Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімділігі

Өтініш қағаз

Баяндаманың тақырыбы: Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны
пайдалану әдістері

Баяндаманың авторы: Жалғасбаева Нұрбөпе Төлешқызы

Жұмыс орны: Атырау облысы, Индер ауданы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

Наградалары: 2007 жылы аудандық панорамалық сабақ «Алғыс хат»
2008 жылы аудандық «Ең үздік панорамалық сабақ» ІІІ
орын
2008 жылы аудандық «Ең үздік информатика кабинеті» ІІІ орын

Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Зеленый селосы

Телефоны: 28-7-80

Аңдаухат

Информатика сабағында оқыту үрдісіндегі ақпараттандыруды жетілдіру жолдары
және интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін, ой өрісін дамыту мақсатында жазған. Оқушыларға жүйелі түрде
саралау мақсатымен, озық технологияның ұтымды жақтарын пайдалана білген.

Annotation

In this report propose as to work information about system on ways of the
rise on the informatical lessons and interactive of the boards with
activities helped to creative abilities of instruction by intellectual of
the abilities.In process with instruction object differences of knowledge
pupils be able to the choose by the optimal ways of the technology.

Рецензия

Баяндама тақырыпқа сай жазылған. Ғылыми негізге сүйене отырып, оқушыларды
шығармашылыққа баулып, олардың ойлау, есептеу қабілетін зейінділігін,
ынтасын арттыру үшін қолданылатын әдістер қаралған. Баяндамада сәйкесті
мәселелер қамтып, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жасау әдістеріне жеке –
жеке тоқталған. Бүгінгі педагогикалық теорияға сәйкес терең біліммен
шыңдалған тәжірибеге сүйеніп, әрбір оқушының қабілетіне қарай қызығушылығын
ұйымдастыра білген. Баяндама тақырыпқа сай жан – жақты рәсімделген.

Бірлестік жетекшісі : С.Т. Кульчикова

Жоспар

Кіріспе.
Заман талабы - интерактивтік тақтамен жұмыс жасау

Негізгі бөлім.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімділігі

Қорытынды
Қол жеткен табыстар мен нәтижелер

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың
біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы
бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйеснің басты
міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар
жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру
барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.
Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық
оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта
ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және
қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып
саналатын «Автивті экран» болып табылады.
Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны
компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып
табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт
арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін
1,88 м тақта, барқаруға керекті, бір, екі қалам және жазуға арналған
блокнот кіреді. Компьюетрдің VGA –портына проектор арқылы қосылатын тақтада
көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен
қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық
жабдықтамасы бар. Кешенмен жұмыс істегенде екі режим: тышқан және аннотация
режимі қолданылады. Бірінші жағдайда тақта тышқан орнында қолданылып
қолданушының іс әрекетін операциялық жүйеге трансляциялайды (жеткізеді),
екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу
үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран
бетінде сурет салуға болады.Мысалы жұмыс үстелінде, PowerPoint
слайдтарында және кез келген қолданбалы бағдарламалар терезелерінде және
т.б. Көптеген интерактивтік тақталар монтаждан соң калибрлеуді, яғни
маркердің тақта бетіндегі орнын анықтауды қажет етеді. Калибрлеу экранның
әр бұрыштарын және ортасын көрсетілген нүктелерді арнайы утилит көмегімен
белгілеу арқылы жасалады. Егер тақтамен проектордың орналасу орны
өзгермесе, калибрлеуді қайтара жасау қажет емес.
Преоктордың орналасуына қарай интерактивтік тақталар тікелей (тура) және
кері проекциялаушы деп екі класқа бөлінеді. Бірінші класқа жататындар –
қолданушы кейуақытта экранды көлеңкелеп жауып қалу кемшілігіне қарамастан
өте кең тараған. Сондықтан обьективті төменге еңкейтіп проектерді тақтаға
мүмкіншілігінше жақындатып төбеге іледі. Екінші класқа жататындар біршама
қымбат тұрады, онда проектор тақтаның артында орналасады да өте көп орын
алып тұрады. Қазір интерактивтік тақтаны жасаушылар көбіне дайын
кешендерді, яғни тақтамен жұмыс істейтін құралдардың барлығын бірге
ұсынады. Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар төрт типке
бөлінеді:
1.Сенсорлы аналогтық-резистивтік технология;
2.Электромагниттік технология;
3.Лазерлік технология;
4.Ультрадыбыстық / инфрақызыл технология;
Бірінші типтегі интерактивтік тақталарды өлшеу жүйесі аналогтық болғанымен
қабылданған ақпарат цифрлық түрде өңделеді. Ақпаратты көрсету тігігнен және
көлденеңнен мыдаған нүктелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, Smart Technologies
компаниясының SMARTboart тақталары 4000 х 4000 нүктеден тұрады. Лазерлік
технологиялы интерактивті тақталар жүйесіне екі инфрақызыл лазерлік бұрыш
белгілеу құралы кіреді. Бұндай тақталарда тек маркермен жұмыс істеуге
болады.
«Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта
пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби
біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың
оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу
қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзе
асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бұл жерде:
«Бұл мақсатқа жету үшін оқыту үрдісін қалай құру керек?», - деген сұрақ
туындайды.
Сабақты өткізу әдістемесі
Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын
Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен
қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар,
гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның
алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және
өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалдар есте сақтап, қажет
жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу
барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар
PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады.
Сонымен «Автив экран» бағдарламалық – техникалық кешенін қолдану барысында
оқушыға дәрістің мәнін жазу қажет емес екендігі анықталды.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі
Практикалық сабақты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын - ала
дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының
білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды
орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша
түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық
материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті
шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп
түсіндіреді. Оқытушы оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді,
оған қалғандардыңкөңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім
алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады.
Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада
жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап
келесі сабақта қолдануға болады.
Семинарды өткізу әдістемесі
Семинарды өткізу бағдарламалық-техникалық кешені қолданылып келесі түрде
жеткізуге болады.Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу
немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және
қарастырылатын сұраұтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды.
Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта
белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға
қажет ақпараттық объектерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын
интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар
сұрақтарын ұжымдық топтың әңгімелесу, талқылау түрінде ұйымдастыруға
болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін оқушылар графикалық ақпаратты
қолданады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының
ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған
ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болыптабылады. Алдын
ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық
ақпарат объектер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін
қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы
оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

ACTIVwand Электронды указкасының ұзындығы 54 см Тақтаның жоғарғы
бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге болады. Жанында орналасқан
батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard –
интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан
шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға
қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы,
онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың
көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге
мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден
бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді
үлкейтіп көрсетеді.

ACTIVslate Радио портты панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады
ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай
алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-
ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация
мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз
(ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы.
ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық
функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт
беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушы-ларына
сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио
пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың
көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте
қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу
үшін қолданылады.
Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық
құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай
білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда
еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен
тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі
ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім
мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін
бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс –
тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.
Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі
дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту – тәрбиелеу
үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға
көмегі көп деп есептеледі. Ал, білім берудегі интерактивті технология
сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір –
бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті технологияларды оқып үйрену,
меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани
келбетінің қалыптасуына әсер етеді. өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді. Интерактивті құралдарды
пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді.
Кез – келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану
арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын,
оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды
қолданумен бірге сабақ құрылым да өзгереді. Дербес жағдайларда,
интерактивті құралдар индуктивті оқыту әдісінде қолданылуы мүмкін.
Интерактивті құралдарды қолданатын саьақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің
өзіне, яғни интерактивтә құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына
тәуелді. Интерактивті тақта пайдалану кез – келген сабақты серпімді етеді,
ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің
артуына ықпал етеді. Интерактивті тақтаны қолдану шартында білімді бақылау
келесі формаларда жүзеге асады.
- оn-line тест;
- Activote2 тестілеу жүйесі;
Интерактивті тақтаны пайдаланудың артықшылықтары оқушы мен мұғалім үшін
маңызды болып табылады. Осы айтылған жайттардың барлығын іс – жүзінде
көру үшін төқмендегі 9 сыныпқа өткізген сабағымды және 8 сыныптар
арасында ұйымдастырылған сыныптан тыс сайыс сабағымды ұсынып отырмын.
Тақырыбы: Алгоритмдеу және программалау

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды алгоритмдеу, программалау әрекетерімен
таныстыру.

б) Компьютерде программамен есептер шығару
жолдарын, қадамдарын үйрету.

в) Компьютерді өз қалауынша пайдалана білу

дағдыларын қалыптастыру. Пәнге
қызығушылықтары
арттыру.

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, оқулық

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес

Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі
көрнекілікті

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Алгоритм – атқарушы орындайтын амалдардың тиянақты жоспары.
Алгоритм қасиеттері
• дискреттілік: жекелеген қадамдардан(командалардан) тұрады
• айқындылық: атқарушыға түсінікті болатын командалардан тұруы
керек
• белгілілік: бастапқы деректері бірдей болған жағдайда нәтижесі
де бірдей болады
• нәтижелік: әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір
уақытта қорытынды нәтиже алуымыз керек
• жалпылық: алгоритм әр түрлі алғашқы мәліметтер үшін әр түрлі
нәтижелер беруі тиіс
• дұрыстылық: алғашқы мәліметтер әр түрлі болғандығына қарамастан
барлық жағдайда дұрыс нәтиже береді.

Программа дегеніміз -
• қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм
• компьютерге қажетті командалардың жиынтығы
Команда – компьютер орындауға міндетті әрекеттің өрнектелуі.
• алғашқы мәліметтерді қайдан алу керек?
• олармен қандай амалдар орындау керек?

• Машинаға бейімделген (төменгі деңгейлі) - әрбір команда процессордың
бір командасына сәйкес келеді (ассемблер)
• Жоғарғы деңгейлі тілдер – кәдімгі табиғи тілге(ағылшын тіліне)
ұқсайды, адамның түсінуіне оңай, бір ғана компьютерге тәуелді
болмайды.
• Жаңадан үйренушілерге: Бейсик, ЛОГО, Паскаль
• Кәсіби: Си, Фортран, Паскаль
• Жасанды интеллект тапсырмалары үшін: Пролог, ЛИСП
• Интернет үшін: JavaScript, Java, Perl, PHP, ASP

1970 – Никлаус Вирт (Швейцария)
• студенттерді оқытуға арналған тіл
• «жоғарыдан төменге қарай» программаларын жасау

program <программаның аты>;
const …;{тұрақтылар}
var …; {айнымалылар}

begin
… {негізгі программа}
end.

Атауларды сипаттағанда
• латын әріптерін (A-Z)
• сандарды
• астын сызу белгісін _
қолдануға болады
Атауларды сипаттағанда
• орыс, қазақ әріптерін
• бос орындарды
• жақшаларды, +, =, !, ? белгілерін және т.б.
қолдануға болмайды
Қай атаулар дұрыс жазылған?
AXby R&B 4Wheel Вася “PesBarbos” TU154 [QuQu] _ABBA
A+B
const
i2 = 45; { бүтін сан }
pi = 3.14; { нақты сан }
qq = 'Вася'; { символдар қатары }
L = True; { логикалық шама }

екі мән қабылдай алады:
• True (ақиқат, «иә»)
• False (жалған, «жоқ»)

Оператор – жоғары деңгейлі программалау тілінің командасы.

Меншіктеу операторы айнымалының мәнін өзгерту үшін қолданылады.
Мысалы:
program qq;
var a, b: integer;
begin
a := 5;
b := a + 2;
a := (a + 2)*(b – 3);
end.

Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру "4": Үш сан енгізіп,олардың
қосындысын және көбейтіндісін табу.

Мысал:
Үш сан енгіз:
4 5 7
4+5+7=16
4*5*7=140

"4": Үш сан енгізіп,олардың қосындысын және көбейтіндісін табу.
Мысал:
Үш сан енгіз:
4 5 7
4+5+7=16
4*5*7=140
"5": Үш сан енгізіп, олардың қосындысын, көбейтіндісін және арифметикалық
ортасын табу.
Мысал:
Үш сан енгіз:
4 5 7
4+5+7=16
4*5*7=140
(4+5+7)/3=5.33

Сабақты қорытындылау
Өткізілген тақырыпқа байланысты оқушылар интерактивті тақтаға тапсырма
жазады, келесі оқушы соны орындайды.

Бағалау

5

4

3

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

Барлығы 15 оқушы
«5» - 3 оқушы
«4» - 4 оқушы
«3» - 2 оқушы

Үйге тапсырма
№ 2.1

«Компьютерді озат меңгерген сынып»

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген
қызығушылығын арттыру;
Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу
шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика
тарихын білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер

Қатысушылар 8а,б сынып оқушылары.
Жүргізушілер: 10 сынып оқушылары
Әділқазылар мүшелері: 10 сынып оқушылары мен математика, информатика пән
мұғалімдерінен құралған 5 мүше.

Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8 сынып оқушылары
«Компьютерді озат меңгерген сынып» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай
болса ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныптан екі оқушыдан шығады.
8 а сыныбынан:
8 б сыныбынан:

Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу
1-тур. «Келесі» Информатика ғылымын екі тілде меңгердік!
2-тур. «Қай сөз артық?»
3-тур. Көрермендермен ойын
4-тур. «Полиглот»
5-тур. Сиқырлы суреттер
1-тур. «Келесі». Екі тілде сұрақ қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі»
деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі сыныптың сайыскерлері жауап
береді. Әр дұрыс жауапқа сыныпқа 5 ұпайдан қосылады.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Сколько байт в одном килобайте (1024)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4.Программа который находит и уничтажает вирусы (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Центральное устройство компьютера (системный блок)
7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Устройство для записи звука (микрофон)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Сколько бит в одном байте (8)
11. Екілік жүйесінің сандары (0,1)
12. Небольшая программа которая припысывает себя к другим программам
(вирус)
13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
14. Техническое устройство предназначенное для подключения к Интернету
(модем)
15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
16. Папка, в которую временно попадают удаленные объекты (корзина)
17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)
18. Первую вычислительную машину изобрел ()
19. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
2-тур. «Қай сөз артық?». Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген.
Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тапсырмаға 3 ұпай.
1. терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомксиди – компакт – диск,
сорецпро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын
құрылғыға жатпайды.)
2. рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика,
лиягоибо – биология («компьютер» артық. Л пәнге жатпайды.)
3. марамгроп – программа, кышма – мышка, дакротре – редактор,енюм – меню
(«мышка» артық. Ол құрылғы.)
4. вочдека – девочка, инрпрет - принтер, чижмуна – мужчина, чунеки – ученик
(«принтер» артық. Ол құрылғы.)

3-тур. «Көрермендермен ойын».
Сайыскерлер 2-турдың тапсырмасын орындау барысында, көрермендерге
компьютерлерге орнатылған кроссвордтар ұсынылады. Әр топқа 10 сұрақтан
тұратын бір кроссвордтан. Әр дұрыс шешілген сұраққа 5 ұпайдан.

4-тур. «Полиглот»
Жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Қойылған сұрақтың жауабын үш
тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде.
10 ұпайға:
5-тур. «Сиқырлы сурет». Әр суреттің астында тапсырма.
«Excel» программасының көмегімен есептеңіз.

Әділқазы мүшелері оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз сыныпты
аяқтап, ең көп ұпай жинаған сыныпқа, «Компьютерді озат меңгерген сынып»
атағын береді.

Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде
қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды жасауға болады: ақпараттық
технологиялар бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін
ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін
ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.

Бұл талаптардың осы көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың ақпараттық-
компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары
деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыдан байқайтынымыз «ақпараттық
мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту
арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа
түсініктер компьютер көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық-компьютерлік
модельдеу әдістерін қолдану мәселелері көрінеді. Сонымен, бұрыннан
қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютердің ақпараттық
технологиялардың жаңаша өзгеріс пен жаңа идеялар қосқаны баршаға мәлім.
Қоғамды,білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде
ақпараттық-компьютерлік технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны
тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және
кәсіби сауаттылық қажет. Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық
технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді.
Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал
және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы
кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері
байланысты қамтамасыз етеді.
Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық және интерактивті
технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:
- ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең
жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде
тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
- ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен толықтыруға
дағдылануы;
- игерген материалдарын шығарашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз
көзқарасын қорғай алуы;
- жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып,
белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Информатика негіздері № 2, 3, 4 2009 жыл ғылыми-әдістемелік журнал

2. Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін
Оқыту

3. Информатика. Дидактикалық материалдар парктикум

4. 8, 9 сынып оқулықтары

-----------------------
Есеп

3.3

3.2

3.1

2.3

2.2

2.1

1.3

1.2

1.1

Бағыныңқы есеп3

Бағыныңқы есеп2

Бағыныңқы есеп1

Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақтаны қолдану
Aқпaрaттық-коммуникaциялық технологияны әр түрлі пәндерде жaңaшыл тұрғыдa қолдaну
Әдістемелік құрал
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты
Жаңа ақпараттық технологияларда
Ақпараттық технологияны сабақта қолдану
Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану (баяндама)
Білімді бақылау
Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үрдісі
Пәндер