Мұражай-тарих айнасы: Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің педагогикалық мұражайының тәжірибесі

«Мұражай-тарих айнасы»

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектебі

Мұрағатшысы

Жүзжасарова Лайық Боранғазықызы

Мақсаты: Оқушыларға мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: Тақырып, мұражайлар суреттері, музыка аппараты.

«Қазақ биі» Гүлназ Бірімбетова

Мұражай - естелігі өткендердің

Ерлік пен ел даңқына жеткендердің

Мұражай -қазынамыз қасиетті,

Жас ұрпақ мұражайды қастерлегін.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 18 мамыр- мұражай күні . Мұражай өзінің жаратылысы жағынан ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемесі болып табылады. Бұл салада педагогикалық мұражай да солардың теңдесі жоқ бір бөлігі. Мұражай оқушылар мен педагогтардың шығармашылық орталығы десе де болғандай. Ендеше осы мұражай күніне арналған «Мұражай-тарих айнасы» атты кешімізге қош келдіңіздер.

5 сынып оқушысы Әйгерімнің орындауында «Перзент сыры» әнін қабыл алыңыздар.

Сонау баяғы заманнан-ақ адамдар өткенді еске түсіретін, өздеріне аса қымбат заттарды жинап, сақтай бастаған. Ондай заттар немесе коллекциялар-қару-жарақтар, кітаптар мен небір әсемдік бұйымдары, жиһаздары жинақтаған. Жай қарапайым жұрт ондай қазынаны ауыз-екі әңгімеден естіп, білмесе оны ешқашан көре алмаған. Ал, қазір біздің елімізде мыңнан аса мемлекеттік музей жұмыс істейді. Онда жарты миллионға жуық картина, мүсін, түрлі қолжазбалар, әрқилы заттар жинақталған. Бұған қоса мыңдаған халық мұражайлары мектептерде мұражайлар тағы бар.

Ендігі кезекте Қазанғап атындағы саз мектебінің домбыра класының оқытушысы Гүлсім апайдың орындауында Түркештің күйі «Көңіл ашар».

Мұражайдың өзі әр түрлі болады. Айталық, зоологиялық мұражайда жан-жануарлар мен жәндіктердің, көбелек атаулының қатырылған бейнесі сақталса, ал геологиялық мұражайлардан алуан-алуан минералдық заттарды көруге болады. Сол сияқты біздің елімізде ботаника, музыка, театр мұражайлары қаншама. Көптеген қалалардың өлкелік мұражайларында да, мол тарихы бар, бірақ олар тек бір ғана өлке, облыс немесе қала өмірі жайлы сыр шертеді. Дүние жүзінде ең алғаш рет жасалған электр шамы, бірінші радио, бірінші атом электр станциясы, тұңғыш ұшырылған жер серігі. Орыс ғалымдары мен инженерлерінің құдіретті қиялынан туған осы керемет жаңалықтардың бәр-бәрін сендер Политехникалық мұражайдан көре аласыңдар.

5 сынып оқушысы Ақниеттің орындауында «Қыз сыны» әнін қабыл алыңыздар.

Мұражайдың негізгі жұмысы-тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани - адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу, жастарды мұражай мәдениетіне тарту, тарихын сүю, еліне деген мақтаныш пен Отаншылдық сезімін ояту, тарихи кезеңдермен таныстыру, материалдық-рухани құндылықтармен таныстыру деген сөз. Педагогикалық мұражайдың жастарды танымдық құштарлыққа жұмылдырып, рухани өсіп-өркендеуіне, тарихи бейнелерді танып білуіне, шынайы мұралар негізінде білімдерін қалыптастыру жолында берері мол.

7 сынып оқушысы Құндыздың орындауында «Алма бақтың ұрылары»термесін қабыл алыңыздар.

Ендігі кезекте оқушылардың мұражай күніне арналған өз жүректерінен шығарған арнауларын қабыл алыңыздар .

7 сынып оқушысы Арайлымның орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің Аналар мен арулар сайысы: мақсаттары мен бағдарламасы
Отты жылдар шежіресі - Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған ардагерлермен кездесу (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектеп)
Мұражай қорларын сыныптан тыс білім-тәрбиелік жұмыста пайдалану: Абай мемлекеттік қорық-мұражайының тәжірибесі
Тарих пәнінде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру: Жарма ауданы мектеп тәжірибесі
№213 Қыркеңсе орта мектебінің тәжірибесі: ұстаздарды қайта даярлау және 12 жылдық білім жүйесіне көшу талаптары
Тарих пәнінде педагогикалық технологиялар мен ұлттық педагогиканы қолданудың іс-тәжірибесі
ШҚО Күршім ауданы Үшбұлақ орта мектебінің Тарих көшбасшысы - Егемен елге білімді ұрпақ интеллектуалдық ойының сабақ жоспары
Шалқар ауданы №12 балабақшасының II кіші тобына арналған Жаңғақтан жасалған тасбақа - шығармашылық (мүсіндеу) технологиялық картасы (2010)
Салауатты өмір салты - ұлт денсаулығының кілті: Шалқар қаласының №4 орта мектеп фестивалінің тәжірибесі
Оқжетпес орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 12 жылдық білім беру экспериментінің оқу-әдістемелік жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz