Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Динаның күйлері
Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісова.
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық
қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.
Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін
айту.
Көрнекілігі: Күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.
Жоспар:
І. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту
ІV. Мағынаны тану.
V. Сергіту сәті.
VІ. Күй тыңдау.
VІІ. Ой толғаныс.
VІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Қорытынды.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
-Сәлемдесу.
-Сынып оқушыларын түгендеу.
-Сыныпты сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)
1. Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)
2. Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықта)
3. Соль деп не үшін аталған? (өзіндік тональдігі болғасын)
4. Соль нотасын тақтаға жазып бер.
5. Ля нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықтың үстінде)
6. Ля нотасын тақтаға кім жазып береді?
Үйге қандай әнді жаттауға бердім? «Ақ мамам»
ІІІ.Қызығушылығын ояту.
(Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)
-Күйші деген кім?
-Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?
-Мынаның ішінде күйші кім?
-Неге «Күй анасы» деп атаймыз?
-Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?
-Қандай күйлерін білесіңдер?
Енді балалар топтастырайық
Топтасыру
Ана
Ардақты әже
Күйші Дина кім?
Күй анасы
ІV. Мағынаны тану. Дина Нүрпейісова (1861-1955 жж) (Мәтінді 1-оқушыға
оқыту)
Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты,
Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ
Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің
күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі
Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он
тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол
Дина 90-жасында Құрманғазы
ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады.
1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл
республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл
Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта
Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады.
Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман
жазды.
Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның
күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға
қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін
тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос
қанатындай болған.
Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ»,
«Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар»,
«Шынар» т.б.
V. Сергіту сәті.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарайды.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.
Кукарику, Кукарику
Оятады баланы.
VІ. Күй тыңдау: (Дәптермен жұмыс)
Балалар енді Дина Нүрпейісова Әжеміздің «Әсемқоңыр» күйінің
тарихымен танысайық тыңдайық.
-Бұл күйдің тақырыбы не жайында?
-Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?
-Қандай аспаппен орындалып тұр?
-Екпіні қандай?
VІІ. Ой толғаныс.
Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды
тауып, жанына тез орналастыру.
Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары?
1861-1953 (1861-1955)
Алматыға тұңғыш қай жылы келді?
1833ж (1937ж)
Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты?
1948ж (1944ж)
Дина жайлы С.Бақбергенов қай жылы роман жазды?
1960ж (1963ж)
VІІІ. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқып келу.
ІХ. Қорытынды.
Оқушыларды бағалау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz