Мемлекеттік тіл қай тіл

Сабақтың тақырыбы: Кең байтақ - Қазақстаным.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Қазақстанның жері, қалалары, қазақстандағы облыстар туралы тереңірек білім алады

Дамытушылық: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, ойды жүйемен айтуға, сөздік қорларын кеңейтуге, дағдыланады.

Тәрбиелік :Отанға, жерге деген құрметін арттыру. Топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: сөйлесу, сұрақ- жауап, әңгімелеу

Көрнекіліктер :Қазақстан картасы немесе глобус, техникалық құрал жабдықтар(итерактивтік тақта), карточкалар.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны:

Сабақтың мазмұны

Сабақтың кезеңдері:

Ұйымдастыру:

Психологиялық дайындық:

Кезекші әңгімесі:

Сабақтың ұраны:

Тілдік жаттығу:

Сөйлесу:

Мұғалім-оқушы

Сөйлесу: оқушы-оқушы

Монолог:

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабаққа дайындық:

Оқушылар экрандағы сөздік арқылы өлеңнің мазмұнын түсінеді

Экранмен жұмыс:

Жаңа сабақ:

Кітаппен жұмыс:

Топпен жұмыс:

Аймақтық компонент:

Қосымша дайындалған материалдар бойынша жұмыс:

Сабақты бекіту:

Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма беру:

Бағалау:

Сабақтың мазмұны:

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Отырыңдар

-Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қандай?

-Бір-біріңе қарап жақсы сөздер айтыңдаршы.

-Сыныпта кім кезекші?

-Балалар қазір қай сабақ?

-Олай болса, қазақ тілі сабағындағы ұранымыз қандай?

Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма. (әр оқушының алдына мақсат қою)

-Сендер қай республикада тұрасыңдар?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

-Сен қазақша сөйлейің бе?

-Қазақша жақсы түсінесің бе?

-Олай болса бүгінгі сабақта қазақша сөйлесіп көрейік.

«Менің кіші Отаным» тақырыбына

«Отан»тақырыбына

(Оқушылардың сөйлеу мәнерлеріне талдау жасау)

«Кең байтақ- Қазақстаным»туралы

-Нені білулерің керек?

-Қазақстан қалалары, облыстары, олардың экономикасы, байлықтары туралы білесіңдер.

-Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысасыңдар.

-Нені үйренулерің керек?

-дұрыс сөйлеп, сұраққа дұрыс жауап беруге.

-Топпен жұмысты кеңірек жүргізуге баулу

-Сабақта 3 топ жұмыс жасайды. Топ басшылары бағалайды.

-Мына өлең жолдарын тыңдаңдар, ол қандай тақырыпқа жазылғанын, не туралы екенін айтыңдар.

Қазақстан картасы

Алматы-ғылым мен мәдени орталығы,

Ақтөбе- өлке, ақ тарысы мол ырыс,

Жамбыл- жайлау, қазыналы шұрайлы,

Жезқазған-кен, бұзылмаған аймағы,

Көкшетау-көп көгілдір көл аймағы,

Қарағанды-қара алтынның қоймасы,

Қостанай-құт, қызыл бидай қамбасы,

Қызылорда-күрішті сыр сағасы,

Өскемен-өр шығыста, Алтай аясы

Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды

Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

-Өлең қандай тақырыпқа жазылған?

-Олай болса қазір экранға қараңдар

1. Оқушы мәтінді көріп, тыңдайды.

2. Аударма жұмысын жасайды

3. Мәтіннің не туралы екендігін анықтайды.

-Қазір кітаптарыңның 61-бетін ашыңдар,

-«Кең байтақ -Қазақстаным»мәтінін дауыстап оқыңдар,

-(Мәтінмен жұмыс кезең-кезең бойынша жүргізіледі, Мәтінді оқығанға дейінгі кезең, оқығандағы, оқығаннан кейінгі кезең)

-әр топ берілген тапсырмалар бойынша мәтінмен жұмыс жасайды

1. оқып, аударады

2. басқа топтарға сұрақтар дайындайды

3. екі мәтінді салыстырады. Ұқсас жерлері бар ма?

-бар болса қай жерден көруге болады?

1-топ « Зырян қаласы »туралы

2-топ «Семей қаласы» туралы

3-топ «Астана қаласы» туралы

( буклеттер дайындау)

Экрандағы тапсырмалар арқылы

1. Мәтінге сүйене отырып сұрақтарға жауап беру

2. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау.

3. Сәйкес ұяшыққа қалалардың атын қой.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Неге үйрендіңдер?

-Сабақтың ұраны орындалды ма?

«4» 62-бет сөздікті жаттау, мазмұндау

«5» мазмұндау

«3»5. 1. 3. тапсырма

Топ басшылары топтағы оқушыларға баға қояды

-Сабақ аяқталды

-Сау болыңдар


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тіл
Менің ана тілім - қазақ тілі
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Н.айтов «ана тілім»
Халықтар достығы - тілдер достығы
Тіл ұстарту. 7 сынып
Жасай бер ана тілм -қазақ тілі
Тілім менің - тірлігімнің айғағы
Өнер алды - қызыл тіл Тілдің қасиетін сезіну
Тіл - мемлекет тірегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz