Әрекет кезеңдері

Құстар келді өлкеге

(Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы)

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру. Қол еңбегі.

Тақырыбы: «Құстар келді өлкеге»

Мақсаты: Балаларға құстар туралы, олардың өмір сүру ортасы, құстардың

жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі

ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, қол еңбегі

арқылы құстарға қамқор болып ұя жасауға үйрету.

Керекті құралдар: Құстардың қайда өмір сүретіндіктері туралы кесте. 1) Ауылдың суреті, 2) Қала суреті, 3) Таудың, даланың суреті, құстардың суреттері, шитен, ағаш ұя, сазбалшық, тақтайша.

Техникалық құрал: үнтаспа

Әдіс-тәсілдер: серуен, түсіндіру, көрсету, жаттау.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Тәрбиеші: Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр, бәріміз амандасайық

- Хормен: әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені

Балалардың іс-әрекеті:

Нұрға толы бар аймақ,

Күн шыққанда арайлап.

Ұйқымыздан тұрғанда,

Күлімдейді жан анам.

«Қайырлы таң ботам» - деп

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Сәләматсыздарма!

Әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Құстардың дауысы жазылған фонограмма қойылады.

-Балалар бұл нелердің дыбысы?

-Балалар сендерді аналарың құстардың атына байланысты қалай еркелетеді?

-Балалар енді орнымызға отырып оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің айларын атаңдар?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?

-Балалар бүгін құстар туралы әңгімелесеміз. Таңғажайып сәт. Көгершін ұшып келеді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Мен бейбітшілік құсымын. Бар әлемге тыныштық тілеймін. Сендерге тапсырмалар алып келдім.

●Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?

●Жыл құстарын атап беріңдер.

Көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді. Мұндай құбылысты көшіп-қону, миграция деп атайды.

●Құстар суреттерін атап, мекен ететін ортасына тақтаға орналастырады және құс туралы мәлімет айтып береді.

●Лабиринт «Қайсысының тұмсығы»

Тәрбиеші:

-Балалар құстардың тұмсықтары бірдей болмайды. Жәндіктермен қоректенетіндердің тұмсығы біз сияқты үшкір болады. Дәндермен қоректенетіндердің тұмсығы қысқа және жалпақтау (қалақ) тәріздес, доғал және қысқа (торғайда), жалпақ және ұзын (үйректе), жыртқыш құстардың тұмсығы етті жұлып жеу немесе тістеп тасуға қолайлы имек өткір болады (үкі, бүркіт)

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қолды созамыз,

Құстай қанат қағамыз.

Қарлығаш боп ұшамыз,

1-2-3 жаттығуды жасаймыз.

●Тәжірибе жасау

Мінекей мынау жұмыртқа, құстар жұмыртқа арқылы көбейеді. Ал мынау қауырсын және мамық

●Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі.

Құстарға ұя жасап берелік

Құстарды өз ұяларына орналастырады.

Балалардың іс-әрекеті:

-Бұл құстардың сайраған дыбысы

-Менің анам көгершінім,

-Менің анам қарлығашым,

-Менің анам балапаным,

-Менің анам аққуым-дейді.

-Көктем мезгілі

-Наурыз, Сәуір, Мамыр.

-Көктемде күн жылынып, қар ериді.

-Айналаның барлығы өзгеріске түсіп табиғат көркейеді.

-Көктемде ағаштардан бүршік шығады.

-Көктемде жыл құстары ұшып келеді.

-Қарға, көгершін, торғай, сауысқан.

- Ұзақ, қараторғай, қарлығаш, тырна, шағала, көкек, аққу, құтан, ләйлік.

Ең алғаш ұшып келетін құс ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды.

Қараторғай ұясын үй жайдың қасына салады, шегірткемен қоректенеді, егіс алқабының өсуіне көмектеседі.

Қарлығаш кімнің үйіне ұя салса сол үйге бақыт келеді деп, көне көз қариялар киелі құс деп санайды. Олар ұсақ шыбындармен қоректенеді, үнемі ауада ұшып жүреді.

Ләйлік биікке ұя салатын ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді.

Тырна көктемде ұшып келген кезде ауыл қариялары егін егуге уақыт болды деп болжайды, ұзын аяқты біз тұмсықты ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қректенеді.

Торғай кішкентай құстардың бірі, дәнді-дақылдармен қоректенеді.

Аққу ірі денелі, суда тіршілік ететін құс, олар үнемі жұптасып өмір сүреді, өсімдіктермен ұсақ балықтармен қоректенеді.

Балалар құстардың тұмсықтарын тауып сызық арқылы қосады.

Сергіту сәтін орындайды.

Балалар жұмыртқаларды салыстырады. Қауырсын қанатта болатындығын ұстап көреді, мамық құстардың денесінде болатындығын меңгереді.

1-бала:

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтекесі бұлтиып

Шиық, шиық десіп отырады

2-бала:

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан томаға

Секең-секең ауысқан.

3-бала:

Тырау-тырау тырналар,

Жем іздесең қырға бар.

Егін жайда масақ бар,

Тырбаңдаған құр


Ұқсас жұмыстар
Менің отбасым .Өз отбасы туралы айта білуге үйрету, жаңа сөздерді меңгерту
Сабақ мақсаттары. Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Абай- ұлы тұлға, кемеңгер ақын
Сабақтың соңы. Сабақтың барысы
Әрекет реті
Сабақ мақсаттары. Сан аралықтары
Сабақтың жоспарланған кезеңдері. Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сабақ мақсаттары. Сабақтың басы
Роботтың негізгі үлгісін құрастыру
Кірпілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz