Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Астана әлемнің жаңа ғажайыбы

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы төрт бұрышты көк мата,
ортасында 32 шапағы жайылған күн мен оның астында қанатын жайған – қыран
құс бейнеленген. Штінде тігінен қазақтың ұлттық ою-өрнегі салынған. Күн,
шапақтар, қыран, ою-өрнек, бейнелері – алтын түспен қапталған. Қазақстан
Республикасы президнттік билік формасын ұсталынатын унитарлы мемлекет, яғни
өзін демократиялық, өкіметтік, құқықты, әлеуметті және әлеуметтік болып
табылады, және мемлекет байлығы – адам, оның өмірі, құқығы, және бостандығы
болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ел-таңбасы

Негізгі ел-таңбаның таңдалған элементі ортасындағы шаңырақ болып
табылады, яғни шаңырақ қазақ үйдің- дөңгелек биіктігі, шатыры саналады. Ел
– таңбаның негізгі екі түсі – көк пен алтын. Алтың түс халықтың ашық,
жарқын болашағын білдіреді. Көк аспан барлық халықтарға бірегей бәріне
бірдей, оның түсі Қазақстанның бейбітшілікке, келісімге, достыққа және
ауызбіршілікке әлемнің барлық халықтармен мақсатын білдіреді.

Мемлекеттiк құрылысы:
Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда
қабылданған Конституция бойынша - өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы -
президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең
жоғарғы өкiлдi органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн
жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан
және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2
қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi
мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың
әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны
шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша
сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық тiзiм бойынша сайланатын 10
депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен
құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр
Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс
енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден
тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң
төрағасын республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот
төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан
Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып
табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне
жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк)
жүзеге асырады.

Аумағы: 2,724 9 шаршы шақырым

Астанасы: Астана қаласы

Тілі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Қазақ тілі
түркі тілдес топқа жатады. Мемлекеттік ұйымдар мен органдарда қазақ тілі
мен қатар орыс тілі де қолданылады. Әрбір адам өзінің ана тілінде сөйлеуге
немесе басқа да тілді қарым-қатынаста, оқуда, жұмыста пайдалануға құқылы,
бұл этникалық қауымдастықтың әр түріне бейбітшілік келісімде өмір сүруге
мүмкіндік береді.

Діні: сунниттік мұсылман, провослав христиандығы, католиктер,
протестанттар, иудаистер, будда және басқалар.

Саяси құрылымы: Қазақстан – конституциялық парламенттік- президенттік
республика.

Экономикасы:
Қазақстан нарықтық экономикалы мемлекет болып табылады. Ұлттық
экономика саясаты Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін барлық
жағдайды жасап отыр. Қазақстан Республикасы үлкен өндірістік әлеуетке
және жоғары кәсіби еңбек ресурсына ие, пайдалы қазбалардың бай қоры
мен кең тараған ауыл шаруашылық мекендері орналасқан.
Қазақстан бес ірі экономикалық аймақтан тұрады:
Солтүстік Қазақстан – астық шаруашылығы, темір рудасын және тас көмір
өндіру, машина жасау, мұнай өнімдері және ферробалқыма, энергетика дамыған.

Шығыс Қазақстан – түсті металлургия, энергетика, машина жасау және орман
шаруашылығы.
Солтүстік Қазақстан – Ірі мұнай-газ өндіруші аймақ.
Оңтүстік Қазақстан – мақта, күріш, жүн, астық, жеміс, көкөніс, жүзім; түсті
металлургия, прибор жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, балық және орман
шаруашылығы дамыған.

Ақша бірлігі: теңге



Қазақстанның халқы:
Халқы жуықтап алғанда 16 мил 074,2 мың адам. Халық тығыздығы 5,5 адам
1 шаршы шақырымға дейін. Қазақстанда көптеген этникалық топтар бар,
әрбірінің өзіндік мәдениеті, тілдік және тарихи ерекшелігі бар. Ең ірі
этникалық қауымдастың - қазақтар мен орыстар болып табылады.

Территориясы:
Қазақстан орталық Азияда, Еуразия құрлығының ортасында орналасқан.
Территория аумағы бойынша Қазақстан - Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада,
Үнді, Аргентина және Австралиядан кейінгі 9 орын алады. Қазақстан: ҚХР –
1460км; Қырғыстанмен – 980км; Түркіменстанмен – 380км; Өзбекістанмен –
2300км; Ресей Федерациясымен – 6467км. Жалпы шекара ұзындығы – 12187км.
Республика шекарасы батысында Волганың төменгі ағысынан шығыста Алтай
тауларына дейін, солтүстігінде Батыс – Сібірден батап оңтүстігінде Қызылқұм
шөлі мен Тянь –Шань тау жүйелеріне дейін созылып жатыр.

Ауа-райы:
Мемлекеттін ауа-райы жылдам континенталді. Қаңтардың ортасында
температура – 25 тен – 10 қа дейін жетеді. Шілденің ортасында температура +
25 тен +30 ға дейін барады. Қыста ең төмен температура -45 С; ең жоғарғы
+50 С

Табиғи-ресурстық әлеует:
Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Менделеевтің кестесіндегі
105 элементінің ішінде 99-ы табылған, қорында 70, өндірісте 60 элементі
бар. Пайдалы қазбалар қорының аумағы бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде
хром рудасы және қорғасын өндіруден 1-ші орын; 2-ші орын – мұнай, күміс,
мыс, марганец, никель, фосфор шикі заты қоры; 3-ші орында – газ, көмір,
алтын, қолайы өндіруден алады. Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225
түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның
және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және
хромиттердің барланған қорлары бойынша екінші, мыс пен флюорит бойынша
үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Республика күмісті, хромитті, қорғасынды және мыршты өндіру бойынша
бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфатты шикізатты өндіру
бойынша екінші орында, алтын өндіру бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан
республиканы әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға
мүмкіндік беретін батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай
қорларына ие. Онтүстік Торғай ойпатының шегінде жаңа мұнайы бар ауданның
ашылуы Республиканың мұнай өндіруді одан әрі дамыту перспективасын
кеңейтеді.
Қазақстанның бар пайдалы қазбалар қорларын геологиялық - экономикалық
бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы бойынша көмір, мұнай, мыс,
темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын, марганецтің ең үлкен салмағы бар.
Қазақстан еуроазиялық құрлықтың ортасында орналасқандықтан оның
транзиттік тасымалдары саласында айтарлықтай көліктік және коммуникациялық
әлеуетін алдын ала анықтайды және әлемнің көптеген елдері үшін мүдделі
болып табылады.
Республиканың көліктік және коммуникациялық кешені темір жол, әуе,
теңіз, өзен, құбыр жолдарының көлігімен, автомобиль жолдарының желісімен
және телекоммуникациялық жүйелерімен көрсетілген.
Темір жолдардың жалпы ұзындығы 14,2 мың км.
Жүктердің көбі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. (2010 жылдың 8
айында 170,8 млн. тонна жүк тасымалданды).
Ортақ пайдаланатын авто жолдардың ұзындығы 93 мың км асады, соның
ішінде республикалық маңызы бар авто жолдардың ұзындығы - 23,5 мың км.
Теңіз кеме қатынасы Каспий теңізі арқылы жүзеге асады.
Негізі теңіз порттары - Ақтау және Баутино, олар арқылы Иран және
Әзірбайжан елдеріне тікелей өтуге болады.
Республиканың әуе көлігін «Эйр Қазақстан» Ұлттық акционерлік әуе
компаниясы және басқа әуе компаниялары танытады. Түркия, Қытай, Индия,
Германия, Австрия және басқа елдермен тұрақты әуе қатынастары ретке
келтірілді.
Қазақстанның телекоммуникация жүйелерін «Қазақтелеком» Ұлттық
акционерлік компаниясы және басқа көптеген компаниялар танытады.

Мәдениеті:
Қазақтар өте қонақ жайлы халық. Егер сіз қазақтың үйіне кенеттен
келген болсаңыз, онда олар сіздерді шақырылған қонақ ретінде күтіп,
қуанышты болады. Қонақтарға, үлкендерге сыйластық, бейбітшілік,
сүйіспеншіліктін және шыдамдылықтың ерте бала шақтан тәрбиеленетін
қасиеттер, қазақ халқының негізгі белгісі болып табылады. Сондықтан
Қазақстанда ешқашан ұлтаралық және діни қақтығыстар болған емес.

Салт – дәстүрі:
Ерте заманнан, атадан балаға көшіп келе жатқан дәстүрлердің бірі,
қонақжайлықтың, үлкенге сыйластықтың, бейбітшілік, сүйгіштік, ашық
мінезділік.

Мәдениеттік мейрамдар:
1 қаңтар – Жаңа Жыл
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз – Наурыз
1 мамыр – Қазақстандағы Ұлттар бірлігінің мерекесі
9 мамыр – Жеңіс күні
10 маусым – Астана күні
25 қазан – Республика күні
16 желтоқан – Тәуелсіздік күні

Діни мерекелер ауысымды күндермен: Рамазан айт, Құрбан айт

Қазақтың ұлттық тағамдары:
Қазақтың ұлттық тағамдары, айнадай таза халықтың жан-тәні, оның
тарихы, салт-дәстүрін көрсетеді. Ежелден ерекшеленген қазақ халқының
дәстүрі, қонақжайлылығы, құрметті қонақты жақсы қарсы алып, төрге
отырғызып, үйдегі жақсы немесе дәмді тағамымен тамақтандырады.

Қазақстанның ел ордасы Астана
Астана әлемнің жаңа ғажайыбы.
«Батыс ол Батыс, Шығыс ол Шығыс, олар ешқашан бірге болмайды» деп кім
айтты.? Қазақстанда бұл өзгермейтіндей көрінген ой-пікірді түбегейлі
өзгерткен қала бар.
1997 жылы Егеменді Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ел
ордасын Алматы қаласынан Астанаға көшіру туралы ұсыныс жасады. Бұл шешім
қаланың Еуразия континенті мен Қазақстанның ортасында орналасқан маңызды
геосаяси жағдайына, қажетті транспорт және коммуникациялық инфрақұрылымының
барлығына байланысты ұсынылған еді. Жаңа астананы таңдауда ең маңызды рөл
қаланың өркендеуіне қажетті бос жерлердің көп болғандығы.
1998 жылы ел басшысы жаңа Ел ордасының атын өзгертуге шешім қабылдады.
Оған «Астана» деген ат берілді, яғни, қазақ тілінен аударғанда «столица»
дегенді білдіреді. Қалаға ел орда функциясы берілгеннен кейін оның дамуында
жаңа кезең басталды. Астана еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және мәдени
орталығына айналды.
Астананы бүкіл әлем болып тұрғызды.
Көз алдымызда өзгеріп бара жатқан жас астана Қазақстан халқының
жасампаздығының, шығармашылдығының және алға басуының символы. Астана
құрылысына еліміздің 71 қаласы, 432 құрылыс компаниясы қатысты, 135 завод
құрылысты құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті.
Жергілікті фирмалармен қатар жаңа астананы тұрғызуға түрік, итальян,
француз, швейцар компаниялары ат салысты. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін
орта және ірі кешендер бой түзеді. Құрылыстың қарқынды түрде жүруі және
халықтың қолдауы 10 жыл ішінде Қазақстан даласында қазіргі
модернизацияланған өз бейнесі мен стилі бар қала салуға мүмкіндік туғызды.
Астананы әлемнің үздік сәулетшілері салды.
Қаланың сәулет концепциясын әзірлеуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
қалаға еуразиялық өң беру туралы идеясы басшылыққа алынды. Астананы
салудың Бас Жоспарының авторы Амстердамдағы Ван Гог музейінің авторы,
Куала –Лумпурдағы халықаралық әуежай және Осакадағы ұлттық этнологиялық
мұражайдың авторы, атақты жапон сәулетшісі Кишё Курокава (Kisho Kurokawa)
болды. Курокаваның бас жоспары бойынша жасалған сәулет ансамбльдері осы
заманғы дизайн және азиялық калоритті үйлестіре білген. Бұл қалаға
қайталанбас әсемдік берді, ғимараттардың әдемілігі мен биіктігі жағынан
қала -Токио, Нью-Иорк, Дубаймен бәсекелесе алады. Астана басқа да атақты
британдық , хай-тек стильіндегі танымал архитектор Норман Фостердің
идеяларының сынақ алаңына айналды. Норман Фостер Лондондағы Millennium
Bridge-ді және әлемнің аса ірі Пекиндегі әуежайын, Берлиндегі Бундестаг
ғимаратын, және Еуропадағы ең биік зәулім үй- Франкфурттегі Коммерцбанкты,
Лондондағы қайта салынған стадионды, Нью-Иорктегі Hearst корпорациясына
арналған мұнараны тұрғызған архитектор. Фостер Лондондағы ерекше
құрылыстардың бірі қияр- Swiss Re- зәулім үйінің авторы.
Астанада Норман Фостер әлемдегі ең теңдесі жоқ дін үйін – Бейбітшілік
сарайын салды. Сонымен қатар, архитектордың командасы Қазақстан астанасы
үшін жаңа Хан-шатыр» ойын-сауық орталығын да салды.
Астана –«қазақстан брендінің» бөлігі
1999 жылы маусым айында қала «Бейбітшілік қаласы» атты Юнеско
сыйлығына ие болды, ал 2003 жылы Moody`s Investors Service алдыңғы қатарлы
әлемдік рейтинг агенттігімен бағаланды. Жас астана «қазақстан брендінің»
маңызды бөлігіне айналды. Қазірдің өзінде әлемнің ең үздік 30 қаласының
қатарына енуіне барлық негіз бар.
Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы Қазақстан халқы мен шет елдік
қонақтар үшін күннен-күнге тартымды болып, жаңғырып жаңара түсуде.
Еуропалық және шығыстық мәдениеттің тамаша дәстүрлері үйлесім тапқан осы
заманғы сәулет стилі экономикалық, саяси және мәдени орталық ретінде жаңа
астананың бейнесін толығымен көрсетеді. Қала пейзажы өте қысқа мерзімде
өзгеріп шыға келді және қала ары қарай қарқынды өсуде. Қаланың түнгі
жабдықтары - ғимараттардың шебер жарықтандырылуы, көшені жарықтандыру
оттары, гирлянділер, Есіл өзеніндегі түрлі-түсті субұрқақтар, жағалау
шамдары, дүкендердің, барлардың, түнгі клубтардың жарық витриналары секілді
астананың түнгі бейнесі де өзгерді.
Астана жаңа Қазақстанның мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігінің
символына айналды. Қазақстанның болашағы кеше ғана «жаңа астана» ретінде
қабылданған, бүгінде ХХІ ғасырға нық қадаммен аттаған елдің, Қазақстанның
жаңа бейнесінің ажырамас бөлігіне айналған Астананың болашағымен тығыз
байланысты.

БІРІНШІ ТҰЛҒА

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында
дүниеге келген.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу
орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік
академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті
профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов
атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол
жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-
хатшысы.

1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989
жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-
сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің
жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін
ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.
Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта
сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық
заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін
қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңы күшіне енді.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара –
Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен
айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады

ЖҰБАЙЫ

САРА АЛПЫСҚЫЗЫ НАЗАРБАЕВА

1941 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.
Сара Алпысқызы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке
зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-
адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.

Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды
қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық
өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары
құрылып, "Үміт", жасөскіндер үйлері ашылуда.

Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және
училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше
назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын "Бөбек" қоры
арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.

Президент зайыбы "Өзіңді өзің таны" атты балаларға рухани-адамгершілік
білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Жеті ғажайып сыры
Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші - астана
Пирамиданың бүйір жағы
Астана-Қазақстандықтардың тәуелсіздігі мен бірлігінің символы
Қазақстанның астаналары. үстеулерді қайталау
Жұлдызды қала - астана
Қызыққа толы бұл әлем.
Қайсысы сөйлем
Белдемше тарихы 6-сынып
Табиғатым - тағдырым
Пәндер