Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Негізгі және туынды сын есім


Сабақтың тақырыбы : Негізгі және туынды сын есім.

Сабақтың мақсаты : Білімділік :Оқушыларға сын есім туралы толық
білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімдерді тауып,сұрақ қоя білуге
баулу.Туынды сын есімнің жасалуын меңгерту.
Дамытушылық: ақыл-ой,логикалық ойлау жүйесін дамытып,сөздік қорларын
жетілдіру ,оқушыларды өз бетімен шығармашылық жұмыстар жасауға уйрету.
Тәрбиелік: кішіпейілділікке,адамгершілікке баулу,табиғатқа деген
сүйіспеншіліктерін дамыту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,өз бетімен жұмыс,шығармашылық тапсырма,
Ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі : мазмұнды суреттер,ереже плакат,Ойын «Алтын
қақпа»,кестелер.

Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру бөлімі :
-Балалар,әр адамның алдына қойған мақсаты болады,сол мақсатқа
жету үшін адам аянбай еңбек етеді.Сол сияқты сіздердің де алға қойған
мақсаттары бар деп ойлаймын. Кім айтады,сіздердің мақсаттарың не ?
«Білім алу».
Олай болса, біз бүгінгі ашық сабақта «Алтын қақпа» ойынын ойнай
отырып өз білімімізді көрсетеміз.

«Тас қақпа тапсырмасы.»
Ақыл- адам көрігі,
Ақылдың сабыр серігі.
Сабыр сөзінің мағынасын ашыңыз.(шыдам,тағат,төзім )

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
18-жаттығу. Ішінде сын есімдері бар үш мақал жазып келу.

Сөз таптары тақырыбын пысықтау мақсатында семантикалық картамен жұмыс.
| |Зат есім |Сын есім |Сан есім |Етістік |
|сауыншы | | | | |
|қорғады | | | | |
|көше | | | | |
|қалың | | | | |
|жүзінші | | | | |
|тұнық | | | | |
|өсіреді | | | | |

ІІІ.Жаңа білімді игеру.

«Күміс қақпаның тапсырмасы»
Шындық қамал бұзар.
Қамал сөзінің мағынасын ашу.(тосқауыл,кедергі,бөгет.)

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім.

ІУ.Сергіту минуты.Күнге қарап қол созамыз,
1,2,3.
Қызғалдақтай ырғаламыз.
1,2,3.
Дөңгеленіп айналамыз,
1,2,3.
Көркем етіп біз жазамыз.

У.Дәптермен жұмыс.
Күннің жады,тақырыпты жазу.
Көркем жазу. Анам менің –ақылшым.

22-жаттығу. Қосымшалы сөздерді көшіріп жазып,оларды сөз құрамына талдау.
Ақылды,тәртіпті,білгіш,айнадай.
Сөздерге сұрақ қойып,қай сөз табы екенін анықтау.
Ереже. Ережені оқытып жатқа сұрау.

23-жаттығу. Мақалды жатқа жазу.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Сын есімдерді тауып,олардың негізгі немесе туынды екенін ажырату.

УІ. «Алтын қақпаның тапсырмасы.»

Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңінен келер.
Менмен сөзінің мағынасын ашыңыз. Сын есімді тауып,негізгі немесе
туынды екенін айту.(тәкаппар,өр көкірек,өзімшіл)

24-жаттығу. Сөздерді жазу. Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдау.
3 сөзбен сөйлем құрау.

25-жаттығу. Ауызша.
Мәтіннен сын есімдерді тауып,ажырату.

27-жаттығу. Ұйқасын тауып оқу.
Тауда жүрген тарғыл аң,
Ол- қайратты ........ . (қабылан ) Ауызша.

УІІ. Ой қозғау. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. «Менің жанұям» шағын шығарма жазу.

2-топ. Сөздерді сөз құрамына талдау.
Жұмысшыларымыз,балапандары,етікшіңіз.

3-топ. Мақалдан туынды етістікті тап.

Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.

УІІІ.Сабақты қорытындылау.
-Негізгі және туынды сын есім туралы ережені жатқа айтқызу.

ІХ.Уйге тапсырма. 26-жаттығу.Ережені жаттау.

Х.Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Сын есім. Сабақтың түрі
Бір сөзден тұратын сын есімді
Негізгі және туынды сын есім туралы
Қарсы мәндес сын есім жайлы ақпарат
Танымдық тапсырма
Сын есімнің жасалуы
Сын есім туралы. Сын есім,оның құрамдық және мағыналық түрлері
Сөз таптары жайлы
Күшейтпелі шырай жайлы ақпарат
Жазғы демалыс
Пәндер