Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Жалпы орта білім беру деңгейінің
«Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-
11 сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы
10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Адам және қоғам» білім
саласы пәндерінің оқу бағдарламалары. – Астана, 2013. – 96 б.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес әзірленді.
2. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу
арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
3. Пәнді оқытудың міндеттері:
1) әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда
адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;
2) оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық
байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу,
қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті
өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
3) тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін
шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар
мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге
дағдыландыру;
4) жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті
сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
5) еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен
мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы
мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;
6) қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне
ықпал ету.
4. Қазақстан тарихын оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық
байланыстар жүзеге асырылады:
1) «Дүние жүзі тарихымен», Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас
бөлігі, біртұтас тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу;
2) «Географиямен», қазіргі Қазақстан Республикасы территориясы мен
шекарасының анықталуы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық реформалардың
жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы.
3) «Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының
шығармаларының тарихы, қазақстандық әдебиетшілер, ақындар және
драматургтердің шығармалары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы
білім.
5. Оқу жүктемесінің көлемі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт
1) 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат
жаратылыстану-математикалық бағыт
3) 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
4) 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны
6. Кiрiспе (1 сағат).
7. Қазақстан тас ғасырында (4 сағат):
тас ғасырын дәуiрлерге бөлу, адамның пайда болуы және оның даму
эволюциясы, төменгi, орта және кейiнгi палеолит, алғашқы адамдардың еңбек
құралдары, әлеуметтiк ұйым;
мезолит дәуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде, неолиттік төңкеріс,
тоқымашылық, қыш ыдыс жасау өнері, энеолит, бтай мәдениеті, тас дәуіріндегі
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.
8. Қазақстан қола дәуiрiнде (3 сағат):
Андронов мәдениеті (жалпы сипаттамасы және оның кезеңдер), қола
дәуіріндегі Орталық Қазақстан аумағы, Орталық Қазақстан – ертедегi
металлургия орталығы, қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, Солтүстік және
Батыс Қазақстан қола дәуірінде, қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және
Жетісу, кейiнгi қола дәуiрiндегi Беғазы-Дәндiбай мәдениетi;
өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк;
қола дәуіріндегі қоныстар, обалар және жерлеу дәстүрi, қола
дәуіріндегі әлеуметтiк дифференциация.
9. Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы (3 сағат):
тайпа одақтары мен ежелгi мемлекеттiк бiрлестiктер туралы негізгі
тарихи деректер, археологиялық деректер;
сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы». ертедегi
парсы (ирандық), қытай деректерi.
10. Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары (4 сағат):
Қазақстан ерте темір дәуірінде, сақ тайпалары (хаомаварга, тиграхауда,
парадарайя, аримаспылар және т.б.), сармат тайпалары, ежелгі Қазақстанның
металлургиялық орталықтары, шаруашылық түрлері, ертедегі металл өндірісі,
зергерлік өнер, қыш өндірісі, әлеуметтік құрылымы;
сақтардың мәдениеті, скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилінің» таралуы,
қоғамдық ұйымдасуы мен идеологиясы, археологиялық ескерткiштері.
11. Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер (4 сағат):
үйсiн мемлекетi, шаруашылығы, әлеуметтiк-саяси ұйымдасуы, үйсiндердiң
басқа елдермен қарым-қатынасы, мәдениеті;
қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, Сырдария бойындағы
археологиялық ескерткіштер;
ғұндар, б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-
қатынасы, ғұндардың Мөде тұсында өрлеуi, ғұндардың Қазақстанға қоныс
аударуы, көшпелi мал шаруашылығы, егiншілік, әлеуметтiк құрылысы,
материалдық мәдениетi;
ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай
аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила.
12. Қайталау (1 сағат).
13. Көшпелiлер немесе дала өркениетi (3 сағат):
көшпелілер және номадизм, көшпелi қоғамның өзiне тән шаруашылық
жүргiзу әдiстерi, әскери өнерi, әскери-демократиялық басқару жүйесi;
көшпелi және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс, қалалар
–көшпелi және отырықшы өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын көпiр;
Ұлы Жібек жолы.
14. Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер: этникалық
және саяси тарихы (9 сағат):
түркi халықтарының түп төркiнi, көне түркiлер, түрік қағанаты
(құрылуы, дамуы, ыдырауы), Қазақстан аумағындағы батыс-түрiк, түркеш,
қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттерi, қыпшақтардың шығу тегi және ежелгі
тарихы, Дештi-Қыпшақтағы Қыпшақ мемлекеті;
Моңғол шапқыншылығы, Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы жеке
хандықтардың дамуының ерекшелiгi, аумағы және рулық құрамы, ұлыстық жүйе,
Алтын Орда және Ақ Орда, Ноғай Ордасы (Маңғыт жұрты), Моғолстан, көшпелі
өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы).
15. Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7
сағат):
«Этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ халқының
қалыптасуының негізгі кезеңдері, қазақ халқының қалыптасуының басталуы,
қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы, «қазақ» этнонимi туралы, қазақ халқының
антропологиялық типi және тiлдiк сипаты;
қазақ хандығының құрылуы – қазақ халқының қалыптасу үдерісінің
аяқталуы, саяси тарихы, қазақ хандары ұстаған саясаттың негiзгi бағыттары,
хандық мемлекеттегi басқару жүйесi, хандық билiк, әлеуметтiк құрылымы,
«ақсүйек» және «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер
түрлерi, әдеп құқығы және «Жетi Жарғы».
16. Қайталау (1 сағат).
17. Көшпелiлердiң рухани мәдениетi. Қазақ даласының даналары (12
сағат):
рухани мәдениеттiң даму ерекшелiгi, негiзгi бағыттары;
Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы;
тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi (түрiк, соғда, араб), ғылым
мен әдебиет (әл-Фараби, Жүсiп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхамед Хайдар
Дулати, Қадырғали Жалайыри);
халық ауыз әдебиеті, ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы, Қазтуған,
Сыпыра, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар;
музыка өнерi, қолданбалы өнер, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.
ұлттық ойындар, дiн, наным-сенiмдер;
Ұлы Жiбек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны.
18. Қазақстан Ресей империясының құрамында (14 сағат):
Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты, XVIII
ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, 1731 жылғы
жарлық және А.И.Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге қосылуының
басталуы, Әбiлқайыр хан саясаты және оның жүзеге асуы, кiшi жүз бен Орта
жүздiң Ресейге қосылуы, қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы Абылай хан
саясаты, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың салдары;
XVIII-ХІХ ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік
реформалары, 1822 және 1824 жылдардағы Жарғылар, Қазақстанда хандық жүйенің
жойылуы, 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886, 1891 жылдардағы
«Басқару туралы Ережелер», Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты және
реформалардың салдары;
Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясатының негізгі
кезеңдері, казак әскерi мен орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс
аударуы, Столыпиннің аграрлық реформасы және қоныстандырудың жаңа кезеңі,
қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу, қоныстандыру саясатының
зардаптары;
Қазақстанға ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресейлік және ХХ ғасырдың
басында шетелдік капиталдың ене бастауы, Қазақстанның бүкілресейлік нарыққа
ықпалдасуы, сауданың дамуы, жәрмеңкелер, темір жолдардың салынуы.
19. Қорытынды қайталау (2 сағат).
3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
20. Қазақ халқының ХVII–ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресi (3 сағат):
XVI ғасырдың басы XVII ғасырларда қазақтардың ойраттарға қарсы
соғыстары, Жоңғар хандығының құрылуы және XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар
қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi, Орбұлақ шайқасы,
«Ақтабан шұбырынды», жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкiлхалықтық Отан соғысы,
Бұланты, Аңырақай шайқастары, азаттық соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес
қосқан ұйымдастырушылар (Тәуке, Әбiлқайыр, Абылай хандар, батырлар:
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай; билер – Төле
Әлiбекұлы, Қазыбек Келдiбекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы және Бұқар жырау),
қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің тарихи маңызы.
21. Қазақ халқының ХVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдiң
отаршылдық үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы (2 сағат):
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар (жалпы сипаттамасы,
ерекшелiктерi);
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Сырым Датұлы көрнектi
қайраткер, көтерiлiс басшысы, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік
негізі, көтерiлiстiң негiзгi кезеңдері және оқиғалары, жеңiлу себептерi
және қорытындылары, тарихи маңызы.
22. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3
сағат):
Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс,
көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, қорытындылары;
Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен
болған көтеріліс, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, Исатай мен
Махамбет – көтерiлiс басшылары, көтерiлiстiң басталуы, кезеңдері және
барысы, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, тарихи маңызы.
23. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс (2
сағат):
халық-азаттық қозғалыстың алғышарттары және себептерi, Саржан Қасымұлы
бастаған қозғалыс, азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты және қозғаушы
күштерi, Кенесары Қасымұлы, көтерiлiстiң кезеңдері, басталуы, етек алуы,
Кенесары хандығы, көтерiлiстiң негiзгi оқиғалары, патша өкiметiнiң
көтерiлiстi басып-жаншуға жасаған әрекетi, азаттық жолындағы қозғалыстың
жеңiлу себептерi, К.Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының тарихи
маңызы.
24. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (2
сағат):
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерiлiсi;
1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерiлiстер,
1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерiлiс.
25. «ХХ ғасыр басындағы ұлттық-демократиялық қозғалыс» (2 сағат):
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, ХХ ғасыр
басындағы Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы және ұлттық-демократиялық
қозғалыстар, зиялылар қауымы саяси қызметінің негізгі түрі және мазмұны.
26. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (3 сағат):
1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi. Көтерiлiстiң қозғаушы
күштерi, сипаты, кезеңдері, көрнектi басшылары (Әбдiғафар Жанбосынов,
Амангелдi Иманов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкi
Көкiмбайұлы т.б);
көтерiлiстiң барысы, негiзгi ошақтары, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi,
жеңiлiстiң зардаптары, патша өкiметiнiң жазалаушы әскерiнiң бейбiт халыққа
көрсеткен зорлық-зомбылықтары, көтерiлiстiң тарихи маңызы.
27. Қайталау (1 сағат).
28. Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси партиялар мен ағымдар.
Ұлттық автономиялардың құрылуы (4 сағат):
Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы
филиалдары, Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары, мұсылман
партиялары, Қазақстандағы ұлттық саяси партиялар, «Алаш» партиясының
құрылуы, саяси бағдарламасы және тарихи кезеңдері;
Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылғы қазан социалистік революциясы,
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы («Үш жүз» партиясының құрылуы және оның
тарихы»);
Қоқан автономиясының құрылуы және «Түркестани мухтариат» үкіметі;
Екінші Жалпықазақ съезі, Алаш үкіметінің құрылуы, «Алаш» автономиясы
және «Алаш Орда Халық Кеңесі.
29. 1918-1920 жылдардағы Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық
саясаты (3 сағат):
Қазақстан (1918-1920) азамат соғысы және шетел интервенциясы
жылдарында, «әәкери коммунизм» саясаты және оның Қазақстанда жүзеге
асырылуы, жер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік меншікке алу, Кеңес
үкіметінің күш қолдану шаралары (азық-түлік салғырты, еңбек міндеткерлігі,
азық-түлікті реквизициялау т.б);
«Әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы жұт пен
аштық;
«Жаңа экономикалық саясат» және оның Қазақстанда жүзеге асырылу
тәжірибесі, ЖЭС-ты тоқтату және оның қорытындылары.
30. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсiбi (3 сағат):
1920 жылдардың басындағы өнеркәсіптерді қалпына келтіру шаралары,
Қазақстан өнеркәсiбiн дамытудың жаңа кезеңi, Қазақстанда индустрияландыруды
жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен мәселелер, жетістіктер мен
қателіктері, негізгі қорытындылары;
Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркәсiп саласының озаттары
мен жаңашылдары.
31. Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (2 сағат):
ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы, Қазақстандағы ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру (іс-шаралардың жаппай және күш қолдану сипаты),
көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация), 1931-1933
жылдардағы ашаршылық;
Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық
зардаптары.
32. 1920-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар (5 сағат):
Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы толқулар, көтерілістер және азаттық
қозғалыстардың алғышарттары, себептері, 1921-1922 жылдардағы шаруалар
толқулары;
1929-1931 жж. шаруалар толқуларының себептері, қозғалыстың сипаты,
негізгі ошақтары;
1929 жылғы көтерілістер, негізгі оқиғалары, олардың басшылары, 1930
жылғы көтерiлiстер, олардың iрi орталықтары, басшылары, 1931 жылғы
көтерiлiстер, олардың қамтыған аймақтары, басшылары;
Кеңес өкiметiнiң жазалаушы әскерлерiнiң 1929-1931 жылдардағы азаттық
жолындағы халық-азаттық қозғалысты қатыгездiкпен басып-жаншуы, қарапайым
халықтың көрші республикаларға және шетелдерге қоныс аударуы.
33. Қайталау (1 сағат).
34. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi (3 сағат):
1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмiрдiң сипаты, Республиканың партиялық
және мемлекеттік басшылары, Ф.И.Голощекин және «Кіші Қазан», алдыңғы
қатарлы қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан» саясатына қарсы күресі,
Л.Мирзоян және оның Қазақстандағы қызметі;
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы және Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.
35. 1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы (3 сағат):
сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси
ағартушылық, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы,
Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер;
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы әдебиет пен өнер;
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы, бейнелеу өнері, музыка өнері,
театр, кинематография.
36. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен комсомолы тарихынан (1 сағат):
Кеңес Одағы Коммунистiк партиясының құрылуы, оның мақсаты мен
мiндеттерi. Қазақстан Коммунистiк партиясының басқару жүйесiндегi
тоқыраудың көріністері, Қазақстан Коммунистiк Жастар Одағы ұйымының
құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi, атқарған қызметi, Қазақстандағы
пионер ұйымы және оның қызметi.
37. Саяси қуғын-сүргiн және халықтар депортациясы (5 сағат):
қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері, 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы
қауымға қарсы қуғын-сүргін, оппозицияны қырып-жою;
1920-1930 жылдардағы шаруаларға қарсы жаппай қуғын-сүргін және
кулактардың жойылуы, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін;
ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан, Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу»
лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.);
Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері, 1930
жылдары депортациялаудың басталуы, 1940-жылдары Қазақстанға басқа
халықтарды депортациялау;
1940-1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, «Хрущев
кезеңіндегі» және «тоқырау» жылдарындағы ғылым мен шығармашылық зиялы қауым
өкілдерін қудалау;
38. Қайталау (1 сағат).
39. Қазақстандағы әскери-өндірістік кешен (1 сағат):
атом полигонының құрылысы және Семей жеріндегі ядролық сынақтар,
«Байқоңыр» ғарыш айлағы.
40. Тың игеру эпопеясы (2 сағат):
Н.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-нда
жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру;
тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары.
41. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар, қозғалыстар және
көтерiлiстер (3 сағат):
1959 жылғы Темiртау қаласында болған оқиғалар, 1979 жылы Ақмола және
тағы басқа қалаларда болған ереуiлдер мен толқулар;
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, Алматы қаласындағы басталған Желтоқсан
оқиғаларының себептерi, басталуға түрткi болған сылтау, оқиғалардың
сипаты, қозғаушы күштерi, 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар,
олардың басқа қалаларға әсерi, жастардың бейбiт шеруiн қарудың күшiмен
басып-жаншуы, желтоқсан оқиғаларының салдары, желтоқсан оқиғаларының жас
батырлары (Қайрат Рысқұлбеков және тағы басқалар), 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғаларының тарихи маңызы;
1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы наразылық.
42. Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: саяси үдерістер (2 сағат):
Қазақстан Коммунистік партиясының өзін-өзі таратуы, тәуелсiз
Қазақстанның саяси жүйесi, Мемлекеттiк рәміздері, мемлекеттік егемендік пен
президент институтының нығаюы, Қазақстан Республикасының басқару формасы
және билік тармақтары, елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері;
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы, 1990 жылдардың екінші
жартысындағы және 2007 жылғы конституциялық реформалар, қазіргі
Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар.
43. Тәуелсiз Қазақстанның экономикасы (2 сағат):
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері,
ғасырлар тоғысында (1998-2001жж.) экономиканың тұрақталуы, инвестициялық
саясат және Қазақстандағы шетелдік инвестициялар, кәсіпкерліктің дамуы,
шағын және орта бизнес;
қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы,
экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мәселелер),
Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы, әлемдік қаржы дағдарысы және
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары.
44. Қазақ диаспорасы (2 сағат):
диаспора, ирредент, оралман ұғымдары, қазақ диаспорасының қалыптасу
тарихы, 1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының ұлғаюы;
ТМД елдерiндегi қазақтар, олардың Тәуелсiз Қазақстан Республикасымен
қарым-қатынасы, дүние жүзi қазақтарының құрылтайлары, шетелдегi қазақтардың
өз Отанына оралу мәселесі.
45. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы
(2 сағат):
Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде танылуы, Қазақстанның
сыртқы саясатының негiзгi сипатты белгiлерi;
Қазақстан және әлемнің жетекші мемлекеттері, көпвекторлы сыртқы
саясат;
Қазақстан – дүниежүзiлiк беделдi ұйымдардың мүшесi, Қазақстан – бүкіл
әлемдік қоғамдастық төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ).
46. «Қазақстан – 2030» – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
бағдарламасы және «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» (2 сағат):
«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» және
«Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ
жылдарға арналған басым мақсаттар және жүзеге асыру стратегиялары.
47. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1
сағат), Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының
қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия
идеясы.
48. «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы» (1 сағат), жаңа
астананы ауыстырудың тарихи маңызы, жаңа Астананың дамуы –Қазақстанның
өрлеуінің нышаны, Астана – менің бас қалам.
49. Қорытынды қайталау (1 сағат).
4. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
Кiрiспе. Курстың міндеті, мазмұны және құрылымы.
50. Қазақстан тас ғасырында (4 сағат):

құралдары, әлеуметтiк ұйым, мезолит дәуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде;
неолиттік төңкеріс, энеолит, Ботай мәдениеті, тас дәуіріндегі

51. Қазақстан қола дәуiрiнде (3 сағат):
Андронов мәдениеті (жалпы сипаттамасы және оның кезеңдері), қола
дәуіріндегі Орталық Қазақстан аумағы;
кейiнгi қола дәуiрiндегi Беғазы-Дәндiбай мәдениетi;
өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк.
52. Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы (3 сағат):

сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы»;
ертедегi парсы (ирандық), қытай деректерi.
53. Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары (4 сағат):

парадарайя, аримаспылар және тағы басқалары);
Ежелгі Қазақстанның металлургиялық орталықтары, шаруашылық түрлері,
әлеуметтік ұйым;

қоғамдық ұйымдар және идеология, археологиялық ескерткiштері.
54. Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер (4 сағат):
Үйсiн мемлекетi, шаруашылығы, әлеуметтiк-саяси ұйымдар, үйсiндердiң
басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы, мәдениеті;
қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті;

қатынасы, шаруашылығы, әлеуметтiк құрылымы, материалдық мәдениетi;
ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндар Еуропада, Аттила.
55. Қайталау (1 сағат).
56. Көшпелiлер немесе дала өркениетi (3 сағат):

көшпелi және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс, қалалар –
көшпелi және отырықшы өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын көпiр;
Ұлы Жібек жолы.
57. Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер: этникалық
және саяси тарихы (9 сағат):
көне түркiлер, түрік қағанаты (құрылуы, дамуы, ыдырауы), Қазақстан
аумағындағы Батыс-түрiк, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттерi, қыпшақ
мемлекеті;
моңғол шапқыншылығы, Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы жеке

58. Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7
сағат):
«этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ халқының

аяқталуы, саяси тарихы, қазақ хандары саясатының негiзгi бағыттары, хандық
мемлекеттегi басқару жүйесi, хандық билiк, әлеуметтiк құрылымы, «ақсүйек»
және «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер түрлерi, әдеп
құқығы және «Жетi Жарғы».
59. Қайталау (1 сағат).
60. Көшпелiлердiң рухани мәдениетi. Қазақ даласының даналары (12

тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi (түрiк, соғда, араб);
ғылым мен әдебиет (әл-Фараби, Жүсiп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхамед
Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри);

музыка өнерi, қолданбалы өнер, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар,
ұлттық ойындар, дiн, наным-сенiмдер, Ұлы Жiбек жолының мәдениеттің
дамуындағы алатын орны.
61. Қайталау (1 сағат).
62. Қазақстан Ресей империясының құрамында (14 сағат):

басталуы, Әбiлқайыр хан жоспары және оны жүзеге асыру, Кiшi жүз бен Орта

XVIII-ХІХ ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары,
1822, 1824 жылдардағы «Жарғылар», 1867-68 жылдардағы «Уақытша ережелер»,
1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы Ережелер», Ресейдің Қазақстандағы
отарлық саясаты мен реформалардың салдары;
Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясаты негізгі

аударуы, Столыпиннің аграрлық реформасы және жаппай қоныстандырудың жаңа
кезеңі, қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу, қоныстандыру саясатының
зардаптары;
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ресейлік және ХХ ғасырдың

63. Қайталау (1 сағат).
64. Қорытынды қайталау (2 сағат).
5. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
65. Қазақ халқының ХVII-ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресi (3 сағат):
жоңғар хандығының құрылуы және XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар
қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi;
«Ақтабан шұбырынды...», жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкiлхалықтық Отан
соғысы, Бұланты, Аңырақай шайқастары, отан соғысының жеңiсiн
ұйымдастырушылар (Тәуке, Әбiлқайыр, Абылай хандар, батырлар: Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай; билер – Төле
Әлiбекұлы, Қазыбек Келдiбекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы және Бұқар жырау);
жоңғар шапқыншылығын жеңiспен аяқтаудың тарихи маңызы.
66. Қазақ халқының ХVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдiң

ерекшелiктерi;

67. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3

болған көтеріліс, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі,
көтерiлiстiң басталуы, кезеңдері және барысы, көтерiлiстiң жеңiлу
себептерi, тарихи маңызы.
68. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс (2

жеңiлу себептерi, Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының
тарихи маңызы.
69. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (2

70. ХХ ғасыр басындағы халықтық-демократиялық қозғалыс (2 сағат):

қозғалыстар, зиялылар қауымының саяси қызметінің негізгі түрлері және
мазмұны.
71. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (3 сағат):
1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi, көтерiлiстiң қозғаушы
күштерi, сипаты, кезеңдері;
көтерiлiстiң көрнектi басшылары (Әбдiғафар Жанбосынов, Амангелдi
Иманов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкi
Көкiмбайұлы және т.б.);
көтерiлiстiң барысы, оның негiзгi ошақтары, көтерiлiстiң жеңiлу
себептерi, жеңiлiстiң зардаптары, патша өкiметiнiң жазалаушы әскерiнiң
бейбiт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары, көтерiлiстiң тарихи маңызы;
72. Қайталау (1 сағат).
73. Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси партиялар мен ағымдар.

филиалдары, мұсылман партиялары, «Алаш» партиясының құрылуы, «Алаш»
партиясының саяси бағдарламасы;

Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы («Үш жүз» партиясының құрылуы және оның
тарихы);
Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және «Түркестани мухтариат»
үкіметі;

және «Алашорда Халық кеңесі».
74. 1918-1920 жылдардағы Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық

жылдарында «әскери коммунизм» саясатының Қазақстанда жүзеге асырылуы;
жер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік меншікке алу, «әскери
коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық;

75. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсiбi (3 сағат):
1920 жылдың басындағы өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары;
Қазақстан өнеркәсiбiн дамытудың жаңа кезеңi, Қазақстандағы
индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен мәселелер,
жетістіктер мен қателіктері, негізгі қорытындылары, Қазақстан жұмысшы
табының қалыптасуы, өнеркәсiп саласының озаттары мен жаңашылдары.
76. Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (4 сағат):
ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы;
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (іс-шаралардың жаппай және
күш қолдану сипаты), көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру
(седентаризация);
1931-1933 жылдардағы ашаршылық;

77. 1920-1930 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3 сағат):
1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары;

78. Қайталау (1 сағат).
79. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi (3 сағат):
1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмiрдiң сипаты, республиканың партиялық

Қырғыз (Қазақ)АКСР-ның құрылуы және Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.
80. 1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы (3 сағат):
сауатсыздықты жою, халыққа білім беру және саяси ағарту жүйесінің
дамуы, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы,

Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы, бейнелеу өнері, музыка өнері, театр,
кинематография.
81. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен Комсомол тарихынан (1 сағат):

мiндеттерi, Қазақстан Коммунистiк партиясының басқару жүйесiндегi тоқырау
көріністері, Қазақстан Коммунистiк Жастар Одағы ұйымының құрылуы, оның
мақсаты мен мiндеттерi, атқарған қызметi.
82. Саяси қуғын-сүргiн және халықтар депортациясы (3 сағат):

қауымға қарсы қуғын-сүргін, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін;

лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.), Қазақстанға халықтарды
депортациялаудың негізгі кезеңдері;

кезеңіндегі» және тоқырау жылдарындағы ғылым және шығармашылық зиялы қауым
өкілдерін қудалау.
83. Қайталау (1 сағат).
84. Қазақстандағы әскери-өндірістік кешен (1 сағат):

85. Тың игеру эпопеясы (3 сағат):

жүзеге асырылуы;
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру;
тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық зардаптары.
86. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар, қозғалыстар және
көтерiлiстер (2 сағат):

оқиғаларының себептерi, басталуға түрткi болған сылтау, оқиғалардың сипаты,
қозғаушы күштерi, желтоқсан оқиғаларының салдары, Желтоқсан оқиғаларының
жас батырлары (Қайрат Рысқұлбеков және тағы басқалар), 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғаларының тарихи маңызы, 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы наразылық.
87. Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: саяси үдерістер (2 сағат):
Қазақстан Коммунистік партиясының өзін-өзі таратуы, Тәуелсiз

президент институтының нығаюы, ҚР басқару формасы және билік тармақтары,
елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері;

88. Тәуелсiз Қазақстанның экономикасы (4 сағат):
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері;
ғасырлар тоғысында (1998-2001жж.) экономиканың тұрақталуы,
инвестициялық саясат және Қазақстандағы шетелдік инвестициялар,
кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес;

экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мәселелер);
Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы, әлемдік қаржы дағдарысы
және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары.
89. Қазақ диаспорасы (2 сағат):

90. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы
(2 сағат):
Қазақстан және әлемнің жетекші мемлекеттері, Қазақстанның сыртқы
саясаттың негiзгi сипатты белгiлерi, көпвекторлы сыртқы саясат;

91. «Қазақстан – 2030» – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді

жылдарға арналған басым мақсаттар және жүзеге асыру стратегиялары;
92. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1
сағат), Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшыс», Тәуелсіз Қазақстан Республикасының

93. «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы» (1 сағат),

94. Қорытынды қайталау (1 сағат).
6. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
95. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1) Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін;
2) Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберін;
3) Қазақстан тарихының негiзгi тарихи мәселелерiнiң зерттелу жайы,
ондағы түрлi көзқарастар туралы;
4) көшпелiлер өркениетiнiң тарихтағы орнын, дүниежүзiлiк өркениетке
қосқан үлесiн;
5) қазақтың көшпелi өркениетi туралы;
6) Қазақстан аумағындағы мемлекеттiлiктiң пайда болуы, қалыптасуы және
дамуын;
7) қазақ қоғамының материалдық, рухани жетiстiктерi, оның өзiндiк
ерекшелiктерi туралы;
8) қазақ халқының салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның
қазақ қоғамындағы рөлін;
9) Қазақстан тарихындағы Ұлы Жiбек жолының тарихи маңызын білуі тиіс.
96. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1) Қазақстан тарихы әлем тарихының құрамдас бөлігі екендігін дәлелдей
білуді;
2) тарихи оқиғалар мен фактілердің хронологиялық және синхрондық
таблицаларын жасауды;
3) қазақ халқының шығу тегiн, этникалық тарихын, даму, қалыптасу
үдерiсiн ашып көрсете алуды;
4) Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің құрылымын дүниежүзі тарихындағы
басқа мемлекеттермен салыстыра алуды;
5) сәулет өнер ескерткiштерiнiң тарихына және мәдениетке сипаттама
бере алуды;
6) мәдениет қайраткерлерiнің (ғалымдар, ойшылдар, ақын-жыраулар,
сазгерлер) қызметiне сипаттама бере алуды;
7) Қазақстанның Ресей империясына қосылу үдерісі, жаулап алуы,
отаршылдық саясатының салдарын ашып көрсетуді;
8) ХVШ-ХIХ ғасырлардағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-
экономикалық жағдайын сипаттай алуды меңгеруі тиіс.
97. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) Қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күрестерi мен
қозғалыстарының тарихын, XVIII-XІX ғасырлардағы басты-басты ұлт-
азаттық қозғалыстарды, олардың себептерiн, негiзгi оқиғаларын,
нәтижелерi мен салдарын;
2) ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың,
олардың бағдарламаларының мәнiн;
3) Ресейдегi саяси, революциялық оқиғалардың Қазақстанға әсерi туралы;
4) 1920-1930-жылдардағы мәдениет саласындағы негiзгi өзгерiстердi, осы
саясаттың мәнін;
5) патша өкiметi мен Кеңес мемлекетiнiң қоныс аудару саясатын, тың және
тыңайған жерлердi игеру, Тәуелсiз Қазақстан Республикасының көшiп-қону
саясатының мәнiн;
6) Қазақстан Коммунистiк партиясы мен комсомолының тарихы мен қызметiн;
7) қазақ тiлiнiң – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл ретiндегi
рөлі мен маңызын;
8) қазақ диаспорасының өткен және қазiргi тарихын;
9) Қазақстанның тарихи-жағрафиялық орналасуын, онымен шектесетiн
мемлекеттерді, түрлi кезеңдердегi Қазақстан территориясында болған
тарихи оқиғаларды білуі тиіс.
98. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) ұлт-азаттық күрес басшыларының қызметiне баға бере білуді;
2) қазақтың ұлттық интеллигенциялары мен оның көрнектi
қайраткерлерiнiң қызметiне сипаттама бере алуды;
3) «Алаш» партиясының қызметiне, оның саяси бағдарламасына баға бере
білуді;
4) 1920-1930 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайын, бай қожалықтарын
тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күштеп
отырықшыландыру, кулактар мен байларды тап ретінде жою саясатының мәнін
ашып көрсетуді;
5) 1931-1933 жылдары болған ашаршылықтың және халық көтерілістерінің
себептерiн түсiндiрiп бере алуды, олардың зардаптарын анықтай білуді;
6) 1930-жылдардағы болған жаппай қуғын-сүргiннiң мақсатын, оның
зардаптарын ашып көрсете алуды, оларға өз көзқарасын бiлдiруді;
7) мәдениет саласындағы пiкiрталастарда өз көзқарасын бiлдiре алуды;
8) Қазақстандағы көпұлттылықтың себептерiн, түрлi тарихи кезеңдердегi
ұлтаралық қатынас саясатының және демографиялық жағдайлардың мәнiн ашып
көрсете алуды;
9) тәуелсiз Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық-саяси,
әлеуметтiк-экономикалық, мәдени өмірдегі, сыртқы саясаттағы негізгі
өзгерiстерге талдау жасай білуді;
10) қазіргі Қазақстандағы орын алған қиындықтар мен проблемаларға өз
пiкiрiн бiлдiруді;
11) мұрағаттағы тарихи құжаттар, кiтапханалардағы қажетті материалдар,
каталог-карточкалар, мұражайлардағы мұрағаттар бойынша өз бетімен
жұмыс iстеп, оның нәтижесiн күнделiктi сабақтарда пайдалана алуды;
12) мерзiмдi баспасөз материалдарын күнделiктi оқу үдерiсiнде пайдалана
білуді меңгеруі тиіс.
99. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және
құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;
2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және
Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;
3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында
тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын,
мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;
4) туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны
қорғауда белсенділік көрсетуден;
5) салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың
қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6) өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу,
жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
7) үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
8) әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни
ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата
білуінен көрініс табуы тиіс.
100. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында,
таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс
жұмыстарында анықталып, оның нәтижелері портфолиосында жинақталады.
Оқушылар:
1) ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми
жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;
2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана
алуы;
3) танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану
әдістерін;
4) қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
5) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті
қолдана білуі тиіс.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1.Түсінік хат

тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес әзірленді.
2. Пәнді оқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі
елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани
дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.
3. Оқытудың міндеттері:
1) дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында индустриалдық және
постиндустриалдық қоғамдардың қалыптасуындағы ортақ белгілер мен
ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру;
2) оқушыларға дүниежүзінің ХХ – ХХІ ғасырлардағы дамуының
альтернативтік мүмкіншіліктерін көрсету;
3) көпұлтты империялардың қалыптасу, даму және күйреу тарихын,
жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіру;
4) қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен
ерекшеліктерін ашу;
5) дүниежүзі халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара
әрекеттестілігін қарастыра отырып, оқушыларды толеранттылық пен
халықтардың өзара түсіністігі рухында тәрбиелеу;
6) отар және тәуелді елдердегі азаттық қозғалысының сипатын,
кезеңдерін және жаңа формаларын көрсету;
7) оқушылардың гуманитарлық мәдениетін дамыту, олардың ұлттық және
әлемдік мәдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу.
4. Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;
11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.
жаратылыс-математикалық бағыт:
10 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат.
5. «Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен пәнаралық
байланыс жүзеге асырылады:
1) Қазақстан тарихымен:
Қазақстандағы ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси үдеріс. 1916 жылғы
көтеріліс. 1917 жылғы революция кезіндегі Қазақстан. Бүкілресейлік саяси
партиялардың Қазақстандағы іс-әрекеті. ХХ ғ.- ХХІ ғасырдың басындағы
Қазақстан. ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті;
2) Географиямен:
тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар кеңістік аясында
да қарастырады, осы тұрғыдан алғанда тарихи пәндер географиямен тығыз
байланысты болады. Сондықтан ХХ ғ. бірінші жартысындағы дүниежүзінің саяси
картасында болған өзгерістерді оқытуда оқушылардың географиялық кеңістік
туралы білімдері пайдаланылады. КСРО мен шетелдердің экономикалық дамуы
мәселелерін оқытқанда мұғалім география пәнінен белгілі болған экономикалық
мәліметтерге сүйенеді;
3) Әдебиетпен:
ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениет тарихының негізгі
мәселелерін түсіндіргенде оқушылардың орыс және қазақ әдебиетінен алған
білімдерін пайдалану қажет. Сонымен қатар оқытылып отырған кезеңнің саяси
және әлеуметтік бейнесін ашатын әдеби көркем шығармалар да пайдаланылады;
4) Қазақ, орыс, шет тілдерімен:
тарихи түсініктермен және терминдермен жұмыс істегенде оқушылардың ана
тілі мен шет тілдері пәнінен алған білім, білік, дағдылары пайдаланылады;
5) Химия және физикамен:
мәдениет, ғылым мен техниканың даму тарихын оқыту барысында
оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы
білімдері және әлемнің физикалық құрылымы туралы түсініктері пайдаланылады;
6) Математикамен:
оқушыларға хронологиялық және синхрондық кестелер жасату барысында
олардың математика пәнінен меңгерген абстракциялау дағдыларын пайдалану
қажет.
1. Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны
6. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман
тарихы – қазіргі заманғы өркениеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және
рухани негіздерінің қалыптасу кезеңі. Қазіргі заман тарихын кезеңдерге
бөлу. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың альернативтілігі.
7. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (11 сағат):
Ұлыбритания және Франция (1 сағат), Ұлыбританияның әлеуметтік-саяси
және экономикалық жүйесінің өзгерістері1906 ж. Парламенттік сайлау және
либералдардың жеңісі. ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік реформалар. 1911
жылғы парламенттік реформа. Ирландия үшін гомрул мәселесі және
конституциялық дағдарыс. Лейбористік партияның құрылуы. Тред-юнионизм.
Сыртқы саясат. ХХ ғасырдың басындағы Францияның саяси және экономикалық
дамуы (1902 ж. Парламенттік сайлау. Радикалдық кабинеттер, олардың ішкі
және сыртқы саясаты. «Мильеран казусы» және француз социалистік
қозғалысының жіктелуі. Сыртқы саясат;
Германия және Италия (1 сағат), ХХ ғасырдың басындағы Германияның
экономикалық дамуы. Алдыңғы қатарлы техниканы қолдану және өндірісті кең
механизацияландыру» (Саяси даму. Б.фон Бюлов. Көппартиялық жүйе. Жұмысшы
және социалистік қозғалыстар. Э. Бернштейн. СДПГ үш ағымының құрылуы. ХХ ғ.
басындағы халықаралық дағдарыс және Германияның оқшаулануы. Ішкі саяси
шиеленістің күшеюі. Елде саяси дағдарыстың өсуі. ХХ ғ. басындағы Италия.
Экономикалық даму. Аграрлық мәселе. Джолитти дәуірі. Әлеуметтік реформалар.
Ұлтшылдықтың күшеюі. Италияның сыртқы саясаты. Түркиямен соғыс. Австрия-
Венгриямен арадағы шиеленіс. Италияның Үштік одаққа кіруі. Африкадағы
отарлық басқыншылығы;
көп ұлтты империялар (2 сағат), Австрия-Венгрия империясы. Екібірлік
монархия (Габсбургтер монархиясы құрамындағы славян халықтары. Ресей
империясы. Ресейлік капитализм әлемдік монополиялық шаруашылық жүйесінде.
ХХ ғ. басындағы экономикалық дағдарыс. 1909-1913 жж. өнеркәсіптің дамуы.
Патшалық биліктің ішкі саясатындағы ұлттық мәселе. 1905-1907 жж. революция.
Либералды саяси партиялардың құрылуы. Мемлекеттік Дума. Столыпиннің
аграрлық реформасы. Қоныстандыру саясаты;
ХХ ғ. басындағы АҚШ (1 сағат), либералды реформизм, оның әлеуметтік
және идеялық тарихы» («Прогрессизм дәуірі. Т. Рузвельт. Республикалық
партияның бөлшектенуі. 1912 ж. Президенттік сайлау және демократтардың
жеңісі. В. Вильсон;
ХХ ғ. басындағы Азия елдері (1 сағат), «Азия және Африка елдерін
дүниежүзілік экономикалық жүйеге енгізу үдерісінің аяқталуы» (Шығыс
елдерінде көпсалалы құрылымның пайда болуы. Азиядағы отарлар, жартылай
отарлар және тәуелді елдер. ХХ ғ. басындағы Жапонияның саяси және
әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері;
Азияның оянуы (1 сағат), Ирандағы конституциялық қозғалыстың басты
кезеңдері» (1906-1907 жылдардағы Конституция. Иран мәжілісінің құрамы және
оның қызметі. Ирандағы революция және ұлы державалардың саясаты. Ирандық
қоғамның дамуы үшін конституцияның маңызы. Қытайдағы Синьхай революциясы.
Сунь Ятсеннің үш принципі. Цин үкіметінің «жаңа саясаты» және жария
реформаторлық қозғалыстың дамуы. Азамат соғысы және оның зардаптары.
Түркияда ұлттық және діни шиеленістердің өршуі. Жастүріктер революциясы.
Жастүріктер билік басында. Империяның ыдырауының жалғасы;
ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар (1 сағат), ХХ ғ. басындағы
әлемнің саяси картасы» Әлемді территориялық жағынан бөліске салудың
аяқталуы және оны қайта бөлісу жолындағы күрестің басталуы. ХІХ ғ. соңы –ХХ
ғғ. басындағы халықаралық қатынастар. «Үштік одақ» және Антанта: құрылу
кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі шиеленістер. ХХ ғасырдағы
жергілікті қақтығыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттарының пайда
болуы;
Бірінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), «Шілде дағдарысы және
дүниежүзілік соғыстың басталуы» 1914-1918 жж. әскери қимылдардың басты
кезеңдері. Соммдағы және Верден маңындағы Марнедегі шайқас. Германияның
«қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарудың жаңа түрлерін пайдалану.
Соғысушы елдердің экономиксын қайта құру. Батыс және Шығыстағы әскери
қимылдар. 1917 жылғы әскери қимылдар. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың
соғысқа кіруі. Соғысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық және саяси
қайшылықтардың күшеюі. Соғыстың аяқталу кезеңі. Үштік одақ елдерінің
жеңілуі. Компьен уақытша бітімі;
Қайталау (1 сағат).
8. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері (26 сағат):
соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі (1
сағат), Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық
жүйе. Бітім шарттарының Версальдық жүйесі. Вашингтон конференциясы. Версаль-
Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары;
Батыс елдері дамуының негізгі бағыттары (1 сағат), батыстың басты
елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі
экономиканы қалпына келтіру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі.
1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат
көздері мен тауар өткізу аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы және
реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм және демократия. Тоталитаризм.
Еуропадағы Халықтық майдандар;
Германия (3 сағат), соғыстың соңғы жылындағы Германияның экономикалық
және саяси жағдайы. 1918-1919 жж. революция. Веймар конституциясы. Веймар
республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі және сыртқы саясаты;
НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік және оның жүзеге аспауы. 1923 ж. саяси
дағдарыс. Гамбруктегі көтеріліс. Дауэс жоспары. Германияның Ұлттар Лигасына
кіруі. Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Юнга жаспары.
Жұмыссыздықтың өсуі. Фашистік қауіптің күшеюі. Нацистердің өкімет басына
келуі. Тоталитарлық режим орнату;
Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Жаппай
жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономикалық саясаты. Германия
экономикасын дамытудың төртжылдық жоспары. Фашистердің нәсілдік саясаты;
Италия» (2 сағат), әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Жұмысшы
және шаруалар көтерілісі. Фашистік ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини.
«Римге жорық». Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің
фашизмге қарсы күресі. Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Фашистерге қарсы
оппозицияның жеңілуі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері.
Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Корпоративтік мемлекетті
ұйымдастыру;
Испания (2 сағат), Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
саяси және экономикалық жағдайы. 1930-1931 жж. саяси дағдарыс. Революцияның
басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтық майданның құрылуы және
сайлаудағы жеңісі;
1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы. Фашистік мемлекеттердің
интервенциясы. Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі.
Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс
жылдарындағы Франконың ішкі және сыртқы саясаты;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (4 сағат):
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада көпұлттық империялардың ыдырауы
және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы» (Аймақтағы елдердің әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы. Австрия. Австриядағы революция.
Республиканың жариялануы» (Австриядағы фашизм. Италиямен жақындасуы. 1934
ж. Венадағы нацистік бүлік. К. Шушниг үкіметі. Австриядағы аншлюс;
Венгрия. Венгриядағы революция. Кеңестік үкіметтің құрылуы.
Интервенция. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау және М. Хортидің
авторитарлық үкіметінің орнауы. Террор. ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Венгрияның
дамуы. Авторитарлық диктатураның күшеюі. Чехословакия. 1918 ж. Чехиядағы
революция. Республиканың құрылуы. Т. Масарик. Әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамуы. Аграрлық реформа. Ұлттық өнеркәсіптің дамуы. Ұлттық мәселе.
Судет дағдарысы. Мюнхен конференциясы. Чехословакия тәуелсіз мемлекетінің
жойылуы;
Польша. Поляк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші Речь Посполитая.
Парламентаризм негізінің құрылуы. Аграрлық реформа. 1926 ж. мемлекеттік
төңкеріс.Санация» режимі. Экономикалық дағдарыс. Экономиканы мемлекеттік
реттеу. 1935 ж. Конституция. Югославия. Серб, хорват, словендер
Королдігінің құрылуы. Конституциялық монархия. Экономикалық даму. Аграрлық
реформа. Ұлттық мәселе. Югославия Королдігі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік
экономикалық дағдарыс және оның саяси өмірге әсері. Александр патшаның
өлтірілуі;
Болгария. Авторитарлық режимнің орнауы. А. Цанков. 1923 ж. қыркүйек
көтерілісі. Парламенттік басқаруға көшу. Болгариядағы дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстың зардаптары. Ұлттық блокты құру және оның
парламенттік сайлаудағы жеңісі. 1934 ж. әскери төңкеріс. Румыния. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі территориялық өзгерістер. Әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы. Саяси партиялардың құрылуы. Аграрлық
реформа. Монархиялық дағдарыс. Карол II. Ұлтшыл-царанистердің күшеюі.
Парламенттік жүйені жою;
Франция (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің
экономикалық және саяси жағдайы. 1919 ж. парламенттік сайлау. Ұлттық одақ
үкіметінің ішкі саясаты және әлеуметтік заңдары. Экономиканың тұрақтануының
ерекшеліктері. «Солшыл одақ» үкіметі. Э. Эррио. Қаржы дағдарысы;
дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары.
Саяси күрестің шиеленісуі. Фашистік қозғалыс. 1934 ж. ақпан оқиғасы.
Халықтық майдан және оның сайлау қарсаңындағы бағдарламасы. 1936 ж.
парламенттік сайлау. Халықтық майдан үкіметі. Л. Блюм. Халықтық майдан
үкіметінің реформалары. Халықтық майдандағы алауыздық және оның ыдырауы.
Ұлыбритания (2 сағат), Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы. 1918 ж. парламенттік сайлау. Д. Ллойд-Джордж
үкіметінің реформалары. Ирландия мәселесі. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы.
Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын экономикасы тұрақтануының
ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл;
дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері.
Екінші лейбористік үкімет. Р. Макдональдтың «ұлттық үкіметі». Дағдарыстан
шығу жолдарын іздеу. Ұлттық үкіметтің реформалары. Консервативтік үкіметтің
ішкі және сыртқы саясаты. 1935 ж. әулеттік билік дағдарысы;
қайталау (1 сағат);
Ресей және КСРО (3 сағат), Ресей империясындағы 1917 жылғы
революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату және республиканың құрылғанын
жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес. Большевиктердің
өкімет басына келуі. Құрылтай жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан
шығуы;
азамат соғысы және интервенция. Соғыс коммунизмі» саясаты және ЖЭС.
КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция. Әміршіл-әкімшіл жүйенің орнауы және
И.В. Сталиннің жеке билігінің күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-
жылдардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Тоталитарлық мемлекеттің
пайда болуы. Жаппай жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция;
Америка Құрама Штаттары (2 сағат), АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы
жылдарда. Республикандардың билік басына келуі. «Просперити» кезеңіндегі
АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Екіпартиялық жүйенің дамуы. 1924 ж.
сайлау және К.Кулидждің республикалық әкімшілігінің нығаюы. Дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері. Г. Гувер
әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы;
1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі.
Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты» және кейнсиандық теория. Этатизм. «Жаңа
бағыт» саясатын жүргізудің негізгі бағыттары. Қаржы саласын сауықтыру, ауыл
шаруашылығы мен өнеркәсіптік саладағы саясат. Вагнер заңы;
Латын Америкасы елдері (2 сағат), Латын Америкасы елдерінің соғыстан
кейінгі экономикалық және саяси жағдайы. Мексикадағы революцияның
нәтижелері. Революциялық каудильизм және оның мәні. Өнеркәсіптің дамуы.
Ауыл шаруашылығының дамуы. Аймақтың экономикасындағы шетелдік салымдардың
рөлі. Латын Америкасы елдеріндегі саяси жүйе;
Латын Америкасы елдері дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде.
Дәстүрлі экспорттық өнімге әлемдік сұраныстың төмендеуі. Шетелдік
салымдардың қысқаруы. Демократиялық және авторитарлық режимдер. Революция
және контрреволюция. Латын Америкасындағы халықтық майдан. Латын Америкасы
елдеріндегі либералдық реформалар. Аргентинадағы президент И. Иригойеннің
саясаты. 1930 ж. Бразилиядағы революция. 1937 ж. Конституция. Латын
Америкасы елдері екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде;
қайталау (1 сағат).
9. 1918-1945 жж. Азия және Африка елдері (19 сағат):
Шығыс елдері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік- тарихи
үдерісте (1 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка
елдері. Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесі. Ұлт-азаттық көтерілістердің
өршуі. Зайырлы ұлтшылдық және дін. Ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологиялық
негізі: суньятсенизм, гандизм, кемализм;
Жапония» (2 сағат), Жапония Версаль-Вашингтон жүйесінде. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық
дамуы. 1918 жылғы «күріш бүлігі». Като үкіметі. Танака үкіметінің ішкі және
сыртқы саясаты);
дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және тоталитарлық-милитаристік
бағыттың күшеюі. «Жас офицерлер» және 1932, 1936 жылдардағы бүлік.
«Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы
және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті;
Түркия» (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясының
жеңілуі. Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта мемлекеттерінің
басып алуы. Сұлтандық биліктің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы
партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік. Революцияның жеңісі және
республиканың жариялануы. Лозанна конференциясы;
Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы
Конституция. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру.
Түркия Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі Халықтық-республикалық
партияның рөлі. Түркия Республикасының 30 – 40-жылдардағы экономикалық және
саяси дамуы;
Қытай (2 сағат), Азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун мәселесі. 1919
жылғы «4 мамыр қозғалысы». Гоминьданның қызметі. Сунятсенизмнің эволюциясы.
Гоминьданға Кеңес Одағының көмек беруі. Азамат соғысы. Чан Кайши.
Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру;
Гоминьданның реформалары. Этатистік экономикалық моделді іске
асырудың ерекшеліктері. Көппартиялы бюрократиялық мемлекеттің құрылу
жүйесі. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық
әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі;
Монғолия (1 сағат), Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының
құрылуы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау әрекеті. Х. Чойбалсан
және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары;
қайталау (1 сағат);
Ауғанстан (1 сағат), жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның
тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған қақтығысы. Аманолланың билігі
кезіндегі Ауғанстанның дамуы. 1923 ж. конституция. Реформалар. 20-ж. соңы
мен 30-жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах
билігінің орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Ауғанстанның ішкі
және сыртқы саясаты;
Иран (1сағат), Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси
күреске Кеңес үкіметінің араласуы. Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар
әулетінің биліктен кетуі. Реза-шах Пехлевидің әкімшілік, экономикалық және
мәдени реформалары;
Үндістан (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
Үндістандағы британдық саясаттың жаңа кезеңі. Үндістан халықтарының
отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз
қарсылық идеясы. Бірінші азаматтық бағынбау науқаны. Үндістандағы 20-
жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері;
1930-1940-жылдардағы Үндістанның дамуы. Елде бұқаралық қозғалыстың
өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің қызметі. Мұсылмандар Лигасы.
Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және
Пакистанды құру туралы идея;
Азияның араб елдері (1 сағат), Осман империясы ыдырағаннан кейін
Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Ирак, Сирия, Ливанның ХХ ғ. бірінші
жартысындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері.
Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;
Палестина мәселесі (1 сағат), Бальфур декларациясы және иммиграция
мәселесі. Палестинаның Ұлыбританияның мандаттық иелігіне айналуы. Британ
үкіметінің 20-30- жылдардағы саясаты. Араб және еврей қоғамдары арасындағы
қарым-қатынас. 1936 ж. көтеріліс. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі
Палестина; Африкадағы араб елдері (1 сағат), Магриб елдері дүниежүзілік
соғыстар аралығында. Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші
жартысындағы Судан және Ливия;
Тропикалық және Оңтүстік Африка (2 сағат), бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі Африканың саяси картасындағы өзгерістер. Африкадағы
мандаттық жүйе. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка қоғамының
әлеуметтік даму ерекшеліктері. Трайбализм. Африка халықтарының азаттық
күресі. Африкалық халықтардың отаршылдыққа қарсы наразылығының түрлері.
Қалаларда мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси ұйымдардың пайда болуы.
Африкалық азаттық қозғалыс идеологиясының ерекшеліктері. Италия-Абисиния
соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тропикалық және Оңтүстік
Африка;
қайталау (1 сағат).
10. Халықаралық қатынастар (3 сағат):
ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықаралық
қатынастардың тұрақтануы. Генуя конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно
конференциясы. Бриан – Келлог пактісі. Репарация мәселесі және Юнг жоспары;
Еуропаның орталығы мен Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында халықаралық қатынастардың
шиеленісуі. Маньчжуриядағы Жапония басқыншылығының күшеюі. Нацистік
Германияның Версаль бітімінің шарттарын бұзуы. Басқыншы мемлекеттер
одағының құрылуы.Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік
жүйесін құру идеясы;
1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу
(аншлюс).Судет мәселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып
алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жасамау туралы
кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу мәселесі.
11. Екінші дүниежүзілік соғыс (4 сағат):
екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік
Германияның Польшаға шабуылы және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
«Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскерлерінің Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы
мен Финляндия арасындағы соғыс;
Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі.
«Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары.
Үштік пакт. «Барбаросса» жоспары;
Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва
түбіндегі шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-
Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс қимылдары.
Антигитлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз.
Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп».
Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;
екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс. Сталинград
және Курск шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы. Италияның тізе
бүгуі. Ялта конференциясы. Германия мен Жапонияның талқандалуы. Кеңес
Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың қорытындылары мен
сабақтары. Потсдам конференциясы.
12. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (3 сағат):
ғылым. жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина және
басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар. Адамның
дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы (автокөлік жасау, авиация,
радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасының
дамуы;
мәдениет. Мәдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм.
Әдебиет пен өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм. Бұқаралық
мәдениет;
Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет саласындағы
қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді жою.
Халықтық мәдениет үлгілері мен ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының
жетістіктері. Әдебиет және өнер. Қоғамдық ғылымдарды, әдебиет пен өнерді
коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм және мәдениет.
Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары;
13. Қорытынды қайталау (1 сағат).
3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Кіріспе (1 сағат), ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы
әлем. Қазіргі заман тарихының екінші кезеңінің негізгі мазмұны.
Дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістер. Заманауи әлем. Ғаламдану.
15. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка
елдері (31 сағат):
ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ.басындағы Батыс елдері дамуының негізгі
бағыттары (1 сағат), Маршалл жоспары және оның соғыстан кейінгі Еуропа
экономикасын қалпына келтірудегі рөлі. ХХ ғ. екінші жартысындағы Батыс
елдері экономикасының даму ерекшеліктері. Батыс қоғамы өндіргіш күштерінің
ғылыми-техникалық революция кезеңіндегі өзгерістері. Өндірістің кешенді
түрде автоматтандырылуы және механикаландырылуы. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ
ғасырдың басындағы Батыс экономикасы. Компьютерлік техника. Ақпараттық
технологиялар. Батыс қоғамын демократияландыру үдерісінің тереңдеуі.
Демократиялық мемлекеттің жаңа модельдерін жасау. Әлеуметтік мемлекет.
«Жақсы тұрмыс» мемлекеті;
Ұлыбритания (3 сағат), Ұлыбритания. ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы
– 60-жылдарында. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли
үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. 1951 ж. сайлау және
консерваторлардың жеңісі. Консервативтік үкіметтердің ішкі және сыртқы
саясаты. Англияның Еуропалық Экономикалық Қауымдастыққа қосылуы туралы
мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Г. Вильсон үкіметінің ішкі
және сыртқы саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі;
Ұлыбритания 70-90-шы жылдарда. Консервативтік үкіметтің әлеуметтік-
экономикалық саясаты. ЕЭҚ мүше болуы. Экономикалық дағдарыс. Лейбористердің
«әлеуметтік байланыс» саясаты. Британдық ұлттар ынтымақтастығының даму
мәселелері. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Сыртқы
саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер мәселесі. М.Тэтчердің қызметтен
кетуінің себептері. Дж. Мейджор үкіметінің саясаты;
Ұлыбритания XX ғ.соңы – ХХI ғ. басында. Т. Блэр үкіметінің ішкі және
сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Конституциялық реформа. Батысеуропалық
интеграциядағы Ұлыбританияның рөлі. Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж.
парламенттік сайлау. Д. Камеронның отарлық үкіметі;
Франция (3 сағат), Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-
жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы қалпына келтіру. Төртінші
республиканың Конституциясы. Францияның Төртінші республика кезіндегі
дамуы. Саяси тұрақсыздық. Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс
және оның елдегі саяси ахуалға әсері. IV республиканың дағдарысы және
құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. Президент
Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және сыртқы саясаты. ҒТР және
экономикадағы құрылымдық өзгерістер. 1968 ж. жағдай. Алжир мәселесін шешу.
Сыртқы саясат. Францияның соғыстан кейін дамуындағы Ш. де Голль мен
голлизмнің рөлі. Президент Ж. Помпидудің саясаты. 1974 ж. сайлау және билік
басына центристердің келуі. В. Жискар дُ Эстен;
Франция ХХ ғ. 80-90-шы жылдарында. Солшыл күштердің 1981 ж.
президенттік және парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дәуірі».
Елді «социалистік жаңарту» тұжырымдамасы. 1981-1984 жж. реформалар.
Миттеранизмнің 80-ші жылдардың ортасындағы дамуы. Сыртқы саясат. Еуропалық
интеграцияның тереңдеуі. 1986 ж. парламенттік сайлау. Ж. Ширактың
әлеуметтік-экономикалық саясаты;
Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. 1995 ж. президенттік
сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Франциядағы қазіргі заманғы саяси партиялар.
1997 ж. парламенттік сайлау және солшыл күштердің жеңісі. Л. Жоспен
кабинетінің қызметі. 2007 ж. президенттік сайлау және Н. Саркозидің жеңісі.
2008 жылғы Конституциялық реформа. Президенттік институттағы өзгерістер.
Ф. Фийон үкіметі. Қоғамдық қозғалыстар. Ереуілдер;
Германия (3 сағат), елді бөлшектеу және екі герман мемлекетінің пайда
болуы. Потсдам конференциясы және оның герман мәселесі туралы шешімдері.
Германиядағы оккупациялық режим. Батыс және Шығыс Германиядағы саяси
үдерістер. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Батыс белдеулердегі ақша
реформасы. Берлин дағдарысы. Елді жіктеу. Екі герман мемлекетінің пайда
болуы: ГФР және ГДР;
ХХ ғ. 50-80-жылдардың басындағы Германия Федеративтік Республикасы.
Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. Германия Федеративтік
Республикасының саяси-партиялық жүйесі. К. Аденауэр үкіметінің әлеуметтік-
экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». 60-шы жылдардағы
Германия Федеративтік Республикасының экономикалық және саяси дамуы. ГФР
сыртқы саясаты. ГФР және батысеуропалық интеграция мәселесі. ЕЭС құрылуы.
1969 ж. сайлау және «кіші коалицияның» жеңісі. В. Брандт үкіметінің ішкі
және сыртқы саясаты. 70-жылдардың ортасындағы дағдарыс және оның
зардаптары;
ГФР ХХ ғ. 80-жылдарының екінші жартысы – XXI ғ. басында. Христиандық
демократтардың билік басына келуі. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы
саясаты. Неоконсерватизмнің германдық нұсқасы. Берлин қабырғасының
құлатылуы. Германияның бірігуі. Біріккеннен кейінгі ГФР дамуы. Шығыс
жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. Г.Коль үкіметінің 90-
шы жылдардағы ішкі және сыртқы саясаты. ГФР ХХ – XXI ғғ. тоғысында.
Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің ішкі және сыртқы саясаты;
Италия (2 сағат), Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-
жылдарында. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Монархияны жою.
Республиканың жариялануы. 1947 ж. Конституция. Аграрлық реформа. 60-шы
жылдардағы елдің экономикалық дамуы. Коалициялық үкіметтің ішкі және сыртқы
саясаты. 60-шы жылдардағы жаппай қозғалыс. 70-ші жылдардың ортасындағы
экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. А. Мороның өлтірілуі. Лаңкестік
және неофашизм. 1979 ж. парламенттік сайлау. Италияндық неоконсерватизмнің
ерекшеліктері. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың себептері. Коррупциямен
күрес;
Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғасырдың басында. Италиядағы екінші
республика. 1996 ж. сайлау. «Олива» солшылцентристік одағының жеңісі.
Р. Проди және М. Д’Алем үкіметтерінің қызметі. 2001 ж. парламенттік сайлау.
С. Берлусконидің оңшылцентристік кабинетінің саясаты. Оңшылдар мен
солшылдардың күресі. Үкіметтік дағдарыс. «Босси-Фини» заңы.
С. Берлусконидің қызметтен кетуі және М. Монти үкіметінің құрылуы;
Испания (1 сағат), Франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы.
Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты. 60-жылдардағы экономикалық саясаттағы
өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси реформалар. Партиялар
қызметінің жандануы. Жаңа конституцияның қабылдануы. Демократиялық
құрылыстың нығаюы және дамуы. Испания XX-XXI ғғ. тоғысында. Испанияның
сыртқы саясаты;
қайталау (1 сағат);
КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері (4 сағат):
КСРО 1945-1964 жж. Соғыстың зардаптары. Экономиканы қалпына келтіру
мәселесі. Карточкалық жүйені жою. Жазалаулардың жаңа толқыны.
И.В. Сталиннің қайтыс болуы. Н.С. Хрущев. «Жеке басқа табынушылықтың»
зардаптарын жоюға бағыт алу. Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси
дамуындағы жаңа нышандар. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты. Тың
жерлерді игеру бағдарламасы. 50-ші жылдардың соңындағы экономикалық қайта
құрулар. Экономикалық саясатты қалыптастырудағы қайшылықтар. Экономикалық
авантюризмнің зардаптары. Халықтың тұрмысының нашарлауы;
Л.И. Брежневтің билігі кезеңіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің экономикалық
реформасы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1977
ж. Конституция. Кеңестік жүйенің дағдарысы. Коррупцияның күшеюі.
Диссиденттік қозғалыс;
КСРО 1982-1991 жж. КСРО-да 80-ші жылдарда басшылықтың ауысуы».
М.С. Горбачев және қайта құру бағдарламасы. КСРО халық депутаттарының
съездері. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы;
ХХ ғ. екінші жартысындағы КСРО-ның сыртқы саясаты. Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің кеңестік үлгісінің қалыптасуы.
Халықаралық аумақтағы кеңес-американ бақталастығы. Дамушы елдердің ішкі
істеріне араласу. Ауғанстан мәселесі; Кеңестен кейінгі кеңістік
мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі
жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі
егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (6 сағат):
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші
жартысы – 60-жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. 1944-1947 жж.
әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың сипаты мен мәні. Аймақтағы
елдердің достық және өзара көмектесу туралы келісімдері. «Қырғи-қабақ
соғыс» және КСРО-ның Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріне қысым
жасауы. Кеңестік социалистік үлгіні алуға мәжбүр болу. ЮКП-мен қақтығыс.
Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Экономиканы
түбірінен қайта құру. Аграрлық қайта құрулар. Жедел индустрияландыру.
Аймақтағы кеңестік социализм үлгісінің алғашқы дағдарыстары. Герман
Демократиялық Республикасындағы 1953 ж. оқиғалар. Варшава Шарты Ұйымының
құрылуы және кеңестік бақылаудың күшеюі. Венгриядағы 1956 ж. қазан
оқиғалары. Имре Надь. Бірпартиялық билікті жою және коалициялық үкімет құру
туралы жариялау. Будапештке кеңес әскерлерінің енгізілуі. И. Надьты
тұтқындау;
аймақ елдердінде социализмнің кеңестік үлгісі дағдарысының тереңдеуі.
Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Чехословакияға ВШҰ әскерлерін
енгізу. 1968 және 1970 жж. Польшадағы дағдарыс. «Шектеулі егемендік»
доктринасы. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және экономикалық
реформалар. 1980-1981 жж. Польшадағы қоғамдық-саяси және экономикалық
дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. Польша шекарасына
жақын жерде кеңес әскерлерінің шоғырландырылуы. Польшада әскери жағдайдың
енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу;
Шығыс Еуропаның тоталитаризмді жоюға бағыт алуы. КСРО-дағы қайта құру
саясаты және Шығыс Еуропа елдері. Социализмді «жаңарту» саясатының күйреуі.
Саяси оппозицияның қалыптасуы. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы
революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси жағдай. Чехословакиядағы «мақпал
революция». Румыниядағы Чаушеску режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы
саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы
қақтығыстың басталуы;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ.
басында. Қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі. ХХІ ғ. Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің дамуындағы жетістіктер. Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық интеграцияға қатысуы. Аймақ
елдері және НАТО;
Америка Құрама Штаттары (3 сағат):
АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында. Елдің соғыстан
кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің
«Әділетті бағыты». Реконверсия. Тафта-Хартли заңы. «Қырғи-қабақ соғыстың»
демократиялық және республикандық әкімшіліктердің 40-50-жылдардағы ішкі
саясатына әсері. Маккартизм. Афро-американдарды кемсіту мәселесі. Американ
қоғамы ҒТР жағдайында. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб
дағдарысы. Дж. Кеннедидің өлтірілуі. Л. Джонсон әкімшілігінің ішкі саясаты.
Азаматтық құқықтар туралы заң. Вьетнамда соғыс бастау. Республикандық
әкімшіліктердің ішкі және сыртқы саясаты. Уотергейт ісі;
АҚШ 70 – 90-шы жылдарда. Сайлаудағы демократтардың жеңісі.
Дж. Картер. Р. Рейган және «рейганомика». Неоконсерватизм. Экономиканы
мемлекеттік реттеу жүйесінің жаңа нұсқасы. Экономиканың дамуы. Дж. Буштың
«байсалды» бағыты;
АҚШ-тың ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Екіпартиялы саяси жүйенің
дамуындағы жаңа нышандар. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі саясаты. Кіші-
Джордж Буштың республикандық әкімшілігі. 2008 ж. сайлау және демократтардың
билікке келуі. Б. Обама;
Канада (1 сағат), Канада азаматтығы туралы заң. ХХ ғ. 50-60-
жылдарындағы саяси және экономикалық даму. В. Месси. Екіпартиялық жүйенің
құрылуы. Либералдар (1945-1957, 1963-1979) және консерваторлар
үкіметтерінің (1957-1963) ішкі және сыртқы саясаты. Квебек мәселесі. 70-80-
ші жылдардағы Канаданың дамуы. 1982 ж. конституциялық реформа. ХХ ғ. соңы –
ХХІ ғ. басындағы Канада;
Латын Америкасы елдері (2 часа), Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ. соңы
– ХХІ ғ. Басындағы негізгі даму бағыттары. Ұлтшыл-реформизм. Аргентинадағы
Х. Перон реформалары және Бразилияда Ж. Варгастің билігі. Әскери режимдер
және оларды жою. Латын Америкасында интеграциялық үдерістердің дамуы. Латын
Америкасы елдерінің ХХ-ХІХ ғғ. тоғысындағы дамуының басты мәселелері.
Сыртқы қарыздың өсуі. Коррупция. Солшыл лаңкестік;
Куба. 50-ші жылдардың басындағы Кубаның әлеуметтік-экономикалық және
саяси жағдайы» (Батиста диктатурасын жою. 1959-1960 жж. әлеуметтік-
экономикалық және саяси қайта құрулар. 1960-шы жылдардағы революциялық
диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро қолына шоғырлануы. Куба экономикасының
80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басындағы қиыншылықтары. Мемлекеттік-
бюрократиялық социализмнің дағдарысы. Чили. Латын Америкасы елдерінің 70-
жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Чилидегі демократиялық қайта
құрулар үдерісі. Халықтық бірлік үкіметі. Демократиялық қайта құрулар
үдерісі. Мемлекеттік төңкеріс. Билік басына А. Пиночет бастаған әскери
хунтаның келуі. Саяси жазалаулар. Пиночет режиміне қарсы күрес. Либералдану
үдерісінің басталуы. 1989 ж. президенттік сайлау жүргізу. Демократиялық
қайта құруларды іске асыру;
қайталау (1 сағат).
16. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка елдері
(27 сағат):
отарлық жүйенің күйреуі. Азия және Африка елдерінде тәуелсіз
мемлекеттердің құрылуы (1 сағат), ұлттық тәуелсіздік үшін күрес. Британ
және француз отарлық империяларының ыдырауы. Азия және Африкадағы жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің саяси жүйесі және экономикалық жағдайы. Азаттық
алған елдердің отаршылдықтан кейінгі кездегі дамуының ерекшеліктері.
Ғаламдық саяси үдерістердегі Шығыс елдері орнының өзгеруі;
Жапония (2 сағат), Американ оккупациясы және Жапонияны
демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Жаңа конституцияның
қабылдануы. Партиялар. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына
келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-
жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы. Мемлекеттің рөлі;
ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына
әсері. 80-жылдардағы экономиканы қайта құрудың негізгі кезеңдері. 1993 ж.
парламенттік сайлау және альтернативті партиялар рөлінің өсуі. 1990ж.
экономикалық депрессия және оның себептері. Жапония – әлемдік экономиканың
басты орталықтарының бірі. Жапонияның Азия-Тынық мұхит аймағындағы
ықпалының күшеюі. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы
ішкі және сыртқы саясаты.
Түркия (2 сағат), соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының
тұжырымдамасын қайта қарау. Демократиялық партияның билікке келуі.
Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру және Түркияның АҚШ-пен жақындасуы.
Елдің нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес. 1960 ж.
әскери төңкеріс. Ұлттық бірлік комитеті және оның қызметі. Екінші
республика (1960-1980 жж.). Азаматтық басқаруды қалпына келтіру.
Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және
әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары.Түркия және Қазақстан;
Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы Жаңа конституция қабылдау.
Т. Озал. Ауқымды либералдық реформалардың іске асырылуы. Түркияның заманауи
индустриялдық елге айналуы. ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың
басындағы елдің дамуы. ХХ ғ. екінші жартысы XXI ғ. басындағы Түркияның
ішкі саясаты;
Кеңестен кейінгі Орталық Азия мемлекеттері (2 сағат); қазіргі
Өзбекстанның мемлекеттік құрылысы. Өзбекстанның экономикалық және
әлеуметтік даму ерекшеліктері. Экономикалық жүйенің тұйықтылығы. Қазіргі
Өзбекстанның сыртқы саясаты. Тәжікстанда азамат соғысының басталуы.
«Тәжікаралық диалог» және бейбіт бітімге қол қою. Қырғызстан
республикасының экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері. Қырғызстан
парламентіндегі саяси партиялар. Республиканың ДСҰ кіруі. Қырғызстандағы
«қызғалдақ революциясы». Кеңестен кейінгі Түркіменстанның дамуы. ТМД және
ШЫҰ құрамындағы интеграция. Орталық Азия мемлекеттері қазіргі әлемдегі
әлеуметтік-экономикалық құрылымда.
Ауғанстан (1 сағат), Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жылдарда. ХХ ғ. 40-жылдарының аяғында либералдық-конституциялық ұйымдардың
пайда болуы. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы әлеуметтік-саяси дамуы.
Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және
оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат
соғысы;
Иран (1 сағат), Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Ұлттық майданның құрылуы
және оның қызметі. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 60-жылдардың
басында шах билігінің күшеюі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни
билігі кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы. Иран ХХ-ХХI ғғ.
Тоғысында;
Қытай (2 сағат), соғыстан кейінгі елдің жіктелуі. 1946–1949 жж. азамат
соғысы. Компартияның жеңісі және гоминьданның жеңілу себептері. ҚХР
құрылуы. Қытай коммунистерінің әлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао
Цзэдунның жеке басына табынушылық. Коммуналар. Қытайда социализм құру ісін
жылдамдату әрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Пролетарлық мәдени
революция. КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Мао Цзэдунның
қайтыс болуы және билік үшін күрес;
Дэн Сяопин және «төрт модернизация» реформасы. Қытай реформасының
ерекшелігі. «Ашық есік» саясаты және арнайы экономикалық белдеудің құрылуы.
Қытай экономикалық жүйесіндегі өлшемділіктің бұзылуы. 1989 ж.
Тяньаньмэньдегі жағдай. Халықаралық сахнада ҚХР рөлінің өсуі. Гонконг және
Макаоны қайтарып алуы;
Моңғолия (1 сағат), Моңғолияның капиталистік емес даму жолының
қайшылықтары. Жедел индустрияландыру мен ұжымдастырудың зардаптары. 80-
жылдардағы экономикалық және саяси дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ. аяғы –XXI ғ.
басында;
қайталау (1 сағат);
Корея (1 сағат), Потсдам конференциясы және КСРО мен АҚШ әскерлері
арасындағы шекаралық межені белгілеу. КХДР мен Корея Республикасының
құрылуы. 1950-1953 жж. соғыс және оның зардаптары. Елдің Оңтүстігі мен
Солтүстігіндегі экономикалық және саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир
Сен және «социализмнің корейлік нұсқасы». «Чучхе» идеологиясы. Корея
Республикасының ХХ ғ. екінші жартысындағы дамуы. Оңтүстіккореялық
авторитаризм. Экономикалық өрлеудің себептері. Халықтың тұрмыс тіршілігінің
жоғарылауы. 1987 ж. Конституция. ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы Корея
Республикасы. 2007 ж. сайлау. Ли Мён Бак. Екі корей мемлекеті арасындағы
өзара қарым-қатынас;
Үндіқытай елдері (1 сағат), Үндіқытайдағы француз отарлары
халықтарының азаттық жолындағы күресі. ВДР жариялануы. 1954 ж. Женева
келісімі. Вьетнамның қарама-қарсы әскери-саяси жүйелердің күресіне
тартылуы. Елдің бірігуі және Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы.
Оңтүстіктегі социалистік қайта құрулар және әлеуметтік-экономикалық
дағдарыстың өршуі. «Жаңару» саясаты. Экономикалық даму. Лаос пен Камбоджада
ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының ерекшеліктері. Үндіқытай елдерінің
өзара қарым-қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны;
Индонезия. Малайзия. Сингапур (1 сағат), Индонезиядағы жапондықтарға
қарсы қарсыласу қозғалысы. Республиканың жариялануы. Сукарно. Индонезияның
тәуелсіздігін мойындау.Экономикалық даму. Ұлттық өнеркәсіп. Аграрлық
реформа. 1965 ж. жағдай. Сухарто. Малайзиядағы тәуелсіздік үшін қозғалыс.
Малайзия Тәуелсіз Федерациясының құрылуы. Тәуелсіз Сингапурдың дамуы.
Экономиканың жоғарғы қарқынмен дамуы. Шетелдік салымдар. Аймақтағы елдер
және АСЕАН;
Үндістан (2 сағат), Британдық Үндістанның бөлінісі және екі
доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның құрылуы. Үндістанның
республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру. ҮҰК
Үндістанның партиялық-саяси өміріндегі орны. Саясаттағы касталық фактор.
И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1975 ж.
қоғамдық-саяси дағдарыс және елде төтенше жағдай енгізу;
1980-1990-шы жылдардағы экономикалық бағыттағы өзгерістер.
Жекешелендіру бағыттары және нарықтық экономиканың дамуы. Қуатты
индустриалдық база құру. Кашмир мәселесі. Дүниежүзіндегі және Оңтүстік Азия
аймағындағы Үндістанның рөлі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. 2004 ж. және
2009 ж. сайлаулар. М. Сингх. Үндістанның сыртқы саясаты. Панча шила»
қағидасы. Индия – Қосылмау қозғалысының жетекшісі;
Пакистан (1 сағат), Пакистан республикасының жариялануы. 1956 ж.
Конституция. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің
орнауы. Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс Пакистандағы
бенгалдықтардың ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресі. Бірінші
парламенттік сайлау. 1973 ж. Конституция және парламенттік билік түрінің
бекітілуі. З.А. Бхуттоның реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;
Израиль (1 сағат), БҰҰ-ның Палестинадағы ағылшын мандатын жою туралы
шешімі. Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы және Израиль мемлекетінің
құрылуы. Израильдің экономикалық және саяси дамуы. Парламенттік республика.
Көппартиялық жүйе. 1949 ж. парламенттік сайлау. Д. Бен-Гурион. Репатриация
туралы заң. 80-жылдың соңындағы экономикалық дамуды күшейту. 2009
парламенттік сайлау. Б.Нетаньяху. Израиль ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;
Азияның араб елдері (2 сағат), Араб елдерінің екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Шығыс-жерортатеңіздік және
аравиялық елдер. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде
тәуелсіздіктің жариялануы. Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас).
Ирактағы Саддам Хусейннің диктаторлық билігі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ.
тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж);
Африканың араб елдері (2 сағат), Египеттегі 1952 ж. революция және
оның араб әлемі үшін маңызы. Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің
бағыты. Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко) ұлт-азаттық
күрес. Алжирдегі соғыс және оның француз отарлық империясының тағдырына
әсері. Африкадағы араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-
2011 жж.);
араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі (1 сығыт), 1948-1949
жж. Палестина соғысы. 1967, 1973 жж. араб-израиль соғысы. Кэмп-Дэвид
келісімі және Таяу Шығыста бейбітшілік үдерісінің басталуы. ПАҰ дағдарысы
және дағдарыстан шығу мәселесі. Палестина жерлеріндегі «интифада». Израиль
және ПАҰ: бейбіт келіссөздердің басталуы. Палестинадағы Араб мемлекетінің
болашақ нышандары. Қазіргі кездегі Палестина мәселесі;
Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері (1 сағат), Африканың екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі капиталистік дүние экономикасындағы рөлі.
Бесінші панафрикандық конгресс және саяси тәуелсіздік ұранының көтерілуі.
Тропикалық Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. Гана мен Гвинеяның
тәуелсіздігін жариялау. «Африка жылы» (1960 ж.). Шығыс Африка елдерінің
тәуелсіздік алуы. Апартеид доктринасы және Оңтүстік Африканың азаттық
жолындағы күресі. Африка мемлекеттерінің саяси жүйесінің тұрақсыздығы.
Мемлекеттік төңкерістер және олардағы әскердің рөлі. Африкалық бірлік ұйымы
және мемлекетаралық саяси одақтар;
қайталау (1 сағат).
халықаралық қатынастар (5 сағат):
екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық
қатынастар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы және оның қызметі. «Қырғи-
қабақ соғыс», оның бастаулары және негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ
құрылуы. Жанталаса қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық
қатынастардың екіполюсті жүйесінің қалыптаса бастауы. Кореядағы халықаралық
қақтығыс;
ХХ ғ. 60-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар. 1961ж. Берлин
дағдарысы және Берлин қабырғасының салынуы. Кариб дағдарысы және оның
халықаралық қатынастар сипатының өзгеруіне әсері. Индонезия мен
Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Алжирдегі ұлт-азаттық соғысы. Таяу Шығыс
дағдарысы. Қосылмау қозғалысы;
ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеу және өрлеу
кезеңдері. Кеңес-американ қатынастары. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан
мәселесі. Парсы шығанағындағы соғыс және Ирак мәселесі. Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес. ЕҚЫК қорытынды актісі. ЕҚЫҰ
құрылуы;
Еуропалық интеграция. «Шуман жоспары». «Еуропадағы көмір және болат
бірлестігі». Еуропалық экономикалық қауымдастық және Еуратом. 60-80-
жылдардағы интеграцияның дамуы. Маастрихт келісімі. Еуропалық Одақ.
Еуропалық Одақтың одан әрі даму перспективалары. Валюталық одақтың құрылуы;
ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар. Көпполюсті
әлемнің қалыптасуы. БҰҰ халықаралық қатынастар жүйесінің өзгерісі
жағдайындағы қызметі. Халықаралық лаңкестік мәселесі.
18. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің даму
(3 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. ҒТР. Ғылыми-техникалық революцияның
басталуы. Атом энергиясының ашылуы және бейбіт мақсатта қолданылуы. Ғарышты
меңгеру. Жаңа технологиялардың пайда болуы. Ғылымның тікелей өндіргіш күшке
айналуы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. ҒТР қайшылықты сипаты. Ақпараттық
революция. Интернет. ҒТР және қазіргі заманның ғаламдық мәселелері. ҒТР
әлеуметтік зардаптары;
ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мәдениеттің дамуы. Әлем
халықтарының әдебиеті. Сыни және «социалистік» реализм. Бұқаралық мәдениет.
ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем өнердің дамуы. Мәдениеттің ғаламдану
жағдайындағы дамуы.
19. Қорытынды қайталау (1 сағат).
4. Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны
20. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заманның тарихи кезең ретіндегі
сипаттамасы. Қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері. Қазіргі заман
тарихының мазмұны. Индустриалдық қоғамның рухани дамуындағы дағдарыс.
Постиндустриалдық қоғамға өту.
21. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (5 сағат):
Еуропа мен Солтүстік Американың алдыңғы қатарлы елдерінің
ХХ ғ. басындағы дамуының негізгі бағыттары (2 сағат), ХХ ғ. басындағы
дүниежүзінің саяси картасы» (Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ.
Монополистік капитализм, оның Батыстың басты елдеріндегі ерекшеліктері.
Прогрессизм. Неолиберализм. Әлеуметтік реформизм. Д. Ллойд Джордж. Т.
Рузвельт. В. Вильсон. Ж. Клемансо;
ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар (1 сағат), әлемді
территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы және оны қайта бөлісу
жолындағы күрестің басталуы. ХХ ғ. басындағы қарулы қақтығыстар. Әскери
одақтардың құрылуы. «Үштік одақ», құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты,
ішкі қайшылықтары. Антанта, құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты. ХХ ғ.
басында Балқан мәселесінің шиеленісуі;
Бірінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), шілде дағдарысы және
дүниежүзілік соғыстың басталуы. 1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі
кезеңдері. Марна өзеніндегі, Верден түбіндегі және Соммадағы шайқастар.
Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарулардың жаңа түрлерін
қолдану. Соғысушы елдердің экономикасын қайта құру. Батыс және Шығыс
майдандағы соғыс қимылдары. 1917 жылғы соғыс қимылдары. Ресейдің соғыстан
шығуы. Соғысқа АҚШ кірісуі. Соғысушы елдерде әлеуметтік-экономикалық және
саяси қайшылықтардың шиеленісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың
жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары;
22. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері (13 сағат):
соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудағы Версаль-Вашингтон жүйесі (1
сағат), Париж бітім конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық

батыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі
бағыттары (1 сағат), батыстың басты елдерінің әлеуметтік-экономикалық
дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру.
Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік
экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу
аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы және реформизм. Фашизмнің
шығуы. Фашизм және демократия. Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар;
Германия (1 сағат), соғыстың соңғы жылдарындағы Германияның
экономикалық және саяси жағдайы. 1918-1919 жж. революция. Веймар
конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі
және сыртқы саясаты. НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік және оның іске аспауы.
1923 ж. саяси дағдарыс. Гамбругтегі көтеріліс. Германиядағы экономикалық
дағдарыстың ерекшелігі. Нацистердің өкімет басына келуі. Тоталитарлық режим
орнату. Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Жаппай
жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-эк)ономикалық саясаты.
Фашистердің нәсілдік саясаты;
Италия (1 сағат), әлеуметтік-экономикалық және саяси даму. Жұмысшы

Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы
күресі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Б. Муссолини
үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты;
Испания (1 сағат), Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі

басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтың майданның құрылуы және
сайлаудағы жеңісі. 1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы.
Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі. Ф. Франконың
авторитарлық диктатурасының орнауы;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (1 сағат), Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Еуропада көп ұлттық империялардың ыдырауы және жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің құрылуы. Аймақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамуы. Австрия және Венгриядағы революция. Австрияда республиканың
жариялануы. Венгрияда кеңестік республиканың орнауы. Венгерлік Кеңестік
Республиканы талқандау және М. Хортидің авторитарлық үкіметінің орнауы.
Чехословакия республикасының дамуы. Польяк мемлекетін қалпына келтіру.
Екінші Речь Посполитая. Югославияның әлеуметтік-экономикалық және саяси
дамуы. Болгария. Румыния. Албания;
Ұлыбритания (1 сағат), Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары.
Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын
экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері.
Р. Макдональд. Ұлттық үкіметтің реформалары. Н.Чемберлен үкіметтің ішкі
және сыртқы саясаты. У.Черчиль және сыртқы саяси бағыттағы өзгерістер;
Франция (1 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі.
Э. Эррио. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы
зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның сайлау
қарсаңындағы бағдарламасы. Халықтық майдан үкіметінің парламенттік
сайлаудағы жеңісі. Халықтық майдан үкіметінің реформалары. Халықтық
майданның ыдырауы;
Ресей және КСРО (2 сағат), Ресей империясындағы 1917 жылғы

өкімет басына келуі. Билік, жер және бітім туралы Декреттер. Құрылтай
жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан шығуы. Брест бітімі. Ресей
халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы және интервенция.
«Әскери коммунизм» саясаты және ЖЭС. КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция.
Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің орнауы және И.В. Сталиннің жеке билігінің
күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-жылдардағы аштық. Жоспарлы
экономиканың құрылуы. Жаппай жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция. Кеңес
өкіметінің сыртқы саясаты;
АҚШ (1 сағат), АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда.
Республикандардың билік басына келуі. «Просперити» кезеңі. Дүниежүзілік

әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау
және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Соғысаралық
жылдардағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;
Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдеріне жалпы
сипаттама. 1910-1917 жж. Мексикандық революция. 1917 ж. Конституция.
Соғыстан кейінгі Латын Америкасы елдері. Латын Америкасы елдері
дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде. Әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамудың ерекшеліктері. Латын Америкасы елдері екінші дүниежүзілік
соғыс кезеңінде;
қайталау (1 сағат).
23. 1918-1945жж. Азия және Африка елдері (8 сағат):
Жапония (1сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның
саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1918 жылғы «Күріш бүлігі». Танака
үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
және тоталитарлық-милитаристік тенденцияның күшеюі. 1932 және 1936
жылдардағы бүліктер және «Жас офицерлер». «Антикоминтерндік пакт» пен
«Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы
басқыншылық әрекеті;
Түркия (1 сағат), Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта
мемлекеттерінің басып алуы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел
интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік.
Революцияның жеңісі және республиканың жариялануы. Түркия Республикасының
мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы Конституция. Саяси,
экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының
30-40-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы;
Қытай және Монғолия (1 сағат), азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун
мәселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Азамат соғысы. Чан Кайши.
Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру. Гоминьданның
реформалары. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық
әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі. Монғолияның бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық
Республикасының құрылуы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау
әрекеті. Х. Чойбалсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай
қатынастары;
Ауғанстан және Иран (1 сағат), жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның
тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған қақтығысы. Ауғанстанның Аманолла
билігі кезіндегі дамуы. 1923 ж. Конституция. Реформалар. 20-жылдың соңы 30-
жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах режимінің
орнауы. Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске Кеңес
үкіметінің араласуы. Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар династиясының биліктен
кетуі. Реза-шаха Пехлевидің әкімшілік, экономикалық және мәдени
реформалары;
Үндістан (1 сағат), Британ билеушілерінің Үндістандағы отарлық
саясаты. Үндістан халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық
Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатьяграх науқаны.
Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің
қызметі. Жаңа саяси бірлестіктің қызметі және жаппай толқудың өршуі.
Мұсылмандар Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік
реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея;

Аравиядағы араб мемлекеттері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;
Африка елдері (1 сағат), Солтүстік Африканың саяси картасы. Африкадағы
араб елдері. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Египеттегі ұлт-
азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан және Ливия. Тропикалық
және Оңтүстік Африка елдері. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка
халықтарының азаттық күресі. Италия-Абисиния соғысы;
қайталау (1 сағат).
24. Халықаралық қатынастар (2 сағат), ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы
халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың тұрақтануы. Генуя
конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы. Бриан – Келлог
пактісі. 1930-1939жж. халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс жылдарында халықаралық қатынастардың шиеленісуі. Еуропа мен Қиыр
Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Басқыншы мемлекеттер одағының
құрылуы. Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру
идеясы;

(аншлюс). Судет мәселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып

25. Екінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), екінші дүниежүзілік соғыстың
басталуы және барысы. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы және екінші
дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскерлерінің
Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс.
Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі. «Англия
үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары.

сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы.
26. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (2 сағат),
ғылым мен техниканың дамуы. Жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия,
биология, медицина және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы
жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы
(автокөлік жасау, авиация, радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының
теориясы мен әдіснамасының дамуы;

мәдениет. Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет
саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді
жою. Халық мәдениетінің үлгілері мен ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының

Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары.
27. Қорытынды қайталау (1 сағат).

28. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка
елдері (17 сағат):
Ұлыбритания (2 сағат), Ұлыбритания ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы
– 70-жылдарында. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли
үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Консервативтік үкіметтердің
ішкі және сыртқы саясаты. Англияның Еуропалық Экономикалық Қауымдастыққа
қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Г. Вильсон
үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың
шиеленісуі. Әлеуметтік-экономикалық реформалар. Британдық ұлттар
ынтымақтастығының даму мәселелері;
Ұлыбритания XX ғ. 80-жылдары – ХХI ғ. басында. М. Тэтчер үкіметінің
әлеуметтік-экономикалық саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер
мәселесі. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм.
Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік сайлау. Д. Камеронның
коалициялық үкіметі;
Франция (2 сағат), Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-
жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы қалпына келтіру. Алжирдегі соғыс.IV
республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші
республиканың құрылуы. Президент Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және
сыртқы саясаты. ҒТР және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. В. Жискар дُ
Эстеннің сыртқы саясаты;
Франция ХХ ғ. 80-жылдары – ХХІ басында. Солшыл күштердің 1981 ж.

80- жылдардың ортасындағы миттеранизм эволюциясы. Сыртқы саясат.1995 ж.
президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Л. Жоспен кабинетінің қызметі.
2007ж. президенттік сайлау және Н.Саркозидің жеңісі. 2008 ж. Конституциялық
реформа. 2012 ж. Сайлау;
Германия (2 сағат), Германия Федеративтік Республикасы ХХ ғ. 50-70-
жылдарда. Германиядағы оккупациялық режим. Экономиканы қалпына келтіру
мәселесі. Батыс белдеулердегі ақша реформасы. Берлин дағдарысы. Екі герман
мемлекетінің пайда болуы: ГФР және ГДР. Германия Федеративтік
Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіметінің экономикалық саясаты.
Неміс «экономикалық ғажайыбы». 60-шы жылдардағы Германия Федеративтік
Республикасының экономикалық және саяси дамуы. ГФР сыртқы саясаты.
В. Брандт үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 70-жылдардың ортасындағы
дағдарыс және оның зардаптары;
ГФР ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Г.Коль үкіметінің ішкі және
сыртқы саясаты. Неоконсерватизмнің германдық нұсқасы. Берлин қабырғасының
құлатылуы. Германияның бірігуі. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс
жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. ГФР ХХ – XXI ғғ
тоғысында. Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің ішкі және сыртқы
саясаты;
Италия (1 сағат), Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-
жылдарында. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Республиканың жариялануы.
Аграрлық реформа. 60-шы жылдардағы елдің экономикалық дамуы. 70-ші
жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары.
А. Мороның өлтірілуі. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың себептері.
Коррупциямен күрес. Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғ. басында» Италиядағы
екінші республика. 2001 ж. парламенттік сайлау. М. Монти үкіметінің
құрылуы;
Испания (1 сағат), франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы.

өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси реформалар. Партиялардың

КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері (3 сағат):

мәселесі. Карточкалық жүйені жою. Жазалаулардың жаңа толқыны. Н.С. Хрущев.
«Жеке басқа табынушылықтың» зардаптарын жоюға бағыт алу. Елдің әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуындағы жаңа нышандар. Экономиканың дамуының
экстенсивті сипаты. Тың жерлерді игеру бағдарламасы. 50-ші жылдардың
соңындағы экономикалық қайта құрулар. Экономикалық саясатты
қалыптастырудағы шиеленістер. Экономикалық авантюризмнің зардаптары.
Халықтың тұрмысының нашарлауы;
Л.И. Брежнев пен М.С.Горбачев билігі кезіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің
экономикалық реформасы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің
себептері. 1977 ж. Конституция. Кеңестік жүйенің дағдарысы. Коррупцияның
күшеюі. 80-ші жылдардағы КСРО-да басшылықтың ауысуы. М.С. Горбачев және
қайта құру бағдарламасы. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы.

Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің кеңестік үлгісін қалыптастыру.
Халықаралық сахнадағы кеңес-американ бәсекелестігі. Дамушы елдердің ішкі
істеріне араласуы. Ауғанстан мәселесі. Кеңестен кейінгі кеңістік

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (2 сағат), Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-
жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. Кеңестік социалистік үлгіні
қабылдауға мәжбүр болу. ЮКП-мен қақтығыс. Аймақ елдерінде кеңестік үлгі
бойынша социализм орнату. Экономиканы түбірінен қайта құру. Аграрлық қайта
құрулар. Жедел индустрияландыру. Аймақтағы кеңестік социализм үлгісінің
алғашқы дағдарыстары. Герман Демократиялық Республикасындағы 1953 ж.
оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь. Кеңес әскерлерін
Будапештке енгізу. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. Дағдарыс. Чехословакияға
ВШҰ әскерлерін енгізу. 1968ж., 1970 ж. және 1980-1981жж. Польшадағы
дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. Польшада әскери
жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу;

басында. КСРО-дағы қайта құру саясаты және Шығыс Еуропа елдері. Шығыс
Еуропа елдерінің тоталитаризмді жою жолына түсуі. 80-жылдардың аяғы – 90-
жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал.
Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушеску режимінің
күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының
ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-
Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі. Орталық
және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық қауымдастыққа қатысуы.
Аймақтағы елдер және НАТО;
Америка Құрама Штаттары (2 сағат), АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші
жартысы – 70-жылдарында. Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы
экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің «Әділетті бағыты». Реконверсия.
Тафт-Хартли заңы. Демократиялық және республикандық әкімшіліктердің 40-50-
жылдардағы ішкі саясатына «қырғи-қабақ соғыстың» әсері. Маккартизм. Афро-
американдарды кемсіту мәселесі. Американ қоғамы ҒТР жағдайында.
Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Азаматтық құқықтар
туралы заң. Вьетнамда соғыс бастау. Республикандық әкімшіліктердің ішкі
және сыртқы саясаты. Уотергейт ісі;
АҚШ ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Р. Рейган және «рейганомика».
Неоконсерватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы.
Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың
республикандық әкімшілігі. 2008 ж. сайлау және демократтардың билікке
келуі. Б. Обама. 2012 ж. сайлау:
Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ.
екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлтшыл-реформизм.
Кубадағы 1960-шы жж. революциялық диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро
қолына шоғырлануы. Куба экономикасының ХХ ғ. 80-жылдардың аяғы – 90-
жылдардың басындағы қиыншылықтары. Мемлекеттік-бюрократиялық социализмнің
дағдарысы. Латын Америкасы елдерінің 70-жылдардағы экономикалық және саяси
дамуы. Чилидегі демократиялық қайта құрулар үдерісі. Мемлекеттік төңкеріс.
Билік басына А. Пиночет бастаған әскери хунтаның келуі. Саяси жазалаулар.
Пиночет режиміне қарсы күрес. ХХ-ХХІ ғғ. тоғысында Латын Америкасы елдері
дамуының басты мәселелері. Сыртқы қарыздың өсуі. Коррупция. Солшыл
лаңкестік;
қайталау (1 сағат).
29. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка
елдері (11 сағат):
Жапония (1 сағат). Американ оккупациясы және Жапонияны

жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және
оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. 80-жылдардағы экономиканы қайта
құрудың негізгі кезеңдері. 1990-жылдардағы экономикалық депрессия және оның
себептері. Жапония әлемдік экономиканың басты орталығы ретінде. Жапонияның
ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты;
Түркия (1 сағат), соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының
тұжырымдамасын қайта қарау. Демократиялық партияның билікке келуі. Елдің
нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес. 1960 ж.
әскери төңкеріс. Екінші республика (1960-1980 жж.). Азаматтық басқаруды
қалпына келтіру. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың
басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары. Үшінші
республика кезеңіндегі елдің дамуы. Жаңа конституция қабылдау. Т. Озал.
Ауқымды либералды реформалардың пайда болуы. Түркияның заманауи индустриялы
елге айналуы. ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің
дамуы;
Ауғанстан. Иран (1 сағат), Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жылдарда. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы әлеуметтік-саяси
дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс
және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы
азамат соғысы. Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы
әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай
мәселесі. 60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі. 1978-1979 жж. ислам
революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы.
Иран ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;
Қытай. Моңғолия (1 сағат), 1946–1949 жж. азамат соғысы. ҚХР құрылуы.
Қытай коммунистерінің әлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао
Цзэдунның жеке басына табынушылық. Қытайда социализм құру ісін жылдамдату
әрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Мәдени революция. Дэн Сяопин
және «төрт модернизация» реформасы. Қытай реформасының ерекшелігі. 1989 ж.
Тяньаньмэньдегі жағдай. Моңғолияның капиталистік емес даму жолының
қайшылықтары. Жедел индустрияландыру мен ұжымдастырудың зардаптары. ХХғ. 80-

басында.
Корея. Үндіқытай елдері (2 сағат), КХДР мен Корея Республикасының
құрылуы» (1950-1953 жж. соғыс және оның зардаптары. Елдің Оңтүстігі мен

Үндіқытайдағы француз отарлары халықтарының азаттық жолындағы күресі.
ВДР жариялануы. 1954 ж. Женева келісімі. Елдің бірігуі және Вьетнам
Социалистік Республикасының құрылуы. Лаос пен Камбоджада ұлттық
мемлекеттердің қалыптасуының ерекшеліктері. Үндіқытай елдерінің өзара қарым-
қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны;
Үндістан. Пакистан (1 сағат), Британдық Үндістанның бөлінісі және екі

республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру.
И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1980-1990-
жж. экономикалық бағыттағы өзгерістер. Жекешелендіру бағыттары және
нарықтық экономиканың дамуы. Кашмир мәселесі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ.
тоғысында. 2004 ж. және 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх. Пакистан
республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери
биліктің орнауы. Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс Пакистандағы
бенгалдықтардың ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресі. 1973 ж.
Конституция және парламенттік түрдегі басқару. З.А. Бхуттоның реформалары.
Пакистан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;
Азияның араб елдері (1 сағат), араб елдерінің екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Шығыс-жерортатеңізі және араб
елдері. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде тәуелсіздіктің
жариялануы. Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас). Ирактағы Саддам
Хусейннің диктаторлық режимі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб
көктемі» 2010-2011 жж.;
Африканың араб елдері (1 сағат), Египеттегі 1952 ж. революция және
оның араб әлемі үшін маңызы, Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің

әсері. Африканың араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-
2011 жж.). Араб-израиль қарсыластығы және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид
келісімі және Таяу Шығыста бейбіт үдерістің басталуы. ПАҰ дағдарысы және
дағдарыстан шығу мәселесі. Қазіргі кездегі Палестина мәселесі;
Оңтүстік және Тропикалық Африка елдері (1 сағат), Африканың екінші

жолындағы күресі. Африкалық бірлік ұйымы және мемлекетаралық саяси одақтар;
қайталау (1 сағат).
30. Халықаралық қатынастар (3 сағат):

қатынастар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. «Қырғи-қабақ соғыс», оның
бастаулары және негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса
қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық қатынастардың екіполюсті
жүйесінің қалыптасуы. Кореядағы халықаралық жанжал;
ХХ ғ. 60-80-жылдардағы халықаралық қатынастар. 1961 ж. дағдарыс және
Берлин қабырғасының тұрғызылуы. Кариб дағдарысы және оның халықаралық
қатынастардың сипатының өзгеруіне әсері. Индонезия және Үндіқытайдағы
отарлық соғыстар. Вьетнамдағы соғыс. Алжирдағы ұлт азаттық соғыстар. Таяу
Шығыс дағдарысы;

кезеңдері. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мәселесі. Парсы
шығанағындағы соғыс және Ирак мәселесі. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы
халықаралық қатынастар. Көпполюсті әлемнің қалыптасуы. Халықаралық
қатынастар жүйесінде БҰҰ-ның алатын орны. Шанхай ынтымақтастық ұйымы.
Халықаралық лаңкестік мәселесі;
31. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің
дамуы (2 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. Ғылыми-техникалық революцияның

әлеуметтік зардаптары).

Өнердегі жаңа бағыт. ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем өнердің дамуы.
Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.
32. Қорытынды қайталау (1 сағат).
6. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
33. Пәндік нәтижелер екі аспектіде көрсетілген.
34. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1) қазіргі замандағы шетелдер тарихының негізгі оқиғалары мен
құбылыстарын;
2) ХХ ғасырдағы адамзаттың мәдениет пен құндылықтар жүйесіндегі маңызды
жетістіктерін;
3) XX ғ. дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;
4) XX ғасырдың бірінші жартысындағы азаттық, әлеуметтік және ұлттық
қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын;
5) XX ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі
саяси режимдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін;
6) жалпы құбылыстар мен жекелеген фактілердің арақатынасын;
7) тарихи үдерістер мен құбылыстардың пайда болуы мен дамуындағы
жүйелілікті және тарихи оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын білуі
тиіс.
35. 11-сыныптың соңында оқушылар:
1) қазіргі замандағы дүниежүзі тарихының екінші кезеңіндегі негізгі
оқиғалар мен құбылыстарды;
2) ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын
негізгі факторларды;
3) XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің
маңызды жетістіктерін;
4) XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы дүниежүзінің саяси
картасындағы өзгерістерді;
5) XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы маңызды әлеуметтік және
ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын және саяси партиялар
мен күштердің әлеуметтік негіздерін;
6) XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы әлемнің негізгі
аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық және
әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды;
7) дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ
белгілері мен ерекшеліктерін;
8) дүниежүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ
белгілерін және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
9) XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы халықаралық
қатынастардың дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс.
36. 11-сыныптың соңында оқушылар:
1) түрлі тарихи деректермен: оқу, ғылыми-көпшілік әдебиеттер,
тарихи құжаттармен, мерзімді басылымдармен жұмыс істей білуді;
2) шет елдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың
жүйлілігін анықтауды;
3) тарихи құбылыстардың ерекше белгісін айқындап, тарихи оқиғалар
мен фактілерді салыстыруды және жүйелей білуді;
4) ғылыми баяндамалар, рефераттар мен жобаларды әзірлеуді, қажетті
әдебиеттер мен деректерді саралай білуді;
5) мемлекетаралық, дипломатиялық, әскери-саяси және экономикалық
қатынастарға объективті талдау жасай білуді;
6) әзірлеген баяндама және рефераттары бойынша пікірталастарға
қатысуды, басқа оқушылардың баяндамаларына пікір білдіруді
меңгеруі тиіс.
37. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен
бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне
құрметпен қарауынан;
2) өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын
құрметтеу, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде араласуға
дайын болуынан;
3) жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен
бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін
сезінуінен;
4) қайырымдылық, әділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа
негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;
5) көпмәдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-
қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және
түсіністікпен қарау, тұлғааралық қатынастағы тіл табысушылықты
көрсетуінен;
6) оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам
дамуының мәселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді
түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
7) тұлғалық нәтижелер психологиялық-педагогикалық мониторинг формасында
зерттеліп, оқушының тәрбиелілік, әлеуметтік және рухани-адамгершілік,
шығармашылық-дене дамуының деңгейі түрінде оның портфолиосында
көрсетіледі.
38. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушылар:
1) оқытылған кезеңдегі адамдардың өмірі мен әлеуметтік жағдайындағы
өзгерістерге талдау жасауда;
2) тарихи деректерді саралау және талдау, өз бетінше тарихи құбылыстарға
баға беру, өз пікірін білдіруде;
3) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана
отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;
4) қазіргі заман тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихи материалды
шектес пәндерден алған білімін қолдана отырып баяндауда;
5) ұлттық және діни өзгешеліктері бар өзге мәдениет өкілдерімен қарым-
қатынас жасағанда халықтардың салт-дәстүрлері мен тарихы жайлы
білімдерін;
6) көпмәдениетті, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда тарихи тұрғыда
қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар жүйелері
туралы білімдерін қолдануы тиіс.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен оқу бағдарламасы

тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі
элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам
өміріндегі ролі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы,
қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның
орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз
Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.
3. Пәнді оқытудың міндеттері:
1) оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру;
2) ақыл-ой мәдениеті ретінде философия түсінігін, философиялық
сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;
3) әлемді сезімдік және рационалдық тану арасындағы байланыстарды,
діни және ғылыми таным мен философия, антропология арасындағы
байланыстарды анықтау;
4) адам құндылығы, құқығы мен бостандығы туралы білім беру, оларға
баға бере білуге үйрету;
5) жоғарғы моралдық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен
патриоттық сезімді, адам мен табиғатқа деген философиялық
көзқарасты қалыптастыру;
6) этникалық және тұлғааралық қатынастарда төзімділікті сақтауға
тәрбиелеу;
7) қоғамдық дамудың заңдарын білу негізінде құқықтық және саяси
мәдениетке тәрбиелеу;
8) заң ілімдері, экономикалық теория, саясаттану, әлеуметтану
негіздері, жеке және көпшілік құқықтың заңнамалық нормалары
туралы білім беру;
9) ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;
10) оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;
11) зерттеу әдістерінің көмегімен барлық мәселелерді шеше білу
қабілетін қалыптастыру.
4. Пәнаралық байланыс:
1) «Қазақ тілі және әдебиет»:
адамға, адам өмірінің мәні мен мақсатына арналған көркем
туындылар оқушылардың бойындағы ар-ұят, абырой сияқты асыл қасиеттердің
ашылуына септігін тигізеді;
2) «Дүниежүзі тарихы»:
алғашқы қауымдық қоғам туралы, ертедегі мемлекеттер, сөйлеу
құралы ретіндегі тіл мен сөздің, адамның, рудың, тайпалардың пайда болуы
туралы білу; діни түсініктер мен әлемдік діндердің пайда болуы, ұлттардың,
ұлттық мемлекеттердің, азаматтық қоғамның қалыптасуы туралы білім;
3) «Қазақстан тарихы»:
қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен
дәстүрі, ислам дінінің мәдениеттің дамуына әсері туралы білім беруде,
қазақтардың дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;
4) «Физика»:
жер құрылысы, уақыт, кеңестік пен материя туралы білім беруде,
физикалық үдерістердің адам мен қоғамға әсері туралы білім;
5) «Биология»:
адам мен адамзат қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның
өзара байланысы туралы білім беруде;
6) «География»:
табиғи қор және оларды тиімді пайдалану, Қазақстан
Республикасының Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары,
халықаралық дәрежеде табиғатты қорғау бойынша шаралар туралы білім беру.
5. Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт
1) 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
жаратылыстану-математикалық бағыт
3) 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
2. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-сыныбына арналған базалық білім мазмұны
6. «Адам және дүние» (9 сағат):
«Адам және оның дүниетанымы» (2 сағат), дүниетаным ұғымы,
дүниетаным құрылымы, дүниетанымның негізгі элементтері, дүниетанымның
қоғамдық-тарихи және жеке сипаты, өмірлік-практикалық және теориялық
дүниетаным. гуманитарлық көзқарастың ерекшелігі;
«Дүниетанымның тарихи үлгілері», мифологиялық, діни,
философиялық дүниетанымның ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық
дүниетанымдағы адамның бейнесі, әлеуметтік гуманитарлық көзқарастағы адам
және әлем;
«Адамның дүниеге деген танымдық қатынасы» (3 сағат), әлемді тану
мәселесі, адамның танымдық қызметі, сезінушілік және тиімді таным, ақиқат
ұғымы, оның өлшемдері, гуманитарлық білімнің ерекшелігі;
«Ғылыми таным», ғылымның шығуы, ғылыми ойдың негізгі
ерекшеліктері, ғылыми зерттеу әдістері, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар,
әлеуметтік жауапкершілік және ғалымдар гуманизмі;
«Білім және білім беру», білім туралы қазіргі ұғым, ақпарат,
білім, даналық, білім және білімділік, өзіндік білімнің қажеттілігі, өмір
бойғы білім, гуманитарлық білім берудің ерекшелігі;
«Адами қызметтегі бостандық, қажеттілік және жауапкершілік» (3
сағат), адам өміріндегі құндылықтар, құндылық туралы ұғым, құндылықты
таңдау мәселесі, құндылық және өмірлік бағыт, адамның өмірі құндылық
ретінде;
«Еркіндік және қажеттілік», еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және
жеке құндылық ретінде, табиғи және әлеуметтік қажеттілік, еркіндік саналы
қажеттілік;
«Еркіндік және жауапкершілік», адамның ішкі және сыртқы еркіндігі,
еркіндік адамның тұлғасы қалыптасуының шарты, тұлғаның өз өмірі үшін
жауапкершілігі;
қайталау (1 сағат).
7. «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі адам» (14 сағат):
«Қазіргі қоғам» (2 сағат), қоғамдық дамудың заңдылықтары, эволюция
және революция әлеуметтік өзгерістің формалары ретінде, қоғамдық үдеріс
ұғымы, оның қайшылығы, дәстүрлі (аграрлық) қоғам, индустриялы қоғам,
постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік жаңарту ұғымы;
«Қазіргі өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі қоғам және
өркениет, жаһандану үдерісі, жаһандануға қарсылық, компьютерлік революция,
қоғам және адам ХХІ ғасырдың қауіп-қатерлері алдында, ғаламдық мәселені
шешудегі гуманитарлық ғылымның рөлі;
«Әлеуметтік қатынастар» (3 сағат), әлеуметтену үдерістері,
индивидтің әлеуметтенуі, тұлғаның әлеуметтік статусы, әлеуметтік топтар мен
қауымдастықтар, әлеуметтік қақтығыстар мен олардың конструктивтік шешімі;
«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлі,
нормалары, құндылықтары, отбасындағы тұлға аралық қатынастар, отбасылық
қатынастар этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту;
«Адамның көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы», этникалық
тұтастықтар, ұлттық сана, қазіргі әлемдегі ұлтаралық қатынастың дамуы,
ұлтаралық жанжалдың себептері және оның шешімі, ұлтаралық келісім және
ұлттық бірлік, Қазақстанның гүлденуі мен әлеуметтік игілігінің негізі
ретінде;
«Нарықтық субъектінің экономикалық тәртібі» (3 сағат), тұтынушының
экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы тұтынушының тәртібі, табыс
көздері, қорлар, тұтынушының шығындары, тұтыну бюджеттін жоспарлау,
тұтынушылық несие, тұтынушыны қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс
факторлары;
«Өндірушінің экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы
өндірушілердің мінез құлқы, өдіріс және өндірістік факторлар, бизнесті
ұйымдастырудың негізгі формасы (жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік
қоғам), бизнес жоспар әзірлеудің принциптері, ұсыныс, ұсыныс заңы, фирманың
шығыны мен пайдасы;
«Нарықтық құрылымның үлгілері», жетілген бәсекелестік,
монополистік бәсеке, олигополия, монополия, экономиканы монополиялаудың
салдары, мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;
«Саяси жүйе» (2 сағат), саясат және мемлекет, мемлекет ұғымы мен
белгілері, мемлекеттік егемендік, мемлекеттік билік, мемлекеттің формалары
(басқару формасы, әкімшілік-аумақтық құрылымы), саяси режим, тоталитаризм,
авторитаризм, демократия;
«Азаматтың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясаттың
негіздері, сайлаулар, референдум, жергілікті өзін өзі басқару, саяси
партиялар мен қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлдері, Қазақстандағы
саяси партиялар мен қозғалыстар;
«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары,
руханилық ұғымы, адамның рухани мәдениетінің негіздері, рухани құндылықтар,
рухани мұра және оның қоғамдағы маңызы, руханилық және гуманизм;
«Тұлғаның адамдық негіздері», руханият және адамгершілік,
тұлғаның адамдық ұстанымдары, ізгілік және зұлымдық, қарыз және ұят,
моралдік идеал, отаншылдық және азаматшылдық, тәрбие мен білімнің
адамгершілік қызметтері;
«Діни төзімділік», дін, діни ұйымдар және бірлестіктер, қазіргі
қоғам өміріндегі оның рөлі, ар-ождан еркіндігі және діни төзімділік, дін
және гуманитарлық ой, діни жән діни емес дүниетанымдардың диологы, діни
экстремизмнің алдын алу;
қайталау (1 сағат).
8. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (10 сағат):
«Адам мен азаматтың құқығы және міндеттері» (2 сағат), конституциялық
құқық және міндеттер, адам құқығы ұғымы, азаматтық ұғымы, адамның және
азаматтың құқығы, адамның және азаматтың міндеттері, Қазақстан
Республикасындағы адамдар және азаматтар құқығы мен бостандығының
конституциялық кепілі;
«Адам құқықтары және оны қорғау», Қазақстан азаматтары құқығы мен
бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау, адам құқығын халықаралық-құқықтық
қорғау, адам құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық
актілер;
«Жеке құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), азаматтық құқықтың
негіздері, азаматтық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, азаматтық
құқықтың ұстанымдары, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы,
кәмелетке толмағандар мүліктік қатынасқа қатысушылар ретінде, азаматтық-
құқықтық келісімнің негізгі түрлері, тұтынушы құқықтары;
«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығы ұғымы және негізгі
бастаулары, еңбек қатынастары аясындағы кепілдемелер, еңбек шарты, еңбек
шартын бекіту және бұзу, кәмелетке толмағандар еңбегінің ерекшеліктері,
жұмыс және демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;
«Отбасылық құқық негіздері», отбасылық құқық ұғымы және негізгі
бастаулары, отбасылық құқықтағы негізгі ұғымдар, некелік-отбасылық құқықтың
принциптері, неке тұжырымының шарттары, некені тоқтату, ерлі-зайыптылардың
міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары;
«Экологиялық құқық негіздері», экологиялық құқық ұғымы және
негізгі бастаулары, экологиялық құқық ұстанымдары, экологиялық заңмен
қорғалатын негізгі нысан, табиғатты пайдалану түсінігі мен түрлері,
экологиялық құқықтағы азаматтардың құқығы мен міндеттері, экологиялық
құқықбұзушылық және ол үшін жауаптылық;
«Көпшілік құқықтың негізгі салалары» (3 сағат), әкімшілік құқық
негіздері, әкімшілік құқық ұғымы және негізгі бастаулары, негізгі және
туынды нормативтік актілері, мемлекет қызметінің басқару жүйесіндегі
негізгі бағыттары, мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет
ұғымы, әкімшілік құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;
«Қылмыстық құқықтың негіздері», қылмыстық құқық ұғымы және негізгі
бастаулары, қылмыстық заңнама құрылымы, қылмыстық құқықтың мақсаты мен
ұстанымдары, қылмыс ұғымы және түрлері, қылмыс құрамы ұғымы, қажетті және
аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері;
«Іс-жүргізу құқығы негіздері», іс-жүргізу құқығы түсінігі,
қылмыстық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық
процестің мақсаты мен тәртібі, қылмыстық процестің негізгі принциптері,
азаматтық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, азаматтық сот-
ісінің принциптері, Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі;
қайталау (1 сағат);
9. Қорытынды қайталау (1 сағат).
3. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны
10. «Философия негіздері» (7 сағат):
«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам өміріндегі және
қоғамдағы рөлі, философия – ақылға деген құштарлық, философия – өмір туралы
парасатты ілім, философия – ақыл мәдениеті;
«Философия даналық мектебі ретінде», философ деген кім, алғашқы
философтар және олардың ілімі, өз-өзіңді тани біл, философиялық сұрақтар
мен жауаптардың ерекшеліктері;
«Философия антропология» (2 сағат), адам-философияның басты мәселесі,
адамға қатысты философиялық мәселелердің мәні мен ерекшелігі, адамның
философиядағы негізгі бейнесі, адамның адам болуға деген ұмтылысы;
«Өмірдің мәнін іздеудегі адам», өмірдің мағынасы туралы философия,
адам бағыты, қазіргі заманғы өркениеттегі адамның жағдайы, «адам капиталы»
туралы түсінік және оның мағынасы;
«Әлеуметтік философия» (2 сағат), қоғамға деген философиялық көзқарас,
күрделі ұйымдастырылған жүйе ретіндегі қоғам туралы түсініктер, қоғамдық
дамудың негізгі теориялары, қоғамдық дамудың қозғалыс күштері, философия
тарихы;
«Гуманитарлық білімнің философиялық мәселелері», мәдениет философиясы,
білім философиясы, саясат философиясы, құқық философиясы, дін философиясы;
қайталау (1 сағат).
11. «Әлеуметтану негіздері» (8 сағат):
«Әлеуметтану ғылым ретінде» (2 сағат), әлеуметтанудың пайда
болуы және дамуы, әлеуметтанудың обьектісі мен пәні, әлеуметтанудағы
негізгі сұрақтар, зерттеудің әлеуметтанулық әдістерінің ерекшеліктері;
«Әлеуметтанулық білім», әлеуметтанудың гуманитарлық білімдермен
өзара әрекеттесуі, әлеуметтану білімінің құрылысы, қазіргі заманғы қоғам
мәселесін түсінудегі әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;
«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара байланыс
жүйесі ретінде, әлеуметтік өзара қарым қатынастардың түрлері, әлеуметтік
топтар, олардың түрлері, әлеуметтік институттар және оның түрлері,
әлеуметтік институттың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс,
артық мінез құлық және әлеуметтік бақылау;
«Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық», қазіргі қоғамдағы орта
топтың рөлі және маңызы, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік қақтығыстың
себептері, әлеуметтік қақтығыстың сипаттамасы, әлеуметтік қақтығысты
басқару, әлеуметтік қақтығысты шешу жолдары;
«Тұлға және қоғам» (3 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік
факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, жас жеткіншектік
кезеңдегі әлеуметтік рольдер, жастар субмәдениетінің ерекшеліктері,
жастардың кәсіби және әлеуметтік бағыты, әлеуметтік тұрмыс қызығушылығы,
тұрмыстық қатынас мәдениеті;
«Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік», ұлыс және ұлт, этномәдени
құндылықтар және салт-дәстүр, этностың ментальдық ерекшеліктері, ұлтаралық
ынтымақтастық және келіспеушіліктер, ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу
мәселелері;
«Қазіргі діни жағдай», діни өмірдегі әлеуметтік жағдайлар, дін
әлеуметтануы, діни конфессиялар, конфессия аралық серіктестік, жастар
ортасында діни экстремизмді алдын алу қажеттілігі;
қайталау (1 сағат).
12. «Саясаттану негіздері» (6 сағат):
«Саясаттану дегеніміз не?» (2 сағат), саясаттану ғылым ретінде,
саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мәселелері, саясаттанудың
негізгі тұжырымдамалары;
«Саясаттанулық білім», саясаттану білімінің құрылысы, саясат
технологиясы және оның әлеуметтік мағынасы, қоғамдық өмірді басқаруға
саналы түрде қатысу үшін саясаттану білімдерінің маңызы;
«Саясат және мәдениет» (3 сағат), саясат өнер ретінде, қоғамдық
қатынастарды саяси реттеудегі ерекшеліктер, саяси жүйе, оның құрылымы,
қызметі, саяси институттар жөнінде түсінік, нормалары, коммуникациялары,
үдерістері;
«Саяси мәдениет», билік және саясат, қоғамдық билік туралы түсінік,
биліктің шығуы, билік қарым-қатынастарының типологиясы, билік
легитимациясы, демократия және парламентаризм, азаматтық қоғамның
негіздері;
«Жеке тұлға және саясат», саяси элита, саяси көшбасшы туралы түсінік,
жетекшіліктің типологиясы, саяси көшбасшының көрінісі, қоғамдық санадағы
құрылымы және қолдау;
қайталау (1 сағат).
13. «Экономикалық теорияға кіріспе» (6 сағат):
«Ресурстық нарық және нарықтық кірістерді қалыптастыру» (3 сағат),
еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері, қызметтері, субъектілері,
компонеттері, еңбекке сұраныс, еңбекке ұсыныс, еңбекақы, номиналдық және
шынайы еңбекақы, еңбек нарығындағы кәсіподақ рөлі, еңбек биржасы және оның
қызметтері;
«Капитал нарығы және табиғат ресурстары», капиталға деген сұраныс және
ұсыныс ерекшеліктері, инвестициялар мен жинақтар, кредит және оның
түрлері, несиелік жүйе және оның элементтері, қор биржасы және құнды
қағаздар, табиғи ресурстар нарығы, жер сату және сатып алу объектісі, жерге
деген сұраныс, ұсыныс ерекшеліктері;
«Кәсіпкерлік қызмет негіздері», кәсіпкерлік өндірістің факторы
ретінде, кәсіпкерліктің субьектілері мен обьектілері, оның дамуының
мақсаттары мен факторлары, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық
формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
«Ұлттық экономика және оның динамикасы» (2 сағат), экономикалық
дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстар, кіріс
пен азық-түлік ағымы), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық
байлық, ұлттық азық, ішкі азық, ұлттық кіріс);
«Экономикалық өсім ерекшеліктері», экономикалық өсім (мәні, типтері,
көрсеткіштері, әлеуметтік экономикалық салдары), макроэкономикалық
тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдігі), инфляция және жұмыссыздық,
нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен мәні, ұлттық
экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен әдістері;
қайталау (1 сағат).
14. «Заңға кіріспе» (6 сағат):
«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (3 сағат), құқықтық
мемлекет туралы ұғым және белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, құрал және
нәтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық
мемлекеттің негізгі ұстанымдары, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары», мемлекеттік
билік туралы ұғым, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі,
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің, Үкіметтің Парламенттің
қызметі, рәсімделу реті, әділеттілік және сот билігі, жергілікті өкілетті
және атқарушы органдар;
«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен
ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, құқық қорғау
органдары туралы ұғым, мемлекеттік қызмет ұстанымдары, құқық қорғау
қызметінің ұстанымдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің құқығы,
міндеттері және жауапкершілігі;
«Азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық тәртіп және заңды
жауапкершілік» (2 сағат), құқықтық сана және құқықтық мәдениет,
азаматтардың құқықтық санасы және құқықтық мәдениеті, құқықтық сана
түсінігі, түрлері, құқықтық идеология және құқықтық психология, құқықтық
мәдениет мазмұны мен деңгейі;
«Құқықтық тәртіп, құқықбұзушылық,заңды жауапкершілік», құқықтық тәртіп
(түсінігі, құрылымы, түрі), құқықтық тәртіп түрлері, құқықбұзушылық
түсінігі және құрамы, құқықбұзушылықтың түрлері, заңды жауапкершілік
(түсінігі, белгілері және оның негізі), заңды жауапкершілік ұстанымдары;
қайталау (1 сағат);
15. Қорытынды қайталау (1 сағат).
4. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы

16. «Адам және дүние» (9 сағат):
«Адам және оның дүниетанымы» (2 сағат), дүниетаным ұғымы, дүниетаным
құрылымы, дүниетанымның негізгі элементтері, дүниетанымның қоғамдық-тарихи
және жеке сипаты, өмірлік-практикалық және теориялық дүниетаным;
«Дүниетанымның тарихи үлгілері», мифологиялық, діни, философиялық
дүниетанымның ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық
дүниетанымдағы адамның бейнесі, жаратылыстану ғылыми дүниетанымдағы адам

ұғымы, оның өлшемдері, жаратылыстану ғылыми білімдер ерекшелігі;
«Ғылыми таным», ғылымның пайда болуы, ғылыми ойдың негізгі
ерекшеліктері, ғылыми зерттеу әдістері, жаратылыстану және техникалық
ғылымдар, ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі;
«Білім және білім беру», білім беру туралы қазіргі ұғым, ақпарат,

бойғы білім, жаратылыстану ғылыми білімінің ерекшелігі;
«Еркіндік, қажеттілік және адамзат қызметіндегі жауапкершілік» (3

«Еркіндік және қажеттілік» еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және

17. «Қоғамдық қатынас жүйесіндегі адам» (14 сағат):

және революция сияқты әлеуметтік өзгерістің формалары, қоғамдық үдеріс

«Қазіргі өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі қоғам және өркениет,
жаһандану үдерісі, жаһандануға қарсылық, компьютерлік революция, қоғам және
адам ХХІ ғасырдың қауіп-қатері алдында, ғаламдық мәселелерді шешудегі
жаратылыстану ғылымдарының ролі;
«Әлеуметтік қатынастар» (3 сағат), әлеуметтену үдерістері, индивидтің
әлеуметтенуі, тұлғаның әлеуметтік статусы, әлеуметтік топтар мен

«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлі, нормалары,
құндылықтары, отбасындағы тұлға аралық қатынастар, отбасылық қатынастар
этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту;
«Адамның көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы», этникалық тұтастықтар,
ұлттық сана, қазіргі әлемдегі ұлтаралық қатынастың дамуы, ұлтаралық
жанжалдың себептері және оның шешімі, ұлтаралық келісім және ұлттық бірлік
Қазақстанның гүлденуі мен әлеуметтік игілігінің негізі ретінде;

бастаулары, қорлар, тұтынушының шығындары, тұтыну бюджеттін жоспарлау,

«Өндірушінің экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы
өндірушінің тәртібі», өндіріс және өндірістік факторлар, бизнестің

қоғам), ұсыныс, ұсыныс заңы, фирманың шығыны мен пайдасы;
«Нарықтық құрылымның типтері», жетілген бәсекелестік, монополистік
бәсеке, олигополия, монополия, экономиканы монополиялаудың салдары,
мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;

«Азаматтың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясаттың негіздері,
сайлаулар, референдум, жергілікті өзін өзі басқару, саяси партиялар мен
қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлдері, Қазақстандағы саяси
партиялар мен қозғалыстар;
«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық
ұғымы, адамның рухани мәдениетінің негіздері, рухани құндылықтар, рухани
мұра және оның қоғамдағы маңызы, руханилық және ғылыми-техникалық
революция;
«Тұлғаның адамдық негіздері», руханият және адамгершілік, тұлғаның
адамдық ұстанымдары, ізгілік және зұлымдық, қарыз және ұят, моралдік
идеал, отаншылдық және азаматшылдық, тәрбие мен білімнің адамгершілік
қызметтері;
«Діни толеранттылық», дін, діни ұйымдар және бірлестіктер, қазіргі

және жаратылыстану ғылыми ой, діни жән діни емес дүниетанымдардың диологы,
діни экстремизмнің алдын алу;
қайталау (1 сағат).
18. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (10 сағат):

«Адамның құқықтары және оны қорғау», Қазақстан азаматтары құқығы мен

қорғау, адам құқығын қорғаудың әмбебап, арнаулы аймақтық халықаралық
құжаттары;

негіздері, азаматтық құқық ұғымы және негізгі көздері, азаматтық құқықтың
ұстанымдары, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы, кәмелетке
толмағандар мүліктік қатынасқа қатысушылар ретінде, азаматтық-құқықтық
келісімнің негізгі түрлері, тұтынушы құқықтары;
«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығы ұғымы және негізгі көздері,
еңбек қатынастары аясындағы кепілдемелер, еңбек шарты, еңбек шартын бекіту
және бұзу, кәмелетке толмағандар еңбегінің ерекшеліктері, жұмыс және
демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;

көздері, отбасылық құқықтың негізгі түсінігі, некелік-отбасылық құқықтың

«Экологиялық құқық негіздері (құқықтың кешенді, жеке-бұқаралық
саласы), экологиялық құқық ұғымы және негізгі көздері, экологиялық құқық
ұстанымдары, экологиялық заңмен қорғалатын негізгі нысан, табиғатты
пайдалану түсінігі мен түрлері, экологиялық құқықтағы азаматтардың құқығы
мен міндеттері, экологиялық тәртіп бұзушылық және ол үшін жауаптылық;

негіздері, әкімшілік құқық ұғымы және негізгі көздері, негізгі және туынды
нормативтік актілері, мемлекет қызметінің басқару жүйесіндегі негізгі
бағыттары, мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет ұғымы,
әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;
«Қылмыстық құқық негіздері», қылмыстық құқық ұғымы және негізгі
көздері, қылмыстық заңнама құрылымы, қылмыстық құқықтың мақсаты мен

«Қаржылық және салықтық құқық негіздері», қаржылық және салықтық құқық
ұғымы және негізгі көздері, салық салу принциптері, салықтық саясат, салық
төлеуші ұғымы, салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері, бюджет ұғымы мен
оның түрлері;
қайталау (1 сағат);
19. Қорытынды қайталау (1 сағат).
5. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы

20. «Философия негіздері» (7 сағат):

парасатты ілім, философия-ақыл мәдениеті;
«Философия ой-сапа мектебі», философ деген кім, алғашқы философтар
және олардың ілімі, өз-өзіңді тани біл, философиялық сұрақтар және
жауаптардың ерекшелігі;
«Философия антропологиясы» (2 сағат), адам – философияның басты
мәселесі, философия – адамның ерекше және мазмұнды мәселесі, адамның

«Адам ойының ізденісі», философия өмір мағынасы туралы, адам атауы,
қазіргі өркениеттегі адамның шарты, «Адам капиталы» туралы түсінік және
оның мағынасы;
«Жаратылыстану философиясы» (2 сағат), табиғатқа деген философиялық
көзқарас, табиғатқа өздігінен дамушы жүйе ретінде қарау, адам мен
табиғаттың өзара әрекеттесуінің негізгі теориялары, экологиялық дағдарыс,
экологиялық сана және биофилософия;
«Жаратылыстану ғылыми білімдердің философиялық мәселелері»
Биологияның, медицинаның, физикадағы, химиядағы философиялық мәселелер,
философия және математика;
қайталау (1 сағат).
21. «Әлеуметтану негіздері» (8 сағат):
«Әлеуметтану дегеніміз не?» (2 сағат), Әлеуметтану ғылым ретінде,
әлеуметтанудың пайда болуы және дамуы, әлеуметтанудың обьектісі мен пәні,
әлеуметтанудағы негізгі сұрақтар, әлеуметтанудың сандық және сапалық
әдістері, зерттеудің әлеуметтанулық әдістерінің ерекшеліктері,
әлеуметтанудың математикалық ұстанымдары;
«Әлеуметтанулық білім», әлеуметтанудың жаратылыстану ғылыми
білімдермен өзара әрекеттесуі, әлеуметтану білімінің құрылысы, қазіргі
заманғы қоғам мәселесін түсінудегі әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;
«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара байланыс жүйесі
ретінде, әлеуметтік өзара қарым қатынастардың түрлері, әлеуметтік топтар,
олардың түрлері, әлеуметтік институттар және оның түрлері, әлеуметтік
институттардың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс,
ауытқушылы мінез құлық және әлеуметтік бақылау;

себептері, әлеуметтік қақтығыс сипаттамасы, әлеуметтік қақтығысты басқару,
әлеуметтік қақтығысты шешу жолдары;

кезеңдегі әлеуметтік рөлдер, жастар субмәдениетінің ерекшеліктері,

22. «Саясаттану негіздері» (6 сағат):

технологиясы және оның жаратылыстану ғылыми құрамы, қоғамдық өмірді
басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттану білімдерінің маңызы;

қызметі, саяси институттар, нормалары, коммуникациялары, үдерістері туралы
түсінік;

23. «Экономикалық теорияға кіріспе» (6 сағат):
«Өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру»
(3 сағат), еңбек нарығ, еңбек нарығының ерекшеліктері, қызметтері,
субъектілері, компонеттері, еңбекке сұраныс, еңбекке ұсыныс, еңбекақы,
номиналдық және шынайы еңбекақы, еңбек нарығындағы кәсіподақ рөлі, еңбек
биржасы және оның қызметтері;

ұсыныс ерекшеліктері, инвестициялар мен жинақтар, несие және оның түрлері,
несиелік жүйе және оның элементтері, қор биржасы және құнды қағаздар
нарығы, табиғи ресурстар нарығы, жер сату және сатып алу объектісі, жерге
деген сұраныс, ұсыныс ерекшеліктері, жер рентасы және жердің бағасы;

«Экономикалық өсім ерекшеліктер», экономикалық өсім (мәні, типтері,

24. «Заңға кіріспе» (6 сағат):

«Құқықтық реттеу негіздері. Заңдылық және құқықтық тәртіп» (2 сағат),
құқықтық реттеу негізі, құқықтық реттеу, оның жолдары, тәсілдері, типтері,
құқықтық реттеу элементтері мен құралдары, құқықтық реттеу үдерісі
сатылары;
«Заңдылық және құқықтық тәртіп», заңдылық (ұғымы және негізгі
ұстанымдары), құқықтық тәртіп, қоғамдық тәртіп және құқықтық қамтамасыз ету
ұғымдары, ұлттық қауіпсіздік ұғымы, түрлері, Қазақстан Республикасының
негізгі ұлттық қызығушылығы, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қаупі;
қайталау (1 сағат);
25. Қорытынды қайталау (1 сағат).
6. Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
26. Оқушылардың дайындық деңгейлері үш аспектімен: пәндік нәтижелер,
тұлғалық нәтижелер, жүйелі-іс әрекеттік нәтижелермен бағаланады.
27. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1) дүниетанымның негізгі элементтері мен құрылысын;
2) тарихи дүниетанымның түрлерін – мифологиялық, діни,
философиялық;
3) әлемді тану мәселесін, ғылымның пайда болуын;
4) білімнің қазіргі заманғы мәнін;
5) адам өміріндегі құндылықтарды және құндылықтарды таңдау
мәселесін;
6) жеке және әлеуметтік жетістік үшін адамның жауапкершілігін;
7) қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;
8) қоғамдағы нарықтық экономиканың ролін, экономиканың нарықтық
субьектілер мінез құлқымен өзара байланысын;
9) ұсыныс пен сұраныс заңдарын, кіріс көздерін, өндірістің
факторларын, мемлекеттің монополияға қарсы саясатын;
10) демократиялық саясат негіздерін – сайлау, референдум,
жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық және саяси ұйымдарды;
11) қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үдерісі мен жеке және
көпшілік құқықтың негізгі салаларын;
12) қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;
13) қоғамның дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы
түсініктерін;
14) тұлғаның әлеуметтік статусын, қоғамның әлеуметтік құрылысын;
15) нарықтық экономика ерекшеліктерін, тұтынушылар мен
өндірушілердің іс-әрекетін;
16) қоғамның саяси жүйесін, мемлекеттің формалары мен белгілерін,
саяси режимдер, демократиялық саясаттың негіздерін;
17) адамның рухани мәдениетінің негіздерін, қоғамның рухани
құндылықтары, тұлғаның адамгершілік негіздері, тәрбие мен білім
беру міндеттерін;
18) қазіргі заманғы қоғам өміріндегі діннің ролін;
19) адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін;
20) Қазақстандағы адам еркіндігі мен құқығын қорғау механизмдерін
және адам құқығын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғауды;
21) жеке және көпшілік құқықтың негізгі салаларын білуі тиіс.
28. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) ақыл-ой мектебі мен саналы және игілікті өмір мектебі
ретінде философия негізін;
2) жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардағы философиялық
мәселелерді;
3) әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі мәселелерін;
4) нарықтық экономика туралы (еңбек нарығы, капитал, табиғи
ресурстарды);
5) ұлттық экономиканның негізгі көрсеткіштері мен
экономикалық өсімнің ерекшеліктерін;
6) қоғамның әлеуметтік құрылысы, оның элементтері, әлеуметтік
іс-әрекет және әлеуметтік рольдерді;
7) қоғамның саяси жүйесін, Парламент, Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі, әділет органдары,
жергілікті өкілетті, атқарушы және құқық қорғау
органдарының қалыптасуы мен қызмет ету тәртібін;
8) азаматтық, этномәдени, конфессиялық бірлестік ретіндегі
Қазақстан қоғамының ерекшеліктерін;
9) философия, әлеуметтану, саясаттану, экономикалық теория,
заң білімі сияқты ғылымдардың мәні мен ерекшелігін;
10) адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, өмірдің мәні
мен бағдарын;
11) қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;
12) қоғамдағы экономиканың ролін, еңбек нарығын, капитал,
табиғи ресурстарды;
13) құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерін, конституциялық
кепілдемелерді;
14) мәдени жетістіктерді, адамның рухани әлемін сипаттауды;
15) қарым-қатынас, мораль және адамгершілік нормаларын білуі
тиіс, мемлекет саясатының мәнін түсіндіруді;
29. 10 және 11сыныптың соңында оқушылар:
1) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре;
2) табиғатқа, адам мен қоғамға деген философиялық көзқарасты
түсіндіре;
3) оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды дербес талдай
білу және жалпылау, әлеуметтанудағы, саясаттанудағы, экономика мен заң
ғылымдарындағы бастыларын анықтай білуді;
4) қоғам өмірінің оң және теріс құбылыстарына дербес баға
беруді;
5) экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша жеке
көзқарасын білдіруді және оны дәлелдеуді;
6) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін,
карта, кесте, схема, аудиовизуальды) ақпараттарды талдау жасауды;
7) құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орната
білуді;
8) құқықтық және өзекті қоғамдық мәселелер бойынша
пікірталастарға қатысу, алынған ақпараттарды дәлелдеу үшін талқыланатын
мәселелер бойынша дербес көзқарасын білдіруді;
9) қазіргі заманның құбылыстарына қатысты өз ұстанымын анықтау,
өзінің және маңайындағылардың іс-әрекеттерін қазіргі әлеуметтік тәртіпке
негіздеуді;
10) әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік
нормалардың дамуындағы себеп-салдарлық байланыстарды және заңдылықтарды
айқындауды;
11) экономиканың, қоғамның саяси жүйесінің, алуан түрлі
мәдениеттің дамуы туралы түрлі ақпарат көздеріндегі қажетті ақпараттарды
таба білуді;
12) моральдық, этикалық, адамгершілік және құқықтық нормаларды
талдау және жалпылауды;
13) материалдық өндіріске сипаттама беру және оны бағлау,
қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағлай білуді
меңгеруі тиіс.
30. Тұлғалық нәтижелер психологиялық-педагогикалық мониторинг
формасында зерттеліп, оқушының тәрбиелілік, әлеуметтік және рухани-
адамгершілік, шығармашылық-дене дамуының деңгейі түрінде оның
портфолиосында көрсетіледі. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан
территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың
құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;
4) туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған
ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;
5) салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы
адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6) этикалық нормаларды сақтау мен адамзат тілдесуінің жоғарғы
мәдениетін көрсетуінен;
7) өз бетімен білім алу және өзін-өзі жүзеге асыра білу,

8) үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
9) әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни

31. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында, таңдау
курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс

Оқушылардың жүйелі-іс әрекеттік нәтижелері:
1) адамзат қоғамының дамуы үшін ғылым негіздері және қолданылу
саласы бойынша ғылыми жетістіктердің білім жүйесін меңгеру;
2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды
қолдана алуы, тірек конспект, сызбанұсқалар, кестелер құрастыру
рефераттар, пікірлер жаза білу;
3) жаңа материалмен, өздігінен жұмыс істей білу, зерттеу
жұмыстарымен айналысу;
4) танымдық, жобалау, құрастыру, іздену, шығармашылық әдістерін
қолдану;
5) қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды білу;
6) жоғары коммуникативтік қабілеттілік, көптілді мәдениеттілікті
қолдана білуі тиіс.
7. 10 -11-сыныптары үшін 2013-2014 оқу жылына арналған
өтпелі кезең оқу бағдарламасы
32. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
10-сыныпқа арналған 2013-2014 оқу жылына арналған өтпелі кезең бағдарламасы
9-10 сыныптар үшін жаңа бағдарламаның ерекшеліктерін ескеріп құрастырылған
және 9 және 10 сыныптағы тақырыптарды жалпы қарастырады.
33. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 11 сыныпқа арналған 2013-2014 оқу жылына арналған өтпелі кезең
бағдарламасы 9,10,11 сыныптар үшін жаңа бағдарламаның ерекшеліктерін
ескеріп құрастырылған және 9,10 және 11 сыныптағы тақырыптарды жалпы
қарастырады.
34. Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
1) 10-сыныпта аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
2) 11-сыныпта аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыт
3) 10-сыныпта аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
4) 11-сыныпта аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат.
8. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10 сыныбына арналған базалық білім мазмұны
35. «Адам және дүние» (12 сағат):
«Адам және оның дүниетанымы» (5 сағат), адам өмірінің
ерекшеліктері, гуманитарлық білімдегі адамның шығу тегі мәселесі, адамның
биологиялық және әлеуметтік табиғаты, адамның қажеттіліктері мен
қызығушылықтары, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттері, адамның
құндылықтары мен мұраттары, құндылықтарды таңдау мәселесі, құндылықтар мен
өмірлік бағыт бағдарлар, адам өмірі құндылық ретінде;
«Көзқарас ұғымы», көзқарастың құрылысы, көзқарастың негізгі
элементтері, көзқарастың қоғамдық-тарихи және жекелік сипаты, өмірлік-
практикалық және теориялық көзқарас, мифологиялық, діни, философиялық
көзқарастардың ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық
көзқарастардағы адам образы;
«Адам тұлға ретінде», индивид, индивидуалдылық, тұлға, қалай
тұлға болуға болады, мінез құлықтың қалыптасуы, тәрбие және өзін-өзі
тәрбиелеу, әлемдегі адамның орны, өмірдің мәні;
«Адамның әлемге деген танымдық қатынасы» (4 сағат), әлемнің
танымдылығы мәселесі, адамның танымдық қызметі, сезімдік және рационалдық
таным, ақиқат ұғымы, оның критериилері, әлеуметтік гуманитарлық білімнің
ерекшелігі, ғылымның шығу тегі, ғылыми ойлаудың негізгі ерекшеліктері,
әлеуметтік-гуманитарлық білімдер, ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі;
«Білім және білім беру», білім беру туралы қазіргі заманғы
түсінік, ақапарат, білім, даналық, білім және білімділік, өздігінен білім
алу қажеттілігі, өмір бойы білім алу, білім берудің мәні мен құндылығы,
адам мен қоғам дамуындағы білім берудің маңызы;
«Адам қызметіндегі еркіндік және қажеттілік» (2 сағат), еркіндік
және қажеттілік, еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және жеке құндылық
ретінде, табиғи және әлеуметтік қажеттілік, еркіндік танылған қажеттілік
ретінде;
«Еркіндік және жауапкершілік», адамның ішкі және сыртқы
еркіндігі, еркіндік адамның тұлғалығының қалыптасу шарты ретінде, тұлғаның
өз өміріне деген жауапкершілігі;
қайталау (1 сағат).
36. «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі адам» (18 часов):
«Қазіргі заманғы қоғам» (4 сағат), қоғамдық даму заңдылықтары,
эволюция және революция әлеуметтік өзгеріс формасы ретінде, қоғамдық
прогресс ұғымы, оның қарама-қайшылығы, дәстүрлі (аграрлық) қоғам,
индустриалдық қоғам, постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік
модернизация ұғымы;
«Қазіргі заманғы өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі заманғы
қоғам және өркениет, жаһандану үдерістері, антиглобализм, компьютерлік
революция, ғаламдық мәселелердің әлеуметтік және гуманитарлық аспектілері,
адам және қоғам ХХІ ғасырдың қаупі алдында, жаһандық мәселелерді шешудегі
гуманитарлық ғылымдардың рөлі;
«Әлеуметтік қатынастар» (4 сағат), адамдардың тілдесу әлемі,
тілдесу, тілдесудің мазмұны мен формалары, тұлғааралық тілдесу, тілдесу
мәдениеті, тұлға және ұжым (коллективизм, индивидуализм, конформизм),
адамдардың мінез-құлқындағы абырой (сыпайылық, әдептілік, ибалылық),
сұхбат, дискуссия, өзара түсінісу, серіктестік, ынтымақтастық;
«Әлеуметтену үдерісі», күнделікті өмірді зерттеу, статус немесе
әлеуметтік жағдайды айқындау, статустар мен рөлдердің жиынтығы, шындықтың
әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік қақтығыстар, олардың конструктивтік шешімі;
«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рольдері,
нормалары мен құндылықтары, отбасындағы тұлғааралық қатынастар, отбасылық
қатынастар этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелері туралы;
«Көп ұлтты қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттесуі», этникалық
қауымдастықтар, ұлттық сана-сезім, қазіргі кезеңдегі әлемдегі ұлтаралық
қатынастардың дамуы, ұлтаралық қақтығыстардың себебі мен оларды жеңудің
жолдары, Қазақстанның жаңаруы мен әлеуметтік игілігінің негізі ретіндегі
ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлік;
«Нарықтық субьектілердің экономикалық сипаты» (3 сағат),
тұтынушылардың экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы
тұтынушылардың іс-әрекеттері, кіріс көздері, салымдар, тұтынушылардың
шығындары, тұтынушылық бюджетті жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыларды
қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс факторлары;
«Өндірушілердің экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы
өндірушілердің іс-әрекеттері, өндіріс және өндіріс факторлары, бизнесті
ұйымдастырудың негізгі формалары (жеке кәсіпкерлік, серіктестік,
акционерлік қоғамдар), ұсыныс, ұсыныс заңдары, фирмадағы кідірістер мен
кірістер;
«Нарықтық құрылымның типтері», жетілген бәсекелестік,
монополистік бәсекелестік, олигополия, монополия, экономиканы
монополияландырудың салдары, мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;
«Саяси жүйе» (3 сағат), саясат және мемлекет, мемлекет ұғымы мен
оның белгілері, мемлекеттің егемендігі, мемлекеттік билік, мемлекеттің
формалары (басқару формалары, территориалық-мемлекеттік құрылысы), саяси
режим, тоталитаризм, авторитаризм, демократия;
«Азаматтардың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясат
негіздері, сайлаулар, референдум, жергілікті өзін-өзі басқару, саяси
партиялар мен қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлі, саяси партиялар
мен Қазақстандағы қозғалыстар;
«Азаматтық қоғам», азаматтық қоғам ұғымы, азаматтық қоғамның
пайда болуы, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық ұстанымы, Қазақстандағы
азаматтық қоғамның қалыптасуы;

рухани мұра және оның қоғам үшін маңыздылығы, руханилық және гуманизм;
«Тұлғаның адамгершілік негіздері», руханилық және адамгершілік,
тұлғаның адамгершілік ұстанымдары, қайырымдылық және зұлымдық, парыз және
ар-ұждан, моральдық идеал, отансүйгіштік және азаматтылық, тәрбие мен білім
берудегі адамгерішілік қызметтері;
«Діни толеранттылық», дін, діни ұйымдар мен бірлестіктер,
олардың қазіргі қоғам өміріндегі алатын орны, ар-ұждан бастандығы мен дінге
еріктілік, дін және еркін ойшылдық, діни және діни емес көзқарастар
сұхбаты, діни экстремизмді алдын алу;
қайталау (1 сағат).
37. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (19 сағат):
«Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері» (8 сағат), құқық
және заңнама, құқық ұғымы және оның белгілері, қоғам мен мемлекет
өміріндегі құқықтың рөлі, құқықтың бастаулары, дәстүрлер, әдет ғұрыптар мен
құқық, заңнама жүйесі, Қазақстандық құқықтың салалары, құқық пен заңнаманың
ара қатынасы, заң ұғымы мен заңнан туындаған актілер, заңның ұлықтылығы;
«Құқықтық қатынастар», құқықтық қатынастар қоғамдық
қатынастардың формасы ретінде, құқықтық қатынас субъектілері, субъективтік
құқықтар мен субъективтік міндеттер, құқықтық қабілеттілік, заңды
жауапкершілік ұғымы және оның түрлері, құқық бұзушылықтың түрлері мен
белгілері, кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершіліктерінің
ерекшеліктері;
«Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының
негіздері», негізгі заң, халық – билік көзі, азаматтардың конституциялық
құқықтары мен міндеттері, конституцияның негізгі бөлімдері, адам құқығы
ұғымы, азаматтылық ұғымы, адамдар мен азаматтардың құқықтары, адамдар мен
азаматтардың міндеттері, Қазақстан Республикасындағы адамдар мен
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдемелері;
«Адам құқығы және оны қорғау», Қазақстандағы азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыру механизмдері, адам
құқықтарын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғау, адам құқықтарын қорғау
саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер;
«Жеке құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), азаматтық құқық
негіздері, азаматтық құқық ұғымы мен негізгі бастаулары, азаматтық құқық
принциптері, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы, кәмелетке
толмағандардың мүліктік қатынастарға қатысуы, азаматтық құқықтық келісімнің
негізгі түрлері, тұтынушылардың құқықтары;
«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығының негізгі бастаулары
мен ұғымы, еңбектік қатынастар сферасындағы кепілдемелер, еңбек келісімі,
еңбек келісімін жасау мен бұзу, кәмелетке толмағандардың еңбегінің
ерекшеліктері, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;

«Көпшілік құқықтың негізгі салалары» (6 сағат), әкімшілік құқық

«Қылмыстық құқықтың негіздері», қылмыстық құқық ұғымы және
негізгі бастаулары, қылмыстық заңнама құрылымы, қылмыстық құқықтың мақсаты
мен ұстанымдары, қылмыс ұғымы және түрлері, қылмыс құрамы ұғымы, қажетті
және аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері;

38. Қорытынды қайталау (2 сағат).
9. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы

39. «Адам және дүние» (12 сағат):
«Адам және оның көзқарасы» (5 сағат), адам өмірінің
ерекшеліктері, жаратылыстану ғылыми білімдегі адамның шығу тегі мәселесі,
адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты, адамның қажеттіліктері мен

өмірлік бағыт-бағдарлар, адам өмірі құндылық ретінде;
«Көзқарас ұғымы», көзқарастың құрылымы, көзқарастың негізгі
элементтері, көзқарастың қоғамдық-тарихи және индивидаулдық сипаты, өмірлік-

көзқарастардағы адам бейнесі, әлемнің жаратылыстану ғылыми бейнесі;
«Адам тұлға ретінде», индивид, индивидуалдылық, тұлға, тұлға
болу, мінез құлықтың қалыптасуы, тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу, әлемдегі
адамның орны, өмірдің мәні;

таным, ақиқат ұғымы, оның критериилері, жаратылыстану ғылыми білімнің
ерекшелігі, ғылымның шығуы, ғылыми ойлаудың негізгі ерекшеліктері,
жаратылыстану ғылымдары мен оның мәдениеттегі мәні, ғалымдардың әлеуметтік
жауапкершілігі;
«Білім және білім беру», білім беру туралы қазіргі түсінік,
ақпарат, білім, даналық, білім және білімділік, өздігінен білім алу
қажеттілігі, өмір бойы білім алу, білім берудің мәні мен құндылығы, адам
мен қоғам дамуындағы білім берудің мазмұны;

өз өмірі үшін жауапкершілігі;
қайталау (1 сағат).
40. «Қоғамдық қатынас жүйесіндегі адам» (24 сағат):
«Қазіргі қоғам» (4 сағат), қоғамдық дамудың заңдылықтары, эволюция

қоғам және адам ХХІ ғасырдың қауіп-қатері алдында, ғаламдық мәселелерді
шешудегі жаратылыстану ғылымдарының рөлі;

тілдесу байлығы, тілдесудің мазмұны мен формалары, тұлғааралық тілдесу,
тілдесу мәдениеті, тұлға және ұжым, коллективизм, индивидуализм,
конформизм. Адамдардың мінез-құлқындағы абырой, сыпайылық, әдептілік,
ибалылық, сұхбат, дискуссия, өзара түсінісу, серіктестік, ынтымақтастық;

әлеуметтік жағдайды айқындау, статустар мен рольдердің жиынтығы, шындықтың

«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлдері,

қауымдастықтар, ұлттық сана-сезім, қазіргі заманғы әлемдегі ұлтаралық

ұлт аралық келісім мен ұлттық бірлік;
«Нарықтық субьектілердің экономикалық тәртібі» (9 сағат),
экономика дегеніміз не, қоғамның шаруашылық өмірінің негіздері,
экономикалық ресурстардың шектелуі, қажеттіліктердің шексіздігі,
экономикалық таңдау мәселесі, экономиканың басты мәселелері (неге, қалай
және кім үшін өндіру керек), өндірістің экономикалық ресурстары мен
факторлары, қоғамдық өндіріс нәтижелері, экономикалық игілік ұғымы;
«Экономика және меншік», меншіктің экономикалық және құқықтық
мазмұны, меншіктің формалары, жеке меншіктің қазіргі заманғы түрлері,
мемлекеттік меншік және оның экономикалық жүйелердің дамуындағы рөлі,
экономикалық жүйелердің типтері, дәстүрлі экономикалық жүйе, командалық
экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе;
«Нарықтық экономика және ақша», ақшының мәні мен қызметтері,
ақша формаларының эволюциясы, ақша айналымының заңы, ақша жүйесі және оның
элементтері, ақша реформалары, нарықтың мәні мен қызметтері, нарықтың
құрылысы мен инфрақұрылымы, нарықтық экономика және оның негізгі белгілері,
нарықтық өзгерістердің Қазақстандық үлгісі;
«Тұтынушылардың экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы

шығындары, тұтынушылық бюджетті жоспарлау, тұтынушылық несие,
тұтынушыларды қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс факторлары;

өндіргіштердің іс-әрекеттері, өндіріс және өндіріс факторлары, бизнесті

«Нарықтық құрылымның типтері», жетілген конкуренция,
монополистік конкуренция, олигополия, монополия, экономиканы

формалары (басқару формасы, әкімшілік-аумақтық құрылымы), саяси режим,
тоталитаризм, авторитаризм, демократия;

шығу тегі, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық ұстанымы, Қазақстандағы

тұлғаның адамгершілік принциптері, қайырымдылық және зұлымдық, парыз және
ар-ұждан, моральдық идеал, патриотизм және азаматтылық, тәрбие мен білім

қазіргі заманғы қоғамның өміріндегі олардың алатын орны, ар-ұждан
бостандығы мен дінге еріктілік, дін және еркін ойшылдық, діни және діни
емес көзқарастар сұхбаты, діни экстремизмді алдын алу;
қайталау (1 сағат).
41. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (13 сағат):
«Адам мен азаматтың құқығы және міндеттері» (4 сағат), құқық және
заңнама, құқық ұғымы мен оның белгілері, қоғам мен мемлекет өміріндегі
құқықтың рөлі, құқықтың бастаулары, дәстүрлер, әдет ғұрыптар мен құқық,
заңнама жүйесі, Қазақстандық құқық салалары, құқық пен заңнаманың
арақатынасы, заң ұғымы мен заңнан туындаған актілер, заңның ұлықтылығы;

құқықтар мен субъективтік міндеттер, құқықтық қабілеттілік пен
қабілеттілік, заңды жауапкершілік ұғымы мен оның түрлері, құқық
бұзушылықтың түрлері мен белгілері, кәмелетке толмағандардың заңды
жауапкершіліктерінің ерекшеліктері;
«Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері»
, негізгі заң, халық – билік көзі, азаматтардың конституциялық құқықтары
мен міндеттері, конституцияның негізгі бөлімдері, адам құқығы ұғымы,
азаматтылық ұғымы, адамдар мен азаматтардың құқықтары, адамдар мен

сферасындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер;

«Еңбек құқығының негіздер», еңбек құқығының негізгі бастаулары

еңбек келісімін жасау мен бұзу, кәмелетке толмағандардың еңбек ету

«Отбасылық құқық негіздері», отбасылық құқық ұғымы мен оның
негізгі бастаулары, отбасылық құқықтың негізгі ұғымдары, некелік отбасылық
заңнаманың принциптері, некеге тұру шарттары, некені бұзу, некедегі
адамдардың құқықтары мен міндеттері, некелік келісім, баланың құқықтары;
«Экологиялық құқық негіздері», экологиялық құқық ұғымы мен оның
негізгі бастаулары, экологиялық құқық принциптері, экологиялық құқықпен
қорғалатын негізгі обьектілер, табиғатты пайдалану ұғымы мен оның түрлері,
экологиялық құқықтағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері, экологиялық
құқық бұзушылық пен оларды жасағандығы үшін жүктелетін жауапкершілік;
«Құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), әкімшілік құқықтың
негіздері, әкімшілік құқық ұғымы мен оның негізгі бастаулары, негізгі және
туынды нормативтік актілер, басқару бойынша мемлекет қызметіндегі негізгі
бағыттар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет ұғымы,
әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік;
«Қылмыстық құқық негіздері», қылмыстық құқық ұғымы мен оның
негізгі бастаулары, қылмыстық заңнама құрылысы, қылмыстық құқықтың
міндеттері мен принциптері, қылмыс ұғымы мен оның түрлері, қылмыс құрамы
ұғымы, қажетті қорғаныс пен аса қажеттілік, қылмыстық жаза ұғымы мен оның
түрлері;
«Қаржылық және салық құқығының негіздері», қаржылық және
салықтық құқық ұғымы мен оның негізгі бастаулары, салық салу принциптері,
салық саясаты, салық төлеуші ұғымы, салық төлеушінің құқықтары мен
міндеттері, бюджет ұғымы мен оның түрлері;
қайталау (1 сағат).
42. Қорытынды қайталау (2 сағат).
10. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
11 сыныбына арналған базалық білім мазмұны
43. « Философия негіздері» (13 сағат):
«Философия дегеніміз не?» (4 сағат), философияның адам мен қоғам
өміріндегі ролі, философия – даналыққа құштарлық ретінде, философия –
саналы және игілікті өмір туралы ілім, философия – ақыл ой мәдениеті;
«Философия ой мектебі ретінде», философ дегеніміз кім, алғашқы
философтар, олардың ілімдері, өзіңді өзің таны, философиялық сұрақтар мен
жауаптардың ерекшеліктері;
«Философия антропологиясы» (4 сағат), адам философияның орталық
мәселесі ретінде, адам философиялық мәселесінің мәні мен ерекшелігі,
философиядағы адамның негізгі образдары, адам адам болуға ұмтылыс ретінде;
«Адам өмірінің мәні», өмірдің мәні жөніндегі философия, адамның
бағыт-бағдары, қазіргі заманғы өркениет жағдайындағы адами фактор, адами
капитал ұғымы және оның мәні;
«Әлеуметтік философия» (4 сағат), қоғам-философиялық көзқарас
ретінде, күрделі ұйымдастырылған жүйе ретіндегі қоғам туралы түсінік,
қоғамдық дамудың негізгі теориялары, қоғамдық дамудың қозғаушы күштері,
тарих философиясы;
«Гуманиатарлық білімнің философиялық мәселелері», мәдениет
философиясы, білім философиясы, саясат философиясы, құқық философиясы, дін
философиясы;
қайталау (1 сағат).
44. «Әлеуметтану негіздері» (15 сағат):
«Әлеуметтану дегеніміз не?» (4 сағат), әлеуметтану ғылым ретінде,
әлеуметтанудың пайда болуының әлеуметтік және теориялық алғышарттары,
әлеуметтанудың негізгі мәселелері, әлеуметтанулық қабылдау бізге не
береді?;
«Әлеуметтанулық білім», қоғамды әлеуметтанулық тұрғыдан тану
тәсілдері, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер арасындағы әлеуметтанудың орны,
әлеуметтанулық білімнің құрылымы, қазіргі заманғы қоғамды танудағы
әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;
«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (4 сағат), қоғам өзара әрекеттесулер
жүйесі ретінде, әлеуметтік өзара әрекеттесулер түрі, әлеуметтік топтар мен
олардың жіктелуі, әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері, әлеуметтік
тәртіп және қақтығыс, ауытқушы мінез-құлық және әлеуметтік бақылау;
«Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық», қазіргі заманғы қоғамдағы
орта таптың ролі мен мазмұны, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік
қақтығыстардың себептері, әлеуметтік қақтығыстың сипаттары, әлеуметтік
қақтығысты реттеу, әлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдары;
«Тұлға және қоғам» (6 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік
факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, тұлғаның әлеуметтік
бірегейлігі, жастардың субмәдениетінің ерекшелігі, жастардың кәсіби және
әлеуметтік өзін өзі анықтауы, әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері, тұрмыстық
қатынастар мәдениеті;
«Қазіргі заманғы әлемнің этникалық алуан түрлілігі», этнос және
ұлт, этномәдени құндылықтар мен дәстүрлер, этностың ментальдық
ерекшеліктері, ұлтаралық серіктестік пен қақтығыстар, ұлтаралық
қатынастарды реттеу мәселесі;
«Қазіргі заманғы діни ахуалдар», діни өмірдің әлеуметтік
жағдайлары, дін әлеуметтануы, шіркеу қоғамдық институт ретінде, діни
конфессиялар, конфессия аралық серіктестік;
қайталау (1 сағат).
45. «Саясаттану негіздері» (9 сағат):
«Саясаттану дегеніміз не?» (4 сағат), саясаттану ғылым ретінде,
саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мәселелері, негізгі
саясаттанулық тұжырымдамалар;
«Саясаттанулық білім», әлеуметтік гуманитарлық білімдер жүйесіндегі
саясаттанудың орны, саясаттанулық білімнің құрылымы, қоғамдық өмірді
басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттанулық білімдердің маңызы;
«Саясат және мәдениет» (4 сағат), саяси мәдениет, қоғамдық
қатынастарды саяси реттеудің ерекшеліктері, саяси жүйе, оның құрылымы мен
қызметтері, саяси инститтутар, нормалар, байланыстар мен үдерістер туралы
ұғым, билік және саясат, биліктің легитимділігі, демократия және
парламентаризм;
«Тұлға және саясат», саяси элита, саяси көшбасшы ұғымы,
көшбасшылық типологиясы, саяси көшбасшының имиджі, қоғамдық санада оны
жасау және ұстап тұру;
қайталау (1 сағат).
46. «Экономикалық теорияға кіріспе» (5 сағат):
«Ресурстық нарық және нарықтық кірістерді қалыптастыру» (2 сағат),
еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері (қызметтері, субьектілері,
компоненттері), еңбекке деген сұраныс, еңбек ұсынысы, жалақы факторлық
кіріс ретінде, номиналды және шынайы жалақы, жалақы ставкасының
дифференциациясы, еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек биржасы
және оның қызметтері;

ретінде, кәсіпкерліктің субъектілері мен обьектілері, оның дамуының

дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстар,
өнімдер мен кірістер), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық
байлық, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім);
«Экономикалық өсімнің ерекшеліктері», экономикалық өсім (мәні,
типтері, факторлары, көрсеткіштері, әлеуметтік-экономикалық салдары),
макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдығы), инфляция
және жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
мен мәні, ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері;
қайталау (1 сағат).
47. «Заңға кіріспе» (7 сағат):
«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (4 сағат), құқықтық
мемлекет ұғымы мен оның белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, тәсіл және

мемлекеттің негізгі принциптері, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;
«Қазақстан республикасындағы мемлекеттік билік органдары»,
мемлекеттік билік ұғымы, Қазақстан Республикасының Президентінің құқықтық
статусы, Парламенттің, Өкіметтің, Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесінің қызмет етуі мен қалыптасуының тәртібі, әділеттілік және сот
билігі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;

ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, мемлекеттік қызмет
принциптері, құқық қорғау қызметінің принциптері, құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері;
«Азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық мінез құлық және
заңды жауапкершілік» (2 сағат), құқықтық сана және құқықтық мәдениет,
құқықтық сана және азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық сана ұғымы,
оның деңгейінің түрлері, құқықтық идеология мен құқықтық психология,
құқықтық мәдениеттің мазмұны мен деңгейлері;
«Құқықтық мінез құлық, құқық бұзушылық, заңды жауапкершілік»,
құқықтық мінез құлық (ұғымы, құрылымы, формалары), құқықтық мінез-құлық
түрлері, құқық бұзушылық ұғымы мен оның құрамы, құқық бұзушылықтың түрлері,
заңды жауапкершілік (ұғымы, белгілері мен оның негіздемелері), заңды
жауапкершілік принциптері;
қайталау (1 сағат);
48. Қорытынды қайталау (2 сағат).
11. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы

49. «Философия негіздері» (11 сағат):
«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам мен қоғам

философтар мен олардың ілімдері, өзіңді өзің таны, философиялық сұрақтар
мен жауаптардың ерекшеліктері;
«Философия антропологиясы» (2 сағат), адам философияның орталық

философиядағы адамның негізгі образдары, адамның адамшылыққа ұмтылысы;
«Адам өмірінің мәні, өмірдің мәні жөніндегі философия», адамның
бағыт бағдары, қазіргі заманғы өркениет жағдайындағы адами фактор, адами
капитал ұғымы және оның мәні;
«Жаратылыстану философиясы» (6 сағат), табиғатқа деген
философиялық көзқарас, табиғатқа өздігінен дамушы жүйе ретінде қарау туралы
түсініктер, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің негізгі теориялары,
экологиялық дағдарыс, экологиялық сана және биофилософия;
«Жаратылыстанулық ғылыми білімнің философиялық мәселелері»,
биологиядағы, медицинадағы, физикадағы, химиядағы философиялық мәселелер,
философия және математика;
қайталау (1 сағат).
50. «Әлеуметтану негіздері» (10 часов):
«Әлеуметтану дегеніміз не?» (2 сағат), социология ғылым ретінде,
әлеуметтанудың пайда болуы және дамуы, әлеуметтану объектісі мен пәні,
әлеуметтанудың негізгі мәселелері, әлеуметтанудағы сандық және сапалық
әдістер;

білімдермен өзара әрекеттесуі, әлеуметтанулық білімнің құрылымы, қазіргі
заманғы қоғамды танудағы әлеуметтанулық тәсілдердің рөлі;
«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара әрекеттесулер

тәртіп және қақтығыс, ауытқушы мінез құлық және әлеуметтік бақылау;

«Тұлға және қоғам» (5 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік
фактор, әлеуметтік мінез құлық, әлеуметтік рөл, тұлғаның әлеуметтік

әлеуметтік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері, тұрмыстық

ұлт, этномәдени құндылықтар мен дәстүрлер, этностың менталдық

«Қазіргі заманғы діни ахуалдар», діни өмірдің әлеуметтік жағдайлары,
дін әлеуметтануы, шіркеу қоғамдық институт ретінде, діни конфессиялар,
конфессия аралық серіктестік;
қайталау (1 сағат);
51. «Саясаттану негіздері» (5 сағат):

«Саясаттанулық білім», әлеуметтік гуманитарлық білімдер
жүйесіндегі саясаттанудың орны, саясаттанулық білімнің құрылымы, қоғамдық
өмірді басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттанулық білімдердің маңызы;
«Саясат және мәдениет» (2 сағат), саяси мәдениет, қоғамдық

қызметтері, саяси инститтутар нормалар, байланыстар мен үдерістер туралы

жасау және ұстап тұру.
қайталау (1 сағат);
52. «Экономикалық теорияға кіріспе» (17 сағат):
«Өндіріс факторының нарығы және факторлық кірістердің
қалыптасуы» (8 сағат), еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері,
қызметтері, субьектілері, компоненттері, еңбекке деген сұраныс, еңбек
ұсынысы, жалақы факторлық кіріс ретінде, номинальды және шынайы жалақы,
жалақы ставкасының дифференциациясы, еңбек нарығындағы кәсіподақтардың
рөлі, еңбек биржасы және оның қызметтері;
«Капитал нарығы мен табиғи ресурстар», капиталға деген сұраныс
ерекшеліктері және капитал ұсыныстары, инвестициялар мен жинақтар, пайыз
факторлық кіріс ретінде және капитал нарығындағы тепе-тең баға ретінде,
несие және оның түрлері, несиелік жүйе және оның элементтері, құнды
қағаздар нарығы мен фонд биржасы, табиғи ресурстар нарығы, жер сату мен
сатып алу обьектісі ретінде, жерге деген ұсыныстар мен сұраныстар
ерекшелігі жер рентасы мен жер бағасы;

«Ұлттық экономика және оның динамикасы» (8 сағат), экономикалық
дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстарды,
өнімдер мен кірістер ағыны), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері
(ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім);

мен мәні, ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері.
қайталау (1 сағат).
53. «Заңға кіріспе» (6 сағат):

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары»,

статусы, Парламенттің, өкіметтің, Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесінің қызмет етуі мен қылыптасуының тәртібі, әділеттілік және сот

«Құқықтық реттеу негізі. Заңдылық және құқықтық тәртіп» (2
сағат), құқықтық реттеу негізі, құқықтық реттеу, оның шектері, тәсілдері
мен типтері, құқықтық реттеу элементтері мен тәсілдері, құқықтық реттеу
процесінің кезеңдері;
«Заңдылық пен құқықтық тәртіптілік», заңдылық (ұғымы мен негізгі
принциптері), құқықтық тәртіп ұғымы мен қоғамдық тәртіп олардың ара
қатынасы мен құқықтық қамсыздандыру, ұлттық қауіпсіздік ұғымы мен оның
түрлері, Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделері, ұлттық
қауіпіздіктің негізгі қауіптері;
қайталау (1 сағат);
54. Қорытынды қайталау (2 сағат).
12. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
55. Оқушылардың дайындық деңгейлері үш аспектімен: пәндік нәтижелер,

56. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:

2) дүниетанымның тарихи түрлері – мифологиялық, діни және

6) бостандықты қажеттілік ретінде;
7) жеке және әлеуметтік жетістік үшін адамның жауапкершілігін;
8) қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени

9) қоғамдағы нарықтық экономиканың ролін, экономиканың нарықтық

10) ұсыныс пен сұраныс заңдарын, кіріс көздерін, өндірістің

12) демократиялық саясат негіздерін – сайлау, референдум,

13) қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үдерісі мен жеке және
көпшілік құқықтың негізгі салаларын;
14) қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;
15) қоғамның дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы
түсініктерін;
16) тұлғаның әлеуметтік статусын, қоғамның әлеуметтік құрылысын;
17) қоғамның саяси жүйесін, мемлекеттің формалары мен белгілерін,

18) адамның рухани мәдениетінің негіздерін, қоғамның рухани

19) қазіргі заманғы қоғам өміріндегі діннің ролін;
20) адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін;
21) Қазақстандағы адам еркіндігі мен құқығын қорғау механизмдерін

22) жеке және көпшілік құқықтың негізгі салаларын білуі тиіс.
57. 10 сыныптың соңында оқушылар:
1) негізгі әлеуметтік обьектілер мен құбылыстарды, олардың маңызды
белгілерін, заңдылықтары мен дамуын сипаттай білуді;
2) әлеуметтік обьектілер мен құбылыстар туралы алынған ақпараттарды
талдай білуді, олардың жалпы белгілері мен айырмашылықтарын анықтауды,
зерттелген әлеуметтік құбылыстардың маңызды сипаттары мен белгілері
арасындағы және қоғамтану терминдері мен ұғымдары арасындағы сәйкестікті
орната білуді;
3) әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарындағы
зерттелген теориялық ережелерді мысалдарда көрсете білуді;
4) ретсіз әлеуметтік ақпараттарды жүйелеу, жалпылау, талдау; ондағы
айғақтарды, пікірлерді, дәлелдер мен тұжырымдарды ажырата білуді;
5) қалыптасқан қоғамтанулық білімдерінің негізінде өзінің дербес
көзқарастарын және белгілі бір мәселелер бойынша дәлелдердің негізінде өз
пікірін қалыптастыра білуді;
6) әлеуметтік мәселе бойынша шығармашылық жұмыстарды, ауызша талдай
білуді;
7) өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша танымдық мәселелерді шешу
барысындағы әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстанулық-ғылыми білімдерді
қолдана білуді;
8) жаппай қарым қатынаста және тұлға аралық тілдесу барысында алынған
ақпараттарды сыни тұрғыдан талдау үшін қарапайым өмір мен практикалық іс
әрекетте алынатын білімдер мен іскерліктерді пайдалана білуді;
9) маңызды қоғамдық оқиғаларда дербес бағыт ала білу, жеке азаматтық
ұстанымды анықтауды;
10) белгілі бір әлеуметтік әрекеттерден туатын салдарды алдын ала
болжай білу, мораль мен құқықтың негізінде адамдардың іс әрекеттеріне және
болып жатқан оқиғаларға баға бере білуді;
11) адамдар мен азаматтардың құқықтарын қорғау және жүзеге асыру
қажеттілігі мен мүмкіндіктерін дәлелдей білуді;
12) наным-сенімдері, мәдени құндылықтары мен қоғамда алатын орындары
әртүрлі адамдармен өзара қарым қатынас орната білуді меңгеруі тиіс.
58. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) ақыл-ой мектебі мен саналы және игілікті өмір мектебі ретінде
философия негізін;

рессурстарды);
5) ұлттық экономиканның негізгі көрсеткіштері мен экономикалық өсімнің
ерекшеліктерін;
6) қоғамның әлеуметтік құрылысы, оның элементтері, әлеуметтік іс-
әрекет және әлеуметтік рөлдерді;
7) қоғамның саяси жүйесін, Парламент, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі, әділет органдары, жергілікті өкілетті, атқарушы және
құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен қызмет ету тәртібін;
8) философия, әлеуметтану, саясаттану, экономикалық теория, заң білімі
сияқты ғылымдардың мәні мен ерекшелігін;
9) адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, өмірдің мәні мен
бағдарын;
10) қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени

11) қоғамдағы экономиканың ролін, еңбек нарығын, капитал, табиғи
ресурстарды;
12) құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерін, конституциялық
кепілдемелерді;
13) мәдени жетістіктерді, адамның рухани әлемін сипаттауды;
14) қарым-қатынас, мораль және адамгершілік нормаларын білуі тиіс.
59. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре білуді;
2) жаңа материал бойынша өз бетімен жұмыс істеуді, зерттеушілік
жұмыспен айналысуды;
3) табиғатқа, адам мен қоғамға деген философиялық көзқарасты
түсіндіруді;
4) оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды өз бетімен талдай
білу және жалпылау;
5) әлеуметтанудағы, саясаттанудағы, экономика мен заң ғылымдарындағы
бастыларын анықтауды;
6) қоғам өмірінің оң және теріс құбылыстарына дербес баға беруді;
7) экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша жеке
көзқарасын білдіре білуді және оны дәлелдеуді;
8) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі б(мәтін, карта,
кесте, схема, аудиовизуалды) ақпараттарды талдауды;
9) құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді;
10) құқықтық және өзекті қоғамдық мәселелер бойынша пікірталастарға
қатысу, алынған мәліметтерді дәлелдеу үшін талқыланатын мәселелер бойынша
дербес көзқарасын білдіруді;
11) қазіргі өмірдің құбылыстарына қатысты өз көзқарасын білдіру,
өзінің іс-әрекеттерін және маңайындағылардың әрекеттерін әлеуметтік
тәртіптің түрлерімен салыстыра білу;
12) әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік

13) экономиканың, қоғамның саяси жүйесінің, алуан түрлі мәдениеттің
дамуы туралы түрлі материалдар көздеріндегі қажетті ақпараттарды таба
білуді;
14) моральдық, этикалық, адамгершілік және құқықтық нормаларды талдау
және жалпылауды;
15) материалдық өндіріске сипаттама беру және оны бағлау, қоғамдағы
мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағалай білуді меңгеруі тиіс.
60. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды
қорғау мен оған қызмет етуден;

7) өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу,

61. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында, таңдау

1) Ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті
ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;

4) танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен
қолдану әдістерін;
5) қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
6) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді
мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.
«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу бағдарламасы

2. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға
бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани,
тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге
мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі
тану пәні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы
және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік
құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып,
олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы
бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-
әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде
шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде
шынайы болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын
болу және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
5. Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі
тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:
1) оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген
құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген
сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
2) өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің
өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен
сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
3) өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін
жауапкершілік сезімдерін дарыту;
4) адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның
табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен
тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі
ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу
қабілеттіліктерін арттыру;
5) әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан
өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып,
сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
6) белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау
үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу;
жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени
құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің
көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
7) күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық
белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған
міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және
топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді
орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын
анықтайды.
7. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге
сәйкес іріктелді:
1) рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның
қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани,
әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға
бағытталған;
2) өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында
зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік
мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;
3) күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің
жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне
сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен
бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8,
9,10, 11-сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі
оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды
көздейді.
8. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін
нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен
жан үндестігі;
өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық,
диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік,
сенім, үміт;
адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ
үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау,
дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік,
төзiмдiлiк, сыпайылық;
әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат,
қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру,
болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:
әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.
адамның өзін-өзі тануы
адам және қоғам
адам және қоршаған орта
9. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық
мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға
құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып
табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге
толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге
айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы
оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
бірізділікпен құрылған.
11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының
инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте
таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және
мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы
курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы
курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр
түрлі болуы мүмкін.
13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті
және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға
қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша
жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді
дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-
өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты
өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық
курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске
асыруға да негіз болады.
15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-
міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін
пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке»
әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады.
Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып,
өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған
әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән
мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы
білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын
дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға,
шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу»,
«Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған
әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша
оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы
сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін
күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына,
рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті»)
әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт
болып табылады.
16. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын
сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.
2. Базалық білім мазмұны
17. Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар). Аталған бағдарлама
жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында міндетті түрде
меңгертілетін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын
анықтайды. Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы
мақсаттарына жетудің құралы болып табылады және жалпы орта білім беретін
жүйенің сегізінші (қорытынды) деңгейінде оқушылардың оқу жетістіктері
бойынша күтілетін нәтижелермен сәйкес келеді.
18. Мектептің жоғары сатысындағы базалық мазмұн адам мен қоршаған әлем
туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта яғни
зерттеушілік ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең
мағынада қарастырылады. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сабақтастықты сақтай
отырып бірінші сыныптан бастап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай
мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың базалық мазмұнында негізгі
төрт тарауды қамтиды:
1) таным тағылымдары;
2) адам болам десеңіз...;
3) жарасымды өмір салтанаты;
4) кең дүние келбеті.
19. Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін
таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық
бағдарға ерекше мән берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде әлеуметтену
үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді
әрекет етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші
шарты жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.
20. 10-11-сынып оқушылары ересек өмірдің табалдырығын аттаудың алдында
тұрғандықтан олардың үйлесімді тұлға болып дамуында танымдық әлеуметтену
маңызды деп саналады.
21. Аталған жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері оқушылардың өмірлік
жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта
қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат
қою мен міндеттер, іс-әрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой
іздеу, кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау,
өзін-өзі дәлелдеуі арқылы көрініс береді.
22. «Таным тағылымдары» атты бірінші тарау мазмұны оқушылардың жалпы
адамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік
артықшылықтарын ұғыну мақсатын көздейді. Адамның өзімен-өзі және қоршаған
ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, танып-білуге
ұмтылысын, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға басты назар
аударылады. Оқушылардың арманға қол жеткізудің адамгершілік жолы, өмірде
қуана білудің адам үшін мәнділігі, адалдық, ой тазалығы, шынайылық,
талаптылық, тәуекелдік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің жаңа қырлары
туралы білімі мен махаббат, бақыт, өмір туралы түсініктері кеңейтіледі және
тереңдетіледі. Адамның өмірдегі басты және қосалқы мәселелерді айыра алу
білігіне, өмірдегі өз орнын түсінуіне ықпал ететін рухани байлық, қызмет
ету сияқты ұғымдарды ұғындыру қарастырылады.
23. «Адам болам десеңіз...» атты екінші тарау мазмұнында
жалпыадамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп,
олардың адами қарым-қатынаста алатын орны нақты мысалдармен дәлелденеді.
Тарау мазмұнында оқушылардың бұрын меңгерген үміт пен сенім, намыс пен
абырой, қайсарлық пен батырлық, арман мен ақиқат, жауапкершілік пен парыз,
қанағат пен рақым және т.б. сияқты құндылықтар мен ұғымдар түсініктерін
кеңейту және тереңдету көзделеді.
24. «Жарасымды өмір салтанаты» атты үшінші тараудың тақырыптарында
оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді адамның әлемге ашық бола білуі мен
әлемді тану мен түсінуді оған жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай
алу білігі арқылы кеңейту мен тереңдету қарастырылған. Тарау мазмұнында
әлемнің көпқырлылығы, уақыттың өткіншілігі, тарих пен адамның өзара
байланысы, адам мен Әлемнің байланысы, адам мен жер және тағы басқа
мәселелер орын алған. Оқушылардың есею кезеңіне сәйкес жастық шақ сияқты
ұғымдардың мағынасын ашуға баса назар аударылады. Өз жақындарының,
отбасының, сыныптастарының ортасында моральдық климат орнату үшін
жауапкершілік шегін сезінуіне, адами тұрғыдан өмірдегі отбасылық, ұжымдық
және қоғамдық рөлдер туралы өз көзқарасын реттеуіне көңіл бөлінеді.
25. «Кең дүние келбеті» атты төртінші тарауда оқушылардың қоршаған
әлем құндылықтары туралы түсініктерін, жаратылыстың сырларын, құпиясын
білуге ұмтылысын тереңдетіп, кеңейте түседі. Өмірдің баға жетпес сый
екендігі мен мән, мағынасы және адам үшін әлемді танудың, жасампаздық
еңбектің маңызы ашылады. Пән мазмұны әлемді құндылық тұрғысынан қабылдау
дүниетанымның негізі ретінде, адамның қоршаған әлеммен қатынасын, қоршаған
әлем сұлулығын адамның ішкі жан-дүниесімен өзара байланыста сезінуге
мүмкіндік береді.
26. Оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына сүйене отырып, өздерінің
адамдық болмысын сезінуге және бейбітшілік үшін жауапкершілікке одан әрі
қарай ізгілікті қатынасын дамытуға алғышарттар жасалады.
27. Адам мен қоғамның бөлінбейтін байланысы мен өз Отанының,
отандастарының гүлденуіне адамның жасампаздық белсенділігінің маңыздылығын
түсінуге негізгі басымдылық беріледі. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту
әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар
туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін,
адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап,
жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді. Аталған тарау орта мектептегі өзін-
өзі танудың соңғы курсы болып табылады және әрбір оқушының шексіз өмірлік
кеңістіктегі өз рөлін сезінуіне, адамзаттың маңызды міндеттерін орындаудағы
өзіндік мәнділігін және әркімнің еңбегі шығармашылығы, таланты
қолданылатындай болашақты жасауға бағытталады. Осының барлығы жоғары сынып
оқушыларына әрбір адам үшін «адамгершілік, ізгілік» ұғымының маңыздылығын
ұғынуға көмектеседі.
28. 10-11- сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану бойынша білім беру
мазмұнының ерекшелігі бұрын меңгергендерін жинақтау, оқушылардың жалпы
адамзаттық құндылықтар туралы білімі мен түсінігін тереңдету мен оларды
мұнан былайғы иеленуін, ересек өмірге енетін орта мектеп түлегінің қажетті
қоры болатын құзiреттiлiктерге ие болуын бағдарлау болып табылады.
29. Белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгеруді ізгі және мейірімді
адамды, сүйікті және қамқоршы бола алатын отбасы мүшесін, адал досты,
сенімді серіктесті, жауапкершілікті азаматты, денсаулығы мықты, толық
жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеуді қарастырады.
30. Одан әрі мектептің жоғары сатысындағы 10-11-сыныптарына арналған
өзін-өзі тану бойынша тақырыптық жоспары бір-бірiмен сабақтасып, білім беру
мазмұны толықтай ашылып берілген.
31. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының
инвариантты бөлімінде 10-11 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, бір жылға
барлығы 34сағаттық оқу жүктемесі көлемінде әрбір сыныпта жүзеге асырылады.
32. Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне орай оқыту
интерактивтік әдіс негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың
әрқайсысының қайталанбайтын тұлға екендіктерін ескере отырып жүргізіледі.
Сонымен қатар түрлі әдістемелік тәсілдер мен денсаулықты сақтайтын
мүмкіндігі мол дәстүрден тыс сабақ түрлері, арқылы сенімді, эмоциялық
жайлы жағдайда мұғаліммен ашық пікір алмасу жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік
ойындар мен тренингтерде адами қарым-қатынастар зерттеліп, өмірлік
түйгендерімен алмасып, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары
дамытылады.
33. 10–сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
| |Тақырыбы |Мазмұны |Сағат |
| | | |саны |
| І-тарау. Таным тағылымдары | |
|1-2 |Таным белестері |Адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі. |2 |
| | |Танымның түрлері мен тәсілдері. Зерде –| |
| | |танымның құралы. Зерде және интуиция. | |
|3-4 |Ой-өріс кеңдігі |Адамның ақыл-ой қызметі негізінде алға |2 |
| |және ақыл-парасат |қойған мақсатына жетудің оңтайлы | |
| | |жолдарын таба алуы. Ой-өріс кеңдігінің | |
| | |нәтижеге жетудегі мәні. | |
|5-6 |Ниет тазалығы – | Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі|2 |
| |ізгілік мұраты |іс әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа | |
| | |түсіретін ішкі рухани реттеуіш | |
| | |қадір-қасиеті. Көңіл, ниет | |
| | |тазалығының қарым-қатынастағы мәні. | |
|7-8 |Рухани байлық – |Адамның рухани, мәдени және материалдық|2 |
| |игілік көзі |және материалдық емес қажеттіліктерін | |
| | |қанағаттандыруға сәйкес келетін | |
| | |іс-әрекеттер (ырзық). | |
|ІІ-тарау. Адам болам десеңіз... | |
|9-10 |Алынбайтын асу жоқ |Өмірде кездесетін қиындықты жеңу үшін |2 |
| | |қажетті тілектері мен мүмкін-діктерін | |
| | |шынайы түрде салыстырып пайдалана алу. | |
| | |Жігер, төзімділік, табандылық. | |
|11-12 |Салауатты өмір |Өмір мен денсаулықты құндылық ретінде |2 |
| |салты |сезінуі, өзінің келешек дене және | |
| | |рухани даму жолдарын анықтай алуы, | |
| | |салауатты өмір салты мен сауықтыру | |
| | |әдістемесінің пайдасы туралы білімдерін| |
| | |іс жүзінде пайдалана алуы, шылым | |
| | |шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан | |
| | |аулақ болуы. | |
|13-14 |Қанағат, рақым |Адамның барға риза болуы. |2 |
| |ойлап қой! |Қанағат ету – жетіспеушілікке, | |
| | |таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға | |
| | |сүйеніп, өзін-өзі тежеп, құнығудан бас | |
| | |тарту екендігі. | |
|15-16 |Қайсарлық пен |Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе |2 |
| |батылдық |білу. Жігерлілік. Елжанды азамат | |
| | |тұлғасын қалыптастыру. Діттеген | |
| | |мақсатқа жетудегі құлшыныс. | |
|17-18 |Екі сөйлеу ерге сын|Сөз бен істегі тұрақтылық. Өзіндік |2 |
| | |көзқарасқа деген сенімділік. | |
|ІІІ-тарау. Жарасымды өмір салтанаты | |
|19-20 |Жалынды жастық шақ|Жастық шақ – адам өмірінің бір белесі. |2 |
| | |Өмірден өз орнын табуға талпыныс, | |
| | |қызығушылық, құштарлық. | |
|21-22 |Жарасымды |Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы |2 |
| |қарым-қатынас |кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, | |
| | |кешірім мен келісім. Өз ойы, сөзі мен | |
| | |ісіне жауапкершілікпен қарау. | |
|23-24 |Іңкәр көңіл, |Жастар арасындағы қарым-қатынас, алғашқы|2 |
| |нәзік сезім. |сезім, бала махаббат. | |
|25-26 |Қызмет етем |Өз ұлтын, тілін, ділін құрметтеп, |2 |
| |халқыма |өзгелерге түсіністік, сыйластық және | |
| | |шыдамдылық таныта алу. | |
| |IV-тарау. Кең дүние келбеті | |
|27-28 |Тылсым дүние | Адам мен әлем тұтастығы. Жаратылыс |2 |
| |ғажаптары |құпиялары. Табиғи апаттардың тіршілікке | |
| | |тигізетін әсері. | |
|29-30 |Уақыт – мезгіл |Әр нәрсенің, мезгілдің, уақыттың адам |2 |
| |пернесі |өміріндегі мәні. | |
|31-32 |Жұлдызым менің |Адам бойындағы қабілеттілік, табиғи |2 |
| |жоғары |дарын. Бейімділік пен икемділік. | |
|33-34 |Өмір өзен |Өмірден өз орнын табуға талпыну. Болашақ|2 |
| | |мақсатын айқындау. | |
34. 10-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі
тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 10-сынып бағдарламасында
белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде
жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға
сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық
әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-
рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды,
сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
35. Оқушы 10-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз
жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
36. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі
тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы
назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық
шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке
шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты
мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ
барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде
қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
37. 11-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
|І-тарау. Таным тағылымдары |
|№ |Сабақтың тақырыбы |Сабақтың мазмұны |Сағат |
| | | |саны |
|1-2 |Өмір – шексіз керуен |Өмір, өмір сүру құндылығы; |2 |
| | |өмірдің мәнін түсіну, адам | |
| | |атына лайықты өмір сүру, | |
| | |өмірге құштарлық, өмірден өз | |
| | |орнын табу, өмірді қадірлей | |
| | |білу және т.б. | |
|3-4 |Жақсылық – жан шуағы |Жақсылық, мейірімділік |2 |
| | |құндылықтары; пейіл, ниет | |
| | |тазалығы, жақсылыққа ұмтылу, | |
| | |риясыз жақсылық жасау, | |
| | |жақсылық шарапатын, игілігін | |
| | |сезіну, жақсылыққа ризашылық | |
| | |білдіру, мейірімділік, | |
| | |жанашырлық, ізгілік таныту | |
| | |және т.б. | |
|5-6 |Бақыт сыры |Бақыт құндылығы; өмірдің |2 |
| | |сәтті, қуанышты кездерін | |
| | |қадірлеу, кез-келген | |
| | |жағдаятты дұрыс қабылдай | |
| | |білу, бақытқа қол жеткізу | |
| | |жолдарын таба білу және т.б. | |
|7-8 |Махаббат – өмір нәрі |Махаббат құндылығы; |2 |
| | |махаббаттың адам өміріне | |
| | |әсері, шынайы сезім құдіреті,| |
| | |ана махаббаты, бала | |
| | |махаббаты, жақсы көру, | |
| | |құштарлық, сүйіспеншілік, | |
| | |ұғымдарын ажырата алу және | |
| | |т.б. | |
| | | | |
|ІІ-тарау. Адам болам десеңіз... |
|9-10 |Ар-ұждан – адамдық өлшемі |Ар-ұждан құндылығы; ар, ұждан|2 |
| | |тазалығы, намыс, ұят, абырой,| |
| | |ынсап, қанағат туралы | |
| | |түсінік; ар алдындағы | |
| | |адалдық, арды сақтау, | |
| | |өзін-өзі тәрбиелеу. | |
|11-12 |Парыз – азаматтық арқауы |Парыз, азаматтық |2 |
| | |құндылықтары; парыздың | |
| | |түрлерін білу, азаматтық | |
| | |парыз, ата-ана, қоғам, Отан | |
| | |алдындағы парызды абыройлы | |
| | |өтеу, адалдық пен әділдікке, | |
| | |шындыққа сүйіспеншілік, | |
| | |азаматтық айқындама. | |
|13-14 |Арман – жарқын болашақ |Арман құндылығы; арман, қиял,|2 |
| |бейнесі |мұрат ұғымдары туралы | |
| | |түсінік, армандау, арманға | |
| | |жетудің жолдары, арманның | |
| | |адам болашағына әсері, | |
| | |арманды жүзеге асыруға | |
| | |қажетті қасиетттер, арманын | |
| | |адамзат игілігіне бағыттау. | |
|15-16 |Мамандық – жетістік мерейі |Мамандық құндылығы; |2 |
| | |мамандықтың адам өмірінде | |
| | |алатын орны, отбасылық | |
| | |кәсіпті құрметтеу, мамандық | |
| | |таңдау, мамандықты сүю, | |
| | |кәсіби маман болуға ұмтылу, | |
| | |еңбектің қуанышын сезіну, өз | |
| | |еңбегінің жемісін көру, | |
| | |мамандығын ел игілігіне | |
| | |арнау. | |
|ІІІ-тарау. Жарасымды өмір салтанаты |
|17-18 |Отбасы – өмір аясы |Отбасы құндылығы; отбасы |2 |
| | |әдебін, салтын сақтау, | |
| | |отбасын қадірлей, құрметтей | |
| | |білу, отбасын құрудың басты | |
| | |мүддесі, ата-ананың ұрпақ | |
| | |алдындағы, ұрпақтың ата | |
| | |алдындағы міндеттері мен | |
| | |парыздары, отбасы мүшелерінің| |
| | |өзара сыйластығы, | |
| | |түсіністігі, жауапкершілігі, | |
| | |бауырмалдығы, сүйіспеншілігі.| |
|19-20 |Ата-анаң – алтын тұғырың |Ата-ана құндылығы; ата-ананы |2 |
| | |қадірлеу, ардақтау, | |
| | |ата-ананың үмітін ақтау, | |
| | |ата-анаға мейір-махаббат | |
| | |сыйлау, қамқорлық көрсету. | |
|21-22 |Ағайын – ел ырысы |Туыстық, бауырмалдық |2 |
| | |құндылықтары; ағайынның | |
| | |қадірін білу, ағайын | |
| | |татулығы, бірлігі, | |
| | |сыйластығы, туыстық | |
| | |қарым-қатынас жасай білу. | |
|23-24 |Ата салты – асыл қазынаң |Ата салты ұлттық құндылық |2 |
| | |ретінде; ата салтын білу, | |
| | |құрметтеу, қолдану, ұлттық | |
| | |құндылықтарды сақтау, | |
| | |дәріптеу, ұлттық | |
| | |салт-дәстүрді жалғастыру. | |
|25-26 |Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты|Руханият құндылығы; ұлттың |2 |
| | |рухани мұрасын қадірлеу, | |
| | |дәріптеу, ұлттық болмыс, рух,| |
| | |намысты сақтау, салт-дәстүрді| |
| | |жалғастыру. | |
|IV-тарау. Кең дүние келбеті |
|27-28 |Қазақстан – ынтымақ ордасы |Отан құндылығы; ынтымақ, |2 |
| | |татулық, береке, бірлік, | |
| | |бауырмалдық, өзара | |
| | |түсіністік, сыйластық, | |
| | |толеранттылық, достық, | |
| | |тату-тәтті өмір сүру. | |
|29-30 |Өркениет – ел мұраты |Өркениет құндылығы; өркениет |2 |
| | |пен мәдениет, ұлттық | |
| | |мәдениетті сақтау, дамыту, | |
| | |өркениетке ұмтылу, | |
| | |жасампаздық. | |
|31-32 |Табиғат – тылсым дүние |Табиғат құндылығы; табиғат |2 |
| | |пен адам өмірінің үйлесімі, | |
| | |табиғат тылсымы, табиғат | |
| | |сырына қызығушылық, табиғат | |
| | |ғажаптарын тамашалау, | |
| | |табиғатқа сүйіспеншілік, | |
| | |аялау, сақтау. | |
|33-34 |Адам – ғалам, ғажайып жеке |Адам ең жоғары құндылық |2 |
| |дара |ретінде; өзін-өзі тану, | |
| | |өзін-өзі жүзеге асыру, | |
| | |өзін-өзі бағалау, өзін-өзі | |
| | |дамыту. | |
38. 11-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша білім сапасын бағалау 11-сынып бағдарламасында белгіленген
«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі.
Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге
талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық

39. Оқушы 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне

40. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
41. Оқушылар 10-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар және жігер, төзімділік,
табандылық, қайсарлық пен батылдық, кісілік пен кішілік, кешірім мен
келісім туралы терең түсініктерге ие болады;
2) жалпыадамзаттық, этномәдени, ұлттық құндылықтардың өзара байланысын
және арақатынасын түсінеді;
3) жәбір көрсетудің және қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын
біледі;
4) өмірлік жағдаяттардағы тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі жайларды
айырып, анықтай алады, оларды сипаттай біледі және өз қатынасын
білдіре алады;
5) тілектері мен мүмкіндіктерін обьективті түрде салыстыра алады,
материалдық және материалдық емес қажеттіліктерді ажырата алады;
6) әр түрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап,
сыни тұрғыдан бағалай алады;
7) мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерін тани және бағалай алады,
жағымсыз ниеттерді тежей алады, шиеленістерден аулақ болады, оларға
тойтарыс бере алады және басқаларға зиян келтірмейтін шешім таба
алады;
8) азаматтығын сезінуге талпынады, қазақ тіліне және өзге тілдерге,
қазақтың ұлттық дәстүрлері мен өзге халықтар дәстүрлеріне құрметпен
қарауы, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады;
9) басқа ұлттар мен конфессия өкілдеріне, олардың қоғамдағы орны мен
ерекшеліктерін ескере отырып, құрмет пен шыдамдылық таныта алады.
42. 11-сыныпты бітірген оқушылар:
1) бұрынғы сыныптарда меңгерген адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан,
отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік,
парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;
2) өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін
түсінеді, өзара адами қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай
біледі;
3) айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алады, ұжымда
еңбектене біледі, топ пен ұжымда өз мәртебесін теңестіре алады;
4) өз отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі жарқын
болашағын сезіне алады;
5) өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін
басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады,
күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен
сезімдерін еркін жеткізе алады;
6) қоршаған әлеммен үйлесімді қатынастың маңыздылығы туралы біледі;
7) өзінің ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алады;
8) салауатты өмір сүре алады; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау
ортасы жағдайларын қолдау және жасау үшін білімдері мен біліктерін
қолдана біледі;
9) өзін-өзі жетілдіру үшін ақпараттық және коммуникативтік
технологияларды шығармашылықпен және өнімді пайдалана алады;
10) күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдайды және азаматтық ұстанымын
көрсете алады;
11) нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру
жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz