Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бабалардың баласы - қариялар

№5 орта мектеп

(мерекелік концерт)

Өткізген: Жайтақова Г.Т.
Қатысқан: 7в класс оқушылары

Шалқар
2010-2011 оқу жылы

Тақырыбы: Қарты бардың қазынасы бар.

Мақсаты:
Жас жеткеншектер үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт
дәстүрінен нәр алуға. Иннабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, 1-
қазан қарттар күнінің маңыздылығын меңгерту. Қарияларымыздың ақыл –
өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу.
Ашылуы: Қазақ биі «Шашу»
1 – жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар. Сіздерді қазанның 1-і
Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші
Дүниеге келер бір кісің
Дария кеуде, тау мүсін.
Құрыштай құйған құдірет
Қарттарым аман – саумысың.
2 – жүргізуші
Бас ассамблем 1990 жылдың 14- желтоқсанында 1- қазанды Халықаралық
қарттар күні деп есептеу туралы қаулы шығарды. ХХ ғасырда пайда болған бұл
мереке алдымен Еуропада, кейіннен Америкада, ал 80 –жылдардың аяғында бүкіл
әлем бойынша атап өтіле бастады.
1 – жүргізуші
Бүгінгі мерекелік шарамызға келген қарияларымызды құттықтау үшін сөз
мектеп директоры Туюшев Р.Р-ұлына беріледі.
2 – жүргізуші
Жақсылық берер бізге көзі деп,
Қазыналы қарияның өзі деп.
Пір тұтамыз ерекше жан сіздерді
Себетұғын бойымызға нұры кеп.

1 – оқушы: «Ақ кемешек»
Әже, сен бірге жүрсің менімен,
Өліге мен өзіңді тілемегем.
Ақ кемешек киген бір кемпір көрсем
Ақ кемешек астынан сені көрем.
Өңі түсі өзіңнен бір аумайды,
Немересін ертпесе жүре алмайды.
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі
Көзіме оттай басылып алаулайды.

Ән «Асыл әжем», орындайтын Назарова Ақтамақ
2 – жүргізуші
Мен қарапайым қарттарды сүйемін,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт не біледі?!
Бабалардың баласы – қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Монтаж
1 – оқушы
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
2 – оқушы
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнекей жағада тұр.
3 – оқушы
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
4 – оқушы
Сәл еңкейіп нұр жүзіңнен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады.
5 – оқушы
Қағыс естіп қалбақтайды баладай,
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттың келер аяңдап.
6 – оқушы
Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп өр кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Қариялар, рахмет, сендерге!
7 – оқушы
Сүйсінер ісің көп болса,
Батаға жарып өсесің.
Көп жаса, балам! – дегізсең,
Қарттыққа сен де көшесің.
Қартаю деген әрқалай,
Қартаяр әркім әр түрлі.
Кәрілікті қалар байқамай,
Қадірлей біл қартыңды!
1 – жүргізуші
О, қарттарым...
Мен білмеймін,
Басыңа әлде орнап бақ,
Шәһар салып, жасадың ба жаннат бақ.
Әлдеқалай тасқа түскен таңбаға
Табынамын тарихымдай ардақтап.
2 – жүргізуші
О, қарттарым...
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау – тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын
Домбыраңның пернесінен іздедім.
Ән ( ) орындайтын Абдрашева Динара
1 – жүргізуші
«Өткен менен кеткенді, көп жасаған қарт білер» деген нақыл сөздің
мазмұнына үңілер болсақ, қариялардың болашақ үшін төккен тері мен еткен
еңбектерінің зор екендігі баршамызға мәлім.
2 - жүргізуші
«Адам алдына қарап өседі, артына қарап ойланады»,- деп Ғ. Мүсірепов
айтқандай, ата – дәстүрімізге зер салсаң, ежелден – ақ халқымыз балаларын
үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеген.
1 – оқушы
«Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»
Сухамлинский.
2 – оқушы
Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық
қақыны құрметтей біл» Сухамлинский.
3 – оқушы
Қартайған шағында өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіңде қауқары
қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл» Фарид – ад-дин Аттар.
4 – оқушы
Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер. Шал ақын
5 – оқушы
Ауылыңда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең.

1-жүргізуші .
Жер бастырмай баласын ,
Желкесіне мінгізген .
Өсіріп ар санасын,
Аталығын білгізген.
2-жүргізуші .
Балам бар деп марқайып,
Бар өмірін өткізген .
Қарт мұңлыққа шалқайып,
Болып жүрме тексізден .
1-жүргізуші.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында
Бар жақсылық бар екен .
Туған балаң жай ғана ,
Демесеңде жат бөтен .
Нағыз бала ойласаң.
«Немере »екен,тәтті екен.
Ән: «Немерем» орындайтын Нуржан.Б
1-жүргізуші.
Кеше ол да дәл сендей,
Жас болғанын ұмытпа .
Дүние кезек құрбылар.
Қартардың көңәлән суытпа .
2-жүргізуші.
Біздің аңыз бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан-байтақ даланы,құс ұшырса
қанаты талатын қазыналы жерді,ақыл парасат ,ойлы да арлы адамгаршілік
қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдырған.
1-жүргізуші.
Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтары да өмір көшінде бабалар
арманын жалғастырып келеді. Болашағымыз деп өткен жетістіктеріміздің
алтын қазығы қариялар ортамыздың берекесін артырып, аман есен
жүріңіздер.
2-жүргізуші.
Осымен 1-қазан қарттар күні арналған мерекелік концертіміз өз
мәресіне
жетті .

Ұқсас жұмыстар
Тамырын жайып тереңге
Алтын күздің арқасы
Мүшелтой
Мемлкеттік тіл- менің тілім!
Қуан анам
Қарттарым - асыл қазынам жайлы ақпарат
Сәлем түзелмей
Ұстаздың асыл жүрегін
Аталы сөз - баталы сөз
Баланың денсаулығы ата - анадан
Пәндер