11 сыныпқа арналған дифференциалдық есептеу (туынды) курсының оқу бағдарламасы

Курс тақырыбы:
Бағдарлама авторы: Жалмендин Бекболат
Түсінік хат
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы қоршаған әлемнің заңдылықтарын оқып-үйренуде математика негізгі аппарат және өзіндік құрал ретінде рөл атқаратын іс-әрекет салаларын таңдаған оқушыларға арналған. Математиканы оқытуда қарастырылатын қандайда бір нақты жағдаяттың математикалық моделін құру және тұжырымдау нақты процестер мен құбылыстарды зерделеуде пайдаланылады.
11 сыныпқа арналған математика курсы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге мүмкіндік береді. Дифференциалдық есептеулер оқушының математикаға деген ықыласын оятуға, қызықты есептерді шешу арқылы жаңа әдіс-тәсілдермен, идеялармен таныстыру арқылы математика жөніндегі түсінігін, математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.
Мақсаты:
Функцияның туындысы, аргумент, функция, функцияның анықталу облысы, нүктедегі шегі мен үзіліссіздігі ұғымдарын және функция мен аргумент өсімшесі, туындының анықтамасын, туындыны табу ережелерін тереңдете беру. Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсіндіру. Туындының қолданылуына дифференциалдық есептеу формулаларын практикада пайдалана білу. Есеп шығаруда білім-білік дағдысын жетілдіру.
Міндеті:
- Туынды ұғымын кеңейте отырып туындыларды табу ережелерін, туындыны табу формулаларын оқушы жадына қалдыру, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
- Туындыны физикалық, геометриялық мағынасын ашу, жуықтап есептеу, жанаманың теңдеуі формуласын қорытып шығару, оларды есеп шығаруда қолдану.
- Туындыны функцияны зерттеуге қолдануға үйрету. Дифференциалдық теңдеулер теориясына сүйене отырып есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
- Оқушының шығармашылық ойлауы ақпаратқа сыни көзқарасы, ізденушілік қабілетін қалыптастыру.
Функция. Функция түрлері, қасиеттері, графигі
Туынды туралы ұғым