Paint графиктік редактор: интерфейс, құралдар мен практикалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редактор
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік
: оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін, жүктелуі және суретпен жұмыс істеу командалары туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық
: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып есте сақтау, ойлау қабілетін, компьютерлік іскерлігін дамыту.
3. Тәрбиелік:
еңбекке, қоршаған ортадағы көрген дүниесін бейнелей білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, тест.
Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тест
Пәнаралық байланыс : бейнелеу өнері, сызу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу әдебі: Оқушылармен сәлемдесу
ә) сабақққа қатысуын бақылау: Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау «Ой қозғау»
1 слайд. Интерактивті тақтада шарлардың ішіне жауаптар жазылған, егер дұрыс жауап берсе шар әуеге қалықтайды, дұрыс болмаса шар сөніп қалады.
2 слайд. Ақпараттардың түрлерін дұрыс орналастыр.
Мәтіндік ақпарат- сурет, сызба, схема, фотосурет
Дыбыстық ақпарат- оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма
Графикалық ақпарат- ән айту, сигнал, сөз
ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру
Paint графиктік редакторды іске қосып, ондағы құрал-саймандар тақтасымен жұмыс жасауды түсіндіру, үйрету.
Paint графиктік редактордың терезесінің элементтерін түсіндіру.
Төртбұрыш, эллипс, тік сызық, құю, өшіргіш батырмаларымен жұмыс жасап көрсету.
IY . Сабақты бекіту
- Интерактивті тақта арқылы оқушылар өздері Paint графиктік редакторды іске қосып көрсету керек.
- Флипчарта Paint графиктік редактордың терезесінің элементтерін сілтемелерге сәйкес орналастыру керек.
Y . Практикалық тапсырма
Интерактивті тақта арқылы практикалық тапсырма берілген соны әр оқушы өз компьютеріне салады.
YI. Тест сұрақтары
10 тест сұрағы берілген. Жауап берген соң оқушылар дәптерлерін бір-бірімен ауыстырып, жауабын тақта арқылы тексереміз.
YII. Флипчарт арқылы.
Қораптың ішінде сыйлықтар жасырынған (компьютерлік құрылғылар) . Оқушылар кезекпен қораптан алып шыққан құрылғылардың атын жазып, қызметін айтады. Дұрыс айта алмаса басқа оқушы сыйлықты алып кетеді.
YIIІ. Үй жұмысы.
106-108 бетті оқып келу, қарапайым фигуралардан сурет салып келу.
ІХ. Оқушы білімін бағалау.
Аты-жөні: Жобалаева Айгуль Серікқызы
Білімі: жоғары, ЖГУ 1999 ж.
Мамандығы: информатика пәнінің мұғалімі
пед. өтілі: 11 жыл
Санаты: ІІ
Жұмыс орны: Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Д. Қонаев атындағы орта мектеп