Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Орман алыс

Жұмабекова Зулфият
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
«Қарлығаш»балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті «Дене тәрбиесі»
Тақырыбы: « Ормандағы оқиға»
Мақсаты: 1 Білімділік-Берілген тапсырманы зейін қойып тыңдауға үйрету.
Бөренелерден тепе-теңдікті сақтап өту. Үңгірден еңбектеп бекіту.
2. Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту, тұлға
бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.

Балалар әдемі әуен ырғағымен залға кіріп, жарты шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтармен амандасып алайық
Ортақ жұпар ауамыз.
Ортақ жарық күніміз
Біз әдепті баламыз
Біз балдырған баламыз
Қонақтарды көргенде
Қуана қарсы аламыз.
-Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып терезеге қарасақ алдымен нені көреміз?
-Әрине, күнді көреміз, күннің нұрын көреміз.
Ол, жарқырап нұрын шашыптұрса қалай қуанамыз.
Балалар «Алақай» деп алақандарын шапалақтайды.
-Ендеше, бәріміз қуанып жаңа күнді қарсы алайық
Күн мен сені сүйемін
Саған бас иемін
Жылу бер бақыт бер
Мейіріммен шабыт бер.

Кіріспе бөлім:
Шеңбер бойымен жүру
Аяқтың ұшымен жүру өкшемен жүру
Жыланша ирелеңдеп жүру, үйрекше жүру.
Жүгіру, демалу жаттығулары, маршпен жүру.
Үш қатарға бөліну.
Тәрбиеші: Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Орман алыс.
Орманға бару үшін көптеген кедергілерден өтеміз. Алдымызда ұзақ жол
жатырШаршап қалмау үшін жаттығулар жасап алайық
Жалпы жетілдіру жаттығулары

Алғашқы қалыпта түзу тұру. Аяғымыз иық деңгейіндегідей алшақ, қолымыз
белімізде.
1. Басқа арналған жаттығулар
1.Алға
2. Бастапқа қалыпқа келу
3.Артқа ию
4.бастапқы қалыпқа келу (4-5 рет)
2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3.Сол иықты көтеру
4 бастапқы қалыпқа келу (4-5 рет)
3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2.Кеудеге апару
3 Жанға созу
4 Бастапқы қалыпқа келу (4-5 рет)
4. Белге арналған жаттығулар
1. Оңға иілу
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Солға иілу
4.Бастапқа қалыпқа келу
5.Аяққа арналған жаттығулар
Жерге отырамыз
1. Аяқ иық деңгейіндей алшақ
2. аяқты қосу
3. тізені бүгу
4. Бастапқы қалыпқа келу
-Балалар сендер орманға саяхатқа баруға дайынсыңдар ма?
-Дайын болсақ орманға қарай жүрейік
Саппен жүру
Шалшық судан секіру
Бөренелерден өту
Тастардан секіру
Балалар, орманға да жеттік. Біз ертегілер елінде саяхатта жүрміз орманды
аралайық бір-бірімізден адасып қалмайық. Орманда қандай аңдар бар? (Аю,
қоян, кірпі, тиін т.б.)
Мынау нелер? Шыршалар
(Биік аласа)
Балалар алдымызда бір үйшік тұр екен осы үйдің қасына аялдайық. Балалар бұл
үйде біреу бар сияқты. Мен терезені қарайын кімдер бар екен?
Бұл үйде ата мен әже тұрады екен
Ата мен әже ренжіп отырған сияқты, терезені қағайын. (Есік ашылып әже
шығады)
Әже: амансыңдар ма балаларым? балалар біз ертегілер еліненбіз өздерің
неғып жүрсіңдер?
-Біз орманға саяхатқа келдік
Сіздерге не болды көңіл күйлеріңіз жоқ сияқты
Әже: қызым Маша саңырауқұлақ теруге кетіп еді. Қайтып оралмады. Машаны аю
ұстап алып апанына алып кеткен сияқты.
Аюдан Машаны құтқарыңдаршы бізге көмектесіңдерші
-Тәрбиеші: Сіздер уайымдамаңыздар. Біздің балалар Машаны аюдан құтқарады.
Балалар ата мен әжеге көмектесеміз бе? Аюдың апанына баратын жолда
көптеген кедергілер бар (үңгірлер, бөренелер, сулар)
Негізгі қимылдар
1. Бөренеден тепе-теңдікті сақтап өту
2. Үңгірден өту (еңбектеп)
3. Шыршалардың арасынан өту

Қорытынды бөлім
Балалар, аюдың апанына баратын жолдағы кедергілерден де өттік. Апан
көрінді. Аюдың апанына қарай барлығымыз жақындайық. Мен аюдың апанының
қасына барып тыңдайын аю ұйықтап жатқан шығар аю қыста ұйқыға кетіп,
көктемде оянады. Аю ұйықтап жатыр екен. Кім апаннан Машаны алып шығады
(Машаны аюдан құтқарып үйіне әкеледі) Әже қызын құшағына алады.
Тәрбиеші: Әже біздің балалар апанға баратын жолдағы көптеген
кедергілерден өтіп, аю ұйықтап жатқан да Машаны аюдан ұрлап алды.
Балалардың барлығы қалай да Машаны аюдан құтқарамыз деп талпынды.
Кедергілерден өтерде жылдамдық, ептілік танытты.
Әже: Рахмет балаларым. Сендердің Машаны тауып әкелетіндеріңе сеніп едім.
Өркендерің өссін, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар сендер ойын ойнағыларың келеме? Ендеше қазір ойын
ойнаймыз. Сендер қоянды білесіңдер. Қоянның көзі, аяғы, құлағы бар.
Қоянның құлағы қандай? (Ұзын) Қояндар не жейді? (сәбіз) сендер қоян
туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы, қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Ойынның аты: «Қасқыр мен қояндар»
Ойынның мақсаты: Жылдамдыққа, шапшаңдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Қояндар сәбіз жеп отырады. Кенеттен қасқыр келіп
қалады. Сендер қашып
үйшіктің артына тығыласыңдар. Ұстап
алған баланы қасқыр алып кетеді. Ойын
екі-үш рет қайталанады

Күтілетін нәтиже:
Біледі. Жүріс түрлерін, жалпы жетілдіру жаттығуларын
Үйренеді: негізгі қимыл жаттығуларын.

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
«Қарлығаш» балабақшасының
тәрбиешісі Жұмабекова Зулфият

Туған қаламызға саяхат

Мақсаты: Қала туралы мағлұмат беру.Туған жер кереметтерін тануға, оларды
атай білуге үйрету. Саяхат жасай отырып, танымдық қабілеттерін арттыру.
Туған жерді қастерлеуге, аялап сүйе білуге тәрбиелеу. Туған жерге деген
сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Кіріспе бөлім:
Балалар залға әдемі әуен ырғағымен кіреді.
«Шаттық шеңбері,
Жарық болса күніміз
Жарқын шығар үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз.

-Балалар біз қайда тұрамыз?
-Қазақстанда
-Қазақстанның қай облысынанбыз?
-Ақтөбе облысынанбыз
-Қай ауданында тұрамыз?
-Шалқар ауданында
ІІ Негізгі бөлім
-Ал, балалар біздің балабақшаның аты қалай аталады?
-Қарлығаш
Балалар орталық көшелеріміздің бірі Есет Көтібарұлы көшесіне саяхатқа
барғыларың келеме?
-Ендеше автобусқа мініп, отырамыз.
-Балалар, терезеден қараңдаршы, көшеміз қандай көрікті, таза екен.
-Мынау-мұражай
-Балалар сендер мұражайға барып көрдіңдер ме?
-Көрдік
-Мұражайда нелер бар екен?
-Ертедегі заттар, кебеже, асадал, киіз, текемет, басқұр, ши, шыпта т. с.
с.
-Саяхатымызды жалғастырамыз
-Айналамызға қарайықшы, бой түзеп өсіп тұрған талдар, аққайыңдар қандай
әдемі.
-Балалар, ағаштарды қалай күтуге болады?
-Ағаштарды сындырмаймыз, жапырақтарын жұлмаймыз, су құямыз, құрттан
тазартамыз.
-Дұрыс айтасыңдар, әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз. Балалар мынау
№2мектеп-гимназиясы.
Мектеп неше қатарлы?
-Үш қатарлы
-Бұл мектепте кімдер жұмыс жасайды?
-Ұстаздар т.б
-Кімдер білім алады?
-Оқушылар
-Ұстаздар балаларға білім береді. Әліппе танытады, жаздырады. Балалардың
сауатты болуына жол ашады. Ал оқушылар мұғалімдердің үйреткенін үйреніп,
сауатты болып шығады. Жақсы оқыған бала білімді болып, жақсы мамандық иесі
болып шығады. Саяхатымызды жалғастырамыз.
-Мынау-көше қиылысы. мынау не?
-Бағдаршам
-Бағдаршамда неше жарық бар?
-Үш
-Қызыл көз жанғанда не істейміз?
- Тоқтаймыз
-Сары көз жанғанда не істейміз?
- Дайындаламыз
-Жасыл көз жанғанда не істейміз?
-Жүреміз
-Жолдан өттік, мынау сендердің балабақшаларың.
-Балабақшада кімдер жұмыс істейді?
-Меңгеруші, тәрбиеші, медбике, аспазшылар, кір жуушы, кір үтіктеуші.
-Балабақшада кімдер тәрбиеленеді?
-Балалар
-Сендер балабақшада не істейсіңдер?
-Ән айтамыз, билейміз, тақпақ айтамыз, сурет саламыз, ермексазбен жұмыс
жасаймыз, ертегі үйренеміз т. б
-Саяхатымызды әрі қарай жалғасытырамыз. Көшеміз қандай әдемі, әдемі гүлзары
бар. Гүлдер жайқалып өсіп тұр. Көздің жауын алады, қарасаң көз тоймайды.
Гүлдердің түстері қандай?
-Ақ, сары, қызыл, жасыл, көк. Гүлдер әр түсті болады.
-Әр қарай жүреміз, балалар мынау не?
-Дүкен?
-Көкөніс пен ойыншықтар дүкенінің қасына аялдайық. Автобустан түсіп,
дүкенге кіріп сауда жасаймыз.
Сюжетті-рольдік ойын «Дүкенші»
Мақсаты: 1. Балаларды үлкендердің жұмыстарымен таныстыру.
2. Өз бетінше сөйлеуін және ойлау қабілетін арттыру, сөз қорын байыту.
Диалогтық сөйлеуін дамыту.
3. Сатушыға өтінішпен және сұрақпен қарым-қатынас жасай білу.
4. Балаларды көпшіл жерде мәдениетті жүруге тәрбиелеу. Дұрыс сөйлеуін
бақылау.
Ойын барысы:
Сәлеметсіз бе?
1. Бала:-Сәлеметсіз бе?
Дүкенші:-Сәлеметсіз бе Балақай қандай ойыншық аласың ?
Бала: -Бүгін менің қарындасымның туған күні. Қарындасыма жұмсақ ойыншық
алғым келеді
Дүкенші:-Мына сөрелерден ойыншаықтар таңдаңыз
Бала:-Ортаңғы сөредегі екінші тұрған ақ қоянды беріңіз. Бағасы неше теңге
тұрады?
Дүкенші:-бағасы екі теңге (Ойыншықты береді)
Бала:- (1.2т деп санап береді) Рахмет сау болыңыз!
2 бала:-сәлеметсіз бе?
Дүкенші:- Сәлеметсіз бе?
3 Бала:-Сәлеметсіз бе?
Дүкенші:- Сәлеметсіз бе?
Сәлем досым. Кезектің соңы сен бе?
Кезектің соңы мен
Сенен кейін мен болайын
3 Ата мен әже келеді
Дүкенші:- Сәлембердік
Ата:- Көп жаса
Балалар:: Сәлембердік
Ата:-бақытты болыңдар
Балалар:-Сіз үлкен кісісіз кезек күтпей ойыншық ала беріңіз
Ата:-Рахмет балаларым. Әдепті көргенді тәрбиелі тәрбиелі балалар
екенісіңдер. Сендерді тәртіпті қылып тәрбиелеген екен
Дүкенші:-Ата қандай ойыншық аласыз?
Ата:-Мына немереме ойыншық алайын деп едім
Дүкенші:-Балақай атың кім?
Бала:-Данияр
Дүкенші: Жасың нешеде?
Бала:-5 жастамын
Дүкенші: Данияр мына сөрелерден өзіңе ұнаған машинаны ала ғой
Бала:- үшінші қатардағы екінші тұрған үлкен машинаны беріңіз
Ата:-бағасы неше теңге тұрады?
Дүкенші:- Бес теңге
Ата:-1,2,3,4,5, деп теңге ұсынады
Дүкенші:-Данияр бұл машина әдемі екен
Бала:- Бұл машинамен ұқыпты ойнаймын сындырмаймын. Рахмет. Сау болыңыз.
Дүкенші:-Сау болыңыздар
Балалар кезекпен ойыншық жеміс-жидек сатып алады. Ойын жалғаса береді.

Ұқсас жұмыстар
Саламатсыздарма балалар
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. 5 сынып
Word Pad мәтіндік редакторының батырмаларының қызметін жазыңдар
Cөз мерген
Перспективаны бейнелеу негіздері
П дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Жапырақтарды көп жинаған бала жеңімпаз
Қыс көрінісі, ашық сабақ 2 сынып
Сау болыңдар
Балалардың жауаптары
Пәндер