Өнер бекеті

Өткізген Қарағанды қаласының Сұрыптау бекетінің
№ 46 орта мектебінің мұғалімдері
ЖҰМАБЕКОВА АЙТБАЛА СОВЕТБАЙҚЫЗЫ
ҚАДЫР АЙЖАН ҚАДЫРОВНА
« БІЛГІРЛЕР» САЙЫСЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ
Катя: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Білгірлер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Серікжан: - Кешімізді бастамас бұрын, Катя, саған жұмбақ қояйын деп едім.
Катя: - Ол қандай жұмбақ? Қане айтшы.
Серікжан: - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Катя: - Бір деген- Тәуелсіздік.
Бостандыққа қол жеткіздік!
Екі деген - Елім,
Далам, Тауым, Көлім!
Үш деген - Елтаңба,
Оны білмей қалма!
Төрт деген - әнұран,
Жүректегі ұран!
Бес деген - жалау
Желбіреген алау.
Алты деген - Ана тілі,
Міндетті түрде оны біл!
Жеті - деген Елбасы,
Өрлеп тұр оның тасы.
Сегіз деген - Астана,
Республикаға бас қала
Тоғыз деген - тарих,
Толық оны таниық!
Он деген - болашақ,
Біз жасайтын келер шақ!
Серікжан: - Жарайсың, Катя.
Уа, халайық, көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Тәуелсіздіктің қадірін біліңдер!
Катя: ХХ ғасырдың ұлы жемісі - қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы - ана тілімізді ардақтау.
Серікжан: - Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.
Катя: - Сондықтан ортамызға бүгінгі «Білгірлер»сайыс үміткерлерін шақырамыз. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр.
Бірінші топ - 11 А сынып оқушылары
Екінші топ - 10 А сынып оқушылары
Серікжан: -
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
Катя: - Бүгін біз ұлан-байтақ Қазақстан жерінің бірнеше бекетіне тоқталып өтеміз.
1 бекет- «Мықтылар» бекеті
2 бекет - «Үміт» бекеті
3 бекет - «Қайраттылар» бекеті
4 бекет - «Өнер» бекеті
5 бекет - «Тілшілер» бекеті
6 бекет - «Қызықты грамматика» бекеті
Серікжан: - Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1. Лавник Фарида Вакильевна - мектеп директорының орынбасары
2. Даниярова Сәуле Торегожавна - әдістемелік бірліктің жетекшісі
3. Нурмуханова Бахыт Қайыровна
4. Сатиева Гульбахыт Жомартовна
Катя: - Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына - демекші әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін көрсетіп, ұранын айту керек.
Рахымова Айжарқынның орындауында тамаша әнді қарсы алыңыздар
Серікжан: - Тұлпарларымыздың шабысын бәсеңдетіп, «Мықтылар» бекетіне тоқтайық. Әр топқа 10-10 сұрақтан қойылады. Сұраққа дұрыс, толық жауап берген топ жеңіске жетеді. (Сұрақтар бейнетаспада жазылады)
І топтың сұрақтары:
- А. Байтұрсынов кім?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Жүз жасаған ақын?
- «Шаһар» сөзінің синонимі?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Тұрлаусыз мүшелерді ата?
- М. Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
- Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
- Абайдың қанша қарасөзі бар?
- Ата Заң күні қашан?
ІІ топтың сұрақтары:
- «Оян қазақ» кімнің шығармасы?
- Жалғаудың неше түрі бар?
- Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
- Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
- Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
- Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
- Қазақстан жерінен өткен жол.
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
6 сынып оқушысы Тимиров Диастың орындауында қазақ күйі
Катя: -
2 турымыз «Үміт» бекеті деп аталады. «Үміт» бекетінде бізді мынадай тапсырма күтіп түр. Берілген қоржын ішіндегі тақырыптарға әңгіме құрастыру
Команды берут из коржуна задания и идут готовиться
Топ мүшелері тапсырмаларын даярлағанша ортаға 11сынып оқушылары Соскова Яна мен Касенова Айзаттың өнерін тамашалайық.
- Ал енді дайын болсаңыздар, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Әділқазылар өз бағасын бере отырар.
( читают свой рассказ )
Серікжан: - Ертеде бір құмырсқа : - Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды арқалаған күштімін, - деген екен. Ал енді «Қайраттылар» бекетінде топ капитандарын сынап көрелікші. Топ капитандары кезекпе - кезек сұрақтарға жауап береді. Барынша көп ұпай жинауы керек. Мәдениетіміздің салалары бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтар қиындылығына байланысты 10, 20, 30 баллдарымен бағаланады.
Ғылым
10-Қаныш Сәтбаев кім? Қ. Сәтбаев-қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті, академигі
20- Әл-Фарабиді сегіз қырлы бір қырлы жігіт деуге бола ма? Неге? Ол ғылымның көп саласын меңгерген -философ, социолог, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі
30- Н. Ә. Назарбаев қай ғылымның докторы? Н. Назарбаев- экономика ғылымдарының докторы
Өнер
10-Шәкен Айманов кім? Ш. Айманов- әйгілі актер, режисер
20- Құрманғазының атақты күйі? Құрманғазының күйі «Адай»
30-Қазақтың кәсіби музыкасының қара шаңырағын көтеруші кім? Қазақтың кәсіби музыкасының қара шаңырағын көтеруші - Ахмет Жұбанов
Спорт
10-Б. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата. Бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ, асық, күрес . . .
20-«Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері кім? Бекзат Саттарханов- «Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері
30. Грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы болған кім? Б. Тұрлыханов- грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы
Кино
10 -Қандай қазақ фильмдерін білесіңдер?
20- Қазақтардың нағыз тарихын бейнелейтін киноның аты. Көшпенділер
30- «Қыз Жібек» режисері: С. Қожықов
- Бәрекелді, қазақ тілін оқу барысында табыс тілейміз, қанаттарың талмасын.
Рахымова Айжарқынның орындауында өзбек биін тамашалайық
Катя: -
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең - деп «Өнер» бекетіне тоқтайық. Бұл бекетте әр топ командасы өз үй тапсырмаларын көрсетеді.
1. «Алена және жігіттер» тобы
2. «РЕАЛЛ-дық жүз» тобы
Серікжан: - Тілдерді меңгеремін, тең көремін,
Полиглот сайысында күшімді сынап көремін, - дейді «Алена және жігіттер» және «РЕАЛЛ-дық жүз» топтары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz