Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отты жылдар шежіресі соғыс ардагерлерімен кездесу
«Отты жылдар шежіресі»
соғыс ардагерлерімен кездесу
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебі
Мұрағатшысы
Жүзжасарова Лайық Боранғазықызы
Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысының қиындығымен, елі үшін қаза
тапқан аға-апаларымыздың ерлігінің маңызын түсініп бағалауға,
патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып,гүлдер, шарлар
Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс болғанына жарты ғасырдан
астам уақыт өтсе де «Жеңіс» деген сөз жүрекке соншалықты ыстық,
көңілге соншалықты жақын сезіледі. Адамзат тарихында алтын әріппен
жазылып қалатын «Ұлы Жеңіс» жыл өткен сайын құрметпен аталып,
даралана бермек. Ел басына күн туған қатерлі шақта миллиондаған ер
жүрек ерлеріміз бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен
қорғады. Бүгінгі ұрпақ осынау ер жүрек ерлердің алдында мәңгілікке
қарыздар. Қасіретті де қаралы жылдардың жаңғырығы әлі күнге
жүректерден жазылар емес. Бүгінгі кешіміз Ұлы Жеңістің 65 жылдығына,
сол сияқты жеңісті жақындатқан ер жүрек әкелеріміз-соғыс
ардагерлерінің құрметіне арналады.
2-жүргізуші: Бүгінгі кештің қонақтары соғыс ардагері Қиынбаев Жален
атамыз және тылда еңбек еткен ардагер Жасин атамыз және Келима
әжеміз.
1-жүргізуші: Еліміз бойынша бұл зұлмат соғыста 30 миллионға тарта ұл-
қыздары опат болса, оның ішінде қазақстандықтар жүз мыңдап саналады.Ал
Қызылорда облысының өзінде ғана ақ өліммен шейіт болған боздақтардың
саны 10 мыңға жуықтайды.Ауыр шайқастарда1800-ден астам тереңөзектіктер
ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетіп қаза тапты. 1823 адам
жауынгерлік ерлігі үшін әскери орден, медальдармен наградталды. Екі адам
Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Бүгінгі ұрпақ осынау ержүрек
ерлердің алдында мәңгілікке қарыздар.
Хор: «День Победы» орындайтын 7 сынып оқушылары
2-жүргізуші: Бүгін тарих-жыр әсем
Қара шаштар қар шалған.
Соғыс жайын сұра сен,
Мың өлімді қарсы алған
Солдаттар мен маршалдан,-деп ақындар
жырлағандай,ендігі кезек соғыс ардагері Қиынбаев Жален атамызға
береміз.
1-жүргізуші: Қиынбаев Жален ата 1942 жылы армия қатарына
алынған.Украина,Белоруссия, Молдавия,Чехия, Польша республикаларын азат
етуге қатысқан. Көрсеткен ерліктері үшін көптеген орден және
медальдармен марапатталған.
Ән: «Әлия» орындайтын 8б сынып оқушысы Асан Инабат
2-жүргізуші: Жеңіс жолында тылдағы еңбеккерлер еңбегі де ерен болды.
Олар өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен
жасы сорғалай жүріп, төзімділікпен күтті. Олай болса сөз кезегі
тылда еңбек еткен ардагер Жасин атамыз бен Келима әжемізде.
Би: «Қара жорға» 6 сынып оқушылары
1-жүргізуші: 65- мінекей жыл өтіпті,
65 жыл дүниені жыр етіпті.
Сіздер жеңген 66 жылдан бері,
Европа тастады құл етікті.
2-жүргізуші: Жеңісті айт, қазақ қанын аямаған,
Отанды айт, өз баласын аялаған.
Қазақтың даласын айт, бүкіл халық,
Сая ғып сын сағатта саялаған.
1-жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Соғыс
салған ауыр зардаптардан қайғы –мұңды ұмытуға болмайды. Сол Жеңісті өз
қолдарымен тұрғызып, өз көздерімен көрген ардагерлер, Сіздерді Ұлы
Отан соғысының 65-жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Біз бұл кісілерге
басымызды иеміз.
Хор: «Мәншүк» орындайтын 4б сынып оқушылары
2-жүргізуші:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
1-жүргізуші: Жеңісті жақындатуға күш салған барша аға ұрпақты,
бейбіт күнде жауқазындай жайнап өскен жас ұрпақты осынау ұлыстың
ұлы күнімен шаттана құттықтаймыз. Келер ұрпақ үшін жақсы өмірдің
жоралғысын жасағандарыңыз үшін мың тағзым, Сіздерге!
Хор: «Атамекен» орындайтын 9б сынып оқушылары
Осымен Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған кездесуіміз
аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz