Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу

№5 Михаил Ломносов атындағы орта мектебі

Графика әлеміне саяхат

Авторлық бағдарлама

Дайындаған информатика пәні мұғалімі

Абдуллаева Феруза Муслимовна

Түсінік хат

«Графика әлеміне саяхат» бағдарламасы 8-сынып оқушыларына арналған кәсіби білім беруге негізделген.

Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда графикалық бағдарламалардың қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек.

Бұл бағдарламада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен мүмкіндіктеріне тереңінен талдау жасалынады.

Бағдарлама оқушыларға Adobe Photoshope графикалық редакторының түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген. Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс жасау және программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.

Adobe Photoshop бағдарламаcында кез келген тапсырманы орындауға арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын, бейнелерге түрлі эффектілерді пайдалану жолдарын үйренеді.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

1. Adobe Photoshop программасында жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; заман талабына сай компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуге үйрету; нәтижелі жұмыс жасауға баулу; оқушыларға білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып, графикалық редакторлардағы жаңа ұғымдармен таныстыру, көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда құрал-жабдықтардың қызметтерін есінде қалатындай етіп қабылдауға үйрету.

2. Жанашырлық, мейірімділік пен әділдік тәрізді адамгершілік санат негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру. өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін жауапты болуға, отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу.

3. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту, графикамен жұмыс жасау маңыздылығын терең түсіну, қызығушылықты қалыптастыру; оқушыларға жаңа білім бере отырып, ой-өрісін жан-жақты дамыту.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.
  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;
  • Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.
  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.

Бағдарламаны оқу барысында оқушылар біледі:

  • Бейнелермен жұмыс жасау жолдарын;
  • Олардың маңызын, қасиетін, қолданылуын, графика ұғымын сараптай Adobe Photoshop бағдарламасын терең зерттеп, олардың күрделі командаларын орындай біледі;
  • Adobe Photoshop бағдарламасының құрал-саймандарының қызметін біледі.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.
  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
  • Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.
  • Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Кіріспе

Adobe Photoshop программасы әр түрлі бейнелік және нүктелік графикалық жұмыстарға арналған программалардың бірі. Осы програмамен жұмыс істейтін бейнелерге кітап және журнал иллюстрацияларын түрлі фотосуреттер, слайдтар, видео бейнелер, мультипликациялық графиканың кадрларын жатқызуға болады. Үлкен бейнелік мүмкіндіктері бар. Бұл осы әр түрлі саладағы мамандарға арналған көбіне бейнемен жұмыс істейтіндерге. Егер сіз суретші иллюстратор немесе мультипликатор болсаңыз онда сіз өзіңіздің ой қиялыңызға қарай экранда неше түрлі композициялар сала аласыз және оны сақтап, сканерлік бейне түрінде көптеген тәсілдермен трансформациясын істей аласыз.
Егер де сіз суретші дизайнер болсаңыз, бұл программа сіздің барлық талаптарыңызды орындай алмайды. Бірақ сіздің технологиялық процесіңізге Adobe Photoshop сияқты нүктелі графикалық программаның қосылуы жұмысыңызды едәуір жеңілдетеді. Фотограф немесе ретушер болып баспа саласында істесеңіз онда сізге керекті құралдар: сканер, цифрлік фотоаппарат т. с. с.
Photoshop графиктік программасы бұл растрлық көріністермен жұмыс істеуге арналған мамандырылған программа. Бұл программа басқа растрлық көріністермен жұмыс істейтін программаларға қарағанда мүмкіншілігі өте жоғары.
Photoshop программасының негізгі артықшылығы:
- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;
- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;
- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;
- негізгі сценарийларды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер;
- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі;
- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм;
Кез келген қолданушы жұмыс істеп отырған программаның жетіспеушілігін білу міндетті. Бұл практика кезінде кездескен кезде уақытты үнемдеуге көмектеседі және қай кезде бұл программаны қолдануға болады, қай кезде қолдануға болмайтынына көмектеседі.
Photoshop программасының кемшілігі:
- көп түсті сызық және орбиталық қисық салуда;
- симметриялы орналасқан көп көріспен бір уақытта жұмыс істегенде;
- диалогтық терезесінен шықпай, әртүрлі фильтрлердің ісін көруге;
- қолданған түзету қалыңдығындағы (слой) көріністі түзету командасын ауыстырғанда;
- Сorel photo-paint файлдық форматы бар құжатпен жұмыс кезінде;
- қолданушының еркімен программаның интерфейс элементтерін түзегенде;
- мозайкалы суретті құру кезіндегі көріністі көбейткенде;
Photoshop графиктік программасы растрлық құжаттарды өңдеуде мамандырылған программа болып табылады. Photoshop графиктік программасының басқа графиктік программалардан артықшылығы:
- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;
- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;
- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;
- негізгі сценарияларды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер;
- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі;
- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм болып табылады.
Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі командалар көмегімен әйнек, зигзаг, мозаика, диффузия, хром, витраж, негатив, кристалл, т. б. түріндегі фильтрлік эффектілер жасауға болады. Анимациялық эффекттер және WEB- парақтарын құруға болады.

Бағдарламаның мазмұны

8-сынып. Аптасына 1 сағаттан жалпы 34 сағат

р/с: р/с
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың тақырыбы
Сағат саны: Сағат саны
р/с: 1
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика: векторлық, растрлық және фракталды.
Сағат саны: 1
р/с: 2
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу.
Сағат саны: 1
р/с: 3
Сабақтың тақырыбы: Құжатты құру, ашу, сақтау
Сағат саны: 1
р/с: 4
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу құралдарының қолданылуы.
Сағат саны: 1
р/с: 5
Сабақтың тақырыбы: Бөлектеу құралдары
Сағат саны: 1
р/с: 6
Сабақтың тақырыбы: Толтыру құралдары
Сағат саны: 1
р/с: 7
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу және құйып боя құралдары
Сағат саны: 1
р/с: 8
Сабақтың тақырыбы: Редакциялау құралдары
Сағат саны: 1
р/с: 9
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау құралдары
Сағат саны: 1
р/с: 10
Сабақтың тақырыбы: Мәтін эффектілері. Мәтінмен жұмыс. Эффектілер құру.
Сағат саны: 1
р/с: 11
Сабақтың тақырыбы: Құжаттарды басқару құралдары
Сағат саны: 1
р/с: 12
Сабақтың тақырыбы: Бейне өлшемінің өзгеруі, айналу
Сағат саны: 1
р/с: 13
Сабақтың тақырыбы: Бейнені коррекциялау
Сағат саны: 1
р/с: 14
Сабақтың тақырыбы: Бейненің көзге шағылуы
Сағат саны: 1
р/с: 15
Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті модельдер, палитра
Сағат саны: 1
р/с: 16
Сабақтың тақырыбы: SMYK моделінің каналдарымен жұмыс
Сағат саны: 1
р/с: 17
Сабақтың тақырыбы: GIF файлдарының құрылуы
Сағат саны: 1
р/с: 18
Сабақтың тақырыбы: Текстуралар. Әртүрлі текстуралар құру. Көлемді имитациялау. Бейнелерді өңдеу негіздері.
Сағат саны: 1
р/с: 19-20
Сабақтың тақырыбы: Қабаттармен жұмыс. Қабат эффектілері.
Сағат саны: 2
р/с: 21
Сабақтың тақырыбы: Бейнелерді біріктіру. Фотомонтаж.
Сағат саны: 2
р/с: 22
Сабақтың тақырыбы: Фотосуреттермен жұмыс жасау.
Сағат саны: 1
р/с: 23-24
Сабақтың тақырыбы: Өз фотосуреті бойынша фотомонтаж құру.
Сағат саны: 2
р/с: 25
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop ортасында мәтін жазу. От және мұзданған жазулар.
Сағат саны: 1
р/с: 26-27
Сабақтың тақырыбы: Түрлі эффектілер қолдану. Күрделі бейнелер құру.
Сағат саны: 2
р/с: 28-29
Сабақтың тақырыбы: Коллаж жасау.
Сағат саны: 2
р/с: 30
Сабақтың тақырыбы: Фильтрлер. Фильтрлермен жұмыс жасау жолдары.
Сағат саны: 1
р/с: 31
Сабақтың тақырыбы: Коллаж құру және оның тәсілдері.
Сағат саны: 1
р/с: 32
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop ортасында мәтіндер мен фотосуреттерге стильдерді пайдалану
Сағат саны: 1
р/с: 33-34
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс
Сағат саны: 2

Оқылатын дәрістердің мазмұны.

№1 Тақырып: Компьютерлік графика: векторлық, растрлық және фракталды.

Берілген сағат саны: 1

Мазмұны: графикалық ақпараттардың ұсынылуы, графикалық ақпарат туралы түсінік, графикалық обьектілермен орындалатын оперециялар, түс және палитра комрьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. 8 - сыныптың оқулығы.
  3. Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., А. Б. Дәулетқұлов. Алматы ЖТИ. 2005.
  4. Adobe Photoshop. Официальный учебный курсЮрий Гурский, Андрей Васильев
  5. Adobe Photoshop кесте-плакаттар сериясы. Технокон ВК

№2 Тақырып: Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу.

Берілген сағат саны: 1

Мазмұны: Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу. Бағдарламаны ашу жолдары. Терезе элементтерімен танысу. Мәзір жолы, навигатор терезесі, түстер палитрасы, тарих терезесі, қабаттар және түрлі түсті каналдармен жұмыс істеу терезесі. Ыстық пернелермен танысу.

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., А. Б. Дәулетқұлов. Алматы ЖТИ. 2005.
  3. Adobe Photoshop. Официальный учебный курсЮрий Гурский, Андрей Васильев
  4. Adobe Photoshop кесте-плакаттар сериясы. Технокон ВК

№3 Тақырып: Құжатты құру, ашу, сақтау

Берілген сағат саны: 1

Мазмұны: Жаңа құжат құру әдіс-тәсілдерін үйрету. Құжаттарды ашу және сақтау тәсілдері. Сұхбат терезесінің батырмалары.

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., А. Б. Дәулетқұлов. Алматы ЖТИ. 2005.
  3. Adobe Photoshop. Официальный учебный курсЮрий Гурский, Андрей Васильев
  4. Adobe Photoshop кесте-плакаттар сериясы. Технокон ВК

№4 Тақырып: Сурет салу құралдарының қолданылуы.

Берілген сағат саны: 1

Мазмұны: Бағдарламада қолданылатын барлық құралдармен қысқаша таныстыру. Құралдарды топтастыру. Таңдалған құралдардың параметрлер үстелі. Бөлектеу құралдары. Толтыру мен сурет салу құралдары. Редакциялау құралдары. Басқару құралдары. Басқару элементтерінің орналасу құралдары. Ыстық пернелер комбинацияларын көрсету.

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., А. Б. Дәулетқұлов. Алматы ЖТИ. 2005.
  3. Adobe Photoshop. Официальный учебный курсЮрий Гурский, Андрей Васильев
  4. Adobe Photoshop кесте-плакаттар сериясы. Технокон ВК

№5 Тақырып: Бөлектеу құралдары

Берілген сағат саны: 1

Мазмұны: Бөлектеу құралдарымен танысу. Бөлектеу құралдарының тағайындалуы. Тік төртбұрыш аймағын бөлектеу. Сопақ түрінде бейне аймағын бөлектеу. Бейнені кескіндеу тәсілімен еркін пішіндік бейненің аймағын бөлектеу. Кадрлеу, сиқырлы таяқшы, жылжыту, тілім, тілімді бөлектеу құралдары.

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., А. Б. Дәулетқұлов. Алматы ЖТИ. 2005.
  3. Adobe Photoshop. Официальный учебный курсЮрий Гурский, Андрей Васильев
  4. Adobe Photoshop кесте-плакаттар сериясы. Технокон ВК

№6 Тақырып: Толтыру құралдары

Берілген сағат саны: 1

Мазмұны: Толтыру құралдарымен танысу. Құралдардың тағайындалуы, қызметі. Түзетудің арнайы қылқаламы. Қалпына келтіретін қылқалам. Жамау. Қызыл көз. Штамп. Өрнекті штамп. Оқиғалар қылқаламы. Оқиғаның көркем қылқаламы. Өшіргіш. Рендік өшіргіш. Сиқырлы өшіргіш.

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., А. Б. Дәулетқұлов. Алматы ЖТИ. 2005.
  3. Adobe Photoshop. Официальный учебный курсЮрий Гурский, Андрей Васильев
  4. Adobe Photoshop кесте-плакаттар сериясы. Технокон ВК

№7 Тақырып: Сурет салу және құйып бояу құралдары

Берілген сағат саны: 1


Ұқсас жұмыстар
Photoshop бағдарламасын оқыту курсының бағдарламасы
Adobe Рhotoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу, құралдарымен жұмыс
Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі іске қосу, жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу
Adobe photoshop бағдарламасының интерфейсі
Қолданбалы курс
Adobe Photoshop қандай графика
Компьютерлік графикада
Оқушыларды екі топқа бөлу
Обьектілерді салу құрал - саймандары
Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz