармен танысу
Тамақ дайындау технологиясы
Қамыр қопсытқыштары
Тағам даярлаудың негізгі әдістері
Мата өңдеу технологиясы
Қақталған балық
Бұйым етегін өндеу
Нан жазу
Жаға сызбасының құрылымы
Окрошка дайындау
Пәндер