Б.Майлиннің Күлпаш әңгімесін оқып-талдау арқылы ана тілі сабағының жоспары

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы : Б. Майлин. «Күлпаш»

Сабақтың мақсаты : 1. Білімділік :Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыны жүйелі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге баулу.

Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.

2. Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.

3. Тәрбиелік :Шыдамды, төзімді болуға, өз елін, Отанын жерін танып, сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : Дәстүрлі сабақ.

Әдісі : ой қозғау, әңгімелеу, Венн диаграммасы, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі : Б. Майлиннің суреті, сөзжұмбақ, тақырыптық суреттер, интерактивті тақта, сигнал таяқшалар.

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру бөлімі. Қызығушылықтарын ояту. (1-слайд. )

Қайырлы күн, қонақтар,

Қайырлы күн, балалар.

Бейсенбі күн сәттілікке толсын.

Бүгінгі ашық сабақта,

Менің балаларымның бағасы,

Кілең бестік болсын !-деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Уй тапсырмасын сұрау.

Мәтін мазмұны( әр бөлікті бір оқушыдан сұрау )

(2-слайд)

Сұрақтар беру арқылы пысықтау :

  1. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам ?
  2. Түрмеде оған қандай айып тағылды ?
  3. Тоқаштың анасының есімі кім ?
  4. Ол анасымен не жайында сөйлесті ?
  5. Мәтіннен Тоқаш пен анасы арасындағыболған әңгімені тауып оқы.

-Балалар, осы оқып отырған тарау қалай аталады ? (Ата -бабам тарихы-менің тарихым)

-Кімдер туралы таныстық ?

-Олар не үшін күресті ?

-Сол кездегі халықтың тұрмысы қандай еді ?

ІІІ. Жаңа білімді игеру.

(3-слайд ) Сөзжұмбақ

  1. Патша үкіметінің әмірін мойындағысы келмеген хан ?(Кенесары)
  2. Кемедей кешіп комбайн,

Алтын дария егінді -деген өлең жолдары жылдың қай мезгілін суреттеп тұр ? (күз)

  1. Езілген қазақ елінің,

Бағы үшін туған ер.

Қалың қазақ елінің

Кегін қанмен жуған ер. Ол кім ? (Амангелді. )

  1. Суық жерде кездесетін қандай құс ? (пингвин )
  2. Бұқар жыраудың «Жау тигенде жарағым,

Алыстан асып, дау келсе,

Түрулі тұрған құлағым»дейтін жыр жолдары кімге арналған? (Қабанбай )

  1. «Бостандық таңы атты» деген өлеңнің авторы кім ?

(Шәкәрім )

К Е Н Е С А Р Ы

К Ү З

А М А Н Г Е Л Д І

П И Н Г В И Н

Қ А Б А Н Б А Й

Ш Ә К Ә Р І М

Біз бүгін Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» деген әңгімесімен танысамыз.

(4-слайд)

Бейімбет Майлин -қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда анасынан айрылған. 1911-1915 ж. Уфадағы «Ғалия »медресесінде оқып білім алған. Бейімбет -әңгіме жанрының шебері, әрі ақын. »Садақ»қолжазба журналының белсенді авторы. «Шұғаның белгісі», «Раушан -коммунист» деген шығармалары бар.

Бұл әңгімеде кедей отбасының ауыр тұрмысы сөз етіледі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер- Күлпаш.

(5-слайд ) «Біліп жүр. »

1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны алты милионнан асқан болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.

( 6-слайд) Мәтін суреті

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

Балалар, ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған

-Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді ?

-Бәрі де шықпа жаным, шықпа деп отырған секілді ? дегенді қалай түсінесіңдер ?

-Мақтым мен Күлпаш неге жылады ? Олардың тұрмыс жағдайы сендерге қалай әсер етті ?

(7-слайд ) Сөздік жұмысы

Өрім-өрім -тозған, жыртылған.

Бөкебай-басқа жамылатын шәлі.

Ызғырық -суық жел

Өлмелі кедей -өте кедей.

ІУ. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқыту.

У. Топтық тапсырма 8-слайд.

1-топ. Қали мен қазіргі балалардың өмірін салыстыру.

Венн диаграммасы.

Қали Қазіргі бала

2-топ. Байлық. Кедейлік. Мұқтаждық. Мақал-мәтел ойлап айту.

3-топ. Мәтіннен Күлпаштың сыртқы кескін-келбеті суреттелген тұсты тауып оқу.

УІ. 9-слайд. Тест тапсырмалары. Сигнал таяқшаларын көтеру арқылы өтіледі.

1. « . . . -өшпес жарық, кетпес байлық»

Байлық

Даналық

Өнер

2. «Бүгіннен бастап сен де менің шәкіртімсің» деген кім ?

Мүсілім

Бекен

Ахметден

  1. М. Гумеров. «Күмән» -«Сонымен, сынып терезесін сындырған кім ?»

Боранбай

Рахила

Дәуіт

  1. «Талаптан да, білім мен өнер уйрен» деп өсиет қалдырған кім

Абай

Шәкәрім

Ыбырай

  1. «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын жазған кім ?

И. Бази

Р. Василек

И. Крылов

  1. «Қарағым, жылыт, тамақ бер» деген ненің сөзі ?

Құмырсқаның

Шегірткенің

Баланың

7. Т. Жароков «Ауыл күзі» : Алма піскен . . .

Қызарып

Уылжып

Албырап

8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді ?

М. Мақатаев «Үш бақытым»

С. Сейфуллин «Туған ел»

Д. Әбілов «Туған тілім»

УІІ. Сабақты қорытындылау.

УІІІ. Уйге тапсырма: Әңгімені оқып, мазмұнын айту.

ІХ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Б. Майлиннің Күлпаш шығармасын талдау бойынша сабақ жоспары
Б. Майлиннің Күлпаш шығармасы бойынша рольдік сабақ жоспары
3-сынып: Б. Майлиннің Күлпаш әңгімесіне арналған сабақ жоспары
3 А сыныпқа арналған ашық сабақ: Бейімбет Майлиннің Күлпаш әңгімесін оқу және тарихи контекстін талдау
3-сыныпқа арналған Б. Майлиннің Күлпаш әңгімесі бойынша әдебиеттік оқу сабақ жоспары
3-сынып Ана тілі: Б. Майлин Күлпаш және С. Торайғыров Кедей шығармаларын оқу және талдау
Бейімбет Майлиннің Күлпаш әңгімесін талдауға арналған сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әдебиет пәнінен ашық сабақ
Бастауыш сыныпқа арналған ана тілі сабағының жоспары: Қамқорлық (Б. Соқпақбаев)
Ана тілі сабағының сабақ жоспары: Б. Тұрсынбаевтың Алғашқы көмек мәтіні
4-сынып ана тілі сабағы: А. Дулатовтың Аяулы Жақаң әңгімесін оқу және талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz