Сүйекшілік өнері: тарихы, әдістері және қолдану мүмкіндіктері

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы

Б і л і м ж ә н е ғ ы л ы м м и н и с т р л і г і

Кіші Ғылым Академиясы

№16 орта мектеп-гимназиясы

2010-2011 оқу жылы

Ғ ы л ы м и - з е р т т е у ж ұ м ы с ы

З е р т е у ш і : Ж а б а е в а А л т ы н а й

Ғ ы л ы м и ж е т е к ш і с і : У м а р х а н о в а А. Т .

3 «А»с ы н ы б ы

Тақырыбы - Көне қолөнерінің түрі - сүйекшілік

Мақсаты - Сүйектің өзінен бұйым жасап шығару және оны дәріптеу.

Өзектілігі - Малдың ет-терісі мен бірге сүйектерін де пайдаға жарату қажет.

Жаңалықтығы - Сүйекшілік өзі көне болса да, бүгінгі күні жаңалықтардың бірі болып саналады

Маған бір күні ас үстінде бір ой келді. Мен жілікті тігінен қойып едім, ол бәйтеректің діңіне ұқсады. Қабырғалармен «діңді» жан-жағынан қоршап едім, тұра «бәйтеректің» өзі болды. Одан соң 1-ші сыныптан бастап мен сүйектерді жинай бастадым.

Кейін сүйектерден неше түрлі нысандарды жасадым. Осы жұмысым сол сүйектен жасалған қолөнерге арналады. Себебі, малдың ет-терісі мен бірге сүйектерін де пайдаға жарату қажет. Бұл істі жүзеге асыру - өзекті мәселелердің бірі.

Мен Айбек ағайдың қолөнер көрмесін тамашаладым. Ол кісі гипстен, ағаштан сүйектің (асықтың) түрін келтіріп, пирамида, домбыра, шахмат сияқты бұйымдарды жасаған екен.

Мен шұғылданып жүрген өнерімнің мақсаты - сүйектің өзінен бұйым жасап шығару және оны дәріптеу. Өз ортамда бұл өнер түріне көңіл бөлушілерді кездестіргенжоқпын. Сондықтан, сүйекшілік өзі көне болса да, бүгінгі күні жаңалықтардың бірі болып саналады.

«Қонақ күтсең, табақ тарта біл», деген халықта өсиетті сөз бар. Мейманға арнап, елімізде, жолына қарай табақ жасайды - «мүшелі табақ» тартады. Мысалы, жамбас, оған қосымша бас пен қабырға, тағы басқа сол сияқты табақтар. Мал союдың да өзіндік жөн-жобасы бар екені өздеріңізге белгілі.

Ал сүйектен жасалған қолөнер бұйымдарына келсек, ол өте көне өнердің түрі екені анықталды. Оның алуан түрлі тәсілдері де бар. Олардың кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Мысалы, бүгінде сүйектен жасалған сәндік бұйымдарды, ыдыс-аяқтарды, тарақтарды кездестіруге болады.

Шеберлер үй жиһаздарынан: төсектің жақтауларын, сандықтың бетін сүйекпен, мүйізбен әшекейлеп, бөлменің немесе күйменің ішкі көрінісін безендірген. Архардың немесе бұғының мүйіздері қабырғаға орнатылған бас киім ілгіші ретінде де кездеседі. Ол кіре беріс бөлменің әрі сәнін келтіреді, әрі өзі пайдаға да жарап тұрады.

Сәндік бұйымдармен қатар, көне заманда сүйектен үй шаруасына қажетті құралдар да жасалған. Мысалы, кесте бізі, алаша тоқығанда қолданатын қылыш. Сырмақ тіккенде ою ілмегі, баспа кестесін тігуге арналған кергіш, жіп иіргенде - ұршықтың басы - өте қолайлы құралдар. Сүйекті қайыс илеуге де қолданған.

Өз өнерімде мен жілік, қабырға және жауырынды қолдандым. Жілікті қабырғалармен қоршаған соң, оның үстін гипспен толтырып, Астанадағы Бәйтерекке ұқсаттым. Солай «Бәйтерек» туды. Бәйтерек - ең биік ағаш. Халықта «Бәйтеректей» бол дейді, ол биік боп өсіп, еліңнің тірегі бол дегені. «Тура ағаш - үйге тіреу, тура жігіт - елге тіреу» - дегендей, тәуелсіз Қазақстанымызда ел тірегінің символы - біздің «Бәйтерегіміз» - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Одан кейінгі жұмысым - Пирамида - үш бұрышы сүйірлене келген үш қабырғалы ғимарат. Оның да өз мағынасы бар. Адамның ғұмыр жасын пирамидаға ұқсатады. Өмірде адам баласы өзін-өзі тереңірек білсе, биік (даналық) ойларға мән береді. Мен пирамиданы жасағанда жауырынды қолдандым. Жауырын сүйегін біріктіріп, үстіңгі жағын гипспен үшкірлеп жасадым.

Жетісудағы қолөнердің тарихына тоқталсақ, көне қазбалардың ішінде неше түрлі бұйымдар кездеседі. Темірдің сынықтары, сүйектің жұрнақтары табылады. Бұл - ертеде ағаш жону, сүйекшілік, ұсталықтың болғанын дәлелдейді.

Ал шеберліктің шыңы, ұсталық пен сүйекшіліктің ең жоғары түрі - ол зергерлік өнері. Ерте кезден-ақ зергерлік бұйымдар жасайтын әр аймақтың өз шеберлері болған.

Ерлерге күміс белдік, ертоқым, ал қыздарға алқа, сырға, сүйектен жасалған қапсырма, әдемі түймелер , моншақтар болған. Зергерліктің дамығандығын сәндік бұйымдардан байқаған.

Салт-дәстүр бойынша қыз ұзату кезінде бұған көп мән берілген. Ұсталар қыздың үйін сүйекпен, ағашпен әшекейлеп, қыздың жасауына сүйектөсек, сүйександық оюлап әзірлеген.

Бесікке салу кезінде сәбидің бесігін жасаған ағашқа сүйекпен ою салып, оған сүйектен шөлмек орнатқан. Баланың ойыншықтары сүйекпен, ағашпен, былғарымен оюланған.

Келін түсіру тойында Алтыбақан керіліп, ойын-сауық құрған жастар Ақсүйек ойынымен тарқасқан.

Ел ішіндегі шебер зергерлер, ұсталардың есімдері тарихта қалды. Мысалы, ұста Әбдіқазыр-атаның есімі әлі күнге дейін ел есінде. Жас шебер, бала кезінен-ақ қолынан келген өнерімен ерекшеленген.

Қиын-қыстау кезінде үйге қажетті заттарды сүйектен, ағаштан, теріден жасап, елге қызмет көрсеткен. Жасалған бұйымдарды айырбастау, саудалау арқылы отбасын асырап жеткізген. Кейін інісі Қалиасқарды асыл тастар мен сүйектен қоржын әшекейлеп, үйлендіреді.


Ұқсас жұмыстар
Mathcad бағдарламасының мүмкіндіктері және мектепте қолдану перспективалары
6-сынып. Бейнелеу өнері: Керамика - тарихы, материалдары және ыдыс жасаудың әдістері
Электрондық оқулықтарды әзірлеу және оқу үрдісінде қолдану мүмкіндіктері
Microsoft Excel бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері және диаграммаларды құру әдістері
Сәулет өнері: түрлері, тарихы және қоғамдағы рөлі
Microsoft PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері мен презентация жасау әдістері
Prezi.com бағдарламасының артықшылықтары мен қолдану мүмкіндіктері: мұғалімдерге арналған мастер-сынып
Құрақ құрау өнері: тарихы, түрлері және қолданылуы (мектеп сабақ жоспары)
Логикалық есептерді шығару және қолдану әдістері
Бейнелеу өнері мен технология сабақтарында инновациялық технологиялар мен халықтық педагогиканы тиімді қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz