Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мемлекет бюджеті және отбасы бюджеті

Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылы № 14 орта мектебінің экономика пән
мұғалімі Жетигенова Гульзихат Курмангазиевна

Сабақтың тақырыбы: Бюджет.Мемлекет бюджеті және отбасы

бюджеті. Салық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бюджет ұғымын
түсіндіру.

Дамытушылық Мемлекеттік бюджет, қоғамдық
игіліктер,

салық
түсініктерімен таныстыра отырып,ой-

өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау,әңгіме,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, карточка ,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

• Сәлемдесу, түгелдеу

• Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Жұмыс дәптерінің 32 беттегі 3 тапсырма. Экономикалық есеп.

ІІІ. Білімді жан- жақты сұрау,тексеру кезеңі.

Оқушылардың бұрын алған білімдерін «Тосып ал » ойыны арқылы тексеру.

І сұрақтар

1. Ресурс дегеніміз не? (түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру
мүмкіндігі)

2. Ресурстың қанша түрі бар? (3 түрі бар)

3. Экономика дегеніміз не?(Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
адамдардың ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым)

4. Тұтынушы дегеніміз не? (тауар мен қызмет көрсетулерді пайдаланушы)

5. Тауар туралы хабарландыру (Жарнама)

6. Ақшаны банкте сақтайтын адам (Салымшы)

ІІ сұрақтар

1. Белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын ақша (шығын)

2. Темір ақша (манета)

3. Қағаз ақшаның түрі (купюра )

4. Сатушы дегеніміз не? (тауар сататын адам)

5. Қажеттілік дегеніміз не?

6. Сауда дегеніміз не? (тауар мен қызмет көрсетулерді айырбастау)

7. Меншіктің қанша түрі бар? (2 түрі бар)

8. Экономиканың негізгі сұрағы қандай ?(кім?не үшін?қалай?)

9. Таңдау дегеніміз не?

10. Экономиканың басты мақсаты?(қажеттіліктерді қанағаттандыру)

11. Ақшаның қанша түрі бар? (3 түрі монета,купюра,банкнота)

12. Салымджарды қабылдайтын және қарыз беретін мекеме?(Банк)

13. Қызмет көрсету дегеніміз не?

14. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруші ұйым (Фирма)

V. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі.

• Тақтаға жаңа тақырып жазылады.

• Оқушыларға бүгінгі сабақта не үйренетінімізді түсіндіру.

V. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі.

1. Балалар мемлекет дегеніміз не? (белгілі бір шекарасы мен басқару
жүйесі бар ел)

2. Біз өмір сүретін мемлекет қалай аталады?

3. Еліміздің басшысы кім?

4. Қазақстанның астанасы қай қала?

5. Заң дегеніміз не? (Орындалуы міндетті деп мойындалған жалпыға міндетті
ереже)

6. Мемлекетке заңдар не үшін қажет?

7. Мемлекет өз азаматтарына қалай қамқорлық жасайды?

Экономика елдің бүкіл шаруашылығы екенін білесіңдер.Біз барлығымыз
экономикаға қатысушылармыз. Өйткені игіліктерді пайдаланып,тауарлармен
қызметтерді өндіру арқылы экономикалық әрекеттер жасаймыз. Сонымен
барлығымыз да,отбасымыз да,фирмалар да экономикаға қатысушы. Өзіміздің
қажеттілігімізді қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді ақша арқылы
аламыз.

• Енді сендер немесе отбасылар алған,бірақ ол үшін ақша төлеп көрмеген
тауарлар мен қызметтерді атаңдар?

• Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем дәрігерлері жалақы алады.Оларға кім
төлейді?

Қоғамдық игілік – мемлекеттің барлық азаматтарына тең бастамада ұсынатын
тауарлар мен қызметтері.

• Қоғамдық игіліктерді кім ұсынады?

Мемлекет өз азаматтарына қоғамдық игіліктерді ұсыну арқылы экономиканың
қатысушысына айналады.

• Мемлекет қоғамдық игіліктерді өндіруге ақшаны қайдан алады?

