Шона Смаханұлының Тәкаппар мысалы: сабақ жоспары мен мазмұндық-тәрбиелік талдауы

Шона Смаханұлының «Тәкаппар» мысалы

Мақсаты:

1. Білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ашу. Мазмұнын әңгімелеуді меңгерту. Дауыс ннтонациясын сақтап, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске дағдыландыру. Мысалдың сюжетін адамның мінез-құлқымен байланыстыру. Ойқорыта білу дағдыларын, елестету қабілеттерін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, өз туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Әдісі: Дамыта оқыту техналогиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, ой қорыту.

Көрнекілік: Шона Смаханұлының суреті мен өмірбаяны, мысал бойынша салынған сурет, мақалдар жазылған плакат, күйтабақ.

Ой қозғау:1. Оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Психалогиялық жаттығу.

3. Күйтабақтан Құрманғазының «Адай» күйі ойналады.

Міне, әдемі күй ырғағы біздің көңіл күйімізді сергітіп, шаршағанымызды ұмыттырды деп ойлаймын. Кең байтақ қазақ даласында, қазақтың ойындары бой көрсетіп жатыр.

Ендеше, үйге берілген Б. Соқпақбаевтың «Бурыл ат» әңгімесінің мазмұның талдап көрелік. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы талдаймыз.

Ой ашар: Ш. Смаханұлының «Тәкаппар» мысалың оқып танысамыз. Шона Смаханұлы Тараз облысында туған. (1924-1988) Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі қазақ ақыны, сатирик (сыншы)

Мысал дегеніміз не?

Түсінік беру. Мысалды дауыстап оқып бере тұрып, түсінік беру. Бірнеше оқушыға дауыстап тізбектеп оқыту. Мысалдың мазмұнына тиісті ең негізгі тірек сөзді айтамыз. Балық. Балықтың басынан өткен жағдайды, ақын өз мысалында суретпен көрсеткен.

Мысалды оқиға желісіне қарай бөліктерге бөлеміз.

Әр шумаққа ат қою. Мысалы:

1. Мақтаншақ

2. Тулаған теңіз

3. Балықтың қиналуы.

4. Балықтың зары.

5. Балықтың өкініші.

Автор сөзінің мазмұнына келейік;

Тыңдамап еді ешкімді,

Қателігін кеш білді.

Қане, кім мағнасын қалай түсінеді?

Оқушылар ойын, тыңдау толықтыру.

«Тәкаппар» мысалы бойынша салынған суреттері ілініп тұрады. Сурет бойынша мақалды толық әңгімелеп шығамыз. (Балықты жылжытып көрсетіп отырамыз)

Ақыл сөз

Мақтаншақтық -жаман әдет

Абай атамыздың өлеңінен не білеміз. Қай өлеңінен ?

Тәкаппар балық сияқты адамдар да өмірде кездеседі. Олар қандай адамдар деп ойлайсыңдар?

Ой қорыту:

Балалар, өз туған жеріңді-әдемі әсем қаламен де айырбастама!

Өйткені, ол сенің кіндік қаның тамып, жарық дүниені көрген жерің.

Бағалау.

Қортындылау.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып Ана тілі бойынша Шона Смаханұлының Тәкаппар мысалына арналған аралас сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу: Шона Смаханұлының Бұлбұл мен Тоқылдақ мысалы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сынып ана тілі сабағы: Тәкаппар мысалы негізіндегі оқу, дамыту және тәрбие сабақ жоспары
Қыз Жібек жырына арналған сабақ жоспары: мазмұндық-талдамалық тапсырмалар мен тәрбиелік міндеттер
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ахмет Байтұрсынұлының Өгіз бен бақа мысалы мен Абай аудармасының салыстырмалы талдауы
Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәрбиелік мәні: ашық сабақ жоспары мен өзіндік талдауы
5-сынып қазақ әдебиеті: Ахмет Байтұрсынұлының Егіннің бастары мысалы - адамгершілік және сюжет-құрылым талдауы
11-сыныптағы дене шынықтыру сабағы: волейбол ойынының тәрбиелік мәні - ашық сабақ жоспары мен өзіндік талдауы
5-6 сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсынұлының Екі шыбын мысалы: салыстырмалы сабақ жоспары мен әдеби-тәрбиелік талдау
Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасы: сабақ жоспары мен мазмұндық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz