Фосфордың қосылыстары: фосфин, фосфор оксидтері және фосфор қышқылдары мен тұздары

Сабақтың тақырыбы: Фосфордың қосылыстары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға фосфордың маңызды қосылыстары- фосфин, фосфор(v ) оксиді, ортофосфор қышқылы және тұздары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету. Ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылымы көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы, өнегәлі ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының элементтері.

Қөрнекілігі: Периодтық жүйе, электронды оқулық, реактивтер, кестелер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І,, Даналық ағашы ,, іскерлік ойының сұрақтары:

№1. 1. Фосфор: Химиялық таңбасы . Р

. Реттік нөмірі. 15

Валенттігі. ІІІ, V

Тотығу дәрежесі. +3, +5

Атом құрылысының электрондық формуласы:1s 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 3

№2. 2. Химиялық диктант: 1. фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері___, ___, ___. 2. фосфорэлементі 3. өте улы, , ___ улы емес

4. ___ + ___ = 2 Р 2 О 5 . ___ + ___ = Cа 3 Р 2

___ + ___ = РСІ 5 . ___ + ___ = РН 3

Жауаптары:1. ақ, қара, қызыл

2. Ақыл-ой элементі

3. ақ фосфор, қызыл, қара

4. Р + О 2 =2Р 2 О 5. 3Са +2Р= Са 3 Р 2. 2 Р+5СІ 2 =2РСІ 5 . 2Р +3Н 2 = 2РН 3

№3. Сандарды сөйлетейік ойыны.

Жауаптары. 1. 1669ж. неміс алхимигі Х. Бранд фосфорды ашты. 2. Ет ұлпасында 56г. фосфор кездеседі. 3. Адам сүйегінде 600г фосфор бар. 4. Жүйке жүйесінде 5г фосфор болады.

№4. Қолданылуы. Фосфор сіріңке жасау үшін

Дәрі- дәрмектер алуда

тыңайтқыштар

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Фосфордың қосылыстары

1. Фосфин-РН 3 2. Фосфор (ІІІ) оксиді-Р 2 О 3 4. Фосфор қышқылы Н 3 РО 4 3Фосфор(V) оксиді-Р 2 О 5 5. Мета фосфор қышқылы НРО 3

Физикалық қасиеттері. Н 3 РО 4

РН 3 Р 2 О 3 Р 2 О 5

Фосфин- өте улы, тұрақсыз, түссіз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғышзат. Фосфор(v) оксиді -өте ылғал тартқыш зат, ақ түсті ұнтақ зат. Фосфор (ІІІ) оксидібалауыз тәрізді кристалдық масса, улы. Фосфор қышқылы- ақ түсті кристалдық зат, суда жақсы ериді.

Са 3 Р 2 +6Н 2 О = 2РН 3 +3Са(ОН) 2 Алынуы Р 2 О 5 +3Н 2 О=2Н 3 РО 4

4Р +3О 2 =2Р 2 О 3 Р 2 О 5 2 О=2НРО 3 (тәжірибе)

4Р +5О 2 = Р 2 О 5

Химиялық қасиеттері :Фосфин ауада фосфор оксидін түзіп, өздігінен тұтанады:2РН 3 +5О 2 = 2Р 2 О 5 +3Н 2 О . Фосфин суда аммиактан нашар ериді және сілтілк қасиет көрсетпейді . Бірақ аммиак сияқты өте күшті қыщқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді. Бұл кезде аммоний ионына пайда болады: РН 3 +НІ=РН 4 І

Фосфор(V) оксиді-өте ылғал тартқыш болғандықтан, реакция теңдеуін былай жазуға да болады.

РН 3 +2О 2 3 РО 4 .

Р 2 О 5 -суда ерігенде температураға байланысты әртүрлі фосфор қышқылындарын түзеді:

Р 2 О 5 2 О=2НРО 3 метафосфор қышқылы . Р 2 О 5 +3 Н 2 О= 2 Н 3 РО 4. ортофосфор қышқылы Фосфор (V) оксиді қышқылдық оксид болғандықтан сілтілермен әрекеттеседі: 6NаОН+ Р 2 О 5 =2 Na 3 PO 4 +3H 2 O .

Негіздік оксидпен әрекеттеседі: СаО+ Р 2 О 5 = Са 3 (РО 4 ) 2 + 3Н 2 О

Фосфор қышқылы суда ерігенде сатылап диссоциацияланады:

Н 3 РО 4 \leftrightarrows Н + 2 РО 4 - дигидрофосфат ион

Н 2 РО - 4 ⇆ Н + +НРО 4 2- гидрофасфат ион

НРО 2- 4 ⇆ Н + +РО 4 3- фосфат ион

Фосфор қышқылы сілтімен сатылап әрекеттеседі: Н 3 РО 4 +3NaOH = Na 3 PO 4 +3H 2 O.

Н 3 РО 4 +NaOH = NaH 2 PO 4 + H 2 O. Н 3 РО 4 +2NaOH = Na 2 HPO 4 +2 H 2 O

Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп, ерімтал тұздарға айналдырады да, минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Мысалы:

Са 3 (РО 4 ) 2 +4 Н 3 РО 4 =3Са( Н 2 РО 4 ) 2 кальций дигидрофосфаты.

Фосфат ионға РО 4 3- сапалық реакция: Н 3 РО 4 +3AgNO 3 =Ag 3 PO 4 +3HNO 3

РО 4 3- +3Ag + =Ag 3 PO 4

ҚОЛДАНЫЛУЫ

Фосфор қышқылының тұздары.

Дигидрофосфаттар NaH 2 PO 4

Фосфаттар Na 3 PO 4 Гидрофосфаттар Na 2 HPO 4

Фосфор қышұылының орта тұздары фосфаттар. Егер сутек иондары металл атомдарымен толық алмаспаса, қышқыл тұздар түзіледі. Олар гидрофосфаттар, дигидрофосфаттар деп аталады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту :1 Сәйкестілік тест

1. РН 3 а) Фосфор қышқылы

2. Н 3 РО 4 ә) фосфин

3. НРО 3 б) метафосфор қышқылы

4. К 3 РО 4 в) калий гидрофосфаты

5. К 2 НРО 4 г) калий фосфаты

2. Оқулықпен жұмыс:6-жаттығу

V. Үйге тапсырма 19. 7-жаттығу


Ұқсас жұмыстар
Фосфор қышқылы және оның тұздары
Фосфор және оның қосылыстары: атомдық құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Фосфор және оның қосылыстары: алынуы, аллотропиясы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Фосфор және оның қосылыстары: атом құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері, оттекті қосылыстары мен қолданылуы
9-сыныпқа арналған Фосфор және оның қосылыстары тақырыбындағы сабақ жоспары
Фосфор және оның қосылыстары: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
9-сынып химиясы: Фосфор мен оның оксидтері - аллотропиялық түрлері, химиялық қасиеттері және алынуы
Фосфор және оның қосылыстары: 9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған сабақ: IV топ элементтері - кремний және фосфор: тарихы, қасиеттері, қосылыстары мен қолданылуы
Фосфор: ашылу тарихы, периодтық жүйедегі орны, химиялық қасиеттері және өнеркәсіптік қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz