Зат есімнің тәуелденуі: бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі :Зат есімнің тәуелденуі туралы мағлұмат беру, сөз құрамын талдау машығын дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылығы : Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын дамыту, тіл байлықтарын молайту.

Тәрбиелігі: оқушыларды бауырмалдылыққа, мейірімділікке, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, сын тұрғысынан ойлаудың элементтері

Пәнаралық байланыс : ана тілі, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі : суреттер, кестелер, плакаттар, интерактивтік тақта.

«Алтын қақпа» ойыны

Сабақтың барысы : І. Психологиялық дайындық.

Біз бүгінгі сабағымызды ІІІ-топқа бөлініп, «Алтын қақпа» ойынында топтық тапсырмаларды орындай отырып, сөз мағынасын ашамыз.

І-топ. Әрбір адам : Туысым, досым, жұрағатым

ІІ-топ : Әрбір сөзің :Шындық, бірлік, адалдық.

ІІІ-топ : Әрбір ісің : Тірлік, тірек, адамдық.

Мұғалім : Әрбір сабақ : Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Олай болса, бәріміз де үйренуге, ұғуға дайын екенбіз, сабағымызды бастайық.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден -жеңімпазды анықтау

Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.

І. «Тас қақпа» тапсырмасы

Ақыл- адам көрігі

Ақылдың сабыр серігі.

Сабыр сөзінің мағынасын ашыңыз. (шыдам, тағат, төзім)

ІІ. Уй тапсырмасын тексеру. өтілгендерді пысықтау.

34-жаттығу ауызша тексеру.

-Қандай сөз таптарын білеміз ?

-Зат есім дегеніміз не ?

-Зат есімге қандай сұрақтар қойылады ?

-Зат есімнің түрлерін атаңдар

Сөз таптары

Зат есім Сан есім Сын есім Етістік

Семантикалық картамен жұмыс

Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
: сауыншы
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Етістік:
: қорғады
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Етістік:
: көше
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Етістік:
: қалың
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Етістік:
: жүзінші
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Етістік:
: тұнық
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Етістік:
: өсіреді
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Етістік:

Зат есім

Кім ? кімдер ? Не ? Нелер ?

Көпше Жекеше

Негізгі Туынды

Деректі Дерексіз

Жалқы Жалпы

-Қосымша дегеніміз не ?

Жұрнақ Жалғау

Қосымша мағлұмат

Зат есім

Теуелденеді Септеледі

Жіктеледі

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

2. «Күміс қақпа» тапсырмасы

Шындық қамал бұзар.

Қамал сөзінің мағынасын ашыңыз (тосқауыл, кедергі, бөгет)

-Біздің бүгінгі сабағымыз зат есімнің тәуелденуі

Мақсатымыз : Зат есімді тәуелдеп үйрену

ІУ. Сергіту минуты

Күнге қарап қол созамыз,

1, 2, 3

Қызғалдақтай ырғаламыз.

1, 2, 3

Дөңгеленіп айналамыз

1, 2, 3

Көркем етіп біз жазамыз.

ІУ. Дәптермен жұмыс

-Күннің жадын, тақырыпты жазу.

Көркем жазу Анам менің -ақылшым.

№38 Ауызша орындалады.

-3 -топқа 3 сөйлемді оқыту

-Сөздерге жалғанған қосымшалар қандай мағынаны білдіріп тұр ?

Слайдтан ережемен танысу

Заттың біреуге тән екендігін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулары деп атайды : әке-м, әже-ң, ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: көрші-м, көрші-ң, көрші-ңіз, көрші-сі.

Көрші-міз, көршілер-ің, көршілер-іңіз, көршілер-і.

Зат есімнің
тәуелденуі
: Жақ
Зат есімнің: Жекеше
тәуелденуі: Көпше
: І жақ
Зат есімнің: -м, -ым, -ім
тәуелденуі: -мыз, міз, -ымыз, -іміз
: ІІ-жақ
Зат есімнің:

-ң, -ың, -ің

-іңіз, -ыңыз

тәуелденуі:

--ың, -ің

-ыңыз, -іңіз

: ІІІ-жақ
Зат есімнің: - сы, -сі, -ы, -і
тәуелденуі: --ы, -і

№39 Сөздерді төмендегі үлгі бойынша жазу

І. Менің анам, . . . Біздің анамыз, . . .

ІІ. Сенің анаң, . . . Сендердің аналарың

Сіздің анаңыз, . . . Сіздердің аналарыңыз, .

ІІІ. Оның анасы Олардың аналары, . . .

-Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, астын сызу

-Бұл қосымшалар жұрнақ па, әлде жалғау ма ?

№ 40 (ауызша)

Жұмбақтың шешуін табу

«Боран» сөзі бізге ана тілінен таныс па ? Кімнің шығармасы ?

-Әңгімедегі негізгі кейіпкер кім ? -Абай туралы не айта аламыз ?

І топ Қанаты

ІІ топ Аяғы

ІІІ топ Аузы Қай жақта тұрғанын айту, сұрақ қою.

№42 өз бетімен орындау

Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жазу

І. -топ доп оқушылар дәптер

(ауызша тексеріледі)

3. «Алтын қақпа» тапсырмасы.

Ақылсыз адам менмен келер,

Ақылды адам кеңінен келер.

Менмен сөзінің мағынасын ашыңыз. (тәкаппарөр көкірек, өзімшіл)

У. Ой қозғау. Шығармашылық жұмыс.

І-топ «Менің жанұям» шағын шығарма жазу. Ішінен тәуелдеулі сөздерді тап.

ІІ-топ Сөздерді сөз құрамына талдау

Жұмысшыларымыз, балапандары, етікшіңіз.

ІІІ-топ Мақалдан тәуелдеулі сөзді тап.

Еңбегің қатты болса,

Тапқаның тәтті болар.

УІ. Сабақты қорытындылау :

-Тәуелдік жалғаулары туралы ережені сұрау.

УІІ. Үйге тапсырма : 41-43 жаттығу. Ереже жаттау.

УІІІ. Бағалау

Мемлекеттік мекеме Құрық орта мектеп гимназиясының бастауыш әдістемелік бірлестігінің ІІІ-тоқсан бойынша өткізілетін ашық сабақтар кестесі

Сыныбы

Пәні

Ашық сабақтардың тақырыбы

Күні

сағаты

Жауапты

Ұқсас жұмыстар
3 сыныпқа арналған Зат есімнің тәуелденуі сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған 40 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары: Зат есімнің тәуелденуі (тәуелдік жалғаулар)
3-сынып. Зат есімнің тәуелденуі: қайталау және жинақтау сабағы
Зат есімнің тәуелденуі: тәуелдік жалғауларды пысықтау (4 сағат)
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Зат есімнің септелуі
Бастауыш сыныпта зат есімнің шығыс септігін оқытуға арналған сабақ жоспары
5 сыныпқа арналған ашық сабақ: Менің бөлмем - зат есімнің тәуелдік жалғауларының көпше түрі
Сабақ жоспары: Зат есімнің жіктелуі (жекеше және көпше)
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Зат есімнің септелуі - сұрақтары мен жалғаулары
Зат есімнің септелуі: ойындық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz