Бақытты сәт: 5-сынып оқушыларына арналған Тіл мерекесіне орай интеллектуалдық сыныптан тыс шара (оқыту орыс тілінде)

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Үсенова С. О., қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны

Оқыту орыс тілінде жүретін 5-сыныпта Тіл мерекесіне орай

өткізілген сыныптан тыс шара

Мақсаты:

1. Білімділік: өтілген материалды қайталау, бекіту, оқушылардың білімдерін тексеру.

2. Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.

3. Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, елтану.

Көрнекілігі: слайдтар.

Сабақ барысы:

Жүргізуші:

-Қайырлы күн құрметті ұстаздар, балалар! Тіл мерекесіне арналған «Бақытты сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа екі топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.

I. Бірінші кезең :«Өзін-өзі таныстыру» , бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір-бірімен танысады.

(Топтардың танысуы) .

II. Екінші кезең: сұрақ-жауап (әр топқа 10 сұрақтан қойылады) .

1. Тіл мерекесі қашан тойланады? 1. Наурыз көже неше тағамнан жасалады?

2. Ә. Қастеев кім? 2. Т. Әубәкіров кім?

3. Жылқының төлін атаңдар? 3. Ешкінің төлін атаңдар?

4. Қасық, кесе, шанышқы - нелер? 4. Құлын, бота, қозы - нелер?

5. Малдың пірлерін атаңдар? 5. Жұлдызнамада қандай үй жануарлары бар?

6. Түйе қалай дыбыстайды? 6. Жылқы қалай дыбыстайды?

7. Қазақстанның бірінші астанасын атаңдар? 7. Қазақстан неше облысқа бөлінеді?

8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 8. Қазақ тілінде неше септік бар?

9. Мемлекеттік Тудың авторы кім? 9. Елтаңбаның авторы кімдер?

10. Атаңа сен кім боласың? 10. Анаңның әкесі саған кім болады?

III. Үшінші кезең: мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

Жері байдың . . . Отансыз адам - . . .

Өнер алды . . . Еңбек түбі - . . .

Адам досымен, Жүз сомың болғанша, . . .

Ағаш . . .

IV. Төртінші кезең: сандарды сөйлетіңдер (слайдта берілген сандардың мәнін ашу)

.

365
365: 12
365: 4
365: 7
365: 24
365: 60

V. Бесінші кезең: «Жаңылтпаш» сөзінен жаңа сөздер құрастыру(капитандар сайысы) .

VI. Алтыншы кезең: төртінші артықты тап (слайд) .

алма көктем

алмұрт күз

қауын қыс

өрік қыз

дүйсенбі әпке

бейсенбі әже

тамыз әтеш

жұма аға

VII. Жетінші кезең: жағдаят.

1-топқа: құттықтау жазу. 2-топқа: туған күнге шақыру.

VIII. Қорытындылау, марапаттау .


Ұқсас жұмыстар
5-сынып оқушыларына арналған Информатика және біз тақырыбындағы сыныптан тыс интеллектуалдық сайыс
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс Жұлдызды сәт интеллектуалдық ойын сценарийі
5-6 сынып оқушыларына арналған Бақытты сәт математика сағаты: ойындар мен есептер бағдарламасы
3-сыныпқа арналған Бақытты сәт интеллектуалдық ойынының қазақ тілі сабақтық жоспары
Тіл талапкері интеллектуалдық шоуының сыныптан тыс жұмыс жоспары
Тіл мерекесіне арналған сыныптан тыс сабақ: 10 Б сынып - Тілім-тірегім, соғып тұрған жүрегім
Сыныптан тыс іс-шара - Биология әлемі: 8-сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ (20.10.2014)
8-сынып оқушыларына арналған географиядан сыныптан тыс интеллектуалдық ойын жоспары: Атажұрт
№23 жалпы білім беру орта мектебінің 6 а сыныбына арналған биологиядан сыныптан тыс сайыс-сабақ Бақытты сәт (24 қазан 2013)
3-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс математикалық сайыс Тапқыр математик
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz