Электр заряды таразы

Сабақ тақырыбы:
Электроскоп. Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер. Электр өрісі. 8 кл
Сабақтың мақсаты : 1. Электроскоп пен электрометрдің құрылысымен, жұмыс істеу
принципімен таныстыру.
2. Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен таныстыру.
3. Электр өрісі ұғымын түсіндіру, оның техникалық және практикалық
маңызымен таныстыру.
Сабаққа қажетті құралдар: эбонит, шыны, пластмасса таяқшалар, жүн, тері, жібек мата, гильза,
электрофор машинасы, электрометр, электроскоп, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: а) ауызша баяндау.
ә) демонстрация.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру .
2 . Жаңа сабақ. (30-35 мин)
І . Өткен сабақта денелердің электрленуі мен зарядтардың екі тегі болатынын білдіңдер. Енді осы құбылыстарды қалай байқап және қалай өлшеуге болатыны жөнінде түсінік аласыңдар.
Үй тапсырмасы бойынша интерактивті тақтада жазылған сұрақтарға оқушылардың білімі тексеріледі.
ІІ.
Тартылуы
жақындату
зарядтардың сытырлауы
олардың өзара әсерлесуі
ІІІ . Салмақты, ұзындықты, жылуды өлшейтін құралдар сияқты электр зарядын да өлшейтін құралдар бар.
Электроскоп: а) денелердің қаншалықты электрленгенін көрсетеді.
ә) электр зарядының аз не көп екенін көрсетеді.
Электроскоптың жетілдірілген түрі - электрометр деп аталады. Бұл екі құралмен оқушыларды таныстыру және олардың жұмыс істеу принципін демонстрациялап көрсету.
б) электр зарядтарының дененің сүйір ұшына жинақталу қасиетін Франклин
дөңгелегі арқылы және электрофор машинасының жәрдемімен демонстрциялап көрсету.
ІҮ . Электрофор, электроскоп, электрометр арқылы металл пластинка, стержень мен сымның электр зарядтарын, яғни электр тогын өткізетіндігін, ал резеңке, шыны, эбонит денелердің зарядтарды өткізбейтіні тәжірибемен көрсетіліп, денелердің өткізгіштер, өткізбейтіндер болып бөлінетіндігі айтылады.
Ү. Электрленген денелер алыстан әсер ететінін байқадық. Бұл қалайша, әсер не арқылы беріледі деп ойланып көрдіңдер ме ? Екі дененің арасындағы ауа - диэлектрик, басқа әсерді көріп тұрғанымыз жоқ.
Бұл құбылыстың сырын ашумен көптеген елдердің ғалымдары ұзақ жылдар айналысқан. Ағылшын физиктері М. Фарадей мен Д. Максвелл, Ресей ғалымдары М. Ломоносов, Г. Рихман, америка физигі Б. Франклин найзағайды зерттеген.
Бізді қоршаған айналамызда жан - жануарлардың, малдың жайлау өрісі, тұрғын үй, мектеп ауласы, алаң сияқты электрленген дененің әсері байқалатын кеңістік бар екенін білеміз. Мұндай кеңістік электр өрісі деп аталады. Ол - электрленген дененің қасиеті - материяның бір түрі. Электр өрісінің оған енгізілген электр зарядына әсер ететін күші - электр күші деп аталады, яғни электр заряды орналасқан кеңістікте электр өрісі болады.
Электрлік өрісі ұғымын тақтаға сызып талдау:
Электр өрісі: 1. Электр заряды орналасқан кеңістік; 2. Электрленген дененің қасиеті; 3. Материяның бір түрі.
ҮІ . « Электр өрісі» ұғымын алғаш атақты ағылшын физигі Джеймс Максвелл енгізген. Д. Максвелл Англияның Эдинбург қаласында 1831 жылы туған. Гимназияда 5-6 сыныптан бастап зеректігімен көзге түскен. Айрықша қабілеті ескеріліп, гимназияны бітірмей университетке қабылданады. Д. Максвелл 19 жасында физика мен математикадан жаңалықтар ашты.
ҮІІ . Дененің электрленуі нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген өнеркәсіп салаларында синтетикалық материалдарды қолданғанда және кейбір ауруларды емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады. Мысалы: а) целлюлоза - қағаз, мақта-мата комбинаттарында қағаз, лента және иірілген жіп оралғанда үйкелістен эдектрленіп, электр өрісінің нәтижесінде басқа денелерге тартылып үзілетіні және электр зарядының разрядталуы әсерінен өрт шығу жағдайлары көп болады.
ә) Авиацияда, ұшақ ауамен үйкелісуі нәтижесінде электрленеді. Ол қонғанда оған бірден металл трап қоймайды. Ұшақты алдымен металл трос арқылы жермен қосып, разрядтайды.
б) Тұрғын үйдің линолеум еденімен, синтетикалық кілеммен жүргенде, нейлон көйлекті шешкенде электрлік разрядталу құбылысы байқалады. Синтетикалық заттар электр зарядын өткізбей сақтайтындықтан, үйді ( 60-70%) ылғал етіп ұстау керек.
в) Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп, электр өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларынан жазады. Электроаэрозоль әдісімен ішкі ағзаларды емдеу, электрлеу арқылы адамды ұйықтатуға болады. Кейбір балықтар мен жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы: Сом (лақа), скат, угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.
г) Денелердің электрленуі мен электр өрісі сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен сыздықтап ағуынан, дененің деформациялануынан (созылу мен сығылу) заттың бөлшектенуінен, бір-бірінен ажыратылуынан, ұсақ бөлшектердің (құмшекер, құм, ұн, дәрі ұнтағы т. б. ) төгілуінен де пайда болады.
ғ) Электр өрісі құбылысы - заттарды жалтыратып лактауда, бидайды тазалап сорттауда, түтінді тазартуда, матаның бетіне түк салуда және түбіт тұрғызуда қолданылады.
Сондықтан шлангпен бензинді цистернаға немесе автомашина багына құйғанда өрт шығып кетуінен сақ болуы керек.
Қорыта айтқанда, біз ұдайы электр зарядтары мен электр өрісі ішінде өмір сүреді екенбіз. Мұны өзіміз байқамаймыз, ал енді бұл құбылыс туралы білетін болғандықтан, күнделікті өмірде тиісті шаралар қолдануымыз керек!
ҮІІІ . Жаңа сабақты бекіту.
- Электроскоп не үшін керек құрал ?
- Электр өрісі дегеніміз не ?
- Электрометрдің шар кондукторын газетпен үйкесе электр заряды пайда бола ма ?
- Электр өткізбейтіндерге не жатады ?
- Электрометр не үшін қажет ? Құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндір.
- Электр өрісі қандай денелерде болады?
- Дененің электр өрісін қалай білуге болады ?
ІХ . Үйге тапсырма :§27, 28.
- Газетті жыртып, оның қиқымдарының электрленгенін немен, қалай байқайсыңдар?
- Үйдегі су құбырының шүмегімен ағызған суды пластмасса воронка арқылы төгіп, воронканың электрленуін байқаңдар.
- Қараңғы бөлмеде синтетикалық киімдерді шешкенде, электр зарядтары сытырлап, жарық ұшқындары шығатынын бақылаңдар.
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жылулық құбылыстар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы жылулық құбылыстардың мағынасын
аша білуге үйрету.
Білімділік : Оқушылардың «Ішкі энергия», «Жылу сыйымдылық», «Жылу мөлшері» тақырыптары бойынша білімдерін пысықтап, практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың пәнге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Іскерлік ойын - жарыс сабағы
Көрнекілік - құралдар : термометр, қағаздан жасалған қорапша, термос, спирт шам, жіп, темір және шыны таяқша, мензурка, киіз, мата, таразы, суы бар ыдыс, калориметр, сіріңке, манометр, жылу қабылдағыш, иін тірек.
Демонстрация: 1-тәжірибе: Суды қағаз қорабында қайнату.
2-тәжірибе: Жіппен жасалатын тәжірибе
3-тәжірибе: Жылу қабылдағышпен жасалатын тәжірибе.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)
Қымбатты балалар! Бүгін біз сендермен «Табиғаттағы жылулық құбылыстар» атты қайталау - пысықтау сабағын өткіземіз. Бүгін сабақта сендердің « Ішкі энергия», « Жылу сыйымдылық», «Жылу мөлшері» тақырыптары бойынша алған білімдеріңді күнделікті өмірде қалай қолдана алатындықтарыңды тексереміз. Сабақты өздеріңіздің сұрауларыңыз бойынша «Не! Қайда? Қашан?» сияқты жарыс түрінде өткіземіз. Сендердің білімдеріңізді сынау үшін әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
- Әділ қазылар алқасының төрағасы;
- Теоретик физик;
- Экспериментатор.
Жарысуға 2 топ сайланады. Әр топта 6 ойыншыдан, қалғандары өзі қалаған топтың жанкүйерлері болады. Жарыста сендердің білімдерің, іскерліктерің, жылдамдықтарың,
ептіліктерің, шеберліктерің сыналады. Іске сәт, жас достар!
І- сайыс. «Сәлемдесу»
Әр топ өзін таныстырып, қарсылас топқа сәлемдеме жолдайды. Өздерінің аттарын, эмблемаларын, ұрандарын жолдайды.
ІІ- сайыс. «Ептілер мен білгірлер үшін» үшін.
1. Мыналардың қайсысына энергия көп жұмсалады: шойын құмыраны қыздыруға ма, әлде оған құйылған массасы дәл сондай суды ысытуға ма?
2. Неге сай жерлерде бау - бақша өсірілмейді? Бұны немен түсіндіруге болады?
Салқын ауа ауыр болғандықтан төменге, сайға жиналады да, онда көбіне үсік жүруі мүмкін.
3. Қыстыгүні қай үй жылы болады, ағаштан соғылғаны ма, әлде кірпіштен соғылғаны ма? Неге?
Қыстыгүні ағаштан соғылған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі кірпіштің жылу өткізгіштігінен аз.
- Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша қолдануға бола ма?
Болады. Суық су ұзақ уақыт суымайды, өйткені ауасыз бос кеңістік, жылтыр қабат энергияның шағылып, сәуле шығару арқылы кедергі жасайды.
- Желдеткішпен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады. Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?
Болмайды. Өзін қоршап тұрған ауаның энергиясын бойына сіңіретіндіктен де балмұздақ ериді. Балмұздақ төңірегіндегі ауа салқындайды. : ал салқын ауа ауыр болғандықтан, ол төмен түседі, оның орнына жылы ауа келеді. Сөйтіп, конвекция - лық ағын пайда болады. Желдеткіш балмұздақтың еруін тек қана жеделдетеді.
- Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе, әлде тар аяқ
киімнен бе ? Неліктен ?
Тар аяқ киімнен тез тоңады. Кең аяқ киімде ауа жылуды сыртқа нашар бөліп,
суықты нашар өткізеді.
- Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сеңсең бөрік пен мақта -
дан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?
Ыстық өтпес үшін:мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады, ал ауа жылуды нашар өткізеді.
ІІІ - сайыс. «Формуласын дұрыс тап». «Жылу» шыршасын безендіру
Мақсаты: Оқушыларды жылу құбылыстары тақырыбындағы негізгі физикалық шамалардың: ішкі энергиясының, жылу мөлшерін, меншікті жылу сыйымдылығы, меншікті жану жылуының физикалық мағынасын аша білуге үйрету.
ІҮ- сайыс. «Құралдар сайысы»
І - топ : ІІ - топ:
Манометр Калориметр
Мензурка Термометр
Иіндік Таразы
Жылу қабылдағыш Термос
- Манометр- Атмосфералық қысымнан кем немесе үлкен қысымды өлшейтін құрал.
Сұйықтық манометр U тәріздес түтікше, ішіне сұйықтық құйылады. Сұйықтық деңгейінің екі бағаны да бірдей, өйткені онда қысым да бірдей.
- Мензурка -Сұйықтың, газдың, қатты денелердің көлемін өлшейтін құрал, өлшеуіш цилиндр.
- Иіндік -Өз-өзінен, өз осімен еркін айнала алатын дене., осьтен түсірілген күшке дейінгі ара қашықтық күш иіні деп аталады. Күштен ұтыс алу үшін қолданылады.
- Жылу қабылдағыш- Металл қорапша, ішінде ауа бар, бір жағы жылтыр ақ бет, екінші жағы қара бет, жылуды қабылдайды.
- Калориметр -Зертханалық жұмыстарда қолданады, жылуды сақтайтын құрал.
Екі ыдыстан тұрады, бірі үлкен, кішісі үлкенінің ішіне салынады да, арасында бос кеңістік болады, онда ауа бар.
- Термометр- Дененің температурасын өлшейтін құрал.
- Таразы- Дененің массасын өлшейтін құрал. Қосарланған екі ыдыстан тұрады.
Ү - сайыс. « Физиктер сайысы»
Егер қыстыгүні ағаш есіктің темір тұтқасын ұстаса, есіктің темір тұтқасы ағаштан суығырақ болып көрінеді. Неге?
- физик: Адам қолын есіктің темір тұтқасына тигізгенде, оның температурасын шамамен анықтай алады. Егер есіктің темір тұтқасы ағаштан гөрі мұздай болып көрінсе, онда темір тұтқаның температурасы ағаштың температурасынан төмен болғаны.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz