Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұстаздың асыл жүрегін


«Балбұлағым»
Тұнбасы
тұманың,Ұстазым-ұзаным!

(Тұман- тау тереңі н жарып аққан мөлдір бұлақ,

Ұзан- абыз, дана,ұлыққ
Тұрлі тұсті шабыттың сәулелері шашырап,
Қуанышты әр үйге әкелетін нұр шуақ.
Жүрегінде баланың жаға білген шамшырақ,
Сарқылмайтын ешқашан Тұманымсың БАЛБҰЛАҚ!

Бал-бұл жанып баланың жузі кетер жадырап,
Көптен күткен журналы келе қалса Балбұлақ
Жыр,әнгіме,суретпен мың сұраққа-мың жауап,
Жасай берші сарқылмай Тұманым сен Балбұлақ!

Жауылбай Жұлдызай 10 «А»сынып
оқушысы

Мен-Жаулыбай Жұлдызай Асқарқызы,Кызылорда облысы,Казалы ауданы,Бекарыстан
би ауылынының Ү.Түктібаев атындағы №24 мектептің 10 сынып оқушысымым,
Өмірге деген құштарлығым шексіз,сондықтан кез келген өзім қызығатын іспенен
шұғылданғанды ұнатамын,би билеймін, өлең шығарамын, кітап оқимын.
«Балбұлақ» арқылы барша ұстаз қауымын келе жатқан ұстаздар мерекесіменен
шын жүректен құттықтағым келеді.Оз басым ұстаздар жанұясында,ұрпақтар
сабақтастығын жалғап келе жатқан отбасынанмын. Атам-Жаулыбай Пірманов 45
жыл математика паінен дәріс беріп,академик тәрбиелеген ұстаз,соғыс
ардагері,оң қолын ел азаттығы үшін құрбан еткен жан болған,анам да ұстаз 20
жылдан бери орыс тілі мен әдебиетін жалықпай үйретуде,тәтем Ләйла
да,жеңгем Қарлығаш та беделді ұстаздар,мен де осы жандардың жолын қуып
ұстаз болсам деп ойлаймын,бір ақ әлі де жүрексінемін себебі ұстаз болу өте
ауыр, мен оны күделікті өз анамның өмірінен байқаймын.

Барша ұстаз қауымына,оның ішінде анам Ғалия Казанбайға,Сынып жетекшім
Қайназарова Фатима апайыма және №24 мектептің барлық мұғалімдеріне арнаған
мына өлеңімді арнаймын

Ұстаз болу жүректің ұлылығы
Тұнбасы
тұманың,Ұстазым-ұзаным!
Мүсінші болсам мен егер,
Алып тасты қашар ем .
Ұстаздың ұлы жүрегін
Ал қызыл тастан жасар ем .
Ескерткіш жасап ұстазға
Ғарышкер болып кетер ем
Ұстаздың алып жүрегін
Жұлдызға дейін көтерер.
Елбасы болсам егер мен
Халқымды алға жетелер
Ұстаздың асыл жүрегін
Елтаңба елге етер ем.

Жауылбай Жұлдызай
10 «А»сынып оқушысы

Ақын болу арманым

Ақындық ,өзіңе мен қол созаман,
Ақын болу қашан да басты арманым.
Өлеңменен талайды таң қалдырып
Ақындардың бәйгесінде мен озамын

Сара анаға
Мейрімнің нұрын сеуіп бар балаға ,
Қамқорлық нәрін бердің жан дауаға
« Бөбек »қорын бала үшін ашып берген
Мыңда бір алғыс айтам, Сара -анаға
Ел баласын мәпелеп саялаған,
Әр баланы жан-тәнімен аялаған
Біледі үлкен - кіші бар еңбегін,
Бала үшін күш -жігерін аямаған
Жайсаң жанды,кең- пейіл, асыл ана
Нәзік тұлғаң шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман- саулық тілейміз Сара анаға
Ана деген асыл жан бала үшін
Аямайды ешқашан жігер -күшін
Ел анасы атанып асқақтаңыз
Қасыңызда Елағасы аман жүрсін !
Ел қолдаған сіз бастаған барлық істі
Өзімізді тануға біз кірістік
Дүниені танып -біліп алмай тұрып
Өзіңді танып білу басы істің
Өз күшіне сендіріп әр тұлғаны
Ойлағаны болашақ елдің қамы
Әр азамат өз- өзіне сене білсе
Түсінер сонда ғана өзге жанды
Жайсаң жанды, кең -пейіл асыл ана
Нәзік тұлғаң шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман- саулық тілейміз Сара анаға

Шіркін, егер соғыс зұлым болмағанда ...
Соғыс деген зұлымдық ,қайғы, ажал,
Қыршын кетті – ау дүниеден талай адам.
Миллиондап жазықсыз жан қаза болды,
Судай болып төгілді қып қызыл қан.
Мен бүгін ойланамын шіркін егер...
Соғыс- зұлым болмағанда бұл дүниеде
Бейбіт өмір жалғасын табар еді
Адамзат гүлдер еді бүгінненде
Шіркін соғыс болмағанда ,болмағанда
Күн сәулесі жарқырап бар ғаламда
Қаншама жан бақытты болар еді
Соғыста қыршын кетіп қалмағанда
Анасы жоқтау айтып күнде зарлы
Шашын жайып зарламас еді жары
Баласы жетімдікті көрмес еді
Шіркін егер соғыс -зұлым болмағанда
Отан үшін берді жанын аталарым,
Жүрер еді ау беріп бізге баталарын
Әттең өмір, қызығын көре алмай,
Ерлікпенен қаза болды баттырларым.
Аталарым, Оттан үшін шайқасып,
Бейбіт өмір сүрсін деді ұрпағы.
Фашистерді жеңгенінше айқасып,
67 жыл міне ,бүгін болғаны.
Әй, бауырлар, бейбіт өмір жасасын
Соғыс енді ешқашанда болмасын
Туған жерді біз әрқашан қорғайық,
Бабалардың әруағыда қорғасын

Гүл сұлулығы

Байқаймын сұлулықта тылсым сыр бар
Тамсанамыз жүрегіміз толып сырға
Өз бойына әсемдікті барып жыйған
Гүлден сұлу осы не бар?
Сұлу қызды теңейміз әсем гүлге
Құштар етіп адамды осы өмірге
Хош иісі бұрқырап үлбіреген
Гүлді бүгін паш етейік бар әлемге
Гүл өмірдің кереметі алуан түрлі
Жаратқан оны алла бақыт күні
Жер бетін жұмаққа ұқсатам деп
Жасаған жаратыпты түрлі гүлді
Адамды әсемдікке апаратын
Гүл дегенің кереметі табиғаттың
Болашағын көркейтіп адамзаттың
Гүлдің тойы құтты болсын жамағатым !

Ата заңым

Ата заңым –дала заңым жақтаған
Бабалардың бар ұстамын сақтаған
Жеті жарғы Қасымхан мен Есімхан
заңдарынан жаңаланып тақталған
Қазақ халқым болса дағы көшпелі
Әділдіктің оты еш бір өшпеді
Жазылмаған дала заңы қаттырақ
Туғаны жоқ тура бидің шешкені

Тәуелсіздік тірегісің ата заң
Бар қазақтың жүрегісің ата заң
Бабалардың арманы боп аңсаған
Бір өзіңе берілген шын ата заң
Тәуелсіздік 20 жылы жасасын
Барма мерей осы тойдан асатын
Ата заңмен Тәуелсіздік тірегі
Ең керемет мерекеміз жасасын

Жауылбай Жұлдызай 10 «А»сынып
оқушысы

Ұқсас жұмыстар
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
13-жас алғашқы мүше
Көктем мерекесімен, анашым
Білім бастауы тәрбие
Ұстазым менің, ұстазым
Ұстаздық жолын оқушыларға үлгі ету
Ұстаздың ұлы келбеті
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар және семинар қонақтары
Ұстазым - ұлағатым
Жадыңда ұста, жас ұстаз
Пәндер