Мәтін деген не?

Мәтін деген не?

Шумақова Айнұр, №40 орта мектебі.

Сабақтың тақырыбы : Мәтін деген не ?

Сабақтың мақсаты : Мәтін туралы түсінік беру . Мәтіндегі негізгі ойды анықтау

1Білімділік : Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, білімдерін жүйелеп жинақтау . Сурет бойынша әңгіме құрай білуг жаттықтыру .

Тәрбиелік : Оқушыларды сауатты көркем жазуға баулу . Өз елінің жан -жануарларын қорғауа машықтандыру .

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілеттерін . сөйлеу мәнерін тілін дамыту ; Мәтін құрастыруға, мазмұнына лайықты ат қоя білуге, байланыстырп сөйлеуге дағдыландыру .

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі : Жаңа

Сабақтың әдісі : ізденушілік, танымдылық, сұрақ -жауап, ұжымдық жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниетану күнделікті өмірмен байланыс .

Көрнекілігі :компьютер, суреттер

Сабақтың барысы : 1 Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды сабаққа дайындау

2. Өткен сабақты қайталау

-Бүгін біз дауыссыз дыбыстарды қайталай отырып тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысымыз . Білім сарайына қонаққа барамыз .

-Білім сарайына кіру үшін, есікті шау үшін бізге не керек ? -Кілт. -Балалар, дұрыс, тағы не керек ? -Білім . -Білімді көрсету үшін ойын арқылы сұрақтарға жауап береміз .

Ойынның аты -«Сан қатары»

Сандар шашылып тұр. Сандарды дұрыстап қойсақ бүгінгі жаңа сабақтың аты шығады . Ал сан қатарын ретімен қояйық . Әр санның қатарында сұрақ бар . Сол сұраққа жауап беру керек .

1. М Қазақ тілінде неше әріп бар ?

2. Ә Дыбыстар неше топқа бөлінеді ?

3. Т Дауысты дыбыстардың түрлерін ата ?

4. І Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата ?

5. Н Нмен Ң дыбыстары дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады ?

Енді « Мәтін » сөзіне дыбыстық талдау жасайық .

М- дауыссыз, үнді

Ә- дауысты, жіңішке

Т- дауыссыз, қатаң

І- дауысты, жіңішке

Н- дауыссыз, үнді

5-әріп, 5-дыбыс, 2- буын мә-тін

-Білім сарайының есігі ашылды . Енді барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындауымыз керек .

3. Көркем жазу . Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күн, ай жазып тақтадағы элементтерді әдемілеп жазып шығайық.

-Білім сарайында бөлмелер көп . Сол бөлмелерге кіру үшін тапсырмалар орындауымыз керек . 1-слайд 1- бөлмеде

-Қазір қандай ай?. Қандай мезгіл ? / Күз мезгіліне 2-3 сөйлем құрастыру . / Күз.

Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады . Құстар жылы жаққа ұшып кетті .

-Әріптерден қатыстырып не жаздық ?/ Сөздер жаздық /

-Сөз арқылы не құрауға болады ?/ Сөйлем құрайды /

-Сөйлем арқылы мәтін құралады екен .

2- слайд . 2-бөлме Тақырыбы болады .

Жазбаша және ауызша Мәтін Бірнеше сөзден құралады .

ой жеткізу

бір-бірімен мағынасы жағынан

байланысып тұарды .

Мәтін үш бөлімнен тұрады

Кіріспе қорытынды

негізгі

4. Кітаппен жұмыс 3-бөлме .

190-жаттығу Бірінші, екінші бағандағы сөздерді салыстырып оқы . /ауызша орындалады /

4- бөлме Ереже /3- слайд/

Мәтін мағына жағынан өз ара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады .

5-бөлменің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс/ 4-слайд /

191-жаттығу орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра /тақтаға орындалады . /

Мынау -менің бөлмем . Бөлмемнің ауасы таза . Оның терезелері үлкен . Оң жақта менің төсегім . Сол жақта үстел орындықтар қойылған .

6-бөлме Сергіту сәтті/ 5-слайд. /

7-бөлме 192 -жаттығу Мәтінді оқып, ат қой .

Сұрақтарға жазбаша жауап бер.

1Бұғы қандай жануар ?

2. Оның қандай ерекшеліктері бар ?

3. Солтүстік бұғысы немен қоректенеді ?

-Мәтін неше сөйлемнен құралған ?Мәтінге қандай ат қойюға болады ?

8-бөлме 194 -жаттығу Қайысысы мәтін екенін дәлелде . /ауызша талдау /

5Үйге тапсырма

193- жаттығу.

6Сабақты қорыту

« Танып ал »ойыны мәтін құрау .

7. Бағалау .


Ұқсас жұмыстар
Мәтін түрлері
Мәтін туралы
Сабақ жоспары 8 сынып ағылшын тілі
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Мәтін құрылымы
Мәтін. Мәтінді түсініп оқу,мәтіннің қай түріне жататынын табу
Таңдаудың маңызы
Мәтінді тілдік талдау
"мәтін құрастыру" 3 сынып қазақ тілі
Мәттіннің түрлерін ата
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz