Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ауданның экологиялық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі
Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы

Жұмыстың тақырыбы:
«Экология - ұлтқа ортақ проблема»
(Қазіргі қоғамдағы қалыптасқан экологиялық проблемалардың пайда болу
себептері және оны шешу жолдары)

Орындаған: Жұмабаев Нұрсұлтан
Сыныбы: 10 б
Мектебі:Қаратөбе
мектеп гимназиясы
Секциясы: «Экология»
Жетекшісі: Габдушева Гульнур

2011 оқу жылы

Мазмұны.

І. Кіріспе
бөлімі.....................................................................
.........5-6

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтатын табиғаттың тілі жоқ

ІІ. Негізгі бөлімі

1.1.Экологияның бұзылуының қоғам мен адамға кері әсері .......7-11

1.2 Пайдасы мен зияны көп темір
тұлпар.............................................12-16

1.3. Қаратөбе биосферасының
экологиясы...........................................17-21

1.4.Ауданның экологиялық мәселелерінің қазіргі
жағдайына
талдау......................................................................
.............22

ІІІ. Қорытынды бөлімі

Экологиялық проблемаларды құқықтық жолмен
шешу
жолдары.....................................................................
................23-25

Қолданылған
әдебиеттер..................................................................
...26

2
Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10б сынып оқушысы Жұмабаев Нұрсұлтан.
Облыстық “Балалар Даму Академиясы” оқушылардың ізденіс-зерттеу
конференциясына “Экология - ұлтқа ортақ проблема” атты тақырыбына
дайындаған ғылыми шығармашылық жұмысына

Р Е Ц Е Н З И Я

Зерттеу жұмысында оқушы қоғамда қалыптасқан экологиялық жағдайды адамға
және қоршаған ортаға кері әсерін жан-жақты зерттей отырып,оның шешу
жолдарын айқын ашуға назар аударады. Оқушы өз білімін зерттеу
тәжірибелерімен ұштастыра білген.Еңбегі ғылыми және публистикалық стильде
жазылған. Пікірі жүйелі, ойы анық.

Жайық Каспий экологиялық департаментінің

Батыс Қазақстан облысының филиалы

Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік

экологиялық инспекторы: М.Кариев

3
Жұмыс мақсаты: Қазіргі таңдағы ғаламдық проблемалардың бірі және бірегейі
болып отырған экология тақырыбын барынша кең ауқымда аша отырып, жас
жеткіншектерге бүгінгі күннің экологиялық жағдайларын жеткізе отырып,
оларды табиғатты қорғауға насихаттау.

Ғылыми жаңалығы: Экология апаттары туралы барлық материалдардың жүйелеп,
саралау арқылы жас жеткіншектерге табиғи таза күйінде сақтауға үгіт жүргізе
отырып, экологиялық поблемалардың алдын алу жөнінде өз ұсыныстарымды қосу.

Зерттеу әдісі:
–      Адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру экологиялық апаттарды
болдырмаудың алдын алуы болып табылады.

–       Экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатпен қарым– қатыныста
қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.

–       Мектепте жас ұрпақтарға экологиялық білім беруде қорық
қызметкерлерімен бірігіп қоғамдық пайдалы еңбек, экологиялық апталық,
саяхат, практикалық жұмыс жасау.

Зерттеуге негіз болған материалдар: архив материалдары,туризм орталығы мен
экология орталығының материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары, кітаптар,
газет – журналдар зерттеу күнделігі,аудандық экология орталығ

4

І. Кіріспе
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтатын табиғаттың тілі жоқ

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы,көңілге көтеріңкі көңіл сыйлайтын
салиқалы сөзде қаншама терең тұжырым,ұлағаты мол ұғым,мағыналы да мазмұны
ауқымды ой жатыр десеңізші. Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты
қоныс – мекені, алтын ұя бесігі,бар байлықтың бастауы. Ал,адамзат үшін
табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы
адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар,қоршаған орта-
табиғатқа орны толмас орасан зор зиян тигізіп отыр. Соған орай бұл күнде
атмосфераның гидросфераның,литосфераның үздіксіз ластануын тежеп тоқтату
мүмкін болмай жатқандығы да шындық.Осыған байланысты қоршаған ортаны
қорғау және табиғи қалпында сақтау мәселелері бүкіл дүниежүзі елдерінің
алдында тұрған ең маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.
Қоршаған табиғи орта негізінде екі жолмен ластанады. Оның бірі табиғи
жол, екіншісі антропогендік, яғни адамның іс-әрекетінің нәтижесінде
ластануы.
Ауаның табиғи жолмен ластануына жанар таудың атқылауы,( жерде бірнеше
мың жанартау бар,олардың 500-ден астамы активті түрде) тау жыныстарының
үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына,орман өрттеріне, теңіз тұздарының
желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ертінді тамшыларының
құрғауына,тірі организмдердінің іріп-шіру процестеріне байланысты.
Атмосфераның табиғи ластайындарға аэроплантондар,яғни әртүрлі
ауру қоздыратын бактериялар,саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің
тозаңдары жатады..Сонымен қатар атмосфераны ластайтындарға қатарына космос
шаң-тозаның жатқызуға болады.
Негізінде қоршаған табиғи ортаның сапасына,яғни құрамы мен қасиеттеріне
зиянды әсер тигізетін қауіпті химиялық және биологиялық заттар,шу
тербеліс,магнитті өрістер және басқа да физикалық ықпалдар болып саналады.
Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге
қара және түсті металлургия,транспорт,электр энергетикасы,ауыл шаруашылығы,
мұнай-газ, түсті металллургия,тұрғын –коммуналдық шаруашылық,мұнай-
газ,көмір,химия өндірістері,ауыл шаруашылық салалары жатады.
Экологиялық жүйелерге күн сайын өсіп жатқан антропогендік әсер
жағдайында Жер биосферасын сақтау-қазіргі замнның ең негізгі ғаламдық
проблемаларының бірі. Экологиялық қауіпсіздік және қалыпты даму көптеген
елдердің негізгі проблемасы болып отыр.Қазақстанда туып отырған кризисті
экологиялық жағдай,жалпы қолайсыз әлеуметтік-экологиялық жағдай мен елдегі
табиғатпайдалану саясатының нәтижесі.

5
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей,табиғат ортасын бұзып және табиғат
ресурстарын сарқу есебінен,қоғамның экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз
ету мүмкін емес. Сонымен қатар,күшті экономикамыз қоршаған ортаның қажетті
сапасын сақтау мүмкін емес.
Экология-бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір-іс-әрекетіне
келешекте шек қоятын,оның тыныс-тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның
жаңа саласы.Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан,кейбір көлденең
оқиғалардан сақтауға,табиғат пен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге
бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.

6
1.1.Экологияның бұзылуының қоғам мен адамға кері әсері.

Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау
және оны молайту тек бүгінгі күннің қажеттілігінен туындамайды, ол ертеңгі
күннің проблемаларына да жауап береді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның
2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуына арналған бағдарламада басым
міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қоршаған ортаның қазіргідей ауыр жағдайында еліміздің келешек иелерінің
экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің
бірі болып отыр.Республика қалаларында атмосфераның ластануының көбейе
түсуі туған табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы, адам
денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуде және қоршаған ортаның ластануына
байланысты әр түрлі аурулардың пайда болуы, т.б. жағдайлардың айта берсек
соның ішінде республика халқының өміріне кез-келген сыртқы қатермен бірге
экологиялық қауіп-қатердің тигізер әсері өзекті мәселеге айналып отыр.
Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден
бастау алады. Еліміздегі осындай ірі экологиялық ластанудың ошақтарын
есепке алып, оны жою бойынша тиісті бағдарламалар жүргізілсе, орындалатын
негізгі міндеттердің бірі болып саналады.Мұнда қарастырылатын мәселелер
ішінде экология және табиғи ресурстардың қоғамда қалай пайдаланылып
жатқандығы сөз болады, табиғат пен адам арасындағы кейбір елеулі
қайшылықтар салыстырмалы түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, еліміздегі
экологиялық дағдарыстың орын алуы.
Бүгінде экология ең бір өзекті мәселелердің қатарына шығып отыр.
Ғаламдық жылыну себептерінің толық ашылмауы жер шары тұрғындарын,
мамандар мен ғалымдарды барынша алаңдатып отыр.
Сол себепті, ядролық сынақтарды болдырмау, жаппай қырып-жою қаруларын
түп тамырымен жою бағытында Қазақстан тарапынан жүргізіліп жатқан барлық
бастамаларға әлемдік қоғамдастық әлі де қолдау-көмек көрсеткені қажет. Бұл
өз кезегінде ғаламдық қауіпсіздікке де өз ықпалын тигізер еді.
Адамдардың ластанған суларды пайдалануының аймақта онкологиялық
аурулардың артуына әсері бар.
Онкологиялық аурулардың көрсеткіші бойынша Қызылорда облысының
республикада алдыңғы орын алуын да сонымен байланыстырады
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының
даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым - қатынасының дұрыс
жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.Осы жағдайды саналы
азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың өмір сүру
барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол
қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе
екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев
өзінің «Қазақстан - 2030» бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет айтып өтті.

7
Қазіргі кезде Семей полигоны, Арал қасіреті, Байкоңыр ғарыш аймағында
және тағы басқа. жерлердегі экологиялық апаттар орын алуда.
Табиғат–адам–қоғам–өндіріс; «қоршаған орта мен қоғам» арасындағы ара –
қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы
тиіс.
Қазіргі кезең - экологиялық жағдайдың шиеленген сәті. Қазақстан жерінің
экологиялық жағдайын тәуір деп айтарлықтай емес. Солардың ішінде
экологиялық шырғалаңға түскен Арал өңірі бәрінен ерекше тұр. Арал теңізінің
кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп миллиондаған тонна тұз аралас шаң-
тозаңды, әр түрлі химиялық заттармен қаныққан, суы ішуге жарамсыз
Сырдариясын, аппақ соры бұрқыраған егістік, шабындық, жайылымдық жерлерін
айтсақ та жеткілікті. Айнала қоршаған ортаны ластаушы "Байқоңыр" ғарыш
айлағының өзі не тұрады?
Қазіргі өркениетті даму барысында адамзат ғаламдық деп аталатын бірқатар
проблемаға кездесті. Қазіргі кезеңнің ғаламдық проблемаларының мәні неде
және олардың қандай түрлері бар? Ғаламдық проблемалар деп бір елдің немесе
мемлекеттер тобының ғана емес бүкіл адамзат бірлестігінің өмірлік
мүдделерін қамтитын және олардың теріс салдары бүкіл өркениетке қауіп
төндіретін бірқатар жалпы дүниежүзілік құбылыстар мен процестерді айтады.
Олар адамзат қоғамының тіршілік әрекетінің әр алуан жақтарын әсер етеді –
дүниежүзілік саясат пен экономикаға, мемлекет аралық және ұлтаралық
қатынастарға , бұқаралық салаға адамдардың тіршілік ету жағдайына тікелей
байланысты. Дүниежүзілік ғаламдық проблемаларға мыналар жатады:

8
Ғаламдық проблеманың пайда болу себептері

1-кесте
|Әлемдік экологиялық |Пайда болу себептері |Шешу жолдары |
|проблемалар | | |
|Халық санының артуы |Табиғат ресурстарын |Демографиялық тұрғыда |
| |барынша пайдалану |реттелу,қолайлы мекендерге |
| | |қоныс аудару |
|Климаттың |Атмосферадағы |Қалдықсыз немесе аз қалдықты |
|өзгеруі(озон |газдардың тепе – |жаңа технологияны |
|қабатының |теңдігінің |енгізу,экологиялық мониторинг|
|тесілуі,қышқылдық |бұзылуы,климаттың | |
|жауындардың пайда |жылынуы | |
|болуы) | | |
|Су ресурстарының |Суды барынша пайдалану|Суды пайдалану технологиясын |
|тапшылығы |және ластау,ақаба |жақсарту және жауапкершілікті|
| |сулардың көбеюі |арттыру,экологиялық |
| | |мониторинг |
|Жарамсыз жерлердің |Ландшафтылардың |Жерді тиімді пайдаланудың |
|көбеюі |жарамсыздануы және |жаңа |
| |климаттың өзгеруі |экотехнологиясы,экологиялық |
| | |сараптама жүргізу |
|Жер ресурстарының |Топырақ |Жерді пайдалануды қайта |
|тозуы |эрозиялары,ластануы |түлету,экотехнология |
| |мен құнарсыздануы |экологиялық сараптама. |
|Биокөптіліктің азаюы |Адамның іс – |Табиғи ланшафтыларды қайта |
| |әрекеттері,табиғи |түлету,экожоспарлау,жер |
| |биоценоздың |сіндіру , экологиялық |
| |жойылуы,түрлердің |мониториг |
| |азаюы | |
|Өндірістік және |Өндірістік |Қайта өңдеу немесе қалдықсыз |
|тұрмыстық |қалдықтармен ластануы |технологияға |
|қалдықтардың көбеюі | |көші,экотекнология |
| | |экологиялық |
| | |мониторгинг,сараптама |
|Табиғи |Улы заттардың |Табиғи ландшавтыларды қайта |
|ландшавтылардың азаюы|шығарылуы орта |түлетк, |
| |сапасының |экожоспарлау,экологиялық |
| |нашарлауы,түрлі |мониторинг,экологиялық |
| |қауіпті аурулардың |сараптама,экологиялық төл – |
| |көбеюі. |құжаттар әзірлеу |

9

Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттегінің саны
2000-ға жуық. Барлық ластағыш заттектер агрегаттық күйіне байланысты
қатты,сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді.Газ тәрізді заттектер
атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ің құрайды. Ғалымдардың
есептеуі бойынша әлемде жыфл сайын адамның іс-әрекеті салдарынан
атмосфераға 25,5 млрд тонна көміртек оксиді,100 млн тонна күкірт оксиді,65
млн тонна ,азот оксиді 1,4 млн тонна қорғасынның органикалық
қосылыстары,көмірсутектер соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын
көмірсутектер таралады.Батыс Қазақстан облысында қазіргі кезде іс-әрекеті
атмосфераның күйіне тікелей әсер ететін 200-ден астам бірлестіктер мен
кәсіпорындар бар.Оның ішінде жылына 100 тонна лас бөлетін ірі кәсіпорындар:
Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг -12900 тонна,Конденсат Ақ-491 тонна,Орал
мұнай құбыр басқармасы, Казтрансойл –Ақ-1520 тонна, АқЖайықжылуэнерго-646,3
тонна. Ластанған аймақтарда адамдардың әсіресе балалардың ауруы оның ішінде
тыныс алу жолдары мен қан аурулары,аллергия,бронх демікпесі аурулары.
Қазақстанда экономиканың дамуының негізі болып минералды-шикізат
комплексі болып саналады.Яғни бұнда тау-кен,энергетика,металлургия және
химия өндірісі үстем болады. Осы аталған өндірістер табиғат ортасының
негізгі ластағыштары.Қазіргі бар технологиямен минералдық ресурстарды
өндірген,тасымалдаған және өндеген кезде олардың тозына және экологиялық
жағдайына әсер етеді. Көмір,мұнай,газ,металл және тағы басқа табиғат
ресурстарының кен орындарын игерген кезде жер қабаттарында белгілі бөлігі
қалып қойяды. Әдетте мұнайдың35-40% қоры алынады,ал алдынғы қатарлы
технологияны қолданғанда 80%-ке жеткізуге мүмкіндік туады.
Интинсивті мұнай өндіру аймақтарында биогеохимиялық провинция түзілетін
процес жүруде,онда токсикалық заттар құрамының барлық нормалары жоғары
болады. Жыл сайын Республикада 50 мың тонна мұнай шламы және мазутталған
топырақ пайда болады.Мысалы каспий маңы аумағында мазутталған жердің жалпы
ауданы 200 мың гектар,алтөгілген мұнай көлемі миллиондаған тонна.
2015 жылға дейін Республикада Каспий мұнайын өндіру жылына 150 млн
тоннаға жеткізу жоспарлануда,бірақ осы кезге дейін Каспий және оған жақын
аудандарға зиянының есебімен оптимальды өндіру деңгейі анықталмаған.
Қоршаған ортаның ластануы проблемасы және болуы мүмкін техногенді апат осы
аймақ үшін қауіптілік деңгейі бойынша алдыңғы жоспарға шығып отыр.
Республикада ядролық отынды өндіру,тасымалдау,игеруге ерекше орын
берілген.

10
Казатомпром әкімшілігі берілгені бойынша жыл сайын 2,5 мың тоннадай уран
өндіріледі,бұл дүниежүзілік өндірістің 5%-ің құрайды және 2005 жылда 7%-ке
жетеді.Дүниежүзілік тәжірибеден белгілі жерден уран өндіргенге
қарағанда,қалдықты көму 10 есеге қымбат.Біздің елде осы кезге дейін
экологиялық талаптарға жауап беретін ұлттық радиомагильник жоқ,ядролық
қалдықты жоюдың сенімді технологиясы жоқ.Сондықтанда күрделі проблема болып
ядролық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз сақтау және оларды өңдеу саналады.
Республикада 20 миллиардттан астам қатты өнеркәсіп және тұрмыс
қалдықтары,соның ішінде 237 миллион тоннасы радиоактивті және6,7 миллион
тоннасы токсикалық қалдықтар.Еліміздің 1 тұрғынына 16 тонна радиоактивті
және 0,5 тонна токсикалық қалдықтан келеді.
Қалдықтардың негізгі массасы Қарағанды,Алматы,Өскемен қалаларында
жинақталған. Ақтөбе облысында құрамында өте қауіпті токсикалық алтывалентті
хром,ал Жамбыл облысында-фтор,фосфор және Шығыс Қазақстан облысында-ауыр
металдар тұздары қалдықтары жинақталған.
Батыс Қазақстан облысына келер болсақ Капустин Яр полигонының ядролық
ракеталар сынағын жүргізу аумағының жалпы көлемі 6,5 гектар болса,Орда және
Жаңақала аудандарында зиян шеккен жердің аумағы 1,5 млн гектар болды.
Полигонға іргелес жатқан Бөкейорда ауданында қалыптасып отырған экологиялық
жағдай химиялық жағынан кешенді зерттеді. 60 жыл астам Капустин Яр
полигонның,10 жылдан астам Азғыр полигонының қармағында болған бұл жерде
177 түрлі ракеталық әскери техникалар сыналды. Ресейдің әскери сынақтары
әлі күнге дейін жалғасып отыр. Нәтижесінде,радиациялар залалдың деңгейі 11о
микроген болып белгіленді. Ең сұмдығы жарты ғасырдан астам уақыт ішінде
зардап шеккен халық денсаулығын қорғауға ешқандай көңіл бөлінбеген.
Мұндағы сәби өлімі көрсеткіші тіпті Семей атом полигоны маңындағы елдегіден
де жоғары.Ауданда қатерлі ауру көп.Зерттеу нәтижесі ауыз судың
жарамсыздығын көрсетті:нитраттар мен ауыр металдың мөлшері нормативтен әлде
қайда жоғары.

11
1.2. Пайдасы мен зияны көп темір тұлпар
Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі - адам қызметінің нәтижесімен ластау.
Ластайтын заттар өндіріс, автокөлік және тұрмыс қалдықтары. Осы ластаушы
заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады. Ауаны
ластауда автокөліктердің де үлесі орасан зор. Соңғы жылдары көлік
түрлерінің тез дамуына байланысты жүк және жеңіл автокөліктердің,
тракторлардың, тепловоздардың және ұшақтардың бөліп шығарған улы заттарынан
атмосфераға түсетін қалдықтардың үлесі біршама арта түсті. Ал Соңғы жылдары
автокөліктердің санының артуы да ауаның ластануына үлесін қосуда. Өкінішке
орай, бұл өсу түтін шығаратын (выхлопной) газдармен және облысқа әкелініп
жатқан бензин сапасын қатты бақылау жолы әлі де қамтылмаған. 2010 жылы 49
бензин партияларын тексергенде 12 партиясы норматив талаптарына сай
шықпағандығы анықталды. Бұның өзі кәсіпкерлердің адал, таза еместігін, бір
күнгі түскен табысы- өзінің балалары мен жақындарынан қымбат екендігін
байқаталы. Мұнда бізге тұрғындардың экологиялық мәдениетімен сауаттылығы
жолында жұмыс жасауымыз керек.
Ауданда тек жеңіл автокөлік қана жүріп қоймай, жүк тасушы автокөліктер,
тепловоздар, тракторлар да жүреді. Олардың бір бензинмен жүретін болса,
екінші біреуі дизельді отынмен жүреді. Қазіргі кезде автокөліктер
пайдаланатын жанармайлардың сапасы да әр түрлі. Сапасы төмен жанармайдың
арзандығына қызығып пайдаланатын автокөлік иелері қоршаған ортаға қаншама
зиян келтіріп жатқанын біле бермейді.Атмосфералық ауаның ластануы адам
денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға әртүрлі жолмен тіке және жедел
қауіптен бастап организім өмірімен қамтамасыз ететін жүйесін жәймен және
кезекпен бұзуға дейін бара

12
Автомобиль шығатын газдардың адам денсаулығына әсері

2-кесте
|№ |Зиянды заттар | Адам денсаулығына кері әсері |
|1 |Көміртек оксиді |Қанның оттегімен қанықтырылуын тежейді,ойлау |
| | |қабілеті нашарлайды,қатты уланған жағдайда |
| | |есінен тану мен қазаға ұшырау |
|2 |Қорғасын |Қан айналымы,жүйке және жыныс мүшелеріне әсер|
| | |етеді.Балаларда ойлау қабілеті |
| | |төмендейді.Әсіресе сүйектерде және басқа |
| | |ұлпаларда жиналады. |
|3 |Азот оксиді | Вирусты ауруларды (тұмау тәрізді) |
| | |организімнің тез қабылдап алуын |
| | |күштеді.,бронхид және гневтания ауруын |
| | |туғызады. |
|4 |Токсикалық |Рак тудырады,жыныс қызметін бұзады.Нәрістелер|
| |шығарынды |кеміс болып дүниеге келеді |

Ауаның ластануының негізгі себебі, жанармайдың толық және біркелкі
жанбауынан болады. Жанармайдың бар болғаны 15%-ы ғана автомобильді қозғауға
жұмсалса, ал қалған 85 %-ы ауаға шығарылады. Соның нәтижесінде адам
организіміне кері әсерін тигізеді.
Автокөліктер табиғи газбен жүрсе, тиімді болар еді. Газды пайдалану
саны 1985 жылы - 512 болса, 1995 жылы - 1838 - ге жетті. Сондай-ақ
автомобильдің қозғағышының жану камерасы бұл улы заттарды синтездеп,
оларды атмосфераға шығаратын өзгеше бір химиялық реактор. Тіптен ауадағы
зиянсыз азоттың өзі жану камерасына түскенде, азоттың улы тотығына
айналады.
Іштен жану қозғағышының (ІЖҚ - ДВС) жанармайдан шыққан газдарында 170-
тен астам зиянды компоненттер бар, олардың 160-қа жуығы қозғағышта
жанармайдың толық жанбауынан пайда болған көмірсутектердің туындылары болып
табылады. Жанармайдан шыққан газдарда зиянды заттардың болуы жанармайдың
түрлері мен жану жағдайына тікелей байланысты.Жанармайдан шыққан газдар,
автомобильдің механикалық бөлшектері мен покрышкаларының, сондай- ақ жол
жабындары антропагендік тектегі атмосфералық ластағыш заттардың жартысына
жуығын құрайды. Автомобильдің қозғағышы мен картерінің шығарған
ластағыш заттары жақсы зерттелген заттар болып табылады. Осы шығарылған
заттардың құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газ бен судан басқа ,
көміртегінің тотығы , көмірсутектер , азот пен күкірт тотықтары, қатты
бөлшектер сияқты зиянды заттар да кіреді.
13
Жанармайдан шыққан газдың құрамы қолданылатын жанармайдың, майдың
түріне , қозғағыштың жұмыс режиміне, оның техникалық жағдайына,
автомобильдің қозғалу жағдайына және тағы басқаға байланысты. Карбюратор
қозғағышының жанармайдан шыққан газдарының улылығы, оның құрамындағы
көміртегі мен азот тотықтарына, дизельді қозғағыштарда - азот тотығы
мен күйенің болуына тікелей байланысты. Солардан атмосфераға шығатын
зиянды заттардың мөлшері (шаң- тозаң , улы газдар ) 1985 жылы 189,6 мың
тонна, 1995 жылы 256,2 мың тонна. Оны мына кестеден көруге болады:
Зиянды компоненттердің қатарына құрамында қорғасын мен күйе бар
концерогендік қасиеті бар қатты ластағыш заттар да кіреді . Газтәрізді
өнімдерге тән заңдылықтардан қатты ластағыш заттардың қоршаған ортаға
таралу заңдылықтары арасында айырмашылық бар. Ірі фракциялар (диаметрі 1
мм-ден азырақ) топырақ пен өсімдіктің бетіне шөге отырып, соңында
топырақтың беткі қабатына жиналады. Ұсақ фракциялар (диаметрі 1 мм-ден
азырақ ) аэрозольдер түзеді де, ауа массасымен үлкен қашықтықтарға
таралады.
300-350 адам қанша оттегіні көмірқышқылына айналдыратын болса,
автомобиль орташа алғанда сағатына 80-90 км жылдамдықпен қозғала отырып,
сондай мөлшердегі оттегіні көмірқышқылына айналдырады. Мәселе тек
көмір қышқылында ғана емес. Бір автомобильдің пайдаланған газының жылдық
мөлшері - бұл 800 кг көміртегі тотығы, 40кг азот тотығы және 200 кг
- нан астам түрлі көмірсутектер. Міне, осы жинақтың ішінде ең қуіптісі
көміртегі тотығы.
Бензин құйғыш түтіктен бензиннің бәрін құю мүмкін емес, оның аздаған
мөлшері болса да, жерге төгілетінін әрбір көлік жүргізушісі біледі. Алайда,
ойланып қарасақ қазіргі кезде жер бетінде қаншама автомобиль бар десеңізші.
Жыл санап оның мөлшері арта береді, соған орай атмосфераға да зиянды
заттардың бөлініп шығуы көбейеді. Автомобильге құйған кезде төгілген
бензиннің 300 гр ғана 200000 м3 ауаны ластайды. Осы мәселені шешудің
қарапайым жолы - жер бетіне бірде-бір тамшы бензиннің төгілуіне мүмкіндік
бермейтін жаңа конструкциялы май құйғыш автоматтарды жасау.

14
Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеудегі бастапқы
мәліметтерге мыналар жатады

3-кесте

|Автокөлік типі |Отынның орташа шығын |Отынның меншікті шығыны |
| |мөлшері (100км/л) | |
| | |Уі (1км/л) |
|Жеңіл автокөлік |11-13 |0,11-0,13 |
|Жүк автокөлігі |29-33 |0,29-0,33 |
|Автобус |41-44 |0,41-0,44 |
|Дизельді жүк көлігі |31-34 |0,31-0,34 |

Жанармай түріне байланысты автокөліктің бөліп шығарған зиянды заттарын
анықтайтын импирикалық коэффиценттердің мәні кестеде беріл

4-кесте

|Отын түрі |Коэффиценттер мәні (К) |
| |Көміртегі оксиді |Көмірсулар |Азот оксиді |
| |(СО) | | |
|Бензин |0,6 |0,1 |0,04 |
|Дизель отыны |0,1 |0,03 |0,04 |

К коэффицентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол жүруге қажет (яғни,
меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компоненттің
(литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.

5-кесте
|Жанармай түрі |Q, л |Зиянды заттардың мөлшері, л |
| | |СО |Бенз-а-пирен |NО2 |
|Бензин |25,23 |0,024 |0,004 |0,0015 |
|Дизельді отын |4,875 |0,020 |0,006 |0,008 |
|Барлығы (V), л |0,004 |0,01 |0,0095 |

6-кесте
|Зиянды заттың |Мөлшері, л |Масса, г |Сұйылтуға |ПДК мәні |
|түрі | | |қажет ауаның |мг/м3 |
| | | |мөлшері , м3 | |
|СО |0,044 |0,055 |18 |3 |
|Бенз-а-пирен |0,01 |0,1125 |37,5 |1,5 |
|NО2 |0,0095 |0,02 |6,7 |0,04 |

15
Кез келген ғаламдық проблема жердің әр түкпіріндегі әрекеттерден пайда
болады. Өндіріс орындары тұрақты және автокөліктер саны едәуір көп ірі
қалалардың атмосфералық ластануымен біздің зерттелген ауданымызды
салыстыруға болмайды. Дегенмен аудандағы автокөліктер саны аз
болғанымен,бұлардң да белгілі бір дәрежедегі залаады әсерін біз зерттеу
жұмысымыздан байқадық.

Батыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда автокөліктер ауаға бөлінген
зиянды заттардың 65-75 пайызын құрайды. Бензин қозғалтқышы мен қамтамасыз
етілген көлік тер 1500 км жүргенде 4350 кг оттекті жұмсайды. Орташа есеппен
1 автомобиль 4 кг көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Карбюраторлы және
дизильді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланған газда

200ге жуық химиялық қосылыстар болады,олардың ішінде улылығы жоғарыларға
қорғасын,көміртек пен азот оксидтері,көмірсчутектерде, бенз(а)перин жатады.

Пайдаланылған газдағы көмірсутектің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне
байланысты. Автомобильдер бірқалыптылықпен жүргенге және бос жүрісіне
қарағанда екпін тежелу кезінде ластағыш заттардың шығарындысы 1,5-2 есе
көбейеді. Біз 2 бағыттағы қозғалысы бар Евразия даңғалыңдағы «Клара Цеткин»
аялдамасында 20 минут уақыт аралығында қанша автокөлік өткенін есептеп
орташа есеппен 1 сағат және 1 тәулікте 16416 жалпы автөкөлік өтетінің
анықтадық. Сонымен Евразия даңғылшының автокөлікпен салмақталуы ГОСТ-
17.2.2.03-77 бойынша орташа интинсивті көшеге жататынын анықтадық.Мұнай мен
көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды.Осы тұрғыдан қарағанда газ
экологиялық таза отын болып саналады

16
1.3 Қаратөбе биосферасының экологиясы.
Туған жер-алтын бесік. Қандай адам болмасын өзі туған жерінің табиғатын
қастерлей білуі тиіс. Мен –қасиет қонып кие дарыған,атын бар әлемге паш
еткізген сонау сал Мұхит,Ғарифолла туып-өскен киелі Қаратөбе елді мекенінде
Тышқантайдың суын бойға сіңіріп өскен перзентімін. Және осынау киелі
жердің бүгінгі табиғат жағдайын көргенде,жаныма қатты батады. Сонының бірі
Қалдығайты өзені. Яғни қазіргі соңғы жылдары өзен адам қолымен,діни
антропогендік,техногендік әрекеттерінің нәтижесінде қайраңдану немесе
құмбасу процесі жүріп жатыр. Бұл дегеніміз:
1.Өзен арнасының тарылуы
2.Өзен ұзындығының қысқаруы,кей жерлерде кеуіп кетіп жойылуы.
3.Халықшаруашылығына кері әсерін тигізеді.
4.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі азаяды,қысқарады.
5. Ақыры сол жердің ланшафтысы көп өзгеріске ұшырайд
Соңғы 10 жылда сукцессия құбылысы орын алуда, яғни өсімдіктің бір түрінің
бірнеше жылдан кейін басқа өсімдікке жерді өздігінен босатып беруі. Мысалы,
сүттіген, адыраспан орнына ошаған, қаңбақ басып алуы кездеседі.Мысалы,
жазғы желдің шығыстан батысқа қарай соғуының салдарынан ауылға құм
көшкіні жақындап келеді. Жылда Орал қаласынан келген дәрілік өсімдік
мия қазушылар үлкен зиян келтірді. Қаратөбе ауданының батыс бетіндегі 500
га жайылым жер осы мия қазу салдарынан бүлінген. Қаратөбе өңірі Нарын,
Тайсойған өңірлерімен шектесіп жатырғандықтан полигон әсерлерінен өсімдік,
жануарлар мен адамдарға зиянын тигізіп табиғат заңдылықтарын бұзуда.
Ауданда балалар өлімі, жасөспірімдер психикасының бұзылуы, сәбилердің
дүниеге кеміс болып келуі және шетінеу секілді жағдайлар бой көтеруде.
Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою үшін бірінші жерді жоспарлы пайдалану
керек. Екіншіден табиғат байлықтарына есеп жүргізу, сақталуын қадағалау,
елді мекендерді көгалдандыру, қоқыс орындарының зоогигиеналық талаптарға
сай болуы қажет. Ауданымызда табиғатты қорғау бүгінгі күн талабында
басты мәселе болып қала бермек, бұл - баршаның міндетіҚай кезде де табиғат
біздің асыл қазынамыз. Өлкеміздің сұлу да, әсем табиғатын қорғау, оны
экологиялық жағдайға душар етпеу, әрбіреуіміздің міндетті парызымыз.
Қоршаған табиғатқа зиян келтіргеніміз ол өзімізге, келешек ұрпаққа, жан-
жануарға, тіпті болашаққа балта шапқанмен тең. Сондықтан өз өлкеміздің
баға жетпес асылы табиғатты сақтай білейік!Қарап отырсақ, қазіргі кездегі
Қалдығайтымыздың жағдайы көңіл аударарлық күйде. Жалпы алғанда қазіргі
кездегі су экологиясының проблемасы жан-жақты қаралғанмен нақты нәтиже
білінбейді.
17
Қаратөбе биосферасында 4 салада экологиялық бұзылу көрініс тапты. Ол:
жер, су, ауа, радиологиялық экология. Ауылымыз оңтүстік батысында Нарын,
Азғыр, оңтүстігінде Тайсойған, шығысында Ақтөбе полигондарымен шектеседі.
20 млн.га құмда алқаптағы Нарын жерінде ядролық жарылыс ауа қабатында
сыналса, Азғырда 17 рет жер астында ядролық жарылыс болса, 1,4 млн.га
жерінде Тайсойғанда радиактивті ластану орын алады. Мұнда 300 ракета
құлады. Оның отыны улы гептил болатын. Сондықтан Қаратөбе, Казталовка,
Жаңақала, Ақжайық, Орда аудандарының барлық су көздері шаруашылық-тұрмыстық
мақсаттарға мүлдем жарамсыз. Суда Ra-226, Ni, Mn, Cd, Pb мөлшері көбейген.
Қалдығайты, Шилі, Жақсыбай, Шілдібай өзендері эвтрофикациялануы орын алды.

Қалдығайты өзенінің тазалығын зерттеу қорытындысы 2007 жыл

7-кесте
|Химиялық құрамы |Нормаға сай болуға |Нормадан асып кетуі |
| |қажеттілігі | |
|Са |180 |64 |
|Мg |40 |50,4 |
|Рн |7,9 |6-9 |
|Хлорид |300 |475 |
|Сульфат |100 |174 |
|NH3 |0,39 |0,05 |
|Нитрат |10 |9,8 |
|Мұнай |0,05 |0,11 |
|Fе |0,5 |0,11 |

18
Қалдығайты өзенінң зертханалық бақылау қорытындысы 2008 жыл

8-кесте
|Химиялық құрамы |Нормаға сай болуға |Нормадан асып кетуі |
| |қажеттілігі | |
|Көмір қышқыл ерітіндісі |6,0 |11,64 |
|Рн |6,9 |7,3 |
|Са |180 |96 |
|Мg |40 |31 |
|Карбонаттар |- |- |
|Хлоридтер |300 |505 |
|Сульфат |100 |151 |
|NH3 |0,5 |0,10 |
|Cr |0,020 |0,00 |
|Фенол |0,001 |0,001 |
|Ғе |0,10 |0,080 |
|Na,K |170 |377 |

2010 жылғы зертеу нәтижесіне тоқталатын болсақ Қалдығайты өзені
ағынының ортаңғы ағысы тұсына келеді. Қалдығайты өзенінің төменгі ағысы
өзеннің ұзындығының үштен бірін алады. Бұл тұста Қалдығайтыға келіп құятын
салалар жоқ, су жинау көлемі өзеннің ұзындығымен ғана шектеледі.
Гидрологиялық аудандастыру бойынша төменгі ағыс кебу (жоғалу) облысына
жатады, себебі судың кейбір бөлігінің ағыстары (Көшім, Бағырлай, Нарын,
Бақсай) арқылы, қоршаған төменгі жазықтарға жайылады да, көлтабанды
жақсарту мақсатында жұмсалады.
Зерттеліп отырған Қалдығаты өзені – ауданның негізгі су көзі болып
табылады.
Судың жалпы кермектілігі 4-5 мг – экв/л, рН-7,2-7,6. Судың химиялық
құрмы гидрокарбанатты, хлорлы, кальци-натрилі немесе натри-кальци негізінде
болады. Суда балдыр, айылқоға, нар қамыс сияқты шөптер бар. Судың
ағысы жай, тереңдігі қайсыбір жерлерде 2,5-3 метрге дейін жетеді.
Өз жолдауы арқылы ҚР Президенті қоғамның дені сау азаматтарын өсіру үшін
табиғи орта таза болуы керектігін баса айтқан еді. Ал ауыл-қазақ деген сөз.
Туған өлкенің тазалығы-біздің амандығымыз. Биосфераға абиотикалық,
биотикалық, антропогендік фактор әсер етеді. Табиғатта ешбір зат жоғалып
кетпейді. Адам дүниеге зат әкелсе оны жоюдың да жолын табу керек. Ауаны
бүлдіретін факторлардың бірі отынның жануынан бөлінетін қалдықтар.
Аудан бойынша 3256 үй бар. Жылына орташа 6512т көмір жағады.2008-2009
жылға дейін аудан бойынша 40жеке монша болды. Аудан ішінде 40 жеке монша
отынға ағаш, көмір, мазут, резина, покрышкаларды пайдаланады

19

Аудан ішінде мектеп пен аурухананың мазут пен көмірден ауаға
бөлінетін улы қоспаларды анықтау. Зерттеу қорытындысы 2009жыл.
|Отынды жағатын | |Салмақ | |Азот |С | |
|мекеме /мектептер/ |Отын түрі |/мөлшері/ |СО |оксиді |күйі |SO2 |
|Қазыналық бөлім |Көмір |110т |1,1т |0,6 |3,4 |1,8 |
|Б.Қаратаев о/м |Көмір |468 |4,6т |2,3 |14,4 |7,8 |
|Сағым |Көмір |50 |0,5 |0,3 |1,5 |0,8 |
|Аурухана |Көмір/мазут |120/248 |6,8 |1,8 |3,8 |15,6 |
|Егіндікөл о/м |Көмір/мазут |251/30 |3,1 |1,4 |7,7 |5,8 |
|Жамбыл, Ханкөл |Көмір |473 |4,6 |2,4 |14,5 |7,9 |
|Шөптікөл о/м |Көмір |277 |2,7 |1,4 |8,5 |4,5 |
|Қаракөл о/м |Көмір |476 |4,7 |2,4 |14,6 |7,9 |
|Аққозы о/м |Көмір |367 |3,6 |1,8 |11,3 |6,1 |
|Гимназия, Жазира |Көмір |362 |3,5 |1,8 |11,1 |6,0 |
|Қоскөл о/м |Көмір |600 |5,9 |3,1 |18,4 |10 |
|Қалдығайты о/м |Көмір |571 |5,6 |2,9 |17,5 |9,5 |
|Мұхит ат.о/м |Көмір |226 |2,2 |1,2 |6,9 |9,5 |
|Мәдени бөлім |мазут |58 |1,2 |0,3 |2,2 |3,2 |
|әкімшілік |Көмір/мазут |40/77 |1,9 | |2,8 |4,9 |
|барлығы |Көмір/мазут |4391/413 | | | | |
|Отын түрі |Салма |СO |SO2 |NO |Күйе |Тозаң |
| |ғы | | | | | |
|Балалр бақшасы |солярка |25т |0,53 |0,1175 |0,005 |0,1475 |
|«Жазира» | | | | | | |
|Әкімшілік |солярка |40т |3,729 |0,729 |3,004 |1,049 |
|Аурухана |Көмір/ |210/120 |0,789 |3,9120 |11,387 |10,842 |
| |солярка | | | | | |
|Банк |Көмір |91 |0,9 |0,5 |2,8т |1,6т |
|Спорт мектебі |Көмір |50 |0,5 |0,3 |1,15 |0,72 |
|Орталық кітапхана |Көмір |55 |0,5 |0,2 |1,12 |0,65 |
|Мұхит мектебі |солярка |96 |1,8 |0,75 |0,06 | |
|Мәдениет үйі |солярка |34т |0,71 |0,1280 |0,006 | |

Ауаны автомашиналар, тракторлар сұйық отынын жаққанда оттегін
пайдаланып, зиянды заттар: азот, сутегі, күкірт оксиді, қорғасын, көміртегі
оксидін юөледі. Аудан бойынша 354 трактор, 2018 автомашиналар бар. Бір ғана
ГАЗ-53 автомашинасы 1 литр бензин жаққанда 15 кг оттегін жұмсайды.
Қаратөбенің флорасы өте бай. Жерімізде 400 тарта өсімдіктер кездеседі.
Оның 86 дәрілік маңызы бар. Негізінен псамофитті, ксерофитті және эфемерлі
өсімдіктер. Құм көшу есебінен өсімдіктердің 15-30 түрі жойылуда, мал
азығының 18-25 түрі азаюда, 16-өсімдік қорғауды қажет етеді. 6-өсімдік
батыс Қазақстан «Қызыл кітабына» кіреді.

21

1.4. Ауданның экологиялық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау.

Аудандағы ауа бассейнінің ластану ластағыш көздердің қауіптілігімен
бағаланады. Жүргізіліп отырған мониторинг нәтижесіне қарасақ, атмосфераға
шығарылып отырған зиянды заттардың құрамы жылдан-жылға артып келе
жатқандығы байқалады.
Бұл жағдай тек ауаның ғана ластануымен шектелмей, сол аймақтағы су
көздеріне, жерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге де әсерін тигізері сөзсіз.
Қазіргі уақытта ауданда, өз жұмыс бағытымен атмосфераға ауаға өз кері
әсерін беретін 20 шаруашылық жүргізуші субъекті есепте тұр, 22-25 тұрақты
ластаушы көздер тіркелген. Ау қабатының ластануына бағалау үшін төмендегі
цифларға көз жүгіртейік: 2008 жылы ауаға әсерін тигізуші субъектілерде 4690
тонна отын жағылып, ауаға 200 тонна көлемінде зиянды заттар шығарылды;
Бұл көрсеткіш өткен соңғы 3 жылмен салыстырғанда ауаға шығарылатын
ластағыш заттар көлемінің өскендігін байқатты. Соңғы жылдары қаржыландыру
көздерінің жоқтығына байланысты ауа қорғау іс-шаралары бағдарламадан орын
таба алмай отыр.
Аудан көлемінде негізгі ашық су көздері:
Қалдығайты, жақсыбай, Шилі өзендері.
Өзендер негізінен қар суымен толығып отырылады. Соңғы жылдардағы
бақылаулар көрсеткіштеріне қарағанда аудандағы су объектілерінің
экологиялық жағдайы қанағаттандырарлық деңгейде деуге болады. Өзендердің
ластану процесінің шамалас екенін көрсетті. Сондай-ақ өзендер суының
техногендік ластанудан таза екендігі де анықталды.
Қалдығайты өзенінде жылма-жыл бөгет салу құрылысы салдарынан өзен
арнасында құмығу прцесі көбеюде.
Жақсыбай өзенінде тұз құрамының өскендігі байқалады.
Аудан бойынша өзендерге қалдықтар, тастандылар шығарылмайды. Соңғы жылдары
өз жұмысын тоқтатқан ауыл шаруашылық субъектілерінің шаруашылық
объектілерінің өзен жағасынан аластатылуы, су көздеріне тасталатын
қалдықтар санын біршама азайтты.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде жер қорларының бүлінуі негізінен
өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс орналастырмау болып табылады.
Ауданда 24 елді-мекен бар, тиісінше 24қалдықтар жинайтын орын белгіленген.
Негізінен қалдықтар жинайтын орындарда қауіптілігі 4-5 класты қалдықтар
жиналады. Жылма-жыл елді-мекен ішінде пайда болған тұрмыстық қалдықтар
шығару кезінде мекемелер мен тұрғындар қалдықтарды орналастыру тәртібін
сақтамай немесе белгіленген орынға апарылмай жер бетінің құнарлы қабаттарын
бүлдіруде.

22
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Экологиялық проблемаларды құқықтық жолмен
шешу жолдары
Экологиялық қауіпсіздікті және еліміздің халқының жағдайын жақсарту үшін
Қ.Р.-ның экологиялық қауіпсіздігінің 2004-2015 жылдарға арналған
концепциясы шығарылды. Жаңа концепцияда экономика және қоғамды
экологияландыруға көңіл бөлінген және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
дамуының салалық бағдарламасын өндіріс күштерін орналастыру сызбасын қала
құрылысы және басқа масщтабты бардарламаларды әзірлеген кезде, олардың
қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсері,сұрақтары көрсетілген.
Қоршаған ортаның ластануын төмендетудің 2009-2018 жылдарға арналған кешенді
бағдарламасын іске асыру арқасында ауа біршама тазарған түрі бар. Мамандар
дерегінше, жыл соңына дейін ауаға тасталатын зиянды газдар 8-10 мың тоннаға
дейін қысқарады деген болжам жасалған. Жыл сайын атмосфераға 237 мың тонна
улы газдар тасталады екен, соның 190 мыңы көліктерге тиесілі. Әзірге,
еліміз бойынша Алматы қаласында ғана газанализаторлар мен түтін өлшеу
құралдары орнатылған екен. Жыл басынан бері Жол сақшылары мен экологтар 23
мыңнан астам заң бұзушылықтарды анықтап отыр.
Алдыға қойылған міндеттерді қазіргі заңнамалық негізсіз шешу мүмкін
еместігін айтып өту керек, ал ондай негіз бүгінгі күні бізде бар.
2007 жылдың қаңтарында Экологиялық Кодекспен заңнамалық актілер
қабылданды. Оның нәтижесінде талаптар қатаңдандырылып, кәсіпорындар «таза»,
алдыңғы қатарлы технологияларға көшуге мәжбүр болатын болды.
Экологиялық Кодекспен қабылданған бұрынғы шектеулі қол жетерлік
шығарындылар, эмиссиялардың нормативтері қоршаған ортаның сапасын аумақтың
табиғи ерекшеліктерінің есебімен қамтамасыз ету қажет.
Қоршаған ортаға эмиссияға заңды үлестермен шек қойылады, сонымен қатар
эмиссияны қысқарту міндеттері, заңды үлестерді сату тәртібі бекітілген.
Қоршаған ортаға эмиссияға лимиттер мен квоталар беріліп, квотамен сауда
жасау тәртібі бекітіледі және эмиссияларды қысқартуға міндеттемелер
жасалады.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер - табиғат пайдалану процесін
реттеу мен бақылаудың құралы болып табылады. Салық Кодексі бойынша, 2002
жылдан бастап, барлық табиғат пайдаланушылардан жиналған қаржы жергілікті
бюджетте қалады. Ал жиналған қаржылар қалай пайдаланылады?
Қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі сұрақтар біздің Республикамыздың
белгілі бір аумақтарына ғана қатысты емес. Көптеген экологиялық проблемалар
бізге мұраға қалды, олар бізге көрші облыстарға да қатысты және транс
шекаралық сипат алады. Экологиялық проблемалардың Тізілімін жасау табиғатты
пайдалануды басқаруын ұйымдастыру үшін стратегиялық жоспарлау принципі
бойынша елеулі қадам болып табылады. Бұл Тізілім бірінші кезекте,
жергілікті атқарушы биліктегілермен табиғатты қорғау шараларын жоспарлау
жұмыстарын жасауға көмектеседі.
23
Экологиялық жағдайдың тұрақтануына барлық топтар мен халықтың қолдауы
болмаса, оңды нәтижеге жете алмаймыз.
Туған өлкеміз жеріндегі экологиялық хал-ахуал туралы жан-жақты мағлұмат
беру, оны жақсарту әдістерін ойластыру, әсем табиғаттың тепе-теңдігін
сақтау басты мақсатым. Әрбір өлкенің өзіне тән сол жердің ауа райы, тарихы
ерекшеліктері бар. Судың, топырақтың, ауаның бүліну себептерін, адамдардың
денсаулығын жақсартуда іс-шаралар алу қажет. Экологиялық жағынан туған
жердің табиғатын қорғауда оның ластануына жол бермеу үшін мына жағдайларға
көңіл бөлу керек деп есептеймін.
-Ауданда құм көшкінін болдырмау үшін ағаш отырғызу көгалдандыру.
-Ауыл қала ішін санитарлық талапқа сай болуына көмек ету.
-Қала орталығында жүк көлігінің жүруіне тыйым салу
-Жолайрықтардың салынуы
-Көліктертен шығатын улы газдың таралу деңгейін бақылау
-Құрылыс алаңдарын бақылау
-Қаланы көгалдандыру
-Автокөліктердің барлығын табиғи газбен немесе сутегімен жүру жағдайына
көшіру. Себебі жанармайдың бар болғаны 15 %-ы ғана автомобильді қозғауға
жұмсалса, ал қалған 85% - ы ауаға шығарылады. Табиғи газдың 90 % -ы
жұмсалады.
- Терек ағашын көптеп отырғызу. Себебі терек ағашы 20 % шамасында дыбысты,
шуды бәсеңдетеді және жалпақ жапырақты болғандытан оттегін көп бөледі.
Мысалы, 25 жылдық терек ағашы жазғы 5 ай ішінде 44 кг жуық көмірқышқыл
газын сіңіретіндігін айтсақ, онымен теңесетін өсімдік табу оңайға түспес.
- Жиде ағашын көптеп отырғызу. Себебі жиде ағашы улы заттарды өзіне ең көп
сіңіретін өсімдік. Сонымен қатар тамырынан топырақтың құнарлылығын
арттыратын азотты қосылыстар бөледі.
-Жанармай құю станцияларының қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауын бақылау.
Себебі атмосфералық ауаға көмірсутектердің түсуі тек автокөліктердің жұмыс
нәтижесінде ғана болмайды, сондай-ақ бензин құйған кезде де болады.
-Өндіріс қалдықтарымен оны тұтынуды басқару жүйесін енгізу, бұрыннан келе
жатқан ластануды жоюды жалғастыру;
-Келешекте аймағымыздың экологиясы мен қоршаған ортаны қорғау облысында
ғылыми жұмыстар жүргізу; Табиғи ресурстарды қолданудың рациональдық
сызбасын әзірлеу.
-Экологиялық мәліметтердің сараптамасы мен жинақтау үрдістерін
автоматтандырудың аймақтық мониторингтік жүйесін жүзеге асыру. Қоршаған
орта компоненттерінің жай-күйі мониторингінің автоматтық бекеттері мен
бақылаудың телеметриялық жүйесін дамыту.
-Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың қаржыландырылуы ұлғайса,
экологиялық мәселелердің шешілуіне қаражат бөлінсе.
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық ашықтылық деңгейін кеңейту;
24
- Мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, үкіметтік емес
ұйымдардың ішінен қатысушылардың санын жоғарылатудың тұрақты дамуы
жөніндегі, аймақтық жұмыс, барлық жұмыс түрлерінде, білім берудің барлық
деңгейлерінде экологиялық ағартушылық жұмысын жүзеге асыру. Қоршаған ортаны
қорғау облысындағы жобалардың жүзеге асуына қоғамдық ұйымдар мен
тұрғындарды ынталандыру, экология мәселесі бойынша шешім қабылдағанда
көпшіліктің ойын назардан қалдырмау қажет:
Сөз сонымда бүгінгі баяндамамды қортындылай келе сонау Алтайдан Атырауға
дейінгі кең байтақ қазақ елінің сұлу да, әсем табиғатын қорғау, оны
экологиялық жағдайға душар етпеу, әрбір алаш жұртыныың міндетті парызы.
Қоршаған ортаға табиғатқа зиян келтіргеніміз ол өзімізге, келешек
ұрпаққа, жан-жануарға, тіпті болашаққа балта шапқанмен тең. Сондықтан өз
өлкеміздің баға жетпес асылы табиғатты сақтай білейік!

25

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Г.Б.Бейсеева, М.Е Алимжанова «Экология, туризм, өлкетану», Алматы 2002ж.
2.Б.Бретшнойдер, И.Курфюрст «Охрана воздушного бассейна от загрязнений:
технология и контроль»
3.Пер. с анг.(Под ред.А.Ф. Туболкина.- Л: Химия. 198-288с)
4.А.К.Бродский, «Жалпы экологияның қысқаша курсы» 1997ж.
5.М.С.Гиляров Зоологический метод диавгности почв.- М., Наука,
1965г, 273с.
6.М.С.Гиляров. Почвенная фауна байрачных и её значение для диагностики
почв.- Зоол.ж.т.32, вып.3,1953 год.
7.М.С.Гиляров. Особенности почвы, как среды обитания и её значение в
эволюции насекомых6- М6 19496 420 с.
8.Қ.Құрманов «Жасыл әлем » 1977 жыл.
9.«Методические рекомендации по определению размеров платежей за
загрязнение атмосферного воздуха вредными выбросами автомобилей»
Алматы,1992 год.
10.Г.С.Оспанов, Г.Т.Бозшатаева «Экология»- Алматы, Экономика, 2002 жыл.
11.Сағымбаев «Экология негіздері», 1995 жыл.
12.Ж.Серікбаева «Өлке экологиясы», Қызылорда 2001 жыл.
13.«Химия және биология» 1986ж. №1.
14.«Экологиялық білім бағдарламасы», Алматы 1999 жыл.

26

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Экология процесіндегі математика
Ұстаздың кәсіби қасиеттері
Әлемдік география
Арман қандай бала
Экология негіздері
Географиядан 9 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Туған жерімнің тарихы
Орталық Қазақстанның маманданған саласы
Пәндер