Калашников автоматы мен пулеметі

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы мен пулеметі.

  1. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға автомат пен пулеметтің арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттерін ұғындыру.
  2. Уақыты:45 минут.
  3. Өткізілетін орны:10 сынып, БӘД бөлмесі.
  4. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, плакаттар.
  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут.

  • ТОЗ - 8 шағын калибрлі винтовкасы неге арналған?
  • ТОЗ -8 винтовкасының негізгі ұрыстық қасиеттерін айтыңдар.
  • ТОЗ - 8 винтовкасының негізгі бөліктері мен механизмдерін атаңдар.
  • ТОЗ - 8 винтовкасынан атуға даярлану туралы айтып беріңдер.

б) Негізгі бөлім - 25 минут.

Калашников автоматы мен пулеметі.

Автомат пен пулемет қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ орнатылған. Түнгі уақытта ату және бақылау үшін түнде атуға арналған әмбебебап көздеуіш бекітіледі.

Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі, жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.

Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5атысқа дейін) және ұзақ (10атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Оқжатар қорабында автоматта 30 патрон, пулеметте 45 патронға дейін болады. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады.

Сипаттамалары: Сипаттамалары
АК74:

АК

74

АК74Н:

АК

74Н

АКС74: АКС74
АКС 74Н: АКС 74Н
РПК74: РПК74
РПК74Н: РПК74Н
РПКС74: РПКС74
РПКС74Н: РПКС74Н
Сипаттамалары: Атудың көздеу қашықтығы, м.
АК74: 1000
АК74Н: 1000
АКС74: 1000
АКС 74Н: 1000
РПК74: 1000
РПК74Н: 1000
РПКС74: 1000
РПКС74Н: 1000
Сипаттамалары: Оқтың шекті ұшу алыстығы, м.
АК74: 3000
АК74Н: 3000
АКС74: 3000
АКС 74Н: 3000
РПК74: 3150
РПК74Н: 3150
РПКС74: 3150
РПКС74Н: 3150
Сипаттамалары: Нақты атыс қашықтығы, м.
АК74: 500
АК74Н: 500
АКС74: 500
АКС 74Н: 500
РПК74: 600
РПК74Н: 600
РПКС74: 600
РПКС74Н: 600
Сипаттамалары: Шоғырланған атыс қашықтығы, м.
АК74: 1000
АК74Н: 1000
АКС74: 1000
АКС 74Н: 1000
РПК74: 1000
РПК74Н: 1000
РПКС74: 1000
РПКС74Н: 1000
Сипаттамалары: Атыс жылдамдығы, ату/мин.
АК74: 600
АК74Н: 600
АКС74: 600
АКС 74Н: 600
РПК74: 600
РПК74Н: 600
РПКС74: 600
РПКС74Н: 600
Сипаттамалары: а) кезекпен атқанда
АК74: 100
АК74Н: 100
АКС74: 100
АКС 74Н: 100
РПК74: 150
РПК74Н: 150
РПКС74: 150
РПКС74Н: 150
Сипаттамалары: ә) жекелей атқанда
АК74: 40
АК74Н: 40
АКС74: 40
АКС 74Н: 40
РПК74: 50
РПК74Н: 50
РПКС74: 50
РПКС74Н: 50
Сипаттамалары:

Жарақталған оқжатармен

қосқандағы салмағы, кг

АК74: 3, 6
АК74Н: 5, 9
АКС74: 3, 5
АКС 74Н: 5, 8
РПК74: 5, 46
РПК74Н: 7, 76
РПКС74: 5, 61
РПКС74Н: 7, 91
Сипаттамалары: Сүңгі-пышақтың салмағы, г
АК74: 450
АК74Н: 450
АКС74: 450
АКС 74Н: 450
РПК74: -
РПК74Н: -
РПКС74: -
РПКС74Н: -

Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктерден тұрады:

  • 1- ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы (пулеметте сирағымен) ;
  • 2 - ұңғы аузындағы тежеуіш компенсатор (пулеметте - 13 жалын сөндіргіш) ;
  • 3 - ұңғы қорабының қақпағы;
  • 4 - газ поршені мен бекітпе жақтауы;
  • 5 - бекітпе;
  • 6 - қайтармалы механизм;
  • 7 - ұңғы бастырмасы мен газ түтігі;
  • 8 - құндақ;
  • 9 - оқжатар;
  • 10 -сүңгі-пышақ;
  • 11 - сүмбі;
  • 12 - жабдығымен пенал;

Суретте автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктері мен механизмдері

және оның жабдықтары : а-автоматтың; ә-пулеметтің; 1- ұңғы қорабымен, соққы-ағытқыш механизмімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен, ал пулеметте сирағымен берілген ұңғы; 2-ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3-ұңғы қорабының қақпағы; 4-газ поршенді бекітпе жақтауы; 5-бекітпе; 6-қайтармалы механизм; 7-ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8-құндақ; 9-оқжатар; 10-сүңгі-пышақ; 11-сүмбі; 12-жабдығымен пенал; 13-жалын сөндіргіш.

Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.


Ұқсас жұмыстар
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Калашников автоматы
Автоматты жинақтау және бөлшектеу
Алғашқы әскери дайындық пәнінен сыныптан тыс сайыс сабақ
Колледж тынысы
Жаңа сабақ тезистері
Пәнге деген қызығушылық - оқып - үйренудегі жетістік негізі
Жас ұлан әскери патриоттық сайысы
Мотоатқыш бөлімше
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz