Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде өткізілген 8-сынып оқушылары арасындағы Жас эрудит физика сайысы

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .

№29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.

Физика пәнінің мұғалімі Жаннат Серікбаева.

«Жас эрудит»

8-сынып оқушылары арасындағы физика пәнінен сайыс.

Сайыстың ұраны: Біле бер қанша білсең- тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың әр қарастырылатын құбылыс пен физикалық заңдар, формулалар байланысын ашып, таба білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі басқаруын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Қоршаған ортамен байланысты түрлі құбылыстардың мәнін ашуда оқушының ой-қиялын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сайыстың барысы: І. Ұйымдастыру.

Сайысқа 8-сынып оқушыларынан 8 оқушы қатыстырылады.

ІІ. Сайыстың мақсатымен, сайыс шарттарымен таныстыру.

ІІІ. Сайыстың турлары:

1-тур. «Бәйге»

1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы қалай аталады?

2. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе берген энергиясы.

3. Сұйықтың буға айналу құбылысы.

4. Жылудың ауа және сұйық арқылы берілуі.

5. Жылу берілудің қай түрінде зат алмасу болмайды.

6. Жылу берілудің неше түрі бар?

7. Жылу мөлшерін анықтауға арналған формула.

8. Термодинамиканың бірінші заңының өрнегі.

Жауаптары: ішкі энергия, жылу мөлшері, кебу, конвекция, жылу өткізгіштік, 3, Q=cm∆t, Q=∆U+A.

2-тур «Дода»

1. Заттың үш күйі бар. (иә)

2. Температураны өлшейтін құрал-динамометр. (жоқ)

3. Желді күні асфальт беті тез кебеді. (иә)

4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі-Джоуль. (иә)

5. Мылтық жылу қозғалтқышына жатады. (жоқ)

6. Мұз ерісе энергия шығарылады. (жоқ)

7. Массаның өлшем бірлігі-килограмм. (иә)

8. Заттың қатты күйінен сұйық күйіне ауысуы-кристалдану деп аталады. (жоқ)

3-тур «Таңдап алу»

«Температура» сөзі беріледі.

Осы сөзге кіретін әріптерден жаңа сөздер құрастыру қажет.

4-тур. «Тапқырлық»

Табиғатта заттар көп. Солардың біреуі туралы. Ол қандай зат?

1. Оны үйкелісті азайту үшін қолдануға болады.

2. Оны қыздыру, суыту үшін қолдануға болады.

3. Үлкен адамдардың организмінде 65% бар.

4. Оның үш күйімен біз жиі кездесеміз. (су)

5-тур «Сенесің-сенбейсің»

1. Стақан, тиын, жайпақ табақта су, сіріңке. Қолды су қылмай тиынды табақтан қалай алуға болады? Көрсету керек. (Стақанға қағаз жағып, ішіне тастаймыз да, табақтағы суға төңкереміз, сонда тиын бос қалады)

ІҮ. Сайысты қорытындылау.

Белсенділік көрсетіп, озық ойлы оқушы екенін дәлелдеген оқушыға «Жас эрудит» атағы беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасындағы Білгір химик сайысы
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті №105 орта мектептің 5-6 сыныптары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Кім білгір сайысы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы №116 орта мектептегі География шыңы - оқушылар арасындағы интеллектуалдық білім сайысы
Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары арасындағы Білім биржасы зияткерлік ойыны (2015)
8-сынып оқушылары арасындағы Ғажайып физика ауылына саяхат пәндік-интеллектуалдық сайысы
Қызылқоға ауданы Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың атты ашық тәрбиелік сайыс
2012 жылғы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы орта мектебінің 6-8 сыныптары арасындағы Ғажайыптар әлемі биология танымдық сайысы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарабекова Лаура Бибитовнаға арналған ұстаздарға құрмет көрсету кеші
Ғажайып физика: №3 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары арасындағы интеллектуалдық сайыс сабақ жоспары (Жаңақала, 13.02.2013)
МШОБ №3 орта мектеп: 9-сынып оқушылары арасындағы математика және физика пәндері бойынша Көңілді тапқырлар сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz