Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Атомдар мен молекулалар
Күні ___________
Сыныбы _____7______
8 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық
құрылысы.
Сабақтың мақсаты: 1. Заттар және атомдардың неден тұратындығын түсіндіру;
олардың металдарда
белгілі ретпен орналасатынын
нақты көрсететін электрондық микроскоп, иондық
проекторлар туралы кеңірек
түсінік беру.
2. Бақылау мен тәжірибенің
нәтижелерін түсіндіре отырып, оқушылардың ойлау
қабілеттерін қалыптастыру.
3. Білімділікке, шыншылдыққа, өзін-
өзі сыйлауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: су, бояу түйіршіктері, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа
аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не ?
2. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері.
3. Гипотеза дегеніміз не ?
4. Физика заңдары қалай ашылды ?
5. Қандай физикалық шаманы білесіңдер ?
6. Физикалық теория дегеніміз не ?
7. Физиканың негізгі мақсаты неде ?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Бізді қоршаған ортада сансыз мол әр түрлі табиғи заттар мен денелер
бар. Қолдан жасалған көптеген жасанды бұйымдар да жеткілікті. Әлемдегі әр
түрлі денелер, Жер бетіндегі, мұхиттар мен теңіздердегі сан алуан
өсімдіктер мен жан-жануарлар қаншама ?! Міне, осындай «тірі» табиғат пен
«өлі» табиғаттағы сан жетпес әр түрлі заттар мен денелер неден тұрады деген
сұрақ туады.
Кез-келген атом үш түрлі элементар бөлшектердің жиынынан тұрады. Олар
электрон, протон және нейтрон. Эксперименттік зерттеулер протондар мен
нейтрондардың атомның орталық бөлігінде – ядросында орналасатынын көрсетті.
Ал электрондар ядроны шыр айнала қозғалады да, атомның электрондық
қабатшаларын түзеді.
Табиғатта, жасанды атомдарды қоспағанда, әр түрлі 92 атом бар. Олар бір-
бірінен ядродағы протондардың санына қарай ерекшеленеді. 92 түрлі атомға 92
химиялық элемент сәйкес келеді. Ең жеңіл элемент сутегі атомының ядросында
бір протон бар, оны айнала бір электрон қозғалады.
Атомдық бөлшектердің электрлік сипаттамалары әр түрлі. Мысалы, электронның
электрлік заряды теріс, ал протонның заряды оң болып келеді. Нейтрондарда
электр зарядтары сезілмейді. Протон мен нейтронның массалары бір-біріне тең
деуге болады, ал олардың әрқайсысының массасы электрон массасынан жуықтап
алғанда 1850 еседей үлкен.
Әр элементтің атомы-сол элементтің физикалық-химиялық қасиеттерін
сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
Бір ғажабы: әлемдегі сан жетпейтін неше түрлі денелер мен заттардың барлығы
да 92 химиялық элементтің атомдарынан тұрады.денелер мензаттар осындай
санаулы ғана элементтердің атомдарының бір-бірімен байланысы арқасында
түзілген.
Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан молекула түзіледі. Мысалы, су
молекуласы үш атомнан: сутегінің екі атомынан және оттегінің бір атомынан
құралған. Заттар молекулалардан тұрады. Әр заттың молекулалары бір-біріне
ұқсамайды. Сондықтан олардың құрылымдары да, қасиеттері де түрлі-түрлі
болады.
Әлемдегі заттардың 99 пайызы ең жеңіл екі элементтен: сутегі мен гелийден
тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, ғарыш денелеріндегі 10 000 сутегі атомына
гелийдің 500 атомы, ал қалған 90 элементтен бір ғана атом келеді.
Әр заттың молекуласы – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ
бөлшегі.
Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы
сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге
болады. Ұсақ бөлшектерді электрондық микроскоптар жүздеген мың есе
үлкейтеді, ал иондық проекторлар миллиондаған есеге дейін үлкейте алады.
Молекуланың өте ұсақ бөлшек екенін сезіну үшін мына мысалдарға жүгінейік.
Көлемі орташа алма Жер шарынан неше есе кіші болса, молекула да алмадан
сонша есе кіші. Көлемі 1мм3 сутегі газында қалыпты жағдайда
27 000 000 000 000 000 = 2,7*1016 жуық молекулалар бар.
Қорыта айтқанда: жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар
заттардың ең кіші бөлшектері болып табылады. Әр түрлі заттардан денелер
құралады.
IV. ЖБ жұмысы.
Суретте су молекуласының моделі кескінделген. Су молекуласы қандай
атомдардан тұратынын жаз:_____________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________
_____________________________________________________
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Атомдарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
2. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
3. Молекула дегеніміз не ?
4. Су молекуласының құрамы туралы не білесіңдер?
5. Табиғатта атомдардың неше түрі бар? Заттардың сан алуандығын қалай
түсіндіруге борлады?
VI. Сыныпта орындалатын тапсырма.
1. Мына сұрақтарға жауап беріңдер ?
1. Табиғат құбылыстарына мысалдар келтір.
Мұздың еруі, судың қайнауы, жылу, жарық, найзағай.
2. Физика нені зерттейді?
Табиғат құбылыстарын.
3. Астрономия нені зерттейді?
Аспан денелерінің қозғалысын, олардың табиғатын, шығу тегі мен дамуын
зерттейді.
4. Табиғатты зерттеудің қандай тәсілдері бар ?
Ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер.
5. Астрономияда пайдаланатын ең басты құрал не?
Телескоп.
6. Физикалық шамаларға мысалдар келтір.
Ұзындық, уақыт, аудан, көлем, жылдамдық, масса, күш.
VII. Үйге тапсырма. § 14. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
VIII. Қорытынды. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz