4 саны мен цифры: қосу, азайту, салыстыру және төртбұрыш элементтері - сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: 4 саны және цифры

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға 4 санының шығуы, 4цифрын жазуға 4-ті

1, 2, 3 сандарымен салыстыруға үйрету, төртбұрыштың элементтері туралы түсінік беру.

Ә) Тәрбиелік: Берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа баулу.

Б) Дамытушылық: «Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ, топтық сайыс)

Сабақтың әдісі: Ойындар, логикалық есептерді орындату, санамақтар

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, фигуралар, сандар

Пәнаралық байланыс: сурет, еңбекке баулу, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Санамақтар

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

«Орамал тастамақ » ойыны

  1. Фигураларды ата. (нүкте, сәуле, бұрыш)
  2. 2+1 қосындысының мәнін тап. Қосу амалдарының компоненттерін ата.
  3. 3-1 айырмасының мәнін тап. Азайту амалдарының компоненттерін ата.
  4. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
  5. Сандарды өсу ретімен сана.

IV. Жаңа сабақты меңгеру:

1-тапсырма. Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру. Жаңа санды шығару және сәйкес цифрды жазуда суреттермен жұмыс істеу.

3+1 = 4 4-1 = 3

Кесіндіні өлше см 4см > см

2-тапсырма. Теңдіктер құр.

+1 = 4 - 1 = 3

«Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы тапсырмаларды орындау.

V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

3-тапсырма. Салыстыр.

3*4

4*3

Ойын мазмұны.

Ағаш бұтағына тапсырмалар жазылған кеспелер орналасқан. Әр кеспе бекітілген бұтақта құстар отыр. Тақтаның келесі ыңғайлау жеріне жемсауыт ілінеді. Оқушы кеспедегі мысалды дұрыс орындаса, құсын жемсауытқа қалдырады. Кеспелердегі тапсырма толық орындалып бітсе, барлық құстар жемсауытқа қонады. Мысалды дұрыс орындаған оқушы құстардың нағыз қамқоршысы ретінде марапатталады.

4-тапсырма. Теңдіктер құр. Оларды оқы

+ = 4 4- =

Шығармашылық тапсырма.

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырмада суретке қарап сәйкес өрнекті тауып, мәнін табу.

2-тапсырмада сандарды және ұзындықтарды салыстыру.

3-тапсырмада 4 цифрын жазу, қосуды және оған кері азайту амалдарын іздерді бастырып жазу, мәндерін тауып жазу. (Сандар қатарын жазу)

Сергіту сәті

Шаршадым «Уһ!» дедім,

Ренжідім «Туһ!» дедім,

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Ах!» дедім,

Шарасыз «Ех!» дедім,

Кейідім «И!» дедім,

Біліп ап «Ә!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

VІ. Сабақты қорытындылау:

«Қимақ» ойыны.

  1. 3+1 = өрнектің мәнін тап.
  2. Салыстыр 2*4; 4*3
  3. Кері амалды тап. 1+2; 3-1;
  4. Қалып қойған сандарды ата. 0 2 3; 4 2 1;

VІІ. Үйге тапсырма.

Теңдіктер құрып үйрену

VІІІ. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
4 саны мен цифры: құрамы және төртбұрыш пен шаршы ұғымдары
7 саны мен цифры: таныстыру және қосу-азайтуды меңгерту
Ашық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры
Кіші жастағы балаларға арналған сабақ-конспект: 4 саны мен цифры
5 саны мен цифры және бесбұрыш: сабақ жоспары
1-сынып: Қосу және азайту кестесі арқылы сандар мен өрнектерді салыстыру сабақ жоспары
Сабақ жоспары: 4 санын қосу және азайту
1-сынып математикасы: 2 саны мен цифры туралы сабақ жоспары
Ашық сабақ: 8 саны және цифры
8 саны мен цифры: бастауыш математика сабағының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz