Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құстардың қоректенуі

ММ «жалпы білім беретін№25 орта мектеп»

Дүниетану пәнінен ашық сабақ:

«ҚҰСТАР»

1 «А» сынып

Өткізген: Жетімекова

Анаргүл Жексенбекқызы

2010-2011 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Құстар

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жалпы құстар туралы,олардың тіршілігі мен пайдасы
туралы түсіндіру.Құстарды қорғауға,қамқоршы болуға,табиғатты сүюге
тәрбиелеу.Оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын , сөздік қорын,ой-өрісін
дамыту.

Сабақтың оқу-тәрбиелік міндеттері:

Жабайы құстар-табиғатта өздігінен тіршілік
етеді.Дуадақ,тырна,аққу,құр,бүркітҮй құстары-күтімі.Құстардың
қоректенуі.”Қызыл кітап” жайында ұғым беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ –жауап,әңгімелеу, жұмбақ шешу,
логикалық тапсырмалар,топпен жұмыс

Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық
проектор,қауырсындар, дипломдар

Пәнаралық байланыс: сауат ашу,бейнелеу, музыка

Сабақтың барысы:

5-слайд

Сәлем саған күн нұры,

Сәлем саған жер -ана.

Сәлем саған достарым,

Сәлеметсіз бе мұғалім!

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар бүгін сабақта біз сендермен өткен
тақырыбымызды еске түсіріп бекітеміз.( құстар дыбысы шығады)

-Балалар бұл ненің дыбыстары?

6-слайд

-Ал мынау кім?Дұрыс,бұл жапалақ.Жапалақ құстардың ішінде ақылды,білімді.
Жапалақ сабаққа жай келген жоқ,сендердің білімдерінді тексеруге
келді.Өзіміздің білімізді көрсетеміз бе балалар? Ендеше балалар жапалақтың
сұрақтарына жауап берейік. Ендеше балалар топқа бөлініп әр топ өзінің
топтың атын құстар атымен қояды.Жапалақ әр топ қалай жауап берсе солай
өзінің қауырсының сыйлайды. Қай топта қауырсын көп жиналса сол топқа
өзінің грамотасымен мадақтайды.Жапалақтың бір шарты бар:

жапалақтың сұрақтарына орнымыздан айғаламай,тиянақты жауап береміз.

7-слайд

-Табиғат дегеніміз не?Ол нешеге бөлінеді?

-Өлі табиғатқа нелер жатады? Тірі табиғатқа нелер жатады?

-Табиғат құбылыстарына нелер жатады?

-Бүгін қандай табиғат құбылыстары болды?

8-слайд

Ендеше балалар, бүгінгі ауа райымызды дәптерге жазайық.(бір оқушы тақтаға
жазады,қалғаны дәптерге орындайды)Жақсы рахмет,ауа райын бақылап жаздық
барлық қатар өзінің қауырсына ие болды.

9-слайд

Келесі жапалақтың тапсырмасы ауа райына байланыстыНазар аударайық!

-Қандай ауа райында құстар шықылықтап әндетпейді?

Тамаша Рахмет,қауырсын сендерде!

10-слайд

Келесі сұрақ,тапсырмаға назар аударайық.

-Пингвин құс па немесе жануар ма?

-Рахмет,жапалақ қуанып тұр әр баланың белсенділігіне , тәртібіне.

11 слайд

Сергіту сәті

Демалу сәтіде келіп қалды.Ендеше,экранға көңіл бөлейік.Жануарлармен бірігіп
жасайық.

-Келесі кезек жұмбақтарға да келдік.

Түсі қара мамықтай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зыылдап

Көктен жұлдыз аққандай

Тал басында ,

Түндіксіз отау.

Өзі сақ,өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын,өзі ала

Бұл қандай құс?

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға ғып,

Тоқ тоқ соғады.

-Біз қандай құстар туралы айтып отырмыз.Әрине жабайы құстары туралы.

11-17 слайдтар балалардың әңгімесі

Құстар туралы түсіндіріп,өздері даярлаған әңгімелерін айтады.

Тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар болып
есептеледі.Құстардың түрі өте көп.Оларды біз екі топқа бөлеміз.

Жабайы және үй құстары.

Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте
көп.Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес
жәндіктерден тазартады.Құстар бір орында тұрмайды.Олар бір жерден екінші
жерге ұшып-қонып жүреді.Барлық құстарға ортақ қасиет-олар
ұшады,қанаттары,мамыұтары,бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды,балапан
басады.Енді айырмашылығына келсек , құстардың дене көлемі,пішіні
,тұмсығы,түсі,дыбыстары, тіршілік ету бір-біріне ұқсамайды.

Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай түрліше
болады.Мысалы: бүркіт пен бөктергінің тұмсықтары өткір,қатты
болады.Себебі,олар түрлі тышқандармен , түрлі жемістермен қоректенетін
құстардың тұмсығы үшкір.Жерден иіп алуға икемді болады.

Құстар өте пайдалы,олардың етін,жүнін,мамығын,жұмыртқасын адамдар
керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды қүсбегі аталарымыз аң аулаға
пайдаланған.Ал аққу,бұлбұл құстары сияқты құстар табиғаттың көркі саналады.

Жапалақтың әңгімеге деген ризашылығы мол,барлық топқа қауырсыннан
сыйлайды.

Сергіту сәті

-Ал мынау қай құстың дыбыстары?

-Әрине Бұл үй құстары.

Қандай үй құстарын білесіңдер?

-Балалардың даярлаған слайдтарынан әңгімелету.

18 слайд қаз

19 слайд әтеш

20 слайд күркетауық және тауық

21 слайд үйрек

Оқулықпен жұмыс.

Жабайы құстармен үй құстарының қандай айырмашылығы бар?Үй құстары жабайы
құстардан қарағанда биікке ұшалмайды,бірақ оларды бір топқа біріктіретін
олардың қанаттары және дене бітімі мамықтан тұрады.Олардың қоректерін адам
тауып береді,күтеді.Ал жабайы құстар өз азықтарын тауып жейді.

ҚЫЗЫЛ КІТАП дегеніміз не? Неге оны біз қызыл кітап дейміз?

Құстар саны азайып барады сондықтан оларды ҚР заңына сәйкес құстардың
азайып жатқандарын қызыл кітапқа енгіземіз.

Дәптермен жұмыс

Тақтадағы артық сөзді тауып жаз.

1 БАЛЫҚ,САЗАН,КӨГЕРШІН

2.ОРЫНДЫҚ,ҮСТЕЛ,САУЫСҚАН

3.СИЫР,ТҮЙЕ,ҚАРЛЫҒАШ

Бұл қай топтың құстары?

22-слайд Ойын: Құстарды топтарына бөл, әр құстың аттарын атап отыр.

23-слайд Әр құстың балапандарын орнына орналастыр.

24 слайд Ал мұнда суретшінің суреттері шатасып кеткен.Қандай жануарлармен
шатасты.Үй құстарының балапандары шатасып кетті,көмектесіп көр.

-Жапалақтың балалар тағыда бір тапсырмасы қалыпты.Орындауға әзірсіңдер
ме?Балалар өздерін елестетіп көріңдерші:

-1 ситуациялық сұрақ:Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан
жұмыртқасын алып кетпекші болса,сен не айтар едің?

-2-ситуациялық сұрақтар: Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе,сен
қалай істер едің?

Сабақты бекіту: Құстың ұясын бұзбандар Атты әңгімені оқып беру. Ә Табылдиев
Қорытынды,мадақтау грамоталар табыс ету.

Ұқсас жұмыстар
Күнтізбелік жоспар. 7 сынып
Класстың жалпы сипаттамасы. Құстардың тіршілік ортасы
Орманда жайлы
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Жануарлар әлемі
Зообаққа саяхат
§9.Тамыр - өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Аңдар не жейді
Биосфера құрамы. биосферадағы тірі организмдердің қызметі. биосфераның, ноосфераның пайда болуы және дамуы
§44 Өзендер
Пәндер