Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

БМК мұғалімдері

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі заман технологияларын
пайдалану жолдары ҚҚББ әдіскері Жакишева М.К.
Құрметті конференцияға қатысушы, әріптестер!

Үшінші мыңжылдықта мектепке жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын
қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана
емес, мемлекеттегі болып жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес, жаңаша
ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан мұғалім қажет. (1-слайд)

Инновация деген ұғым латын тілінде-жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті
білдіреді. Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде
жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырып жүрміз. [8]

2 - слайд

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік ,адамгершілік, рухани, азаматтық және де
басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [5]

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.

(3-слайд)

(4- слайд) Қарағанды қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері
бірлестігінде 129 мұғалім бар. Жоғары санат-32, бірінші санат-33, 2 санат-
32, санатсыз -32, жас маман-35 , ҚР Білім беру ісінің үздігі -4, ҚР Білім
және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы -3 мұғалім марапатталған.

(5- слайд) Барлық мектеп-80 Ондағы оқушы саны-52786 Қазақ мектебі-10
ондағы оқушы саны-6796 Аралас мектеп -51 Ондағы оқушы саны-10122

Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру, дүниежүзілік
білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты десек, сол мақсаттардың сабақ
барысында қалай іске асып жатқаны туралы айта кетейік.      Оқытудың
мәңгілік сауалы: “нені оқыту,қалай оқыту”күн өткен сайын күрделеніп
келеді.Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді,технология дамып,ақпаратты таңдай
білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты.Ендеше “Мұғалімге жаңа технологияны
ғылыми негізде меңгерту және терең білімді,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу”
мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы
тиіс.

-озық тәжірибелерді,түрлі педагогикалық әдістерді,жаңа педагогикалық
технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;

-өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету,

-оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап,қорытындылауына жол ашу;

       Білім берудің мақсаты,оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық
жағынан жабдықталуы,оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан
туындайды.

Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат  ––––  мазмұн –––
форма –––– әдіс –––  оқыту көрнкілігі болса,бүгінгі жаңа технология бойынша
оқып үйрену –––– меңгеру ––– өмірге ендіру ––– дамыту болып өзгеріп отыр.

  “Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік  білім беру стандарты жауап
берсе, “қалай оқыту керек?” сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік
даярлығынан,жаңа технологияны пайдалана білуінен,өзінің нақты мақсатын
дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.Әрбір мұғалім
тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалы мазмұнын
логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек. Оқытушы өзінің әр
сабағымен шәкірттерін қызықтыра біліп, шәкірттері сол сабақты асыға күтіп
отыратын дәрежеге жеткізуі қажет.Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны деп
санаймын. Өздеріңізге белгілі бүгінгі күні мектептеріміз соңғы үлгідегі
мультимедиа кабинеттерімен, интерактивті тақталармен жабдықталуда,
мұғалімдер компьютер, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуге
мүмкіндік алды. Бұл мұғалімнің ақпараттық құзырлылығын – яғни оқу, тұрмыс
және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдана білуге жол ашты. Осы орайда
Қарағанды қалалық білім бөлімінде ақпараттық-білім беру порталы құрылып,
табысты қызмет атқаруда. Осы қызметтің аясында on –Iine жүйесі бойынша
сабақ беру тәжірибеге енген.

6-7-слайд

Интерактивті сабақтар өткізу

|Қала деңгейінде |Облыс деңгейінде |
|4 |4 |

М.Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті
тақырыбында №39 гимназия мұғалімі Жакишева Ж.К.; «Ханның жаршысы, халқының
заршысы» (Бұқар жырау Қалқаманұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша №92
гимназия мұғалімі Аханова Б.Ж.; «Көркем шығармадағы портрет» тақырыбында
тіл ұстарту сабағы №39 гимназия мұғалімі Жакишева М.К.; №77 мектеп-
балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлешева
Райхан Қайыпқызы «Білімнің жаққан шырағын» Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы,
ағартушылық қызметі, шығармаларына талдау жасай жасаса; Мусина Анар
Ермекқызы – №41 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Абайдың заман және оның адамдары туралы ой-толғаныстары (ақынның
әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері)тақырыбында; №39 гимназияның қазақ тілі
пәні мұғалімі Сұраган Орден 8-сыныпта облыстық деңгейде Жүсіп Баласағұни
«Құтты білік дастанының тәрбиелік маңызы мен мәні» тақырыбында On-line
жүйесі бойынша сабақ берді.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін
ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің
дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр.
Білімді ақпарааттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу –
қоғамда ақпараттандырудың  негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа
ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ
ұрпақтың дайындығы жүзеге асады

8-слайд Ақпараттық технологияны қолданып интерактивті сабақ өткізу
мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны
қолдану мұғалім үшін тиімді.
1.          Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады
2.          Білім сапасын арттыра алады
3.          Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады
Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
ϖ             Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар
шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады Оқуға деген қызығушылығын
арттырады.   Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт
аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

ϖ             Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады
ϖ             Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі
ϖ             Уақытты үнемдейді
ϖ             Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді
ϖ             Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге
мүмкіншілік
тудырады
Бұл сабақтарға интернет жүйесі арқылы көріп отырған республиканың 100-
ден астам мектептері қатысты. Олар да берілген сұрақтар бойынша өз
ойларын жақсы жеткізе біліп, біздің сабақтарымыздың мазмұнын толықтыра
түсті.

№9- слайд Интерактивті сабақтың мазмұнына орай талдаудың жолдарын,
дәстүрлі әдістер мен оқытудың жаңа технологиялары («Ассоцациялық кесте»,

, «Қарама-қайшы сипаттар», «Пікірталас» т.т.), кейіпкерлер бейнесін
талдауға байланысты кестелер, сұрау-тапсырмалар жүйесі пайдаланылды. Мұндай
сызба-модельдер мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді.

№10 слайд Жалпы оқушыларға берілген танымдық, ізденімдік , тапқырлық
тапсырмалар оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді мақсат етеді. Тапсырманы
орындаудағы іздену, зерттеу, байқау, тану, орындаудың өзі –оқушыларды
ізденімпаз жеке тұлға ретінде дамытады. Оқушылардың логикалық ойлауын
қалыптастырады.

2009-2010 жыдары Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жоғары нәтижелерге қол
жеткізген үздік мұғалімдерге материалдық көтермелеу гранттарын тағайындау
конкурсының облыстық кезеңіне Қарағанды қаласы бойынша қатысқан
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жакишева Жанаргүл Кенжегалиевна және № 9 гимназия қазақ тілі пәні
мұғалімі Хасенова Гүлсім Төкенқызы ІІІ орын алып, 150 000 теңге көлемінде
ақшалай сыйлыққа ие болса, Былтырғы жылғы конкурстың лауреаты болып №77
БМК мұғалімі Айтжамал Оралханқызы болды.

Қазақ тілді мектептерде сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пән
мұғалімдерінің алғашқы электронды сабақтарының жинағы жарыққа шықты.
Жинаққа: №77 БМК мұғалімдері: Төлешева Р.Қ.,Есенжолова А.О.,

№39 гимназия мұғалімдері: Орден Сұраған, Жакишева М.К., Жакишева Ж.К.,
Оспанова Қ.Д.,

№12 орта мектеп мұғалімі Жакенова К. А.,

№41 орта мектеп мұғалімдері: Аханова Б.Ж., Ахметова Г.Е.,

№36 орта мектеп мұғалімі Жақыпбаева Б.Ж.,

№54 орта мектеп мұғалімі Садуова Дарияның өткізген сабақтары жинақталып,
электронды нұсқасы құрастырылды. Бұл сабақтардың барлығы да интерактивті
тақтаның мүмкіндігін пайдаланып инновациялық жүйеде ұйымдастырылып
өткізілген сабақтар. Әрбір өткізілген сабақтың оқушыға берері мол. Осындай
өткізілген сабақтардан кейін оқушы ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра
отырып, сөз өнерінің иірімдеріне бойлауға, жан-дүниесінің ұлттық рухта
зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына бой алдырады. Ал
мұғалімдер қауымы үшін әдістемелік көмек.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының
бейімділігіне,қабілетіне,шеберлігіне бағыт беріп,тұлға ретінде қалыптасуына
мүмкіндік туғызатын жаңа технолояияларды тиімді пайдалану –әр ұстаздың
міндеті. Қазіргі кезде ұстаздардың  қазақ тілін және әдебиетін оқытуда
қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, сатылай кешенді
талдау, дамыта оқыту технологиялары оқушыларды еркін ойлануға,пікір
таластыруға,пікір алмастыруға,өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуде,тез
ойлануға,жылдам нақты жауап беруге баулитындығы анықталып отыр. Қазіргі
кезеңде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа 
талаптарға лайықты білім беру  жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл бағыт оқу –
тәрбие үрдісінің  педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін  мәнді
өзгерістермен халықаралық білім беру деңгейіне  көтеруді көздейді. Мысалы,
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түпкірінен жиналған
білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы.«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
бағдарламасы: оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен ,
сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге
асатын тиімділігімен; мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу;
оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен; ғылыми-
теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен.Сын тұрғысынан ойлану
сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу
жүзеге асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі
міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-
қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушының білім
деңгейіне қарап сараланып, оқушылардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жеке тұлғаның
көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын атап өту керек. Бұл
бағдарламаның негізінде оқушылардың білімді өздігімен игеру идеясы жатыр.
Оқушы пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Осы орайда Сын тұрғысынан
ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасы шегінде Қарағанды қалалық
білім бөлімі және Сынаулық ойлауды дамыту облыстық қоғамдық бірлестігімен
бірлескен семинар-конкурс өткізілді. Конурсқа қатысқан
11-слайд
■ Көшен Жанат Ермекқызы№6о.м -1орын
■ Құйқалақова Балжан№77БМК-2 орын
■ Жұмабекова Тоғжан Ордабайқызы №57лицей-3орын алып, облыстық Сынаулық
ойлау бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
■ Құдашбаева Айнұр Зейноллақызы№12о.м.,
■ Құтжанова Жансара Төребековна №27о.м. ҚҚББ Алғыс хатымен
марапатталды.
Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім
берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы
бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру; мұғалімнің оқыту кезінде билік
жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін мұғалім емес, осы
білімді қызыға қабылдауға дайын оқушыны дамыту.
Дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету
тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-
тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп
отыруды көздейді.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға
өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа
қағидаларға негізделеді. Олар-ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл
технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі –оқушыларды жақсы жаман деп
бөлмей, барлық оқушылардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Үлгерімі төмен
оқушылардың да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі
ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады.
        Сабақтың сапалы болуы  оның ғылыми тұрғыдан,теориялық жағынан
жоғары дәрежеде дәлелденуі ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді
қолдана білуінде.

Қорыта келгенде, сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ұлт
тілегі,мемлекет ,халық мүддесін ойлайтын жеке тұлға қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.          Леспаева С Шығармашылық қабілетті дамыту - мұғалім
міндеті // Қазақстан мектебі 2008 №8 20 б
2.          Қасымова Ә Шығармашылықты жетілдіру – ұстаз парызы //
Қазақстан мектебі 2008 № 11 50 б
3.          Аюбаева Т Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде. //
Қазақстан мектебі 2008 № 9 65 б
4.          Р. С Омарова Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында
оқушылардың шығармашылық қызығушылық қалыптастырудың дидактикалық негіздері
// Педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін дайындаған
авторефераты Түркістан 2008
5. Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. -
Санкт-Петербург, 2002. 6..
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алма-Ата,
1985.

Ұқсас жұмыстар
Мектепті дамыту жоспары
Орыс мектебінде қазақ тілінен ұбт сынағына дайындау жолдары
"ж.қалдығараев атындағы орта мектеп" мм-нің 2014-2015 оқу жылына арнаған дамыту жоспары
Бірлестік жетекшісі кабинеті
Тіл ұлттың жаны лездеме
Мектеп тәлімгері
Мектепті дамыту жоспары жайлы ақпарат
Интерактивті тақтамен берілетін сабақтардың бағалау сынамалары
<<махаббат пен шығармашылық педагогикасы>> онкүндік жоспары
Жылдық жоспар
Пәндер