Құс ұясының макетін жасау

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министірлігі

Шалқар аудандық білім,

дене шынықтыру және спорт бөлімі

Сарысай негізгі мектебі

Қанатты достар

( сыныптан тыс шара )

Өткізген: Жылгелдина Дариға Өмірбайқызы

Тақырыбы: Қанатты достар

Мақсаты: Құстар туралы біліктерін байыту, оларды қорғауға, ұрпағын көбейтуге өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, буклеттер, альбомдар, кеспе қағаздар, жетондар.

Құрметті оқушылар , бүгінгі күні құстарды қорғау және көбейту басты мәселе болып отыр.

Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар қылығымен де, әуезді әні мен де сымбатты. Алуан түрлі сыртқы көрінісімен қай жерді болса да эстетикалық ләззатқа бөлейді.

Сонымен құстар мерекесіне арналған « Қанатты достар » атты сайысымызды бастаймыз.

Сайысқа « Қарлығаш », « Дуадақ » тобы қатысқалы отыр.

Сайысымыздың сарапшылары:

1. Оқу ісінің меңгерушісі - Қаласова А

2. Химия пәнінің мұғалімі-Тілеумағанбетова Г.

3. Дарынды балалар жетекшісі - Сарманов Е.

Жоспар:

1. Әр топтың таныстыруы

2. Үй тапсырмасы

3. « Құс базары » ( тіршілігі, өмірі, пайдасы )

4. Танымдық сұрақтар

5. Қызықты жұмбақтар шешу

6. Мақал- мәтел сайысы ( топ басшылар сайысы )

7. Тест тапсырмасы

8. Сөзжұмбақ шешу

9. Туған өлке құстарына байланысты ән жарысы

1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2. Үй тапсырмасы. Құс ұясының макетін жасау.

3. « Құс базары » Белгілі бір құстың тіршілігімен өмірімен және адам өміріне пайдасымен таныстыру

4. Танымдық сұрақтар:

1. Қыс бойы басын салбыратып ұйықтайтын қандай құс ? ( жарғанат )

2. Қандай құсты орман дәрігері дейді ? ( тоқылдақ )

3. Кез келген құстың ұясына жұмыртқалап кететін құс ? ( көкек )

4. Қандай құс көктемде ерте ұшып келеді ? ( қараторғай )

5. Әнші құстарға қандай құстар жатады ? ( шымшық, бұлбұл, шырша торғай )

6. Құйрығы ұзын, өзі ала, бір орында шықылықтап тұрмайтын қандай құс ? ( сауысқан )

7. Ең ұзақ өмір сүретін қай құс ?( қарға )

8. Қандай құстар жемін түнде аулайды ? ( жапалақ, үкі, жарғанат )

9. Түсі құлпырған, имек тұмсық құс ? ( тоты )

10. Аң аулауға пйдаланатын құс (Бүркіт)

Музыкалық үзіліс:Шүйіншалиева Айзаттың орындауында « Қос қарлығаш » әні.

5. Жұмбақтар шешу.

1. Көк шалғынды аралайды

Көк орамға қонады

Қанаттарын қағады

Көлден рақат табады. ( Аққу )

2. Тал басында ағаш үй,

Терезесі тамаша үй

Соны мекен етеді

Қыста алысқа кетеді. ( Қараторғай )

3. Қара арғымақ мінгенім,

Қыр айнала жүргенім

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш ілгенім.

( Бүркіт )

4. Күндіз көзі көрмейді

Түнде аңдиды тышқанды

Аштан босқа өлмейді

Аңдығанын ұстайды.

( Жапалақ)

6. Мақал - мәтел сайысы . Балы төмен топ құстарға байланысты мақал басын бастап айтады да, қалғаны оның жалғасын табады .

7. Топ басшыларына арналған тест тапсырмасы.

8. Сөз жұмбақты шешу.

1. Ұша алмайтын құс ( түйеқұс )

2. Көктемде егістікке қаптап, ауылшаруашылығына зиян кетіретін, ұясын топтасып ағаш басына салатын құс ? ( ұзақ )

3. Өзі сақ, өзі ұсақ, бір орында тұра алмайтын құс. ( сауысқан )

4. Сирағы ұзын биші құс. ( тырна )

5. Су тазалығын сақтайтын санитар құс. ( шағала )

6. Адамдардан жасқанбай, кез келген жағдайға көне алатын шағын денелі шуылдақ құс. ( торғай )

9 . . Ән жарысы

Айтсақ - әніміз, ардақтасақ сәніміз

Көңілдің хошы, табиғаттың досы

Құстар - шырқап салар әніміз,

- деп келесі кезекті туған өлке құстарына байланысты ән жарысына берейік

Р. S . Табиғаттың бауырысың, досысың,

Аянбау керек шығар дос үшін.

Екеуіңнің араңдағы байланыс,

Өмірбақи үзілмесін қосылсын.

Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғайық. Себебі табиғаттың өзі де, әні де, сәні де-құстар.

Әділ - қазы алқасының бағасы


Ұқсас жұмыстар
Қарлығаш киелі құс
Наурызкөже
Қазақ құсбегілері қолға үйрететін құстар
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ( коучинг жоспары)
Оқыту мен оқу үшін бағалау
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу
Құстар туралы
<<жыл құстары>>. графика, пастель, карандаш, акварель
Алау тетігін қызыл түсті гуашьпен сырлау
Құс – көктем жаршысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz