Менің эмоцияларым

Қаратөбе ауданы

Қаратөбе селосы

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Мектеп психологы: Есенова Мейрамгүл Геройовна

Сезімді тәрбиелеу . . . -эмоцияны билеп, қажет емес жағымсыз

қобалжуларды басып тастайтын әдеттерге баулу.

Ф. Н. Гоноболин.

Эмоция және сезімдер

Мақсаты: Оқушыларға эмоция мен сезім -адамның айналадағы өміршындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоцямен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету.

І. Қызығушылықты ояту.

Сәлемдесу

Оқушылар ортаға шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен кездеспеген ескі досыңызды немесе сыныптасыңды көрдіңіз, сіз ол кісімен қалай амандасар едіңіз?

Суретте - гномдар бейнеленген. Суреттегі көңіл күйлеріне қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгілеңіз. Есім - сезімді жаз. Өзіңе ұнаған гномды дөңгелектеп сыз.

Гномдардың бет-бейнесі баланың шынайы базалық құндылықтарын көрсетеді. Мимика арқылы басқа адамдардың эмоцияларын тани алуға бола ма?

Топтың жұмыс ережесі.

Корольдік ережелер.

  • Кешікпеу.
  • Сөзі бөлмеу.
  • Сынамау.
  • Үнсіздікке мүмкіндік жасау.
  • «Қазір және осында»
  • Қатынастың көптігі.
  • Сөз таратпау.
  • Белсенділік.
  • Жұмысты басынан бастап аяғына дейін аяқтау.
  • Қол көтеріп сөйлеу ережесі.
  • «СТОП»ережесі.
  • «Пирог» ережесі.

1. «Эмоциялық термометр» жаттығуы.

Мақсаты : күні бойғы эмоция мен сезімге талдау жасауға, жақсы психоэмоционалдық көңіл-күй туғузуға үйрету.

Нұсқау: Бір күнің эмоциялық портретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері еске түсіріңдер. Барлық оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарыңа келтіріңлер. Енді соарды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мне сезімдердің астын сызып қойыңдар. Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер. Осыдан кейін эмоция сәтіндегі жеке ерекшеліктерге талдау жасалады.

2. «Менің эмоцияларым»

Мақсаты: Өз эмоцияларын орынды, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Керекті құралдар: Адамның эмоциялары мен белгілі бір мүшесінің аты жазылған карточкалар, («Қайғы. Бет. », «Қуаныш. Ерін. », «Кербездік. Оң қол. », «Мақтаншақ. Арқа. », «Үрей. Аяқ. », «Таңдану. Қас. »)

Нұсқау: Алдарыңызға берген карточкалар арқылы берілген тапсырманы орыңдаңыз.

Топ сол тапсырманың шешімін табуы керек.

Талдау.

Эмоция дегенді қалай түсінесің?

Адам өміріндегі эмоцияның ролі қандай?

Олар қашан көрінеді?

3. Мини-лекция «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»

Жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады?

Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында айтуға болады.

Егер сен жалғыз болсаң көпшікті не су орамалды қысып сығып таратуғ, а болады. Өйткені барлық қысым қолдың, саусақтың, иықтың бұлшықеттерінде сақталып қалады.

Кенеттік дыбыстар шығар, қысым тамақта тұрып та қалуы мүмкін.

Спорттың қандайда бір түрімен айналысу да көмек береді. Байқасаңыздар спортшылардың денсаулығымен қатар жаны да сау болады.

Адамға табиғат та жағымды әсер етеді. Серуен, тамашалау, бақылау, дыбыстарын тыңдау, тіпті қиын деген жағдайлардың өзінде де жағымды әсер етеді.

3-4 қысқа дем алу, сонша рет дем шығару. Бұл кезде миға баратын импульстер көбиеді, ал ол стресс кезінде өте жақсы көмек.

Табиғат бізге күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтардан қорғаныс ретінде жаратқандай.

Релаксациялық жаттығу :

«Менің жан-дүниемнің гүл багы»

Мақсаты: Ғажайып баққа саяхат жасау арқылы дүниенің бірлігін, біртұтастығын, әр адамның қайталанбас тұлға екендігін сезінуін қамтамасыз ету, өзін бағалай білуге жетелеу, өзара түсіністік сезімін қалыптастыру.

Терең тыныс алыңыз . 1. . 3.

Жүргізуші: Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстаңыз да, көзіңізді жұмыңыз, жылы толқын бұлшық еттеріңді босаңсытып жайландырады. Мен сізден естігеніңізді айша елестетіп, естіп, сезінуіңізді сұраймын.

Өзіңізді бақылаңыз.

Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері түрлі-түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп ашылып кетті. Әрі қірай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз.

Алуан түрлі раушан гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды-жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шетімен шегі жоқ . . .

Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі билейді. Гүлдердің ішінен өзіңізге Жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап түрған сияқты. Олар кімдер?

Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүлдің өзіңізге жақын, сізге туысқандық байланысы барын сезесіз. Түсі қандай? Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз!». Өзіңізді бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір-біріне еш ұқсамайды, бірақ олар бір жер бетіндегі топыраққа өсіп, тамырын жаяды, оларға ортақ бір ғана күн жылуын беріп, шұғыласын шашады. Адамзат баласы да солай. Ақ, сары, қара, түрлі нәсіл, ұлттардың күні де, жері де ортақ, жаратушысы бір. Осы туралы ойланып көрдіңіз бе?

Адамзат әлемінің ғажайып бағында өсіп тұрған алуан түрлі раушан гүлдер сияқты сіз де солардың бірі екеніңізге қуаныңыз. Сіз гүл болсаңыз, өзіңді қалай сезінер едіңіз? Өзіңізге де, айналадағылардың бәріне де сүйіспеншілікпен қарауға тырысыңыз. Сіз өзгелерге қалай қарасаңыз, сізге де өзгелер солай қарайды. Сіз өзіңізді сыйласаңыз, өзгелер де сізді сыйлайды.


Ұқсас жұмыстар
Менің бөлмем екінші қабатта
Менің сүйікті қалам
Өзін тану арқылы айналадағы затты тану
Атам мен әжемнің сүйікті істері. 2-сынып
Тіл мерекесі
Ана - күннің шуағы
Отбасының ұйытқысы кім
Менің жүрегіме рахмет
Түлегі сендер
Менің атам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz