Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кешір мені



Сабақтың тақырыбы: ІІ тарау. Қарым-қатынас жарастығы
9 - сабақ
Кешірімділік – көңіл кеңдігі
Сабақтың мақсаты: балалармен еркін қарым-қатынас жасай отырып, өкпе-
реніштің зиянын ұғындыру; «кешірім», «кешірімділік», «кешірім сұрау»
ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға
тигізетін әсерін ұғындыру.
А) «кешірім», «кешірімділік» ұғымдарына қатысты белгілі тұлғалардың ой-
пікірлерімен танысып, ой түюге, қорытынды шығаруға үйрету.
Ә) кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.
Б) кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, біреуді тыңдай
білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Балалар, бүгін сіз бен біздің тамаша кездесулеріміздің тағы бір сәті
туды. Сіздердің ұқыпты, келісті, бауырмал, жайдарлы, бейбіт жүздеріңізді
көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі шаттық шеңберіміз амандасудың
ерекше жарқын көрінісі болсыншы. Қане, үстел үстіндегі дөңгелекшелерді ала
қойыңыздар. (Балалар шеңберде екі-екіден біріне-бірі қарап тұрады). Егер
дөңгелекте күлімдеу белгісі тұрса,бір-біріне күлімдеп ишаратпен
амандасу,егер алақан суреті тұрса, қолдасыпп амандасу; жүрек белгісінде
құшақтасып амандасу, күн белгісінде жылы сөздер айтып амандасу керек.

Ән. «Адам»
Сөзі: Т.Молдағалиевтікі
Әні: Ә.Бейсеуовтікі
Сабақтың мақсатын хабарлау:
«Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды» деп Ж. Аймауытов атамыз
айтқандай, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты – «кешірім», «кешірім
сұрау», «кешірімділік» сөздерінің мәні мен маңызын түсініп, кешіре білуге
үйрену.

Тыныштық сәті
Экранда алдын-ала дайындалған видео-көрініс көрсетіледі.
1-оқушы. Т. Молдағалиев
Күн қандай сұлу еді, күнге қарап,
Кеудемнен кетті-ау менің нұр домалап.
Қыс түсті, айналаны бүркеді қар
Жаз шықты, міне, тағы гүлдеді алап.
Өзгермей, жап-жасыл боп тұр қарағай,
Мәңгілік жақсылықты жырлады арай,
Сүреміз қалай өмір, адамдар –ау,
Күн сайын күн жүзіне бір қарамай

2-оқушы. Саған да, маған да ортақ мына бақыт,
Өткіздік талай кешті думандатып,
Жүргендер күнді ұмытып, көкірегіне
Алады қара түнді ұялатып,
Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет
Кешірімді, кең пейілді болу міндет
Таң ертең ояна сап күнге қара
Амандас, аманыңа шүкіршілік ет

М.Мақатаевтың «Халыққа хат» өлеңі
3-оқушы Туған халқым,
Қатемді кешір менің.
Сенің арқаң сескенбей,есіргенім.
Егер де жырың болмай,ұрың болсам,
Алақанға саласың несін мені.
Жоқ!
Менің жүрегім емес төсімдегі,
Ол бір от сенің ұлы көшіңдегі.
Өзіңнің жандырғаның,өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені.
Уа,жұртым!
Кешір мені!
Кешір мені!

4-оқушы Туған ел,көз жасы үшін кешір мені,
Кешегі жетімдер мен жесірлердің?
Ортасында өшу мен өсулердің
Таяғын тарттым талай кесірлердің,
Туған ел, сол үшін де кешір мені.
Туған халқым!
Қатемді кешіре гөр!
Кешіре гөр!
Кеш қылмай несібе бер.
Ақынды ая,
Өмірге ақын бергін!
Көрікті болсын десең көшің егер
Ал мені... Кешіре гөр!
Кешіре гөр!....

5- оқушы М.Мақатаевтың «Кешіріңдер» өлеңі
Кешіріңдер,туыстар,
Кешіріңдер,ағайын.
Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап,ағайын
Ақ киімге оранып,алдарыңа барайын.
Кешіріңдер,жарандар,
Қошақаның болайын.
Сый сұрағам жасыңнан,
Мейір күткем қартыңнан.
Еркелеп ем сендерге,
Емін еркін шарқ ұрғам.
Екенмін ғой антұрған
Сөз ергізіп артымнан,
Арыла алмай келемін
Бала күнгі қалпымнан.
Кешіріңдер,достарым,
Кешіріңдер,қастарым.
Есім кіре бастады,
Мен-мен емес,басқамын...
Еркелікті тастадым
Естеріңе алғайсың еркін жүрген қалқаны.
Бейне-сұрақ әдісі:
Балалар, «кешірім сұрай білу», «кешіре білу» деген ұғымдарды сарапқа салмас
бұрын,сіздердің назарларыңызға өз құрдастарыңыздың ұйымдастырған бейне-
таспаны ұсынамын.
Жетелеу сұрақтары:
1.Кешірім сұраған сәтің болды ма?
2. Өкпелеп,ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
3.Кешіре білу қиын ба,кешірім сұрау қиын ба?
4.Сені көбіне қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?
5. Айналаңнан не үшін кешірім сұрап едің?

«Жаңа ақпарат және менің пікірім әдісі»

|№ | Пікірлер | Менің пікірім |
|1. |Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды | |
| |қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзар | |
| |түсінісбеушілік тудырады. | |
|2. |Өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға | |
| |түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға | |
| |ұмтылу керек. Мұғалім мен оқушы арасы. | |
|3 |Өкпе, реніш – адамның | |
| |көңіл-күйіне,денсаулығына кері әсер етеді. | |
| |Ата-ана мен бала арасы. | |
|4 |Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау,риза | |
| |болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Жақын | |
| |достар арасы. | |

«Өзіммен-өзім» психологиялық тренингі
Оқушыларға өкпе-реніштің зиянынан бойын аулақ ұстау ,іштегі өкпе-реніштен
құтылу мақсатында «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін ұйымдастырамын.
Классикалық музыка жіберіледі.
- Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.
- Демдеріңді ішке алып,сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс
жасаңдар
- Енді соңғы кездердегі өкпе-реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не
себепті ренжідің?)
- Осы өкпе-реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналысып алған екен.Ол мына
кіндіктеріңнің тұсында тұр.Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе-
реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте-бірте бұлтты жоғары
көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.
Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық.

Күннің шуағындай осы жақсы қасиеттердің ішінен бүгінгі сабағымызға
қатысты қасиетті алып,ішімізге орналастырайық.
Осының ішіндегі ең маңызды қасиет деп нені көрсетер едіңіздер.
-Адамгершілік.
Олай болса,оны жүрегімізге орналастырып алайық.Қане адамгершілігі мол кең
пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.
«Социометрия » әдісі
«Кешірімді жан»
Оқушылардың ішіндегі ең кешірімді жанды анықтау мақсатында жағдаятпен
байланыстыра отырып сұраққа жауап аламын.
Ең көп (+) жинаған оқушының жүрегі кең, кешірімді деп танылады.

| | |
|1.Есет Ринат |+ + + + + + + + |
|2.Алдияр Бақыт |+ + + + + + |
|3.Бақытов Құсманәлі |+ + + + + + + + + + + |
|4.Кимбай Жансая |+ + + + + + + |
|5.Кенжебаева Алмагүл |+ + + + + + + + |
|6.Қабдолов Райымбек |+ + + + + + + |
|7.Мақсұт Жасұлан |+ + + + + + + + + + + + + |
|8.Мақашев Жалғас |+ + + + + + + + + |
|9.Сержан Гүлнұр |+ + + + + + + + ++ |
|10. Көпбергенова Нұрсұлу |+ + + + + + + + + + + + + |

№1жағдаят
Мектепте әр сыныптан бір оқушы қатыстырылатын жарыстың болғалы
жатқанын күні бұрын біліп қойды.Өзіңді ең бірінші барып тіркетіп
қойғаныңды сыныбың,біліп қойып ренжіп қалды делік.Сені ең бірінші
кешіретін үш сыныптасыңды ата.

№2жағдаят
Екі сыныптас шатасып қалды делік.Араға түсіп екі жақта да
тыныштандыруға күш салатын екі сыныптасыңды ата.
№3жағдаят
Дене шынықтыру сабағы басталар кезде, бір жабдықты бәрңіз бүлдіріп
алдыңыздар.Ал мұғалім келгенде бірінші болып кім мойындар еді.Бір
оқушыны белгіле.
Ең көп (+)белгісін жинаған адам ең кешірімді, кең пейілді адам.Қол
соғып қошемет көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға кешірімділіктің пайдасы мен қажеттілігін
ұғындыру мақсатында «Оқып үйренейік» айдарынан А.Бейсебайдың «Кешірімнің
күші» мәтінімен танысу.
Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай
жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздай болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе
кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе-реніш танытамыз.
Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау
адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып
жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін
бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан
дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал
өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай
боламыз. Алайда біреуді кешіру – ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық
екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар неліктен
осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.
Кешіру деген ол адамды түсіну шығар. Егер адамға түсінушілікпен
қарасаң, сол сәтте-ақ ол адамға ешқандай да өкпелемейсің. Өйткені осындай
жағдайда өзім не істер едім деп өзіңе сұрақ қоясың. Өзіңді олардың орнына
қойып, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың. Сол кезде
кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы
көрсең, олардың қателігін кешіре де аласың. Басқаларды жақсы көру үшін
өзіңді өзің сыйлап, жақсы көруің керек. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын
адам, өз жан дүниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды.
Біз барлығына кешіріммен, сыйластықпен, түсіністікпен, сергектікпен
қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша, біз алға қарай тек қана адал
ниет, ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз.

Жетелеу сұрақтары:
1. Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?
2. «Кешіру - өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Дәйексөз» әдісінде оқушылар өздеріне ұнаған пікірді түсіндіреді.
Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа,
жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте
өмір сүреді.
Кешірімшіл болу – айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара
түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола
түседі.
Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлескенде олардың жан айқайын,
тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір бол. Олардың
жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына
көмектес.

Кешіре білген адам – күшті адам.
А.Йүгінеки

Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен, тәжірибесіздіктен
қателесулер болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің
қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап,
қатесін түзей білу – ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.

Б.Момышұлы

Неге екені белгісіз, көбіне-көп ренішті кездер оралады есіне. Қуаныш
аз сияқты, көңілге дәт болары шамалы. Реніш жағы әлдеқайда басым жатыр.
Көңілді жүдетеді. Іште жатқан бітеу жарадай жүректі сыздатады.

С.Мұратбеков

Жамандық кешіре білмеуден туады. Егерде біз кешірімшіл болсақ,
ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егерде бір нәрсе
көңілдегідей болмаса, ашуланасың.
Қазақ ертегісі
Тілек шоғы – «Жүректен жүрекке»
Мұғалім балаларды «Жүректен-жүрекке» шеңберіне шақырып, қолдарына
гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назар аудартады. Сағат
тілінің қозғалысы бойынша балалар бір-біріне тілек айтып, қолындағы
гүлдерін көршісіне ұсынады. Осылайша, әр бала жанындағы баланың гүлін өз
гүліне қосып, келесі балаға жалғастырады. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп,
«Тілек шоғына»айналып, мұғалімнің өзіне оралады. Оларға рахмет айтылып,
әрқашанда айналаңа түсіністікпен қарасаң, осы үлкейіп оралған гүл шоғы
сияқты одан да үлкейіп жақсылық боп оралатынын айтып сабақты аяқтаймын.
Мұғалім:
Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен, кешірімді бол, «Кешіре
білген күшті адам»
Ринат:
Кешірімді бол, себебі кез-келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік
жіберуі мүмкін.
Жасұлан:
Кешірімді бол, себебі тіл табысудың басты кілті – кешірім сұрау болып
табылады.
Алмагүл:
Кешірімді бол, өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр
түрлі жағдаяттар болуы мүмкін.
Райымбек:
Кешірімді бол, себебі саған өмірдің әлі де сыйлар қызығы көп.
Салтанат:
Кешірімді бол, себебі реніш денсаулыққа зиян.
Нұрсұлу:
Кешірімді бол, себебі қызулықпен жасалған іс-әрекеттің арты - өкініш
не қайғыға ұласуы мүмкін.
Бағдат:
Кешірімді бол, себебі өкпе-ренішпен жүріп өзіңді жоғалтып алуың
мүмкін.
Осылай оқушылар тілегін жалғастырады.
-----------------------
Аты-жөні: Жанекешова Бактыгүл Андрейқызы
Мамандығы: қазақ тілі және әдебиеті пәні
мұғалімі
Мектебі: Қандыағаш қалалық №3 мектеп-
гимназиясы
Мекен-жайы: Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы

Ұқсас жұмыстар
Туған жылың
35 күз, 35 қыс, 35 жаз
Қарғаның баласы
Ертегі "қоян мен бұғы"
Алма ағашы
Неше таңбалы сан
Мейірімділік бала көзімен
Аяз ата, Аяз ата
Үміт аялдамасы
Келіңдер құстарым
Пәндер