Бюджет – белгілі бір мерзімге есептелген кірістер мен шығындар жоспары.
Бюджетті қолда бар және жұмсалатын қаржыны есептеу үшін,құрастырады.
Ағылшын тілінен аударғанда бюджет « ақша салатын қолдорба» дегенді
білдіреді екен. Мемлекеттік бюджетке ақша қайдан келеді?

Азаматтар мен кәсіпорындардан салық түрінде жинайды.

Салық – мемлекеттік бюджетке табыстан,жалақыдан немесе басқа да кірістерден
аударылған ақша соммасы.

Адам,жекеменшік кәсіпорындар да,фирмаларда,бәрі салық төлейді. Салықтың
түрлері:

1) Табыс салығы: оны барлық азаматтар мен кәсіпорындар төлейді.

2) Мүлікке салынатын салық: оны өндірістік және тұрғын- үй ғимараттарына
ие барлық азаматтар төлейді.

3) Көлік құралдарына салынатын салық

4) Акциздік алымдар – бұл шарап-арақ және темекі бұйымдары мен
автомабильдер,қымбат жасалған әшекей бұйымдарға салынатын салық

5) Кедендік баж салығы:

Баж салығы – кеден мемлекетінің бақылауымен елдің шекарасы арқылы
өткізілетін шеттен әкелінетін және шетке шығарылатын тауарларға
мемлекеттік ақша алымы.

Кеден – жеке жүк немесе басқа да жүк тауарларының шетке шығарылуы мен
шеттен әкелінуін бақылайтын мекеме.

Отбасы бюджеті неден тұрады? (ата-ананың
жалақысынан,зейнетақыдан,стипендиядан)

VІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі.

«Отбасы бюджеті» ойыны

Отбасы__________
Отбасы____________

Кіріс Кіріс

Әкесінің жалақысы 70500 Әкесінің жалақысы
100 000

Шешесінің жалақысы 41000 Шешесінің жалақысы 60 000

Әжесінің жалақысы 38000 Апасының зейнетақысы
11100

Жинақтау жинақтау

Студент әпкесінің стипендиясы 12000
Отбасы _______________

Кіріс

Әкесінің жалақысы 61000

Шешесінің жалақысы 49000

Әжесінің зейнетақысы 24000

Жинақтау

Оқушылар дайындалған карточканы алады. Ол карточкада комуналдық қызметке
қанша ақша жұмсалғандығы туралы жазылған. Балалар комуналдық қызметті
есептеп кірістен шығынды алып тастайды. Енді отбасында жинақтау ақшасын
есептейді.

Енді балалар барлығымыздың отбасымызда « бақытты» және «қайғылы» оқиға
болып жатады. Кәзір отбасыларыңнан 4 оқушы шығып 2 оқушы «Бақытты оқиға»
ал 2 оқушы «Қайғылы оқиға» карточкасын аламыз. Бақытты оқиғаны отбасының
кірісіне қосамыз,ал қайғылы оқиғаны отбасының шығынына қосамыз.

Қорытынды:

1. Бюджетті жоспарлау қиын ба?

2. Сендердің ойларыңша отбасылық экономикада ең қиын жағдай қандай?

3. Қалай ойлайсыңдар,отбасылардың тұрмыс жағдайлары неге әртүрлі?

4. Өмірде «Бақытты оқиғалар» жиі болама жоқ «Қайғылы оқиғалар» жиі
болама?

VІІ. Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау кезеңі.

1. Қоғамдық игілік дегеніміз не?

2. Бюджет дегеніміз не?

3. Салық дегеніміз не?

4. Салықтың қанша түрі бар?

5. Баж салығы дегеніміз не?

VІІІ. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі:

Анықтамаларды жаттап келу.

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет
Азық-түлік дүкенінде
Ақшаның шығу тарихы
Мата өңдеу технологиясы
Мереке тарихы
Баласыз отбасылар
Ыстық судан үнемделетін қаражат
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен
Ерекше қабілетті оқушы
Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды нәтижесіне талдау жасау
Пәндер