Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалім бағасы

ШҚО, Өскемен қаласының, «№29орта мектеп» ММ
ІІ санатты қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің
мұғалімі Зейнолдина
Гүлмира Нұршайыққызы.

Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді

тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап көрсеткен.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер
жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық
әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан
педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн
тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің
өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім
ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз
ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық
деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан
кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара
алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын,
кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ
жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында
адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу
және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай
болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік,
мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру
мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай
шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек
Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына
көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның
алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты
дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің
бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе
білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы
тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани
адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік
жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді
қалыптастыру болып табылады.
К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана
қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы
керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де
жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет. Мысалы: 1-желтоқсан
«Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес» күніне орай «Қозы Көрпеш- Баян-сұлу» жыры
бойынша «Мәңгілік махаббаттың қос шынары» деген тақырыпта қорытынды сабақ;
Өзге ұлт өкілдеріне өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді таныстыруды басты
мақсат етіп алып Бауыржан Момышұлының «Біздің жанұя» тақырыбын «Наурыз»
мерекесімен ұштастыра өткізген абзал.Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін
бекіту сабағында «Біз қонақжай халықпыз» деп алып, дәстүрлі емес сабақ
өткізген жөн.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды
қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы
тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу
еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім
сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы
сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз
ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру
ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың
бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу
қабілеттерін арттыру жатады.
Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма
«тірек сызбалар» жасаудан бастадым. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, шығарма
кейіпкерлерін салыстыруда жиі пайдаланамын. Мысалы: Ы. Алтынсариннің «Бай
баласы мен жарлы баласы» тақырыбын өткенде Асан мен Үсенді салыстыру үшін
Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель
сызуға да дағдыланады.
Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель
түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі
формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз
алдарына елестеуі мүмкін.

Сонымен қатар, сабақты қорытындылау сәтінде, оқушыларға ой толғау жазу
немесе, шағын шығарма, әңгіме жазу сияқты жазба жұмыстарын беремін. Төменгі
сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру мақсатында сөздік ойындарын
жүргізген абзал.

Ең алдымен бұрын қатынас жасамаған, сабақ бермеген сыныптарда сабақ
бермес бұрын, мектеп психологымен, дәрігермен, сынып жетекшісімен бірлесіп,
оқушылардың білім деңгейлерін, белсенділіктерін, пәнге деген
қызығушылықтарын байқау мақсатында сауалнама, сұхбат өткізу керек. Содан
кейін сыныппен жұмыс істеу біршама жеңілдей түседі. Мысалға алғанда:
|№ |Оқушының |Әлеуметтік|Денсаулығы|Сыныпта |Мұғалімге|Пәнге |Психолгия|
| |аты-жөні |жағдайы | |алатын |деген |деген |лық |
| | | | |орны |көзқарасы|қызығу- |климат |
| | | | | | |шылығы |(психолог|
| | | | | | | |тың |
| | | | | | | |сыныпқа |
| | | | | | | |берген |
| | | | | | | |мінездеме|
| | | | | | | |сі) |
| | | | | | | | |

Сабақтың негізгі кезеңі ұйымдастыру болғандықтан, оқушыға жақсы көңіл-
күй тудыру үшін, сабақты музыка тыңдаудан бастаған абзал.
Оқушы өзін мұғалім орнында сезінуі үшін, топ басшылары сайланып,
бағалау солардың еншісіне тиеді.
Сабақта даралап, саралап, топтық,, жұптық, индивидуальдық оқу түрлері
мен формаларын қолданамын. Жұптық жұмыс – бір-бірінің білімін бағалап,
білімін тексеріп, білмегендерін сұрауда тиімді болса, топтық жұмыс –
үлгерімі төмен оқушы мен үлгерімі жақсы оқушы қатар отырып, өз тобы үшін
жұмыс істеп, топ басшыларының басшылығымен берілген тапсырмаларды өз шама
шарқынша орындауда, қарым-қатынас жасауда, ынтымақтастыққа тиімді.. Сыныпта
білім деңгейлері әр сатыдағы балалар болғандықтан, индивидуалдық,
дифференциалдық жұмыс жүргізу қажет, ол жұмыс деңгейлік тапсырмалар,
карточкалар арқылы жүзеге асады.
Әр адамның бойында ана сүтімен, немесе туа біткен талант болуы
мүмкін, оны мұғалім оқушы бойынан аңғаруы шарт. Ол үшін сабақтарда рөлдік
ойындар, пікірталас, дебат, дискуссияны пайдаланған жөн. Бұл әдіс-тәсілдер
оқушылардың еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге, өз ойларын дәлелдеуге, өз
пікірлері мен құқықтарын қорғауға, сөздік қорларын толықтыруға тиімді.
Қазіргі заман талабының тағы бір қыры, сабақтарда аймақтық
компонентті қолдану. Олай болса, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын
бағдарламаға сай өте отырып, оны өзіміздің жерлес ақын-жазушылар
шығармаларымен салыстырып үндестігін табу.Мысалы: Қасым Аманжоловтың «Туған
жер» өлеңін өзіміздің жерлес ақынымыз Назырбаевтың «Туған жер» өлеңімен
салыстыра отырып, Венн диаграммасы негізінде жүзеге асырған жөн.
Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым,
нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы
білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз
үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері
мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін-
деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып,
шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік.

ШҚО, Өскемен қаласының, «№29орта мектеп» ММ
ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Зейнолдина
Гүлмира Нұршайыққызы.
Бұл сабақ жоспары мекемелерде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға
арналып жасалған.
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Көктем мерекелері.
Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға көктемде болатын табиғат құбылыстары,
адамдардың тіршілік әрекеті, көктемдегі мерекелердің тойлану ерекшелігі,
пайда болу негізі туралы мағлұмат беру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу.
ә) Түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ. 1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Ұйымдастыру сұрақтары(ауызша).
-Бүгін қай күн?
-Бүгін-сәрсенбі. Бұл сұрақтарды қоюдағы
мақсатым:
-Кеше қай күн болды? Күнделікті ауызекі сөйлеуде
-Кеше сейсенбі болды. пайдаланылатын сөздер мен сөз

-Ертең қай күн? тіркестерін есте сақтау
қабілеттерін
-Ертең-бейсенбі. жетілдіру.
-Сәрсенбі аптаның нешінші күні?
- Сәрсенбі аптаның үшінші күні.
- Көңіл- күйлеріңіз қандай?
- Көңіл-күйіміз жақсы.
- Қазір қай мезгіл?
- Қазір көктем мезгілі.
-Көктемде кімнің туған күні бар?
-Көктемде:....

3. Сабақтың тақырыбын жұмыс дәптерлеріне жазу.
-Бүгінгі жаңа тақырыбымыз- Көктем. Көктем мерекелері.
-4 жыл мезгілін атайықшы!
Көрнекілік ретінде 2003ж., «Арман» баспасынан шыққан «Қазақ тілі өрнектер
және кестелер» (үлестірме материалы)

-Қазір қай жыл мезгілі?
-Көктем айларын атаңызшы.
-Көктемде қандай мерекелер бар?
-Сіздер қандай мерекені жақсы көресіздер?
4. Жаңа сөздерді жазғызып, дұрыс оқытып, сөз тіркестерін құрау.
Мезгіл-время; мереке, мейрам-праздник; жылы-теплый; еру-таять; өсу- расти;
егін-пасевы;

5.Тыңдаушыларды 3 топқа бөліп, төмендегі мәтіндер бойынша жұмыс істеу.
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды; сөздерді; сөз тіркестерін
қойыңыздар.
1-топ:Аналар мейрамы.
8-наурыз... 1910 жылы Данияда өткен конференциядан бастап
тойланды.Қазақстанда 8- наурыз мерекесі Кеңес өкіметі орнағаннан бастап ...
. 8- наурыз ... мерекесі. Мерекеде адамдар аналарды, қыздарды, әжелерді
... .
СӨЗДІК: тойлау- пировать; орнау-укрепиться, обосноваться;

2-топ: Наурыз мейрамы.
Наурыз-жыл басы. Наурыз айының 22-де күн мен түн ... .Наурыз- «жаңа
күн», «жаңа жыл» дегенді ... .Наурызда ұлттық тағам... әзірленеді.Көп
ұлттық ... ойналады. Адамдар ұлттық ... киіп, бір-біріне ... айтқан.
СӨЗДІК: теңелу-равняться; ұлттық-национальный; әзірлеу-готовить;
3-топ: Жеңіс күні.
1945 жылдың 9- мамыр күні ... ... деп аталады. Бұл күні 2-
дүниежұзілік соғыс бітті. Бұл күні ержүрек батырларды ... .Орталық алаңда
... болады. Батырлардың есімі ешқашан ... .
СӨЗДІК: дүниежүзі-весь мир, всемирный; соғыс-война; ержүрек-храбрый; батыр-
герой; алаң-площадь; ұмытылмас-незабываемый;
6. Сөзжұмбақ шешу.
1. Мереке сөзінің синонимі.
2. Ұлттық тағам аты.
3.Берлинге ту тіккен қазақ .
4.8-наурызда кімді құттықтаймыз?
5.Қазақтың ұлттық бас киімі.
6. Ұлттар бірлігі күні қай мезгілде болады?

| |М |Е |Й |Р |А |М |
| | | |Б |Е |
| |С |Ә |У |К |Е |Л |Е |
|К |Ө |К |Т |Е |М |

7. 1- топ:Төмендегі жұмбақты жаттау.
Түрі көркем тұр кілем,
Түгі жоқта кір кілем.
Жайы-жайлы жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем.
( Көктемдегі жер).
2-топ: Төмендегі мақалды жаттау.
Еңбек түбі -береке,
Көптің түбі –мереке.
2-топ: Төмендегі үзіндіні жаттау.
Күн күркіреп, шөп шығар,
Қызғалдағы көк шығар.
Көптен күткен көктемнің,
Берері бізге мол шығар.
ІІІ. Қорытынды:1. Сабақты қорытындылау үшін, бекіту сұрақтарын беру.
-Жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем айларын атаңызшы.
- Көктемде қандай мерекелер бар?
2. Үй тапсырмасын беру: 1) Жыл мезгілдері мен ай аттарын жаттау.

ШҚО, Өскемен қаласының, «№29орта мектеп» ММ
ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Зейнолдина
Гүлмира Нұршайыққызы.
Бұл сабақ жоспары мекемелерде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға
арналып жасалған.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің көпше түрі.
Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға қазақ тілінде көптік жалғауының қолданыс
аясын таныстыра отырып, оны практика жүзінде қолдана алуларына мүмкіндіктер
туғыза отырып, тілге деген қызығушылықтарын арттырып, өз беттерімен жұмыс
істеп, сұрақтарға жауап беріп, диалог, монолог құру дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу.
ә) Түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ. 1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Ұйымдастыру сұрақтары(ауызша).
-Бүгін қай күн?
-Бүгін-сәрсенбі. Бұл сұрақтарды қоюдағы
мақсатым:
-Кеше қай күн болды? Күнделікті ауызекі сөйлеуде
-Кеше сейсенбі болды. пайдаланылатын сөздер мен сөз

-Ертең қай күн? тіркестерін есте сақтау
қабілеттерін
-Ертең-бейсенбі. жетілдіру.
-Сәрсенбі аптаның нешінші күні?
- Сәрсенбі аптаның үшінші күні.
-Қазір қай ай?
-Қазір наурыз айы.
-Бүгін наурыздың нешесі?
-Бүгін наурыздың жиырма сегізі.
-Наурызда қандай мейрамдар бар?
-Наурызда: 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні,
22-наурыз- Наурыз мейрамы бар.
3. Сабақтың тақырыбын жұмыс дәптерлеріне жазу. Сызба арқылы қосымшаның
жіктелуімен таныстыру.

4.Төмендегі кестені тарату.Тыңдаушылар өз беттерімен қарап шығып, өз
сұрақтары болса қояды.

Көптік жалғау
(окончания множественного числа)

| | | |
|Конечный звук слова |Окончания |Примеры |
| | | |
|После конечных гласных и |-лар |оқушы-лар (ученики) |
|сонорных р,у,й |-лер |қызметкер-лер (служащие) |
| | | |
|После конечных сонорных |-дар |қайың-дар (березы) |
|л,м,н,ң |-дер |өзен-дер (реки) |
|и звонких з,ж | |қаз-дар (гуси) |
| | | |
|После конечных глухих |-тар |ағаш-тар (деревья) |
|согласных |-тер |мектеп-тер (школы) |

|Соңғы дыбыс- Конечный звук |Жалғау-окончание. |Мысалы-примеры. |
|Дауысты-гласные. |Жуан-твердые: |-лар |Бала-лар |
| |А,о,ұ,ы,(э,и,у) | | |
| |Жіңішке- мягкие: |-лер |Үй-лер |
| |ә,ө,ү,і,(е,и,у) | | |
|Дауыссыз-согласные|Үнді-сонорные: |-лар, |Сарай-лар, |
|. |Р,й,у. |-лер. |Ару-лар. |
| |Үнді-сонорные: |-дар, |Гүл-дер, |
| |Л. |-дер. | |
| |Үнді-сонорные: |-дар, |Қалам-дар |
| |М,н,ң. |-дер. | |
| |Ұяң-звонкие: |-дар, |Ұстаз-дар |
| |З,ж. |-дер. | |
| |Қатаң-глухие: |-тар, |Тас-тар, |
| |П,ф,к,қ,т,ш,с,х,һ,ч|-тер. |Бап-тар. |
| |,щ. | | |
| |Ұяң-звонкие: |-тар, |Педагог-тер. |
| |Б,в,г,д. |-тер. | |

5.-Сонымен, қазақ тілінде қандай көптік жалғаулары бар екен? Итак, кто
скажет,в казахском языке множественное число образуется при помощи каких
окончаний?
--лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.
6. Қазақ тілінде көптік жалғауы үш түрлі жолмен жасалады.
7.3 тәсілге жеке-жеке тоқталу.
1) Морфологиялық тәсіл-морфологический способ.
(жоғарыдағы екі кесте негізінде).
2) Лексикалық тәсіл-лексический способ.
Существительные, корень или основа которых самостоятельно могут озночать
множественный смысл без прибавления множественных окончаний.
А) различные однородные предметыкоторые не подлежат счету, воспринимаются
во мн. числе: су(вода), тұз(соль), ұн (мука),шөп (трава).
Ә)Названия племен, народов, родов,национальностей: қыпшақ, керей,
қазақ,орыс.
Б) Названия насекомых,зверей, животных: көбелек(бабочка),
жылқы(лощадь),сиыр(корова).
В)Названия растений,овощей и фруктов: шөп,қияр,алма, сәбіз,жусан.
3) Синтаксистік тәсіл. Синтаксический способ.
А)Если существительное сочетается с предшествующим ему количественным
числительным, то оно не принимает окончаний множественности: бес бала, он
тыңдаушы, төрт кітап.
Б) Если существительное сочетается со словами көп (много), аз
(мало),әлденеше,бірнеше, бірталай (несколько), то оно не принимает
окончаний множественности: көп дәптер, бірнеше адам.
9. Жаттығу жұмысын орындау арқылы, «Зат есімнің көптік жалғауы» тақырыбын
бекіту.
Жоғарыдағы ережелерге сүйене отырып,төмендегі сөздерге көптік жалғауын
жалғаңыздар.
Аң, адам, тіс, екі құрдас, бес құрбы,тас, қалам, орындық, үй, кітап,
көп адам.
ІІІ. Қорытынды:1. Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.
1) Сызбаға сүйене отырып, қосымшаның түрлерін атаңыз.(Опираясь на схему
назовите виды «Қосымша».
2) Қазақ тілінде көптік жалғау неше түрлі тәсілмен (способами) жасалады?
2. Сөздік диктант жазу. (Мен- жекеше түрде оқимын, тыңдаушылар көпше түрде
жазады).
Қалам, бала, үй, дәрігер, құс, қыз, көше, хабар, қала, ұл, қоқыс.
3. Үй тапсырмасын беру: 1) ереже жаттау.

ШҚО, Өскемен қаласының, «№29орта мектеп» ММ
ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Зейнолдина
Гүлмира Нұршайыққызы.
Бұл сабақ жоспары орыс мектептерінің 4- сыныбына арналып жасалған.

Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Біздің отбасымыз. Дауыссыз дыбыстар.

Тұйық және бітеу буындар.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды жаңа модульмен таныстырып, «Отбасы»
тақырыбына төменгі сыныптарда алған білімдерін толықтыру. Дауыссыз дыбыс
түрлері мен тұйық, бітеу буындарымен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өзінің отбасын, ата- анасын, туыстарын сыйлауға, үлкенді
құрметтеп, кішіге өнеге болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерімен жұмыс істеп, сауатты жазып, дұрыс
сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білім беру сабағы.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Қолданылатын көрнекіліктер:интерактивті тақта, слайдтар, кроссворд,
сөзжұмбақ, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет пәндері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.2. Әнұран орындау.
ІІ. Жаңа сабақ:1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Сегодня мы начинаем изучать ІІІ модуль «Отбасы және ондағы еңбек».
« Семья и труд в семье».
- Первый урок в этой модули называется 1-слайд:«Отбасы. Біздің отбасымыз».
Дауыссыз дыбыстар. Тұйық және бітеу буындар». «Семья. Наша семья. Согласные
звуки. Полузакрытый и закрытые слоги».

2. Сегодня м ы будем работать по группам: 1- топ: «Мұрагер» («Наследник»),
2-топ: «Аманат» («Завещание»).Топ басшылары: Қымбат пен Карина. Они сегодня
будут оценивать ваши знания. Для этого я им приготовила лист самооценки.
|Топ мүшелері |Үй тапсырмасы |Сыныптағы |Мұғалім бағасы|Қорытынды баға|
| | |белсенділіктер| | |
| | |і | | |
|«Мұрагер» тобы |
| | | | | |

|Топ мүшелері |Үй тапсырмасы |Сыныптағы |Мұғалім бағасы|Қорытынды баға|
| | |белсенділіктер| | |
| | |і | | |
|«Аманат» тобы |
| | | | | |

3. Давайте опираясь на схему вспомним,2-слайд:Звуки бывают: Дауысты және
дауыссыз дыбыстар.Слоги бывают: Ашық, тұйық, бітеу.
В казахском языке дауыссыз дыбыстар:26, они делятся на три группы: ұяң
(звонкие-7), үнді (сонорные-7), қатаң (глухие-12). У бывает и согласным и
гласным. (1. Өзім түсіндіремін.2. Оқушылар хормен оқиды).

4. Сөздік жұмысы: 3-слайд: Опираясь на эту схему мы с вами познакомимся
новыми словами. 1. Өзім оқимын.2. Оқушылар тізбектеп оқиды.

5. Дети я у вас собирала фотографий ваших родных. Давайте теперь попробуем
рассказать о них. 4-слайд: На этом слайде чьи фотографии вы видите?1-оқушы:
Бұл суреттегі менің атам. Менің атамның аты... . Мен атамды жақсы көремін.
Ата, үйге ерте қайт,
Бізге қызық ертегі айт.
Шаршап қайтсаң жұмыстан,
Бүгін емес, ертең айт.
2-оқушы: Бұл суреттегі менің апам. Менің апамның аты... . Менің апам
–зейнеткер.
Күн сәулесі әлемнің
Күнде мені құшады.
Одан да артық әжемнің
Оттай ыстық құшағы.
3-оқушы: Бұл суреттегі менің екі атам. Мен аталарымды жақсы көремін.
5-слайд: 1-оқушы: Бұл суретте менің отбасым суреттелген. Менің әкемнің аты-
... . Менің шешемнің аты - ... . Мен анамды жақсы көремін. Оған арнап өлең
оқып берейін. Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ анамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
2-оқушы: Бұл менің әкемнің суреті. Мен әкемді жақсы көремін Ол - ... .

Жан әке шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

6.6-слайд: Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн атын жазыңдар.

7.7-слайд: 34- бет. Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқып, аударыңдар.. «Мұрагер»
тобы 1-сөйлемге, «Аманат» тобы соңғы сөйлемге талдау жасау. Дауыссыз
дыбыстарға (ұяң, үнді, қатаң), буын түрлеріне талдау.
Біздің отбасымыз үлкен.
Біз- бітеу буын
дің- бітеу буын
от-тұйық буын
ба-ашық буын
сы- ашық буын
мыз- бітеу буын
үл-тұйық буын
кен- бітеу буын.
Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,з,д,
Үнді дауыссыз дыбыстар:ң,м,л,н
Қатаң дауыссыз дыбыстар:т,с,к
Біздің отбасымыз тату.
Біз- бітеу буын
дің- бітеу буын
от-тұйық буын
ба- ашық буын
сы- ашық буын
мыз- бітеу буын
та- ашық буын
ту- ашық буын.
Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,з,д,
Үнді дауыссыз дыбыстар: ң,м,
Қатаң дауыссыз дыбыстар: т,с.
Әр топтан 1 оқушы шығып, тақтада талдау.

7.Сергіту сәті.
1.Бір, екі, үш, Қолға жинап күш, Бұрыламыз оңға, бұрыламыз солға.
2. Екі қолды ескек қып, Қайық болып жүземін.
Екі қолды қапсырып, Балық болып жүземін.
Көтеріп ап желкенді, Толқыннан да өтемін,
Шымыр болып шынықсам, Мақсатқа да жетемін.
Жақсы оқып сабақты, Төрт, бес алып кетемін.
8. Балалар мен сендерге үй тапсырмасына өз отбасыларыңды жеміс ағашы
түрінде бейнелеуге және сөзжұмбақ құруды тапсырғанмын.
1-оқушы: Біздің шаңырақ.
Атамнан басталар, Әжемнен қосталар.
Отбасым мыналар:Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Әкеге мен бала, Атаға –немере.

2-оқушы: Бұл менің отбасым. Бұл сызбада маған өмір сыйлаған адамдар
бейнеленген. Олар:...

3-оқушы:

9. Дәптерлеріңе мына сызба бойынша «Отбасы» тақырыбына байланысты сөздер
құраңдар. Қай топ көп сөз құрады?
Ата,әже,шеше,әке,отбасы, аға,ана,іні. Тақтаға 2 топтан кезек-кезек шығып
жазу.

ІІІ. Қорытынды:1. -Балалар Біз бүгін қандай тақырып өттік?
- «Отбасы» тақырыбын.
- Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?
- Ұяң, үнді, қатаң.
-Тұйық буын қалай жасалады?
-АВ ( дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады).
-Бітеу буын қалай жасалады?
-ВАВ (дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады).
2. Бағалау. Бағалау парақтарын жинап алу.
3. Ү/Т беру.33- бет 2-тапсырма.
Сөздік жаттау.
4. Сабағымызды «Әрқашан күн сөнбесін»әнімен аяқтайық.

-----------------------

КӨКТЕМ

ӨСІМДІКТЕР ӨСТІ.

ТАЛ БҮРШІК ЖАРДЫ.

ЕГІН САЛДЫ.

ҚАР ЕРІДІ.

КҮН ЖЫЛЫНДЫ.

ГҮЛ ОТЫРҒЫЗДЫ.

ҚҰСТАР КЕЛДІ.

КӨҢІЛ-КҮЙ КӨТЕРІЛДІ.

Жіктік жалғау.
Аффикс спряжения.

Жұрнақ.
Суффикс

Жалғау.
Окончание.(Аффикс).

Қосымша

Тәуелдік жалғау.
Аффикс притяжания.

Сөз тудырушы

Сөз түрлендіруші

Септік жалғау.
Аффиксы склонения.

Көптік жалғау. Аффикс мн. числа.

Көптік жалғау.

Морфологиялық тәсіл.
Морфологический способ.

Лексикалық тәсіл. Лексический способ.

Синтаксистік тәсіл. Синтаксический способ

АҚЫНДАРАТАСЫ

БАБА, ҰСТАЗ

ЖҮЗ ЖАСАҒАН АҚЫН

СӨЗ ЗЕРГЕРІ

ЖАРҚЫН БЕЙНЕ

КӨРНЕКТІ АҚЫН

ХАЛЫҚ ҰЛЫ


Ұқсас жұмыстар
Көкөністер
Табиғат
Ахмет байтұрсынов екі шыбын
Жай механизмдер. 7-сынып
Оқушы аты
Информатика сыныбындағы инвентаризациялық жобасын құру
Туындыны табу ережелеріне есептер шығару
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Сабақтың тақырыбы
Бағалау жетондары
Ғажайып сәт
Пәндер