Кішкене әлем

Кішкене әлем
Адам - әлемнің кішірейтілген жиынтығы.
Сол себепті әлемдегі барлық нәрсенің үлгісі адамда бар.
Имам Раббани
Бала - жас шыбық. Оның түзу, әдемі өсуі ұстаз-бағбанның үлесіне тиетін міндет. Жас шыбық - баланы білім нәрімен сусындатып, оның жасыл желек жаюына себеп болатын ұстаз-бағбанның алдында, қазіргі ақпараттар ағымы көбейген уақытта үлкен жауапкершілік тұрғаны анық.
Қазіргі кезде бала ұғымында күнделікті оқудан гөрі, көше ағымына икемделу, күнделікті тіршілік қамымен айналысу, компьютер алдында қажетсіз ойындармен шұғылдану сияқты жат түсініктер қалыптасқан. Әрине бұл баланың қателігі емес, қазіргі уақыт көрінісі. Бала болашағын болжай алмай, бір күндік тамағының тоқтығын ойлайды, ал кейбірі «осындайды» қызық көреді, үлкендерге еліктейді, өзінше «ешкімге» тәуелсіз өмір сүргісі келеді.
Міне осындай шақта мұғалім алдындағы міндеттердің бірі - бала бойында білімді, болашаққа деген нық сенімді қалыптастыру. Баланы білім алуға қызық- тыру, білім беруді жаңаша ұйымдастырып, баланың пікірін тыңдай отырып, ол болашақта өмірде алған білімін іске асыруына көмектесу үшін бар күш - жігерін жұмсау.
Өз заманына сай қазақтың әдет - ғұрыпын, ана тілін есепке ала отырып, ешкімге еліктемей болашақ түрлі есептегіш машиналармен еркін жұмыс істей алатын білімдінің болашағы деп үйрету - басты міндет.
Жалпы мен өз тәжірибемде бала өте ұғымтал екеніне көзім жетті. Олай дейтін себебім өз пәнім - география басқа пәндерге қарағанда көп жағдайда қалтарыс қалатын. Мен ең алғаш балалар бойында осы пәнге деген салғырттықты сезгеннен кейін «қалай қызықтырсам екен?», «географияның өзге пәндер секілді өмірде өте қажет екенін қалай ұғындыруға болады?» деген сауалдар туындағаны анық. Бұл алғашында. Кейін география адамдар арасындағы ортақ тақырыптың арқауы екендігін айттым. Ол үшін баламен балаша ойлап, өз табаны тиген топырақ пен өзі ат қып мінген шыбықтан бастап, аспандағы Ай мен Күнге, одан қалды өз үйіне, күнделікті дастарханға, төрдегі телевизорға саяхат жасаудан бастадым. Бала табиғат пен өзінің арасындағы байланысты, қазіргі экономиканы (бала дастарханға нанның қалай келетінін) түсінеді. Міне осыдан кейін оның бойында табиғат - Анаға деген сүйіспеншілік, жанашырлық пайда болып, қалыптасады, пәнге деген көзқарасы өзгеріп, болашақтағы оның алатын орнын түсінді.
Жалпы мұғалімнің жұмысы қаншалықты ауыр болса, соншалықты қызық жұмыс. Үнемі үзбей оқуды, үзбей ойлауды талап етеді.
Бала - зерттеуші, бала - тәрбиелеуші, бала өзіндік салмақ, бояуы бар пікір иесі, өйткені бала дүниеге келе салысымен өзінің іс - қимылымен, әрекетімен өзгелерді тәрбиелей де, өзгеге үйрете де алады. Мысалы: жөргектегі жаңа туган бала да үйретуші. Ол өзінің жылауы, күлуі, ыңырсуы, уілдеуі арқы- лы анасына, жанұясына өз бұйрығын жүргізуді үйренеді, сол арқылы бұйрық
беріп, орындауды үйретеді. Олай болатын болса балада жөргектен бастап жалпы адами құндылық пайда болады, ал кейбірі ата - анадан дариды. Қалай десекте адами құндылық бар. Осы құндылық бала өсе келе дамиды. Бала бойында табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстар арқылы осы құндылық молаяды, ақпарат жинайды. Бала зерттейді, ойланады. Мысалы: жаңбыр неге жауады? Неге жапырақ түседі? Неге мысық миялайды? тағы сол сияқты.
Ал осы ақпараттарды жүйелеп қорыту үшін ол ізденеді. Балабақшаға барады,
Тағыда балаға таныс емес «дүниелер», тақпақтар - Отан, туған жер, мереке тағы басқа.
Міне осы уақытта педагогика ғылымы бала өміріне араласып, оған көмектеседі. Мұғалім балада жиналған ақпараттарды дұрыс жүйелеп, қорытындылау үшін оның бойындағы табиғи, адами құндылықтарға әкеліп ғылыми құндылықтарды пайдалану арқылы балаға көмектеседі. Ол үшін бала әлеміне әдемі гүл егіп, түрлендіру үшін, бала әлемін қызықты ету үшін, бала әлемі үлкен Жер әлемінде орнын тауып орналасу үшін мұғалімнің мықты болуы шарт.
«Сен жақсы мұғалім болуың үшін ең алдымен өз ісіңе деген сүйіспеншілік, төзімділік, еңбекқорлық керек. Бала, ол бала! Баланы тәрбиелеп, оқыту үшін баламен біргеойлайсың, баламен бірге ойнайсың, балаша күлесің, балаша ренжи де аласың, бірақ балаға жұмыстың қаншалықты ауыр, қиын екенін сездіруге тиіс емессің. Бала сенің қиналғаныңды онсыз да сезеді. Бала алдында өзіңнің табиғи қалпыңда сақтауың керек» - деген еді бірде институттағы оқытушы - ұстазым. Кейде тығырықтан шыға алмай қиналған кезімде жай ғана көппен бірге ілесіп, жүре бергім келеді, бірақ алдыма келген баланың өмірге деген құштарлығын көргенде өз парысымызды, өз міндетімді мойындай алмай тұра алмаймын.
Қазіргі таңдағы дағдарыстан, сәл ауыртпалық қыспағынан шығудың жолын түсіндіріп, бала санасындағы сенім мен үмітті жоғалтпаса екен деймін. Жалпы өз басым аз ғана жоқшылықты балаға сездірмесек деймін, онсызда бала сезімтал келеді. Бала күнделікті тұрмыс - тіршілігінен көріп отыр. Кейде балаға не сұраса да «жоқ» немесе «болмайды» деген бір ауыз сөзбен құтыламыз. Менімше бұл қате сияқты, өйткені ол «үнемі жоқ, оны құрастырып табуға, үлкендердің әлі келмегенде біздің әліміз жете ме?» - деп ойлауы мүмкін ғой. «Жоқ» дегенше, бар мүмкіндігімізше олардың талабын орындап, қалай орындалғанын түсіндірген ақылдырақ болар еді.
Жоғарыда айтқанымыздай бала бойында туған жеріне, Отанына, туған табиғатына деген сүйіспеншілікті дамыта отырып, патриоттыққа тәрбиелеуде география пәнінің орны ерекше.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz