10-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Салауатты өмір салты

Ж. Кереев атындағы орта мектеп.

Ашық сабақ тақырыбы:

«Салауатты өмір салты».

/10 - сынып/

Өткізген: Жанекешова Мейрамгүл Андрейқызы

2011 - 2012 оқу жылы.

Ақтөбе обылысы, Темір ауданы, пгт Шұбарқұдық.

Ж. Кереев атындағы орта мектеп мұғалімі

Жанекешова Мейрамгүл Андрейқызы.

Сабақ тақырыбы: «Салауатты өмір салты»

Сабақ мақсаты:

  • Салауатты өмир сүрудің мәнін ашу;
  • Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
  • Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады.

Жаттығу - сергіту: «Биші адамдар» 1) 2) 3) 4) 5) тақтада суретте көрсетілгендей «Биші адамдардың» суретін салып, олардың дене шынықтыру жаттығуларын білдіретіндігін түсіндіреді. Әр қатысушы суреттеге бейнені салып билейді, қызықты өту үшін нөмірлерді ауыстырып билейді.

Әңгімелесу:

  1. Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен?
  2. Адамдар неліктен темек шегеді деп ойлайсыңдар?
  3. Сізге түрлі іс-әрекетке барар алдында «қаламаймын, бірақ осылай істеу керек, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін» деген ой келе ме?
  4. Ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы баяндап беріңіз?

Назар аударыңыз: «Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді» Ж. Брегг айтқандай. Мағынасын ашу.

Жаңа ақпарат. Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысып шығу ұсынылады.

Мәтінмен жұмыс: «Қара пима» (үзінді) Ұ. Есдәулетовтің мәтінді талдау. «Қара пима» өлеңі тыңдалады, үзінді көрсетіледі интеративтік тақтадан.

Шығарманы тыңдағаннан кейин қандай сезімде болдыңыздар?

Бекіту жұмысы. Көп нүктенің орнына тисті сөзді қояды.

Адамдардың сезімі
Шығармадан үзінді
Адамдардың сезімі:

. . .

(аяушылық)

Шығармадан үзінді:

Түймеден түк жоқ тондағы,

Шалбардың анау жыртығы.

Әйелі қайтыс болғалы,

Ішіп жүр, міне, күн-түні.

Адамдардың сезімі:

. . .

(күйіну)

Шығармадан үзінді:

Ішуге сылтау табылар,

«Ішемін, - дейді, - күйіктен».

Қызған соң айтар әні бар;

«Өмір-ау неткен сүйікті ең!»

Адамдардың сезімі:

. . .

(жанашырлық)

Шығармадан үзінді:

Баланың жайын еске алып,

Көршілер күнде келіп жр.

Жылы ұстап үйді, пеш жағып,

Уақытылы тамақ беріп жүр.

Адамдардың сезімі:

. . .

(қуану)

Шығармадан үзінді:

Көршісі кеп бүгін де,

Әзірлеп тамақ балаға:

-Дайындал, - деді, - жүруге,

Барамыз ертең, қалаға.

Адамдардың сезімі:

. . .

(қуану, мұңайу)

Шығармадан үзінді:

-Ура!- деп бала қуанып,

Мұңайып сосын:

-Итімді

Жүрейін, - дейді, - бірге алып,

Қимаймын, сондай сүйкімді . . .

Адамдардың сезімі:

. . .

(қоса жылау)

Шығармадан үзінді:

Жабысты жолын кес-кестеп,

Көз жасы тарам-тарам боп:

-Пимамды, әке, тастап кет,

Қалаға қалай барам? . . . - деп

Адамдардың сезімі:

. . .

(өкіну)

Шығармадан үзінді:

Қараса . . . кеште баяғы . . .

Пиманы сатып ант ұрған . . .

Үсіген екі аяғы . . .

Кесілген екен балтырдан

Дәптермен жұмыс: (мақал сәйкестендіру)

Байлық байлық емес өледі.

Жарлының байлығы- денсаулық - байлық.

Өр көкірек күліп отырып денсаулық - байлық негізі.

Қай жерің ауырса денінің саулығы.

Тазалық - денсаулық негізі, жаның сол жерде

Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

Жүректен жүрекке: Оқушылар дөңгелене тұрады, қолдарына бір гүлден. Меннен оң жақта тұрған бала бастайды, екінші балаға қолындағы гүлді берместен бұрын бір-біріне тілек тілейді де гүлді ұсынады. «Денсаулығыңды сақта, өйткені: . . . » Мысалы:

  1. Қоршаған ортаң үшін.
  2. Өмірің мәнді болу үшін
  3. Зерділі ой шығу үшін.
  4. Көп үшінде маңызы.
  5. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін.
  6. Дене бітімің сұлу болу үшін.
  7. Ешқашан ауырмай үшін.
  8. Биік шыңға шығу үшін.
  9. Отан алдындағы борышыңды ақтау үшін.

Жиналған гүл шоғы мұғалім қолына жиналады. Енді осы гүлді сіздердің тілектерін орындалсын деп, тәуелсіздіктің 20 жылдығына қосқан үлесіміз ретінде бәріміз бірге - «Жас Қазақстан» әнін шырқайды.

Үйге тапсырма: Сабақтан алған әсері туралы шағын эссе жазу.


Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салты: 10-сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған Салауатты өмір салты және дұрыс әрекет құндылығы бойынша сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған Салауатты өмір салты сабағының жоспары: мақсаттар, міндеттер, әдістер және тапсырмалар
10 сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағы: салауатты өмір салты, кеңпейілділік және қамқорлық
Ашық сабақ: Дене мүшелері және салауатты өмір салты
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Денсаулық, салауатты өмір салты және зиянды әдеттердің алдын алу
Өзін-өзі тану пәні: Салауатты өмір салты тақырыбындағы сабақ жоспары
Дені сау - тәні сау: салауатты өмір салты туралы ашық тәрбие сағаты
Салауатты өмір салты - денсаулық негізі: биология пәнінің сабақ жоспары
Өзін-өзі тану (9-сынып): Салауатты өмір салты - өмір негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz