Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері мен төтенше жағдайлардағы әрекет ету тәртібі

«Бекітемін»

Мектеп директоры

  1. Сабақтың тақырыбы:Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
  2. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұғындыру.
  3. Уақыты:45 мин.
  4. Өткізілетін орны:11 сынып, БӘД бөлмесі.
  5. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, АҚ журналдары.
  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 мин.

-Эвакуация деген не?

-Эвакуация міндеттері

б) Негізгі бөлім - 22 мин.

Азаматтық қорғаныс - жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.

Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі

Әрбір төтенше жағдайдың өз ерекшеліктері бар және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын шаралардың нақты тізбесі бар. Сонымен қатар төтенше жағдайлар болған ретте адамдарды қорғау үшінқолданылатын іс-қимылдың жалпы жиыны болады, оған күнілгері және төтенше жағдай болғанда тікелей жүргізілетін шаралар қамтылады. Күнілгері жүргізілетіндері: берілген аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайды болжамдау, ықтимал төтенше жағдайлардың шығындарын азайтуға бағытталған шаралар, төтенше жағдай болған кезде жүзеге асырылатын іс-қимылды жоспарлау, төтенше жағдайларда қолданылатын күш пен құралды дайындау, халыққа төтенше жағдайлардағы құлық ережелерін үйрету, төтенше жағдайларда болуы мүмкін материалдық қор жасау. Халыққа хабарлау дегеніміз су басу, орман өрті, зілзала, тасқын не басқадай дүлей апат туралы ескерту, болған апат не алапат туралы ақпарат беру. Бұл үшін байланыс, радио және теледидар құралдарының барлығы қолданылады. Уақыт -басты фактор. Төтенше жағдайларда оны зая жіберуге болмайды. Адамдардың тағдыры осыған көп байланысты. Қазақстан республикасындағы радиотрансляция жүйесі кең тараған. Радиотрансляция торабы жоқ бірде-бір қала, ірі елді мекен жоқ. Кәсіпорындардың, оқу орындарының көпшілігінің өз радиоторабы бар.

Оқу орындарындағы АҚ-тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.

в) Қорытынды бөлім - 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

-Хабарлау жүйесі деген не?

-

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы:


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныс: хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
Сен және төтенше жағдайлар: әрекет ету ережелері және алғашқы медициналық көмек
5-сынып: Өмір қауіпсіздігі - төтенше жағдайларда әрекет ету және алғашқы көмек
Төтенше жағдайлар кезінде емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету: практикалық сабақтың әдістемелік талдамасы
Табиғи апаттар: сипаттамасы, тұрғындарға хабарлау және құтқару мен жедел қалпына келтіру шаралары
Оқушыларға арналған жол тәртібі және жол белгілері бойынша тәрбие сағаты
Азаматтық қорғаныс: міндеттері және шаруашылық нысандар мен оқу орындарындағы ұйымдастыру құрылымы
Отбасы мен мектептің азаматтық-патриоттық тәрбиедегі рөлі
7-сынып: буллингтен қорғану, жол белгілері және шұғыл қызметтердің нөмірлері
Азаматтық құқық бұзушылық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік: ұғымы, субъектілері және объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz