8-сынып қазақ тілі сабағы: Жай сөйлем түрлерін қайталау

Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жай сөйлемнің қасысына қарай бөліну түрлері бойынша алған
білімдерін бекіту, еске түсіру.
Дамытушылығы: Қызығушылығын арттыру, талдау жұмыстарына дағдыландыру,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Қамқор бола білуге, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, СТО әдіс - тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі кеспе.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
«Ой шақыру» әдісі
- Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем.
- Ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел сөйлем.
- Бастауыш болмайтын баяндауышы негіз болатын сөйлем.
- Келесі сөйлемдегі ойдың мезгіл, мекенін көрсететін сөйлем.
- Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай бөлінетін сөйлем.
- Ойға қатысты мүшелердің бірі түсіріліп айтылған сөйлем.
- Бастауышы бар, жасырын тұратын сөйлем.
- Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
- Бір ғана интонациямен айтылып, бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
«Мағынаны тану» кезеңі
88 - жаттығу.
Мәтінді оқып, мазмұндау. Жай сөйлемдерді түрлеріне ажырату.
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін табу, мағынасын ашу. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
«Талдау - табыс кілті»
Берілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жүргізу.
Ердің атын еңбек шығарады.
«Болжау стратегиясы»
89 - жаттығу.
- Берілген жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлем түрлерімен жазып шығу.
- Жазылған үзіндінің мазмұнын әр оқушы өз бетімен ізденіп, өз ойымен аяқтау.
Қорытынды. «Қайталау - оқу анасы»
Сәйкестендіру тест
«Топтастыру» әдісі
Үйге тапсырма: Жай сөйлемнің түрлерін қайталау.
91 - жаттығу.
Жай сөйлем түрлеріне мысалдар жазу.
Жай сөйлемдерді қатыстырып мәтін құрау.
Бағалау.