Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Тербейін тәуелсіздік тал бесігін. тәрбие сағаты
«Тербейін тәуелсіздік тал бесігін»
Мақсаты : Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол
жеткізгенімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан
айырылғанымызды ,Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру.
Отанды сүюге,құрметтеуге,Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет
көрсетуге,адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу
Өз ойларын жүйелі түрде еркін жеткізуге,сөйлеу мәдениетін үйрету.
Көрнекілігі: Тәуелсіздік ,туған жер туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер
көрмесі.
«Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.
І-жүргізуші : Ел болып жатқан шақта қосып тілек,
Ойламан бақыт құсы кешікті деп.
«Тербелді Тәуелсіз күн,тал бесігі»
Бұл күнді жүруші еді –ау тосып жүрек.
2-жүргізуші : Кезегі келді міне,тосқан күннің,
Қар жауып,қайта ашылды аспан бүгін.
Қарашы,ақша бұлтқа кетті айналып,
Еңсемізді қашаннан басқан мұңым.
І-ж : Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар ,ата-аналар, оқушылар !.
2-ж: Армысыздар, қымбатты көрермендер ! «Тербейін тәуелсіздік тал
бесігін» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер !
Әнұран орындалады.
1-ж : Иә,бұл әнұран сөздері дүниеге келіп, егеменді ел атанғанымызша
біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың небір
сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен
тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.
2-ж : Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986
жылдың желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған
жоқ. Сонау қылышынан қан тамған колбинизм заманының өзінде-ақ «Бас кеспек
болса да, тіл кеспек жоқ» деп баспасөз беттерінен алаңдағы оқиғаның
ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын жазушыларының есімін бүгінде бүкіл
әлем таниды. Солардың бірі-ақиық ақын Мұхтар Шаханов.
1-жүргізуші : Көрініс «Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш басында»
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,
Құпия шерттім осы жан сырымды .
Хош енді,жолықпасаң, қайран ана,
Көзімнен ақ жаулығың жасырынды.
(Ескерткішке екі оқушы гүл шоқтарын қояды.Ләззаттың анасы ескерткіш басында
қызын жоқтайды. Сахнаға М.Шаханов, журналист,студент шығады.)
«Ананың зары»: Мынау неткен зар заман,
Жүректегі тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға,
Зауал келсін Алладан.
Асыл едің,мыс болдың ,
Ізің жатыр өзің жоқ,
Қайдасың қайда ,қарағым?!
Мұхтар Шаханов: «Бұл тақта аузынан ана сүті кетпей жатып,шашынан сүйретіліп
сабалған, жазықсыз жалаға ұшыраған бүлдіршін қыздың көз жасына қойылған
ескерткіш. Бұл тақта -әлемде әлі зорлық бар деп ұғынып улгермеген қаншама
жас жігіттер мен қыздардың әділетсіздікпен бетпе-бет ұшырасқан қайғылы
шағының ескерткіші.Бұл тақта негізсіз күдікке ,қудалауға ұшыраған немесе ұл-
қызын күтіп түрменің есігінен сығалаған қаншама аналарымыз бен
әкелеріміздің төзіміне қойылған ескерткіш.»
Журналист : Мұхтар аға,Желтоқсан ызғарына ұрынған ұлдарымызды «Ұлт
мақтанышы» деп айтудан тартынатын сияқтымыз.Олар шын мәнінде азаттық
ұранын алғаш көтерген қарлығаштар емес пе ?
-Олай болса олардың бәрі мақтауға тұратын батырлықтың үлгісі емес пе ?
-Жөн айтасың,қалқам. Өр рухты азамат Қайратты айтсаңшы...
Соңғы сөзінде не дегені есіңде болар ? Шіркін жас кетті-ау !
(Қайрат рухы сахнаға шығады.Үсті-басы жырым-жырым,қолында кісен)
Қайрат : Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең,алыңдар!
Мен не етермін,не етермін.
Мен келмеске кетермін,
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»
Атам десең,атыңдар!
(Қайрат рухы кісенін сылдыратып сахнадан баяу шығып
кетеді)
Ән : «Қара бауыр қасқалдақ»
1-оқушы:Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы
естілсе де жанымызға нұр септі.Мәңгілік егемендікті
алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел
болдық.Желбіреген көк байрағымыз,айбынды әнұранымыз,
жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Хор: «Желтоқсан желі».
2-оқушы:Егемендік иесі «мен»деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз
Екі тізгін,бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
3-оқушы:Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік»деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
4-оқушы:Сол бір ызғары ерте түскен қыс күндерінде
тоқырау ажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың
ышқынған дауысы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай.
Сол дауыстардың арасынан,он екіде бір гүлі ашылмай қиылып
кеткен, аяулы Ләззат,сенің үнің талып естіледі.Он алтыдан енді
ғана асқан бейкүнә жасында өмірден өз еркіңмен кетердей басыңа
не күн туып еді?Айбының – алаңға шыққаның,жұдырықтай жүрегіңмен
қалың қауымның мүддесін ұққаның ба?Тек сол болса,ол айыбың емес,
азаматтығың болар.
І-жүргізуші : Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы-Тәуелсіздік
күнін атап өтуде.
ІІ-жүргізуші : 1991 жылы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа
мемлекет –Қазақстан республикасы пайда болды.
5-оқушы : Бүгінгі өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан –бұл біздің
ортақ мақтанышымыз.
Хормен : Ең асыл мұрат-еңселі ел болу
Хор : «Қазақстаным менің »
1-жүргізуші : Би «Қара жорға »
6-оқушы : 19 жыл ,тәуелсізбін,дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір міне артта қалды ,келмес күн.
7-о : Қуаныштан жасқа толды жанарым,
Ұрпағы едім Көк бөрідей дананың.
Енді міне билік тиіп қолыма,
Женлбірейді күн астында жалауым.
8-о : Дамуымыз керек енді қарқынмен,
Уақытымыз есептеулі алтынмен.
Тәрбиелеп,саналы ұрпақ өсіріп,
Өркендейміз ата –баба салтымен.
9-о : Жас ұландар терң білім меңгерген,
Ауру-сырқат дұрыс жолмен емделген.
Жыл сайынғы Елбасының жолдауы
Халқыма жігер берген,дем берген.
10-о : Астанамыз,бар қаламыз гүлденіп
Келе жатыр жылдан-жылға түрленіп,
Тәуелсіздік арқасында үкімет,
Жатыр міне, барлығына үлгеріп.
11-о : Сүйінші елім, тәуелсіз елім ,суйінші,
Көкейден күй,көмейден жыр құйылды.
Елу алты ел бас қосатын жиында
Төрағалық қазағыма бұйырды.
12-о : Төбем көкке жетпей қалды бір елі,
Енді міне бүкіл әлем біледі.
Қазақ деген жомарт халық емес пе,
Аузын ашса көрінетін жүрегі.
13-о : Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,
Бізге қарап жол түзейді адасқан.
Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,
Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.
14-о : Қалықтасын көгімізде қыран құс,
Ерлігіміз болсын елге жыр –аңыз.
Ата-бабам армандаған сан ғасыр,
Тәуелсіздікке тәубе,тәубе,мың алғыс.
15-о : Дәлелденді тура адал жолымыз,
Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.
Ер Нұр-аға, тек қана алға бастаңыз,
Біз ереміз, Сіз аман-сау болыңыз !
Хор : «Бақытты балалық шақ »
І-жүргізуші : Жер бетінде әрқашан дос тық пен келісім
орнап,еліміздің болашағы жарқын болсын !
ІІ-жүргізуші ; Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын
қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша
мерекемен құттықтаймыз
Ән : « Қазақ жігіттері »
(соңы)
« Құрық орта мектеп – гимназиясы »
мемлекеттік мекемесі
Т Ә Р Б И Е С А Ғ А Т Ы
« Ұстаз – ұлы есім »
Өткізген : Бектлеуова Б.Т
2012-2013 оқу жылы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz