Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Математикалық дифференциацияны оқытуда модульдық технология мен рейтингтік бағалаудың элементтерін қолдану


Қарағанды облысы
Шет ауданы
Жарық орта мектебі
математика мұғалімі
Шабланбекова Ж
Математикалық дифференциацияны оқытуда модульдық технология мен
рейтингтік бағалаудың элементтерін қолдану.

Математиканы оқытуда дифференциацияның маңызы зор , одан пәннің ерекшілігі
байқалады.
Мектептегі пәндердің күрделсі-математика, соған байланысты оқушыларға
едәуір қиындықтар туғызады. Соған қарамастан бұл пәнге қызығушылар мен
қабілеті зор оқушылар саны өсуде. Бағдарламаны игеру арақашықтығы – екі
полюсті.
Пәнді оқытуда дифференциалдық тәсіл оқушылардың білім белсенділігіне
байланысты , оқу үрдісінің толық қамтылған жалпылама түріне де байланысты.
Сабақ беру деңгейін міндетті деңгеймен салыстыруға келмейді.
Сабақ беру деңгейі неғұрлым жоғары болуы керек, өйткені міндетті
дайындық негізгі мақсатына жетпейді, үнемі көлемді тапсырма орындап отырған
баланың ары қарай жылжуы қиындайды. Әр оқушы толыққанды оқу үрдісінен өтуі
керек. Сабақ материалын оқушы бүкіл дәлелдемелері мен, дәйектелеімен игере
отырып танысуы керек, кейбір кезеңдерінде неғұрлым күрделі есеп шығаруға да
қатысуы тиіс. Дифференциацияны іске асыру оқушыға берілген тапсырманың аз-
көптігіне байланысты емес, оқушыларға бірдей беріледі, бірақ соны игеруде
әр деңгейдегі талап қойылады.
Дифференциалдық оқытудың тиімділігін арттыру үшін модульдық
технологияның элементтерін пайдалану дұрыс деп есептеледі. Шын, мәнінде
модульдық оқыту тәсілінде оқушы белсенді әрі тиімді оқу-тану үрдісіне
араласады. Бұл жерде жеке тұлғалану, өзіне-өзі бақылау ,түзету, кеңес алу,
және өзбетімен болу деңгейі айқындалды. Ең маңыздысы оқушы өз күшін толық
пайдаланады, оқушының мотивциялауына себебін тигізеді. Оқушылардың өз
бетімен іс-әрекет етуіне әрі ұжымдасу қасиеттерін дамытады.
Оқыту үрдісінде мұғалімнің жағдайының қағидасы өзгереді. Ең
біріншіден мұғалім – ролі өзгереді.
Мұғалімнің негізгі міндеті- міндетті түрде оқушыны ынталандыру ,
кеңес бере отырып , модуль арқылы оқу-тану іс-әрекетіне басшылық ету.
Мұғалім оқушымен әңгімелесу керек, талдау белсенділігін арттыру керек,
ойлау қабілеті мен жетістікке жетуге ынталандыруы керек.
Модульдық оқыту тәсілінің ерекшелігі теория мен практикадағы
дамытушылықтың жиынтығы болып табылады.
Бағдарламаландырылған оқытудан – белгілі логикалық тұрғыда оқу
үрдісінде оқушының іс-қимылының белсенділігі, өз қимылын өзіне-өзі бақылау
арқылы, жекедаралық жылдамдық арқылы білімге ұмтылуы.
Ой қимылдарының кезеңдік қалыптасуы теориясынан алғанда негізгі
мақсаты- бағытталған іс-қимыл.
Модульдік оқытудың тәсілін байытқан кибернетикалық әдіс- оқушының іс-
қимылын басқаруда өте байыптылық пен оқушының өзін-өэі басқаруға өтуі
алынады.
Психологиялық + рефлективті түрде жақындау тәсілі.
Модульдік технологияның элементімен (рейтингтік) деңгейлік бағалауды
пайдалану дифференциацияны оқытуда мына тақырыпты мысалға келтіруге
болады.
«Рационалдық көрсеткіштер деңгейі» (дәрежесі) 10 сынып . Қайтарма.
Тақырыпты сегіз сабаққа бөлінбейтін , сегіз модульге бөлуге болады.
Модуль бірнеше сабақтан тұруы мүмкін.
Алғашқы алты модуль сызба бойынша құрылған.
Мәселе мәселені қояр алдында оқу шыларға кесте

қою қосалқ ы кесте
ұсынылады,
бұрынғы білімдері негізінде, бірақ бұл кесте алдағы алар білімдерімен
толықтырылады.
Жаңа Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын, білімі мен біліктілігін

тақырыпты тексеретін кіру бақылауы алынады.
оқу (Мысалы бірден тексерілетін диктант түрінде)
оқушының жұмысқа дайындық деңгейін білу үшін.
Керегінше деңгейіне сай өзгерістер енгізіледі. Жаңа тақырыпты игеруде
модульдың бүкіл жүйесі , әдісі мен түрі тиімді оқу-тану барысында оқушы іс-
қимылының жеке-даралық , екеулеп жұмыс істеуде , топпен жұмыста , лекциялық
жүйе , әңгімелесу т.б.
Өзідік жұмыста оқушы оқулықты , қосымша әдебиетті , кеңестерді , мұғалім
кеңесін пайдаланады.
Әр модульдың аяқ кезеңі –бақылауға шығу, ол күрделігіне байланысты үш
деңгейден тұрады. әр ұсынылған тапсырма белгілі ұпайлармен бағаланады.
Оқушылар деңгейді өздері таңдайды, сондықтанда төмен баға, аламын- деп
уайымдамайды, өйткені біліміне сай ұпай алады.Ақырғы модульдің алдындағы-
«Сабақ –кеңес» деп айтуға болады.
Сабақ-кеңес.
Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топқа 7 сұрақтан тұратын тапсырма беріледі.
Дайындық уақыты 7-8 минут.
Дайындықтан кейін әр топ сұрақтарына жауап бере бастайды, кодосккоп
түрінде, соңында сұрақтарын сарапшыларға береді ( жауаптарын әрқайсысы
жазып алу керек.)
Әр топ жауап берген сайын қалғандары өздерінің

толықтыруларын

қабылдамайтындықтарын

және

т.б. қосып отырады(айтып отырады)
Бұл модульде есеп шешімдерінде дәстүрден тыс тәсілдер пайдалануға болады.
Тапсырма әр топқа ұсынылады. Дайындық уақыты 10 минут . Ұпаймен бағаланады.
Әр топ өз шешімдерін не тақтаға , не кодоскопқа жазады. Талдау жүргізеді.
Модульді аяқтау «Тапсырмалар жәрмеңкесімен» аяқталады, әр оқушы жеке
тапсырма орындайды. Тапсырмаларды (әр-түрлі) күрделілігі жағынан әртүлі
деңгейде болу керек.
Ақырғы модуль – бақылау жұмысы.
Тапсырмалары міндетті әрі жоғары, күрделі. Бұл тапсырмаларды
орындағандары үшін ұпаймен бағаланады.
Тақырыпты игеру соңында оқушы кестеде көрсетілген үш түрлі баға алады.

Оқушы деңгейі.
|Аты-жөні |
|модульдер |
|Аралық бақылау ұпайлары |ұпайлардың жалпы саны |бағасы |
|мен шығудағы бақылау | | |
|ұпайлары | | |
|сабақ-кеңес |
|Сабақ үстіндегі тапсырма |ұпайлардың жалпы саны |бағасы |
|ұпайлары | | |
|бақылау жұмысы |
|Тапсырма ұпайлары |ұпайлардың жалпы саны |бағасы |
|сынақ |

Ақырғы графа алдыңғы алты модуль бойынша бағаларын көтермекші болғандарға
ұсынуға болады.
Рейтингтік жүйе баланы көп ұпай алуға ынталандырады, ізінше оқушы неғұрлым
көп ұпай алу үшін күрделі тапсырмаларды ала отырып, білімін тереңдетеді.
Оқу үрдісіне модульді енгізу сатылы жүйеде жүруі керек. Дәстүрлі әдіс пен
модульді ұштасыруға болады.
Мысалы 6 сыныпта «модульдің «Мәселені қою» тәсілін мысал ретінде ұсыну
тиімді.
Пәндік апталықты өткізуде 5-11 сынып оқушыларың бәрін қатыстырған дұрыс,
өйткені оқушылардың математикаға әр қырынан қарауы мұғалімге сенім
ұялатады.
Оқушыларға алдын-ала өзін бақылау үшін тапсырма беріледі.
Ең жоғары ұпай алған алты оқушы тақтаға шығады.. Олар келешек кеңес
берушілер. Жауаптарына мұғалім өзі баға қояды. Бірақ кейін келешек
кеңесшілерге жауап беретін қалған оқушылар оның жауабын қадағалап отырады
және бағалауға , талдауға құқығы бар.
Топпен жұмыста оқушылар сұрақ қоюшыдан сұрауға , мұғалімнен кеңес алуға
құқығы бар, бірақ әр қойған сұрағы үшін айып ретінде бір ұпайдан түсіп
отырады.
Осыдан кейін бақылау жұмысын жүргізуге болады.
Дифференциалды оқытуда топпен жұмыс көп нәтиже береді.
Сабағымда топтық әдіспен семинар-сабақтар өткіздім. Семинарға он күн
қалғанда оқушыларға теориялық сұрақ хабарландырылады,, осы сұрақтар бойынша
сүраймын, оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Үй тапсырмасын таңдағанда
неғұрлым шығармашылық түрдегісін таңдау керек, сонда оқушы не өзі
құрастырады. Не болмаса математикадан қосымша әдебиет пайдаланады. Кейде
бүкіл төрт топқа да бірдей тапсырма беруге болады.

Қарағанды облысы
Шет ауданы
Жарық орта мектебі
математика мұғалімі
Шабланбекова Ж

Сайыстың тақырыбы : « Мен шебермін»
Мақсаты: Оқушылар өз шеберліктерін көрсету.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа , шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
Түрі: Экономикалық сайыс.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында
тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат-ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген
халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі білім сайысына 5- 6 сынып оқушылары
қатысқалы түр.
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық,
Еркінді билеп барынша
Жарыста сірә қалыспа!

Жүргізуші: Қазір сіздерге экономикалық сөздерді толықтыру керек.
Айтылған сұраққа дұрыс жауап берген оқушы жұлдызды сағат төрінен орын
алады. Зейін қойып ,мұқият тыңдаңыздар.
1. Банк –салымдарды .............. және ............... беретін қаржы
мекемесі.(салымдарды, қарыз)
2. Баға - .......... бірлігіне төленетін немесе сол үшін алынатын
............ көлемі.(тауар, ақша)
3. Кеден- ел шекарасы арқылы әкелінетін .......... реттейтін
.............. қызмет.(тауарларды мемлекеттік)
4. Квота – елімізге әкелінетін және...... шығарылатын ..... санына
шек қою .(елімізден, тауар)
5. Банкноттар - .... ақшалардың қазіргі түрі.(қағаз)
6. Компания - ......... әр түрлерімен айналысатын үлкен ...........
.(бизнестің , фирма)
Ж: Сонымен алты сұрақтың жауабын тапқан оқушылар ойын үстеліне шақырылып,
1,2,3,4,5,6 нөмірлерін кеуделеріне қалайды.
Ж: Қымбатты « Жұлдызды сағат» ойыншылары мен көрермендер, ойынымыздың
1-ші айналымын бастаймыз. Тақтаға әр түрлі .........
жазылған , төменгі жағында 1, 2, 3, 4, 5, нөмірлермен белгіленген.
Сіздерге сұрақ қойылғанда , осы сұрақтың жауабы нешінші нөмірмен
белгіленген болса, сондай цифры бар тақтайшаны көтеріңіздер. Әр
ойыншының алдында 1,2,3,4,5,6,0 сандары көрсетілген , картонан жасалған
тақтайшалар жатыр.
Ал егер экранда дұрыс жауап болмаса «0» цифры бар тақтайшаны
көтерулеріңізді сұраймын.
1- айналымның тапсырмасы.
Әлемдік рынокқа қатысушы елдердің валюталары берілген.
1. юань 2.иена 3. теңге 4. доллар 5. марка.

Осы жауаптан Қытайдың валютасын көрсет.
Айтылған валютаны дұрыс тапқандар 1-айналымнан 1-ұпай жинап , 2-ші
айналымға жолдама алды. Ал сұраққа жауап бере алмағандар ойынан шығып
қалады.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрекке от, көздерінде жалын бар.
Тапқырлар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
2-айналымның тапсырмасы.
Тұтынушы әліппесі
Осы белгілердің ішінен осы тамақ өніміндегі әр түрлі қосымшалар рұқсат
етілген, адамға зиянсыз мөлшерді дегенді білдіретін нұсқауды көрсетіңдер.
[pic]1. 2. 3. 4.[pic] 5.

Жауабы(4)

3-ші айналым . Сұраққа жауап берген сайыскерлер келесі айналымға өтеді.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау .
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
3-айналымның тапсырмасы . Экономикалық мағыналы бар сөзді тап( әріптердің
орны ауысып тұр)
1. лаба 2. зжа 3. отыб 4. әсбеек 5. нанш (бәсеке)

Қандай сынақ болса- дағы беріспе
Әрқашан ұмтыла біл жеңіске

4- айналым . Экономикалық түсінігі бар дұрыс жауапты көртсет
1. тілші, фирма, репортер, пайда 2. тілші, ұқыпты, сала , дала
3. репортер, үнемдеу , күш, сала 4) сала, тапшылық, серкітестік , қала.
5) тауар, пайда, халық, сұхбат.
Жауабы (1)
5-айналым . Ең көп экономикалық сөзді жазу.

Міне бүгінгі сайысымыздың соңғы айналымы да аяқталды, сайысымыздың
жеңімпазына сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлерге рахметтімізді айта
отырып, біліміммен, ұтымды жауабымен ұтып шыққан жеңімпазымызды « Мен
шебермін» атты сертификатпен марапаттауға рұқсат етіңіздер.


Ұқсас жұмыстар
ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ
Синергетикалық заңдылық бойынша оқушы білімін бағалау
Математика пәні мұғалімі
Курстың міндеті
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы
Курстың мақсаты
Орта мектептегі арнайы және көмекші (түзету-коррекциялық) сыныптарда оқушыларды жаңа ақпараттық технологиялар пайдалану
Бастапқы кері байланыс
Математика пәнін оқыту технологиялары
Оқытудың нәтижесі
Пәндер